Капиталдың алғашқы қорлануы және оның Қазақстандағы ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе2

1. Капиталдың алғашқы қорлануы және оның Қазақстандағы ерекшеліктері. 2

2. Капитал: ұғым мәні және функцияларының айырмашылығы. Кәсіпкерлік капитал қаражаттары5

3. Жеке ұдайы өндіріс: негізгі және айналмалы капитал, олардың ауыспалы айналымы және тозуы. 7

4. Пайданың экономикалық табиғаты: мәні, қайнар көздері және қызмет түсіндірмелерінің айырмашылықтары. 9

Қолданылған әдебиеттер тізімі12

Кіріспе

Бүгінде Қазақстанда болып жатқан өтпелі кезең капиталдың алғашқы қорлануымен теңестіріледі. Алайда осы процестердің арасында толық сәйкестік жоқ, сондықтан ұқсастық шартты. Капиталдың алғашқы қорлануы түсінігі ең бірінші А. Смит еңбегінде кездескен, кейіннен К. Маркстің "Капиталында" зерттелген.

Оның алғашқы мағынасы феодолизмнен капитализмге өтудің материалдық жағдайларын дайындауда болады және былай айтылады.

1) тікелей өндірушілердің (ең алдымен шаруалардың) өндіріс құрал-жабдықтарынан (жерден) ажырауы және олардың жалдамалы жұмысшыларға айналуы.

2) қоғамдық құралдар мен ақша капиталдарының буржуазия қолдарына көшуі.

1. Капиталдың алғашқы қорлануы және оның Қазақстандағы ерекшеліктері.

Қазіргі Қазақстанда өтіп жатқан экономикалық процестер несімен капиталдың алғашқы қорлануын еске түсіреді және қалай ерекшеленеді?

Бұл сұраққа жауап беру үшін тарихқа көңіл аудару керек. Әрбір елде жалдамалы еңбектің қалыптасуы әрқалай жүрді. Бұл құбылыс Англияда айқын көрінді. Мұнда XV ғасырдың соңынан дамып келе жатқан капиталистік шұға мануфактураларын шикізатпен қамтамасыз ету үшін қой өсіруді кеңейту қажеттілігімен туындау нәтижесінде шаруалардың жерін күшпен тартып алу болды.

Америкада бұл процестің басты бағыттары төмендегілер болды.

- байырғы тұрғындарды - үндістерді меншіктен айыру;

- елеулі бөлігі Америкаға заң жүзінде белгілі мерзімге әкелінген "ақ құлдар" болған қоныс аударушыларды -кедейлерді ығыстыру;

- негрлердің плантациялық құлдығы.

Алғашқы қорланудың екінші жағы - буржуазия қолына ірі ақша суммаларын шоғырландыру төмендегідей жолдармен жүзеге асырылды:

- өсімқорлық;

- байырғы тұрғындарды талау (Америкада үндістер, Африкада негрлер) ;

- колониялық тауарлар саудасына монополия;

- Батыс Европа елдеріндегі бағалар революциясы;

- ұлттық кәсіпкерлікке қазынадан ірі ақшалай субсидия т. б. формасындағы протекционизм жүйесі.

Ресейде ақша капиталдарының қорлану процесі 1850 жылдардың аяғы мен 1860 жылдардың басына келеді.

Олардың көздері әр түрлі болды:

- сауда операциялары;

- мануфактуралық өндіріс;

- шарап сатып алу жүйесі (аздаған төлем үшін спирттік сусындармен саудаласуға құқық) ;

- теміржол тораптарының бүкіл тобын тудырған және елеулі дәрежеде қазына және шетел несиелері есебінен іске асатын теміржол кәсіпкерлігі.

Ізінше Ресейде Европадағыдай процестер жүріп жатты. Алайда Ресей бұл қызмет ету аясында артта қалып отырды. Себебі, меімлекетте қалыптасқан саяси жүйе биліктің жоғары шоғырлануымен ерекшеленеді және жеке ынта мен іскерлікті шектеді.

Сонда да, XX ғасырдың басында жалдамалы жұмысшылар мен фабриканттар класы айқын көрінеді.

Қазіргі Қазақстан директивті баға жасалу және ресурстардың орталықтанған бөлумен негізделген әміршіл-әкімшідік жүйеден бас тартумен және реттеудің рыноктық әдістеріне көшумен байланысты процесті басынан өткізіп отыр. Алғашқы қорланудың жаңа мағынасының ескіден айырмашылығы - осында. Оларды кәсіпкерлер класының жеке меншік түріндегі материадцық негізде құрылу процесі біріктіріледі. Ол үшін сыртқы және ішкі көздер бар.

Ішкілер қатарына мемлекеттік меншікті төмендегідей әдістермен бөлу, жекешелендіру қосылады.

- қаражаттарды ауыр және жеңіл өнеркәсіп салалары арасына соңғылары пайдасына қайта бөлу;

- қызмет және сауда аясында капиталды шоғырландыру; отын-энергетикалық комплексінің кәсіпорындары және басқа да жер мен табиғи ресурстарды билеу қызметтерін "өзіне алу";

- кәсіпорындар мен олардың иелеріне өндірген өнімдерінің бір бөлігін бартерлік айырбас мақсатында қарамағына беру;

- сыртқы сауданы еркін жіберу есебінен пайда болатын сыр-вдл сауда фирмаларының пайда алуы;

- импорттан табыс алу;

- мемлекет тағайындаған кейбір ұйымдардың (мысалы, спорттық) елге спирттік және темекі өнімдерін енгізуге салық жеңілдіктерін алуы;

- коррупция, рэкет, көлеңке экономика және т. б. қарсы күрес.

Сыртқы көздерге шетелден несиенің келуі жатады. Экономикалық реформалар кәсіпкерліктің дамуына бағьпталғанды. Олардың бастаушыларын төмендегідей топтастыруға болады:

1. Радикалды реформаторлар - еркін, яғни реттелмейтін рынокты құрғысы келеді. Бұндай көзқарас қабылданбады.

2. Қалыпты реформаторлар - реттелетін әлеуметтік бағыттағы рынокты жақтайды.

3. Конструктивтік оппозиция - меншік формалары көп және рынок элементтері бар мемлекет құруды аңсайды.

Жалпы Қазақстанның барлық аумағында баяу да болса радикалды реформизмнен конструиктивтік оппозицияға дейін түрлері жүріп жатыр.

Бұның нәтижесі - материалдық өндірістің жаппай кұлдырауына, инфляцияға байланысты қоғамның қарсы шығуы, халықтың көп бөлігінің өмір деңгейінің төмендеуі, атам заманғы жеке капиталдың пайда болуы.

Реформалар жылдары экономика құрылымы елеулі өзгерді: жеке меншікке материалдық өндірістің және өндірістік емес сфераның кіші және орта объектілері жеңіл және тамақ өнеркәсібінің, жөңдеу кәсіпорындарының, жергілікті және орман шаруашылығы кәсіпорындарының және т. б. елеулі бөлігі өтті.

Көптеген делдалдық кәсіпкерлік және кіші бөлшек сауда елеулі аумақ алды. Өнеркәсіпте, ғылымда жұмыс істейтін көп адамдар коммерциялық құрылымдарға кетіп жатыр. Басқару құрылымдарының коммерциялық құрылыммен және көлеңке экономикамен бірігуі кездеседі. Реформалардың ұзақ уақыттық қорытындылары болашақта көрінеді.

2. Капитал: ұғым мәні және функцияларының айырмашылығы. Кәсіпкерлік капитал қаражаттары

Әрбір экономикалық мектептерде капитал әр түрлі түсіндіріледі. Бірақ ең басты бағыттары төмендегілер болып табылады.

- заттық немесе натуралдық концепция;

- ақшалай немесе монетарлық концепция;

- "адам капиталы" теориясы.

Натуралдық концепция тұрғысынан капитал - өндіріс құрал-жабдықтары немесе сатуға арналған дайын тауарлар.

А. Смит капиталды заттардың қорланған запасы ретінде, ал Д. Рикардо - өндіріс құрал-жабдықтары ретінде түсіндіреді.

А. Маршалл теориясында - ол өндіріс алғышарттарын жинайтын заттар. Маршаллдың замандасы Дж. Кларк капитал - еңбекпен қатар өндірістің мәңгі бастауын көрсететін өндірістік игіліктердің запасы дейді.

П. Самуэльсон капиталды ірі фабрикалардың дайын өнімі және жартылай өңделген шикізат қоймаларының өндірістік құрал-жабдықтары ретінде анықтайды.

Басқа да батыс экономистерінің үқсас көзқарастары бар. Колумбия университетінің (АҚШ) профессоры Дьюн капиталды "өндіріске пайдалы роль атқаратын заттардың барлығын" - өндіріс құрал-жабдықтарын, пайдалы қазбаларды, тұтыну заттарын, жұмыс күшін және т. б. жатқызады.

Монетарлық теория тұрғысынан, капитал - процент әкелетін ақша. Капиталдың ақшалай формасын абсолюттеу меркантилизмнен бастау алады. Бірақ, ХҮІП-ХІХ ғғ. классикалық мектептің ақша концепциясын капиталдың мәнімен түсіндіру ұғым мағынасын екінші жоспарға ыгыстырдыі (натуралдық бағытпен) .

Капитал роліндегі ақша және несиеге үлкен назар аударылды. Д. М. Кейнс теориясында маңызды роль атқарады. Кейін Кейнс жолын қуушылар пікірлері бөлініп кетті. Монетаризмнің жақтаушыларының көпшілігі капитал - бұл ақша немесе оның ауыстырушысы - несиелік ақша деген көзқарастарды қарастырады. Алайда басқалар капиталды табыс алумен байланыстырады.

"Адам капиталы" теориясы XX ғасырдың 60-шы жылдары ҒТР жағдайында адам факторының ролінің артуымен байланысты пайда болды. Оны неоклассикалық бағыттың өкілдері Г. Беккер, Дж. Мишцер, Г. Шульц және басқалар жасады. Олардың көзқарасы бойынша өндірісте екі фактор өзара әрекет етеді: құрамына өндіріс құрал-жабдықтары кіретін "фирмалық капитал" және құрамына алған білім, тәжірибе энергия енетін "адам капиталы". "Адам капиталының" шамасы ол әкелетін потенциалды табыспен бағаланады.

Капиталдың жүйелі түсіндірмесі К. Маркс концепциясында жатыр. Ол бір жағынан капиталдың мәнін, екінші жағынан - оның пайда болуының нақты формаларын зерттейді.

1 - өндіріс құрал-жабдықтары тұрақты капитал ретінде көрінеді;

- жұмыс күші - айнымалы ретінде;

- ақша - ақша капиталы;

- тауарлар - тауар капиталы.

Алайда, ақша да өндіріс құрал-жабдықтары да оның ойынша өз-өзінен капитал болып табылмайды. Олар бөтеннің төленбеген еңбегін иеленгенде ғана капитал мәніне сай келеді. Маркс былай деп жазды; "Мақта тоқитын машина - макта тоқуға арналған машина. Тек, белгілі қатынастарда ол капитал болады. Бұл қатынастардан бөлініп алынған ол, алтынның өз-өзінен ақшаға айналмайтыны сияқты капитал бола алмайды. Сондықтан біріншіден, ол - зат емес, затта көрінетін және бұл затқа өзіне тән қоғамдық сипат беретін белгілі қоғамдық қатынас.

Екіншіден, капиталды оның элементтерінің үздіксіз қозғалысы деп түсінуге болады. Тек қозғалыста бола тұра ақша капиталға айналады.

Үшіншіден, капитал - ол жалдамалы жұмысшылар жасайтын өздігінен өсетін құн, осы үш жағдай капиталдың мәндік анықтамасын сипаттайды.

Қызметін бастау үшін фирманың старттық капиталы болу керек.

Бастапқы капитал - ол алғашқы салынған капитал мен өндірістің бастапқы жүрісіне кеткен ағымдық шығындарының қосындысы.

Бұл шығындарды жабудың көздері меншік құралдары мен қарыз қаражаттары болуы мүмкін. Меншік (ішкі) қаражаттар - ол:

1) пайда есебінен жасалатын қор жинау;

2) амортизациялық ақша қоры;

3) акциялар мен облигацияларды сатудан түсетін капитал, олар кәсіпорынның барлық қаржысының 60-70 процентін құрайды.

Қарыз (сыртқы) қаражаттар - ол банктік және коммерциялық несие. Олардың үлесіне барлық қаржының 30-40 проценті келеді. Несиелер ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып бөлінеді. Соңғысы бір жылда, алғашқысы ұзағырақ мерзімде қайтарылады. Екі жағдайда да несие мөлшері процентпен қайтарылады.

Қысқа мерзімді қарыздар жалақы төлеу үшін, шикізат т. б. атып алу үшін жұмсалатын күнделікті шығындарды жабу үшін пайдаланылады.

Ұзақ мерзімді қарыздар құрал-жабдықтар, ғимарат т. б. сатып алуға қолданылады.

Қысқа мерзімді қарыздардың төмендегідей формалары бар.

- бір фирма екінші фирмаға беретін коммерциялық несие;

- қаржылық институттардан: банктер мен қаржы компанияларынан алатын қарыздар;

- фирманың ақшаның белгілі процентпен қайтаруға міндеттелетін қолхаты ретінде пайдаланылатын акциялар мен облигацияларды сату арқылы инвесторлардан (көбінесе халықтан) алатын қарыздары.

3. Жеке ұдайы өндіріс: негізгі және айналмалы капитал, олардың ауыспалы айналымы және тозуы.

Кез келген елдің ұлттық шаруашылығы бір жағынан ерекшеленген, екінші жағынан - жеке ұдайы өндіріс жасайтын өзара байланысты фирмалардың жиынтығы болып табылады.

Жеке ұдайы өндіріс - тауар өндіру және табыс алу мақсатында факторлардың өндірістік бірігуінің үздіксіз қайталанатын процесі.

Ұдайы өндіріс капиталдың ауыспалы айналымынан басталады. Капиталдың ауыспалы айналымы - өндіріс факторлары құнының нәтижесінде оның үш сатыдан өтетін және өндірістік, ақшалай және тауар формаларын қабылдайтын өндірістік және айналым сфералары арқылы қозғалысы. Өндірістік цикл сатылары:

А-Т Ө Т-А

I саты 2саты 3саты

құнда А - алғашқы капитал (авансыланған) ; Т - тауар;

Ж. К - жұмыс күші; Ө. Қ. - өндіріс құрал-жабдықтары; Ө - тауар және қызмет өндірісі процесі; Т1 - өндірілген өнім;

А1 - алғашқы авансыланған капиталдың өскен суммасы.

Үш сатының әрқайсысы белгілі функцияны атқарады:

- біріншісінде, өндіріс жағдайлары қалыптасады;

- екіншісінде тауар және қызмет өндірісі жүзеге асады;

- үшіншісінде, тауар және қызметтер сатылады және пайда алынады.

Үздіксіз жаңарып отыратын процесс болып қарастырылатын ауыспалы айналым, айналым деп аталады.

Ауыспалы айналым мен айналым арасында айырмашылық бар; Әрбір ауыспалы айналым (айталық, аяқ киім партиясын өндіру) уақытында фирмаға алғашқы авансыланған капиталдың тек бір бөлігі қайтарылады. Бір айналым уақытында фирмаға барлық бастапқы авансыланған құн қайтарылады.

Бұл үшін бірнеше ауыспалы айналым қажет болуы мүмкін. Айналым уақытпен және жылдамдықпен өлшенеді.

Айналым уақыты - ресурстар өндіріс және айналым сфераларынан өтіп, алғашқы (ақшалай) формасына қайта келетін уақыт аралығы.

Айналым уақыты өндіріс және айналыс уақытына бөлінеді.

Айналым жылдамдығы бір жылда жүргізілетін ресурстар айналымдары санымен өлшенеді.

Өндірістік капитал - тұйық ұдайы өндірістік циклде қызмет ететін құндық формада көрсетілген өндіріс факторлары.

Пайдаланатын өндірістік капитал құнының жасалған тауар құнына өту әдісіне байланысты оның екі топқа негізгі және айнымалы капиталға бөлінеді.

Негізгі капиталға ғимараттар, құрал-жабдықтар және т. б. жатады. Олар өндіріс циклдарында ұзақ уақыт қолданылады және құнын бөлшектеп береді.

Айналым капиталға шикізат, материалдар, жұмыс күші жатады. Олар толық пайдаланылады және құнын бір өндірістік циклда береді.

Негізгі капитал құнының қызмет ету мерзімі кезінде өндірілген тауар құнына көшу процесі және оның амортизациялық қорда шоғырлануы амортизация деп аталады.

Амортизациялық қор өндірістік циклдан табиғи және рухани (салыстырмалы) тозуына байланысты шығып қалған негізгі капиталдың элементтерін қалпына келтіруге арналған.

Капиталдың табиғи тозуы, оның тұтыну құнын жоғалтуы.

Салыстырмалы немесе рухани тозу - екі себепке байланысты құнын жоғалту:

- ұқсас, бірақ арзанырақ құрал-жабдықты жасау;

- сол бағаға өнімділігі жоғары құрал-жабдықты өндіру.

Табиғи және рухани тозуды есептеудің амортизация нормаларын бекіту үшін маңызы зор.

Амортизация нормасы - амортизациялық аударымдардың жылдық сапасының негізгі өндірістік капиталдың орташа жылдық құнына процентпен көрсетілген қатынасы.

Ол негізгі капиталцың құнының қанша жылда орны толатынын көрсетеді. ҒТП жағдайында құрал-жабдықтардың қызмет мерзімдері қысқарады, сондықтан жедел амортизация мәселесі туады. Негізгі қорларды (капиталдың) пайдаланудың жинақтау көрсеткіші қор қайтарымдылық (Қ. Қ) болып табылады.

Негізгі және айнымалы капиталдан (қорлардан) басқа өндіріс сферасында қызмет ететін фирмалардың сату процесіне арналған айналыс қорлары бар.

Айналмалы қорларға салынған ақша қаражаттары мен айналыс қорлары айналым қаражаттарын құрайды.

Айналым қаражаттарын пайдалану тиімділігі бір жылғы сатылған өнімнің айналыс қаражаттарының орташа қалдықтарына қатынасымен өлшенетін айналым коэффициентімен өлшенеді.

4. Пайданың экономикалық табиғаты: мәні, қайнар көздері және қызмет түсіндірмелерінің айырмашылықтары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарыз капиталының қорлануы
Қарыз капиталы өнеркәсіп капиталының оқшауланған бір бөлігі
Қазақстандағы рыноктық несие жүйесі қатынастарының қалыптасуы
Өнеркәсіптік революция және индустриялық дамудың басы
Қазақстанның банктік жүйесіне дүниежүзлік қаржылық дағдарыстың әсерін теориялық қарастыру және мемлекеттің банк жүйесін әрі қарай дамытуға және жетілдіруге бағытталған ғылыми-тәжірибелік кепілдемелерді анықтау
Капитал экспорттаушы және импорттаушы елдер үшін капитал ауысуының салдары
ҚР экономикалық өсу себептері,факторлары. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары.Инфляцияға қарсы саясат. Инфляцияның мәні,түрлері. ҚР-ның инфляциялық саясаты
Шетелдік инвестицияларды тартудың маңызды көзі - потрфель инвестициялары
Өнеркәсіп төңкерісінің басталуы
Инвестиция және экономика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz