Халықаралық экономикалық байланыстың дамуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

1. Халықаралық экономикалық байланыстың дамуы. 2
2. Халықаралық байланыс және сауда. 3
3. Қазақстанның халықаралық саудадағы орны және ролі. 6
Пайдаланған әдебиеттер 10

1. Халықаралық экономикалық байланыстың дамуы

Қазіргі өтпелі кезеңде әлем елдерінде, оның қатарында Қазақстанда
барлық қиыншылықтарға қарамастан, біз болашақ жеткіншек ұрпақ жайында,
қазіргі өнеркәсіптік, өндірістік потенциалды жаңғырту жайында, ерекше
ойлауымыз және шұғыл әрекет жасауымыз керек. Дүниежүзілік шаруашылық – бұл
нарықтық шаруашылық, сондықтан әлем елдерімен түбірлі байланыс орнату осы
егеменді елдердегі экономикалық реформаның нәтижесімен тікелей байланысты.
Тағы бір кезек күттірмейтін мәселе Шығыс Еуропа елдерінің арасындағы
интеграциялық процесті уақыт талабына сай қайта құру, олардың өзара есеп-
айырысуды дүниежүзілік бағамен, қатаң тұрақты валютамен жүргізу де өмірлік
міндеттердің бірі. Сөйтіп олар Еуропалық қоғамдастық шеңберінде екі жақты
келісімдерге қол қою, оның нарығына енуді жеңілдету. АҚШ тарапынан бұл
елдерге сол үшін қолайлы жеңілдіктер беру. Бұрынғы ұлт республикаларының
бәрі де Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелігіне еніп, халықаралық дәрежеде
оларды экономикалық, саяси егеменді ресми мойындап отыр.
Міне, Қазақстан Республикасын 1991 жылы 16-желтоқсанында егеменді
мемлекет ретінде танып, бір-екі жылдың ішінде жүзден астам елдер мойындап,
70-тен астам ел онымен ресми дипломатиялық қатынас орнатып үлгерді.
Қазақстанды осындай халықаралық дәрежеде мойынсұнудың бірден-бір негізі,
оның жерінде әлем бойынша анықталған қазбалы кең байлықтардың 115 бөлігі
орналасқан. Мұнайдың, газдың, түсті және қара металдардың, көмірдің және
басқа да сирек кездесетін өте бағалы кендердің көзі де, қоры да мол. Ең
бастысы халқы дархан, жері кең. Қазіргі жер бетіндегі 170-тен астам
елдердің ішінде Қазақстан өзінің жерінің көлемі жағынан 9-орын, халқының
саны бойынша 51-орын алады. Республика нарықтық жолмен дами отырып, сыртқы
экономикалық байланысты ұлғайтуда. Тек осы жағдайда ғана емес, әлемдік
ғылым мен техника жетістіктерін, халық шаруашылығын жаңарту қызметіне қамту
мүмкіндігі туады, ол болса өз кезегінде ұлттық табыстың өсімін, ұлттық
экономиканың гүлденуін қамтамасыз етеді, реформаның материалдық негізін
нығайтады. Дүниежүзілік шаруашылық аралық интеграцияға ену республикасының
әр қилы халықаралық экономикалық байланыстарға қатысуын, атап айтқанда,
әлемдік сауда, елдер арасындағы ғылыми-техникалық алмасу, капитал, жұмыс
күшінің халықаралық қозғалысы, транспортты байланыс, өндірістік тұтыну
саласы мен информациялық қызмет көрсетуді интернационаландыруды қамтиды.

2. Халықаралық байланыс және сауда.

Халықаралық қатынас – ұлттық шаруашылықтардың тауар және қызмет
көрсетуімен байланысты, яғни айырбас экономикалық қатынас болып табылады.
Ол өте ертеде дамыған, алайда капитализмге дейінгі өндіріс әдістері
натуралды шаруашылыққа негізделгендіктен, халықаралық сауда айналысына
олардың өндіргіш өнімдерінің тек бір бөлігі ғана түсіп отырады.
Халықаралық сауданың сипаты сол саудаға қатысатын елдердің әлеуметтік-
экономикалық құрылысымен, құрылымымен анықталады. Егер халықаралық сауда
негізінен тауар алмасумен шектелсе, қазір ғылыми-техникалық ойлармен
алмасу, лицензиялар беру формасында кеңінен дамуда. Қазіргі кезде бұдан
басқа күрделі құрылыс жабдықтарды құрастыру ғана емес, жобалау және құрылыс
жабдықтарды арендаға беруді қамтып отыр.
Халықаралық сауданың динамикасы мен құрылымына өндіргіш күштер,
дүниежүзілік өндірістің құрылымы да қатты ықпал етуде. XIX ғасырда
халықаралық сауда айырбасында көбінесе шикізат, азық-түлік және жеңіл
өнеркәсіп өнімдері ғана болса, қазіргі кезде өнеркәсіп тауарларының үлесі,
әсіресе машиналар мен жабдықтардың үлесі елеулі түрде өсті. Қазіргі кезде
алықаралық айырбас өрісіне ғылыми-техникалық жетістіктер айырбасы қосылды,
олардың үлесі халықаралық сауданың жалпы айналымының 10%-ін құрайды.
Технологиялық күрделі өнімдермен, лицензиялармен сауда-саттық жедел өсіп
отыр. Егер 1970 жылы лицензиялар дүниежүзілік экспорттағы көлемі 2,4-2,7
млрд. доллар болса, 80-жылдардың 2-жартысында бұл сан жылына 17 млрд.
доллардан асты. Халықаралық сауда объектілерінің қатарына қазіргі уақытта
жобалау жұмыстары, лизинг, инжиниринг(инженерлік құрылыс жұмысын атқару
үшін жасалған келісімдер) жатады.
Халықаралық саудада жаңа индустриалды елдер (Гонконг, Оңтүстік Корея,
Сингапур, Тайвань) үлкен роль атқара бастады. Бұл елдердің экспортында
өнеркәсіптік тауарлардың алатын орны елеулі. Ұлттық өнеркәсіп өнімдеріне
тиімді жоғары кеден бажын енгізу арқылы белгілі бір тауар түрлерін сатуға,
мемлекеттік монополия арқылы ақшалай байлықты арттыруға ұмтылды.Бірақ қатаң
протекционизм сыртқы сауданы қысқартып, ұлттық экономикалардың оқшаулануына
әкеп соқтырды. Сондықтан Ұлыбританиядағы өнеркәсіптік төңкеріс елді еркін
сауда саясатын өтуге мәжбүр етті. Еркін сауда саясатының негізін дамытушы
Рикардоның салыстырмалы шығындар теориясы қалады. Осы бағытты ұстанған
Ұлыбритания жаңа нарықтарды жаулап алып, дүниежүзілік экономикада жетекші
орынға ие болды. Кейінірек басқа елдер де біртіндеп „еркін сауда” саясатына
көше бастады.
Халықаралық саудада экономикалық қатынастарды реттеу үшін халықаралық
ұйымдар құрылды. Олардың қатарына: ГАТТ, ЕАСТ, ЮНКТАД, т.б жатады.
ГАТТ – тарифтер мен сауда туралы басты келісім, оған қатысушылардың
сауда қатынастары қабылданған нормалар мен ережелер негізінде айқындалады.
Бұл ірі халықаралық ұйымдардың шеңберінде сыртқы саудаға қатысты барлық
проблемаларды талқылау үшін мүше елдер арасында келіссөздер,
консультациялар, кездесулер өткізіледі.
ЕАСТ – Еуропалық еркін сауда ассоциациясы 1960 жылдан бастап жұмыс
істейді. Бұл ассоциацияға 6 Батыс Еуропалық елдер кіреді. ЕАСТ-тың негізгі
мақсаты еркін сауда жағдайын қалыптастыру.
ЮНКТАД – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұялы байланыстың қалыптасу мен дамуы
Медианарықтағы ұялы байланыстың ақпарат тарату ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамыту
Табиғи монополияны мемлекеттік реттеуді жетілдіру
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге туризмнің әсері
Экономикалық қатынастар жүйесіндегі инфрақұрылымның даму приоритеттері
Қазақстан Республикасы саласының осы заманғы жай-күйiн талдау, проблемалар
Қазақстанда байланыс жүйесінің даму тарихы
Халықаралық экономикалық жүйе
Саланың бәсекеге қабілеттілігі
Пәндер