КАПИТАЛ МЕН ТАБЫС ІЛІМІ, КАПИТАЛ ФОРМАЛАРЫ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ2
І КАПИТАЛ МЕН ТАБЫС ІЛІМІ, КАПИТАЛДЫҢ ФОРМАЛАРЫ3
1. 1 Капиталдар нарығы және оның мазмұны3
1. 2 Кәсіпкерлік капиталдың қалыптасу көздері8
ҚОРЫТЫНДЫ12
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ16
КІРІСПЕ
Капитал (ағылшынша - бас мүлік, бас сома, латынша - ең басты) - экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі.
Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы (көпес капиталы түрінде), - тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін - өнеркәсіптік.
Капиталдың формалары толығырақ А. Смит пен Д. Рикардоның еңбектерінде зерттелген.
Капиталдың формаларымен экономикалық мектептердің қосарласып дамуы бұл категорияны тұңғыш зерттеушілердің - меркантилистер және физиократтар оған сыңар жақты қарауының себебі болды.
Капитал категориясына ең толық жан-жақты зерттеуді өзінің «Капитал» (1867 ж. ) деп аталған еңбегінде К. Маркс жүргізген. Капиталдың қызмет етуінің нақты формаларын зерттеумен қатар, ол оның мәнін, мазмұнын айқындап көрсетеді. К. Маркс капиталды зат деп қоймай, ол оны қозғалыс деп тұжырымдады. «Капитал» экономикалық ғылымның тарихында капиталды капиталистер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы ерекше белгілі тарихи қоғамдық қатынастар деп көрсетті. Осымен қатар Маркс капиталдың заттық түрі болады деп көрсетті - станок, машина, шикізат т. б. түрінде.
І КАПИТАЛ МЕН ТАБЫС ІЛІМІ, КАПИТАЛДЫҢ ФОРМАЛАРЫ
1. 1 Капиталдар нарығы және оның мазмұны
Экономикалық теорияның классиктері капиталдың алғашқы қорлануын, капитализмнің қалыптасуының бастапқы кезеңі деп тұжырымдады.
Капиталдың алғашқы қорлануы (previos accumulation) өзіндік еңбекке негізделген индивидуалдық жеке меншікті жою процесі, жұмысшыларды өз еңбегінің шарттарына меншікті шектеу процесі. Ол бір жақтан, тікелей өндірушілердің тек қана жұмыскерге - идеалдық жұмыскерге, екіншіден, қоғамдык құрал-жабдықтар мен өмір сүруге қажет құралдардың капиталға алмасуы болып табылады.
Бұл жағдай Еуропада XVI-XVІІІ ғғ. орын алды. Сол замандағы кәсіпкерліктің барлық нысанының жандана дамуы, белгілі экономикалық және әлеуметтік шарттарды, жағдайларды талап етті. Miнe, капиталдың алғашқы қорлануы кәсіпкерліктің әлеуметгік-экономикалық базасының қалыптасу шарттарын өмірге әкелді. Бұл пайда бола бастаған буржуазия табының барлық кәсіпкерлік қабілетгеріне жол ашты.
Біріншіден, еңбек «бостандық алып», жалдама жұмыскерлер табы қалыптаса бастады. Ал еңбек шарттары мен өмір сүруге қажет игіліктерден шектелген, тек өздерінің жұмыс күшін сатып қана күнін көретін адамдардьң көбеюі - бұл капиталистік өндірістің дамуының өте маңызды шарты болады.
Капиталдың алғашқы қорлануының экономикалық негізін шаруалар мен қолөнершілердің жаппай экспроприациялануы құрайды. Тауарлық-ақша қатынастарының дамуы, ұсақ өндірушілердің іріктеліп жіктеле беруін күшейте түсті, ұсақ колөнершілер мен шаруалар ыдырай бастады. XVI-XVIII ғғ. батыс Еуропада мемлекет бірнеше заң қабылдау арқылы жұмысшы табының қалыптасуына елеулі ықпал етті. Бұл зандар тарихқа « қарсы қанды зандар» атымен кірді. Өйткені бұл зандар экспроприацияланған өндірушілерді жалданып жұмыс істеуге зорлықпен көндіруді көздеді және оларды капиталистік еңбек тәртібіне бағындырды.
Екіншіден, елдің ішкі жағында экономикалық бостандыққа ие болған жерлер пайда болды және шетелдерден территорияларды басып алып, оларды отарға айналдыру кең өріс алды. Бұған Англияның тарихы классикалық мысал бола алады - бұнда лендлордтар шаруалардың жерін тартып алып, «қоршап тастау» әдісін жүргізді, осымен қатар отарлардан жерді тікелей тартып алу кең өpic алды.
Үшіншіден, капиталдың барлық нысандары - сауда, өсімқорлық, өнеркәсіптік - екпінді дамыды. Осымен бірге ақша түрінде, өндірістік құрал-жабдықтар түрінде қорлану жүріп отырды.
Өнеркәсіптік буржуазияның қалыптасуының алғашқы қадамдары, мүліктік жіктелумен байланысты, қолөнершілер ортасында дами бастаған. Бөлініп, кәсіпкер бейнесін алған, аса бай цех шеберлері және саудагерлер - сатып алушылар, ыдыраған ұсақ өндірушілердің жалдама еңбегін пайдалануды кеңейтті. Бірақ бүкіл әлемдік нарықтың дамуы, капиталды қорландыру қарқының жоғарылатуды талап етгі. Осы міндетті жүзеге асыру үшін мемлекеттің үкімет ақпараты кең пайдаланылды.
Капиталдың алғашқы қорлануын тездетуге, отарлық, соғыстар мен басып алған отарлар халқын шексіз тонау, мемлекет қарызы мен салық жинаудың өсуі өз үлесін қосты.
Бюджет тапшылығын жою үшін мемлекет ақша капиталының иелері арасында ірі сомаға заем орналастыратын болды. Бұл мемлекетке қарыз беруші бейнесін алған буржуазияға, үкіметтің міндеттемелеріне сәйкес төленетін, елеулі көлемдегі проценттерді иелеуіне мүмкіндік берді. Мемлекет несиесінің дамуы құнды қағаздардың, биржалық ойындардың дамуын жандардырды.
Капиталдың алғашқы қорлануының маңызды құралы болып протекционизм жүйесі қызмет етгі. Сыртқы сауда саясаты импорттық баж салығының жоғары болуын талап етті. Бұл басқа елдерден келетін тауарларға шек қоюға және өнеркәсіп тауарларын осы елден сыртқа шығарғаны үшін сыйлық төлеуге жол ашты. Бірнеше елдерде өнеркәсіп шикізаттарын сыртқа шығаруға тікелей тыйым салынды; жаңа өндіріс ашқан кәсіпкерлерге алғашқы капитал тікелей қазынадан ірі ақшалық субсидия нысанында құйыла бастады.
Капиталдың алғашқы қорлануын дайындап дүниеге әкелген өндіргіш күштердің дамуы, тауар-ақша қатынастарының өсуі және шамамен кең дамыған ұлттық нарықтардың қалыптасуы болды.
Әр елдердегі капиталдың алғашқы қорлануының негізгі заңдылықтарының баршасына тәң ортақ белгілерінің болуы, оның осы елдердің әрқайсысьна тән нақты нысаңдарының болуын жоққа шығармайды.
Бүгінгі біздің елдің басындағы өтпелі кезеңді кейбіреулер капиталдың алғашқы қорлану процесімен теңдестіреді. Бірақ бұл процестер бір-бірімен толық үйлеспейді. Бүгінгі Қазақстан директивтік баға белгіленуіне және ресурстардың орталықтан бөлінуіне негізделген әміршіл-әкімшіл жүйеден, реттеудің нарықтық әдістеріне көшу кезеңінде отыр. Міне осы жағдай, капиталдың алғашқы қорлану процесінен, дәстүрлі ұғым бойынша, негізгі айырмашылықты белгілейді.
Бұларға ортақ қасиет, ол жеке меншік түрінде жаңа материалдық негізде кәсіпкерлер табының қалыптасуы. Бұның ішкі және сыртқы қайнар көздері бар.
Ішкіге алдымен жекеше өндіру жатады. Ол мемлекеттік меншікке келесі әдістер арқылы бөлуге мүмкіндік береді:
• өнеркәсіптің ауыр (бұның ішінде әскери-өнеркәсіп кешені) және жеңіл салаларындағы қаражаттарды екіншінің пайдасына сәйкес қайта бөлу;
• капиталды қызметтер мен сауда сферасында шоғырландыру;
• жерді және табиғи ресурстарды отын-қуат кешендерінің және басқа да қуат сақтаушылардың «өз еркімен» өзіне қаратып алуы;
• таңдаулы (элиталық) кәсіпорындарға және оның иелеріне бартерлік айырбас жүргізулері үшін олар өндірген өнімнің бір бөлігіне жарлық ету құқын беру;
• сыртқы сауданы ырықтандыру (либерализация) нәтижесінде түскен пайданы шетелдермен сауда жасайтын фирмалардың алуы;
• «челнок» импортынан түскен табысты алу;
• мемлекеттің кейбір мекемелерге елімізге шеттен келген спирт, арақ, темекі өнімдері үшін тағайындалған салықтық жеңілдіктерді беруі;
• коррупция, рэкет, көлеңке экономика және т. б. Сыртқы қайнар көздеріне шетелдерден келіп жатқан несиелер жатады.
Капиталдың алғашқы қорлануының маңызы мынада: осы процесс барысында кәсіпкерлер үшін барлық өндіріс факторларына еркін жол ашылады. Бұлар тауар формасын алады және өздерінің кәсіпкерлік қабілеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
1. 2 Кәсіпкерлік капиталдың қалыптасу көздері
Капиталистік экономикалық қатынастардың дамуы капитал категориясын әрі қарай зерттеуді талап етті: жаңа концепциялар мен ой-пікір, тұжырымдардың пайда болуын тіледі.
Жақтаушылары басым көпшілік капиталға берілетін екі негізгі анықтаманы қолдайды: бірінші - капитал деген құрал-жабдықтар жиынтығы («заттық» концепция), екінші - капитал деген ақша сомасы («монетарлық») . Екі жақ та капитал шаруашылықта пайда табу үшін қолданылады дейді.
Осымен катар «капиталдар нарығы» деген түсінік бар. Нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың арақатынастарының объектісіне байланысты, осы түсінікке анықтаманың екі варианты болуы ықтимал.
Бірінші вариант. Өндіріс факторлары нарығында капитал деп олардың құндық өлшеміндегі физикалық капитал түсініледі: станоктар, машиналар, ғимараттар т. б. Бұл жағдайда капиталдар нарығы өндіріс факторлары нарығының бір бөлшегі болып табылады.
Капиталдар нарығының негізгі субъектілеріне бизнес сферасы және хаусхолд сферасы жатады.
Факторлар нарығындағы капиталға сұраныс - бұл өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін фирмалардың физикалық капиталға сұранысы. Көрініс жағынан бұл фирманың инвестициялық жобаларына жұмсайтын қаржы құралдары болып табылады.
Өндіріс факторлары нарығында ақшалай салым түрінде капиталы бар үй шаруашылықтары бизнеске материалдарына сұраныс түрінде қолдануға өз капиталын береді. Бұл үшін олар салынған қаражаттарға процент түрінде табыс алады.
Физикалық капиталдың фирма меншігіне айналуына, немесе, оның уақытша пайдалануға берілуіне байланысты, төлемдер екі түрге бөлінеді: капитал қызметтерінің толымсыздығы (пайдалану бағасы) үшін төлем және капиталдық активтер (сатып алу-сату бағасы) үшін төлем болып белінеді.
Капитал қызметтерін пайдалану құны капиталдың ренталық (прокаттық) бағалануы болып табылады. Бұл нарықтық котифқа түрін, немесе, фирманың капиталдың бір бөлігін жалға алғаны үшін оның иесіне төлейтін сома түрін алады.
Активтің бағасы - капитал бірлігінің қандай уақытта болмасын сату, немесе, сатып алу бағасы болып табылады
Екінші вариант. Қаржы нарығында капитал деп ақша капиталы түсініледі.
Қарыз капиталының нарығы деп ақша капиталы объектісінің кызметін атқаратын және осы капиталға сұраныс пен ұсыныс қалыптастыратын, өзара қатынастардың жиынтығы аталады. Қарыз капиталдарының нарығы ақша нарығына және капиталдар нарығына бөлшеді. Ақша нарығы мерзімі бір жылға дейінгі банк операцияларын жүргізумен байланысты болады. Капиталдар нарығы банктің орта мерзімді және ұзақ мерзімді операцияларына қызмет етеді. Осы нарық өз кезегімен ипотекалық нарықка (кепілдік қарыз куәлігімен операциялар жүргізу) және қаржылық (құнды қағаздармен операциялар жүргізу) нарыққа бөлінеді. Қаржы нарығының субъектілеріне банктер және олардьң клиенттері (ипотека нарығындағыдай), қор биржалары жатады, операциялардың объектілеріне - жеке кәсіпкерлердің және мемлекет институттарының құнды қағаздары жатады.
Ақша нарығы мен капиталдар нарығы қарыз капиталының туындысы, екіншілік нарықтар болып табылады. Осылардың әрқайсысының өз инструментерін, яғни айналыста болатын нақты қаржы бағалылықтары болады. Осылардың бір-бірінен айырмашылықтары бар және олар төмендегі жағдайлармен байланыста болады:
• статусымен (акция, немесе, облигация) ;
• меншіктің типімен (жеке, немесе, мемлекеттік) ;
• іс-әрекет ету мерзімімен;
• өтімділік дәрежесімен;
• қауіп-қатер сипатымен (банкроттық немесе нарықтық) және қауіп-қатер дәрежесімен (қатерлі, аз қатерлі, қатерсіз) .
Мысалы, АҚШ-тың капиталдар нарығының инструментарийіне жататындар:
• АҚШ федералдық өкіметінің ұзақ мерзімді саясатын қаржыландыруға тағайындалған казначейлік облигациялар;
• қаржы жүйесі арқылы әлеуметтік бағдарламалардың типтерін қаржыландыру үшін үкіметтің ерекше рұқсатымен эмитентілген (шығарылған) мемлекеттік мекемелердің құнды қағаздары;
• жергілікті үкімет органдары шығаратын муниципалдық облигациялар;
• жекеменшіктік фирмалар эмитентеген корпорациялардың акциялары мен облигациялары.
Капиталдар нарығын инвестициялық қорлар нарығы деп жиі атайды. Инвестиция (капиталдық салым) деп құрал-жабдықтардың және материалдық қойманың (запас) көбеюіне экономикадағы капиталдар өсуіне жасалған шығындар аталады.
Капиталдың жеткізушілері - үй шарушалықтары, оны тұтынушылар - бизнестің фирмалары.
Жеткізушілер мен тұтынушылардың бір-біріне әрекеті көп. Бұлардың байланыстары қаржы жүйесі, коммерциялық банктер, инвестициялық қорлар, брокерлік кеңселер т. б. арқылы жұріп отырады. Олар үй шаруашылықтарының шамалы жинақтарын қаржы құралдардың көп сомаларына айналдырады және оны капиталды тұтынушылар арасында орналастырумен айналысады. Капиталды беру нысаны әр түрлі болуы мүмкін: тікелей жаңадан шығарылған акцияларды жазылғандар арасында тарату түрінде, немесе, заемдық қарыз, корпорациялардың облигациясын сатып алу түрінде және фирмаларға тікелей қарыз беру арқылы. Бұл процесте берілген қаржылар үшін төленетін процент өте маңызды рөл атқарады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Соңымен капитал - бұл тауарлар мен қызметтер өндіруде қолданылатын адамдардың жасап шығарған өндіріс құрал-жабдықтары мен ақшалай жинақтары.
Маркстік теорияда өндіріс факторлары өзгеше сипатталынады: заттық факторлар мен жеке фактор. Марксизм үшін бұлайша бөлу аса маңызды, өйткені ол барлық заттық факторлар қосымша құн өндірмейтіндігі, ал тек жеке фактор - жұмыс күшінің құн, қосымша құн өндіретінін көрсетеді.
Өндірістің дамуының әрбір жаңа кезеңінде оларсыз өндіріс жемісті түрде дами алмайтын жаңа факторлар пайда болып отырады. Қазіргі заманғы өндірісті, мысалы, кәсіпкерлік ақпарат, технология, экология және т. с. с. факторларсыз елестету қиынға түседі. Алайда жүйенің негізін құрушылар болып еңбек, жер, капитал қалады.
Жекелей факторлардың ешқайсысы өнім шығарып, табыс бере алмайды. Сондықтан өндіріс процесі факторлардың өзара бірігуінің қарым-қатынасын білдіреді. Әр кәсіпкерді өнімді максималды шығаруға жеткізетін факторлардың ара қатынасын табу мәселесі ойландырады.
Шығарылған өнім саны оны өндірген қолданылған өндіріс факторлары мен олардың комбинацияларына тәуелді. Факторлардың әр түрлі комбинациясы бар болса, бұл олардың оптималды үйлесіміне жеткізетін варианттың бар екендігін білдіреді.
Демек, өндірістік функция - бұл өндіріс факторларының шығындарының жиынтығы мен максималды өнім шығару арасындағы өзара байланысты көрсететін техникалық арақатынас.
Әдетте, факторлар шамасы өзгермей, тұрақты болады. Осында келесі варианттардың болуы мүмкін, яки барлық факторлар бір мезгілде өзгереді немесе тек олардың біреуі өзгереді. Бұл жағдай табыстылыққа шектеулі әсер етеді, ол төмендейді.
Сонымен ендігі кезде біз капиталдың қалыптасуы және оның нарығы мен мазмұны туралы айтып, толық сипаттама бердік. Осымен бірге кәсіпкерлік капиталдың қалыптасу көздері, капиталдың айналымы, капиталды тиімді пайдалануының көрсеткіштері жайында мәлімет бердік. Капиталдың формалары және табыс іліміне келе отырып, әрине табыс туралы қорытындылап кеткен жөнді болуда. Себебі әрқашанда оның шектеулілігі, табыстың ұлғаймалы және кемімелі көлемі, бізге болашақта қажетті.
Осы түрлі көрсеткіштердің жабайысына айналмалы капиталдың айналуының коэффициенті жатады. Бұл осы кезеңдегі айналмалы капиталдың орташа қалысының, осы кезеңде өткізілген өнімнің құнының (сатудан ақшалай түсім) бөлінісіне тең болады.
Мысалы, бір жылда сатылған өнімдерден ақшалай түсімі - 2000 млн. теңге болса, ал фирманың айналмалы капиталының орташа қалдығы - 400 млн. теңге, онда айналмалы капиталдың айналуының коэффициенті:
Қосымша өнімнің шеттетілуі меншіктің кез келген нысанында орын алатындықтан, ол қоғамдық шаруашылықтың объективті қажеттілігі болып табылады. Олай болса қанаушылық шеттетілудің белгілі бір дәрежесіне, қоғамдық қатынастардың бүкіл жиынтығына байланысты. Батыс елдерінде жалдамалы қызметкерлердің жалақы қоры ұлттық табыстың 60-80 процентін құрайды. Тек 20-40 процентін өндіріс құрал-жабдықтарының иесі иемденеді. Ал бұрынғы кеңес елінде жалдамалы қызметкер иемденетін жаңа жасалған құнның үлесі әр қилы есептеулерге қарағанда, 30-40 процент, ал мемлекетке тиесілі үлесі табыстың 60-70 процентін құрайды немесе жеке меншік үстемдік ететін қоғаммен салыстырғанда, ол 1, 5-2 есе жоғары болғаны. Осыдан мынадай заңды сұрақ туындайды: егер жаңа жасалған құнды капитал иесі иемденгенде қанаушылық орын алатын болса, өндірілген өнімнің 60-70 процентін мемлекет иемденетін жағдайды қалайша сипаттауға болар еді? Егер орын алатын объективті экономикалық (этикалық емес) негізге сүйенер болсақ, онда қосымша құн нормасы (т 1 ) капиталистердің жалдалмалы жұмысшыларды қанау дәрежесін сипаттайтын бірдей ұғымды бере алмайды. Қосымша құн бірнеше негізгі бөліктерге бөлшектенеді. Біріншіден, қосымша құн қор жинауға кетеді: екіншіден, салық жүйесі арқылы қосымша құнның бір бөлігі мемлекеттік бюджетке түседі, үшіншіден, қалған белігі жеке тұтынуға кетеді. Қосымша құнның тек соңғы бөлігі ғана қанаушылық белгісінің ауқымы мен дәрежесін анықтай алады. Осының езінде де бір ескерер жәйт: қосымша құнның капиталистің жеке тұтынуына кеткен бөлігінің барлығын "заңсыз" иемдену деп айтуға болмайды. Біріншіден, тіпті еңбек құн теориясьша сүйенгеннің өзінде, капиталист-кәсіпкер өндірісті ұйымдастырғаны үшін өз еңбегінің белгілі бір бөлігіне ие болуы керек. Екіншіден, капиталды пайдалануға берудің өзі қызмет көрсетудің түрі, ол да теленуі тиіс. Осы қызметі үшін бөлінген капиталдан процент талап етіледі. Жалдамалы қызметкер де өз жинағын банкте ұстай отырып, белгілі дәрежеде процентпен (кіріс) табысқа ие болады. Сондықтан қосымша құнның массасы мен нормасы қанаудың ауқымы мен дәрежесін дәл анықтай алмайды. Сөз жоқ, егер жұмыс күші құнынан темен төленетін болса, оңда қанаушылық орын алады. Ал, К. Маркс зерттеген кез жұмыс күнінің ұзақтығы тәулігіне 10-12 сағат болғаны, оның үстіне сол өндіргіш күштер даму дәрежесінде техника қауіпсіздігі сақталмағаны да ақиқат. Жалдамалы қызметкерге жұмыс күшінің құны толық төленетін болса, қоғамдық өндірісте орташа еңбек жағдайы сақталатын болса, алатын жалақы қоғамдағы материалдық және рухани игіліктерді пайдалану мүмкіндігін берсе, қанаушылық түсінігі өзінің экономикалық мазмұнын жойып, адамгершілік-этикалық мағынаға ие болар еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz