Инфляцияның мәні және мазмұны


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

І Инфляцияның мәні, түрлері және пайда болу себептері3

1. 1 Инфляцияның мәні және мазмұны3

1. 2 Инфляцияның пайда болу себептері және оның балама қайнар көздері. 4

Қорытынды8

Қолданған әдебиеттер9

Кіріспе

Қазақстанның нарықтық даму жолына өту барысында, Республика бұрынғы КСРО-ның жасырып келген көптеген экономикалық проблемаларымен кездеседі. Осы кезде мемлекет алдында тұрған ең басты мәселелердің бірі бұл тұрақты ақша жүйесін құру болды, өйткені оптимальды ақша массасының айналымы мен қаржы-несие институттарының жұмысынсыз экономиканы дамыту мүмкін емес еді. Ақша жүйесінің тұрақтылығы ең алдымен инфляция деңгейіне және мемлекеттің жүргізіп отырған ақша-несие саясатына байланысты. Инфляция экономикалық құбылыс ретінде барлық мемлекеттерде байқалады және оған мемлекет тарапынан үздіксіз қадағалау мен реттеу жүргізіп отыру қажет.

Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық және әлеуметтік өміріндегі ең бір өткір проблемаларының бірі. Бұл проблема бұрынғы КСРО құрамындағы мемлекеттердің барлығын қамтып өтті.

Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенмен, ол тек ақшаға ғана тән ғажайып» құбылыс емес. Ол күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тудырушы шаруашылықтың түрлі салаларындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы.

Жоғарыдағы айтылғандарды ескеріп, инфляция дейтін экономикалық құбылысты зерттеу өте актуальды болып табылады.

Менің осы тақырыпты таңдап алуымның басты себебі- инфляцияның экономикалық құбылыс ретінде экономиканың барлық салаларына (өндіріске, қаржы-несие жүйесіне, әлеуметтік-экономикалық салаға және тағы басқаға) әсер етуі.

Осы жұмыстың негізгі мақсаты - инфляцияны қазіргі экономикалық жүйенің айрылмас құбылысы ретінде терең зерттеу. Жұмыста мен мынадай негізгі мәселелерге көңіл бөлем:

1) инфляцияның мәнін ашу, оның түрлерін анықтау және пайда болу себептерін танып білу.

2) инфляцияның әлеуметтік-экономикалық, зардаптары мен антиинфляциялық күрестің қазіргі кездегі әдістерін зерттеу.

3) Қазақстандағы инфляциялық процестің дамуы мен оған қарсы мемлекеттің жүргізіп отырған саясаты туралы сөз болады.

І Инфляцияның мәні, түрлері және пайда болу себептері

1. 1 Инфляцияның мәні және мазмұны

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның пайда болуы ақшаның шығуымен, қызметімен байланысты.

Инфляция терминінің сөзі латынның - inflatio - iciнy, қампаю дегенді білдіреді. Тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кету процесін білдірген.

Қағаз ақша деп - толық құнды ақшаның орнына айналым және төлем құралы қызметтерін атқарып, мемлекет өз шығындарын жабу үшін шығарылатын және ықтиярсыз көрсеткен құны бар, әдетте алтынға айырбасталмайтын ақша белгісі (немесе құн белгісі алтынның өкілі), ХІХ ғасырда бұл термин Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі XX ғасырда дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылса, кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-шы жылдың орта кезінде көрінді.

Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы - айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына, тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі

Бірақта инфляцияның мазмұнын әр автор әр түрлі жазып жүр. Мысалы, "Ақша, несие, банктер" деген, 1998 жылы Москвадан шыққан көлемді оқулықта (орыс тілінде), "инфляция бағаның жоғарылағанынан, тауардың жетіспеушілігінен және тауар мен көрсетілген қызметтің сапасыздығынан шыққан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіншілігінің төмендеуі болып көрінеді" делінген.

Бұл анықтаманың басты кемшілігі, айналымдағы ақша белгілерінің аса көбейіп кетуінің инфляцияға тигізетін әсері көрінбейді.

1999 жылы Алматыда шыққан "Толық экономикалық орысша-қазақша сөздікте" инфляция былай сипатталады: "Ақшалай табыстың тауарлар мен көрсетілетін қызметтерден асып түсуі, нарықта қаржы активтерінің көбеюі салдарынан тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бағасының өсуі. Мұндай анықтамадан байқайтынымыз, ең басты мәселе табыстың өсуінде сияқты. Соның салдарынан айналымда ақша көбейіп кетеді деген ой туады. Бірақ, бұл да теріс түсінік. Мәселе табыста емес. Ол өскен жоқ, ал тауар мен қызмет жетпегендіктен, олардың сапалары төмен болғандықтан, ұсыным азайып, сұраным көбейгеннен кейін, айналымда ақша көбейген сияқты болып көрінеді.

Осының бәрін еске алып, инфляция дегенді былай анықтаған жөн деп санайды:

"Айналым арналарының артық ақща белгілерімен аса толып кетуінің, тауар мен қызметтердің жетіспеушілігінің және олардың сапасыздығының салдарынан, ақшаның құнсыздануы, тауар мен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі, сөйтіп халықтың нақты табысының төмендетілуі. "

Инфляция тек қағаз ақшаға ғана тән және ол экономиканың кез келген үлгісінде де орын алады. Көбінесе, инфляция айналымдағы ақшаның көбеюімен бейнеленеді. Бірақ кейде, инфляциялық ахуал, айналымдағы ақшаның саны бірқалыпта қалған күнде де туады. Мысалы, егер елде тауар өнімінің көлемі азайып кетсе, онымен тікелей байланысты тауар айналымының да көлемі азаяды.

Олай болса, оларға жұмыс жасайтын ақшаның да саны азаяды. Сөйтіп, дәл осы кезде айналымда жүрген ақшаның кейбір бөлігі артық болып шығуы мүмкін. Тап осындай жағдай ақша айналымы жеделдетілсе де туады. Ақша айналымын жеделдету, басқа жағдайлары бірдей болғанда, айналымға қосымша ақша шығарғанмен бірдей.

Алайда инфляцияны айналым процесін құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беру деп түсіну жеткіліксіз. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға ғана тән "ғажайып" құбылыс емес. Ол - күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тудырушы нарық шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы». Инфляция дүниежүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең бір өткір проблемалардың бірі.

Әсіресе, инфляции қауырт жағдайларда байқалады (мысалға: соғыс, төңкеріс жағдайларында) . Осындай кездерде мемлекет өз шығындарын жабу мақсатында қағаз ақшаларды шығаруды қолданған. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі, әсіресе, Германияда инфляция жоғарғы қарқынға жетті. 1923 жылдың күзінде айналымдағы ақша массасы 496 квинтиллион рейхсмаркаға жетіп, ол ақша өлшемі триллион есе құнсызданды1.

Инфляцияның қазіргі кездерде өзіне төн біршама ерекшеліктері бар:

- егер инфляция қарқыны бүрын бір жердің аумағынан шықпаса, қазір де бүкіл ел аумағын қамтиды.

- егер инфляция бұрын бір мезгілде ғана жүрсе, қазір инфляция көп уақытқа созылған құбылыс.

- егер инфляция бұрын тек ақшаның әсерінен туындаса, қазір де көптеген ақшасыз және тағы да басқа факторларға байланысты.

1. 2 Инфляцияның пайда болу себептері және оның балама қайнар көздері.

Инфляцияға төменде көрсетер пайда болар себептерімен қоса, осы елдегі саяси жағдай да әсер етеді. Бұл әсіресе қазіргі заманға тән құбылыс. Ақшаның саяси жағдайдағы өз курсын төмендетуін саяси атмосфераның қалыптасқан валюта нарығында да анықталады.

Инфляцияға әсер ететін бірінші топтағы ақшалай факторлар ақшаға сұраныстың тауарлы сұраныстан жоғары болуының нәтижесінде ақша айналысы заңы талаптарының бұзылуы, яғни бюджет тапшылығын жою мақсатында шамадан тыс ақша шығаруға байланысты айналыстағы ақша массасының көбеюі; халық шаруашылығындағы несие ақшалардың көптігі; ұлттық валютаның курсын бірқалыпты ұстау үшін үкіметтің қолданатын тәсілдері; ұлттық валютаның қозғалысын шектеу және тағы да басқа факторлар жатады.

Екінші топқа тауарлар бағасын және шығындарды өсіретін ақшалы емес факторлар жатады. Олар: қоғамдық ұдайы өндіріс құрылымының үйлеспеушілігі; шаруашылық механизмінің шығындылығы; салық саясаты; баға саясаты; мемлекеттің экономикалық саясаты; сыртқы экономикалық, іс-шаралары және сол сияқты факторлар жатады. Шын мәнінде екі топтағы факторлар бір-бірімен тығыз байланыстыру тауарлар мен көрсетілетін қызметтің бағасын өсіріп, инфляцияға соқтырады. Инфляцияның өмірдегі көрінісі тауар бағаларының күрт есуі. Осы көріністі американдық ғалым және публицист Дж. Гэлбрейт "ақшаның тауарды қууы" деп сипаттады. Инфляцияның алғашқы себебі айналымдағы ақша массасы мен сатылуға тиіс тауарлар массасы теңдігінің бұзылуы.

Бұндай диспропорция, біріншіден, өндірістің кенет қысқаруынан, екіншіден, айналымдағы тауар массасының аздығына қарамастан, мемлекет өз шығындарын өтеу мақсатында қағаз ақшаны көп шығаруынан болады.

Инфляция - өндіріс процесінің бұзылуы, шаруашылық салаларының бір-бірімен үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссиялық саясаты мен коммерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі әрі көп факторлы құбылыс.

Сонымен, инфляцияның пайда болуын қорытындыласақ мынадай тұжырымдамаларға келеміз:

1. мемлекет кірісі мен шығысының бұзылуы, балансының бұзылуы.

2. әскери шығындардың өсуі немесе инвестицияның милитаризациялануы.

3. нарықтың өзіндік ерекшеліктері. Бұл олигополиялық немесе монополиялық нарықтағы монополистердің нарықтық заттарды; нарықтық бағалардың қалыптастыруынан пайда болатын инфляция.

4. бұл автаркиялық рынокта пайда болатын құбылыс. Елдегі рынокқа импорттық тауарлардың көптеп енбеуі, тауар тапшылығы туындаса, онда да инфляция туындаудың бір себебі.

5. Инфляцияның пайда болуының тағы бір себебі - инфляциялық күту. Егер де белгілі бір инфляциялық жағдай бағаның өсуі ішкі рынокта күтілсе, «онда барша халық тауар сатып алуды көбейтеді де, нәтижесінде өзіндік инфляцияға үлeс қосады. Мысалға: Бұрынғы КСРО тарағаннан кейіндері, 1992 жылдың қаңтар-сәуір айларының кезінде инфляцияның жоғары қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушылардың бағаны көтеру қаупінен сақтанып, алдын ала өз өнімдерінің бағасын, жоғарылатты. Нәтижесінде Ресей экономикасындағы басқа да ТМД елдеріндегі бағалар бұрынғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгейінен ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден де асып түсті2.

Шығындар инфляциясы мен сұраныс инфляциясы бір-бірімен тығыз байланыста және біріне-бірі себепші, оларды дәл ара-жігін ажырату мүмкін емес. Оны мынадай жүйеліктен байқауға болады:

2003-2005 жылға арналған ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы 1-кестеде беріледі.

1-кесте

2003-2005 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы

:
Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
2002 (бағалау): 2002 (бағалау)
2003: 2003
2004: 2004
2005: 2005
:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Көрсеткіштер:

Инфляция жылына орташа, %

Қайта қаржыландыру жылдың соңына

Алтын-валюта резерві млн АҚШ доллары өзгерістер, %

Ақша базасы млрд теңге өзгерістер, %

Ақша массасы млрд теңге өзгерістер, %

Банк жүйесіндегі резиденттердің депозиттері млрд. теңге өзгерістер, %

Экономикаға беретін банктің несиелері млрд теңге өзгерістер, %

Халықтың теңгедегі мерзімді депозиттерінің орташа өлшенген мөлшерлемесі, %

Заңды тұлғаларға берілетін теңгедегі несиенің орташа өлшенген мөлшерлемесі, %

2002 (бағалау):

6

7, 5

3008

16

207

18, 1

707

22, 7

544

22, 3

439

58, 8

13

17, 5

2003:

4-6

6-7

3355

11, 5

237

14, 8

865

22, 4

671

23, 3

571

30, 1

11, 0

16

2004:

4-6

5-6, 5

3541

5, 5

268

12, 9

1008

16, 6

788

17, 4

718

25, 7

9, 0

15

2005:

3-5

4, 5-6

3673

3, 7

304

13, 9

1168

15, 9

910

15, 5

866

20, 8

7, 5

13, 5

1-кестеден көріп отырғанымыздай, 2003-2005 жылға арналған ақша-несие саясатының басты мақсаты - 2003-2004 жылдары орта жылдық инфляцияны 4-6% және 2005 жылы 3-5% шегінде ұстау.

Инфляцияның Қазақстандағы ең төменгі шегі 1998 жыл болды, бұл жылы инфляцияның орташа өсуі 1, 9 % болды. 1999 жылы тағы да жоғарылап 17, 8 %-ке жетті, ал 2000 жылы 9, 8 % болды3.

1994-2002 жж. аралығындағы инфляция динамикасы (тұтыну бағаларының индексі)

Тәуелсіз Қазақстанның тәжірибелі инфляцияға қарсы күресте энергоресурстар мен монополді құрылымдардың өніміне және транспорт қызметтеріне баға белгілеуге, сондай-ақ өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы өнімдеріне баға қайшысын жоюға мемлекеттік реттеудің қажеттілігін аңғартты.

Мінеки, біздің Республикада инфляцияның қарқыны мен оның пайда болуы, оның әлеуметтік-экономикалық зардаптары, инфляцияның бүгінгі көрінісі осындай.

Қорытынды

Қазіргі кезде қоғамның, ақпарат құралдарының, барлық адамдардың көңілін аударып, алаңдататын мемлекеттің бір маңызды міндеті бар. Ол - инфляция мен өндіріс дағдарысының алдын-алу, тоқтату немесе бақылау астына aлy.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляция деңгейін өлшеу
Инфляцияның мәні, негізгі мазмұны
Инфляцияның себептері мен механизмдері
Инфляцияның қалыптасу және асқыну себептері мен механизмі
Инфляцияның мәні, себептері әлеуметтік - экономикалық жағдайы
Инфляцияның мәнi, түрлері және пайда болу себептерi
Инфляция - қолтаңба көп ақшамен кедейлену
Инфляция экономикалық құбылыс ретінде
Инфляцияның әлеуметтік - экономикалық себептері және салдары
Инфляцияның экономикалық салдарлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz