Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметінің дамуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметінің дамуы

ЖОСПАР
Қалай кәсіпкер болуға болады?!!!!! 2
Оқытушы бағдарламалар: 2
Кәсіпкерлік қызметін ұйымдастырғандағы ұтыстар мен қауіп-қатерлер: 3
Кәсіпорынды ұйымдастыру түрлері 4
Кәсіпкерліктің құрылымы 8

Қалай кәсіпкер болуға болады?!!!!!

Әркімнің өз ісін ашқысы келетіндігінің көптеген себептері бар. Жеке
басының тәуелсіздігі, пайда табудың шексіз мүмкіндігі және өзіне ыңғайлы
уақытта, сүйікті ісімен шұғылдану – мүмкіндігі адамдарды бизнеске
ұмтылдыратын себептердің кейбірі ғана. Бизнестегі көптеген аты әйгілі
адамдар, өз істерін арнаулы колледждерде төрт жыл оқығаннан кейін, немесе
тіпті жоғарғы оқу орындарының екінші сатысынан кейін бастағандар. Ал енді
біреулері, арнайы дайындықтан өтпей – ақ табысты бизнесмен болғандар.

Оқытушы бағдарламалар:

Бүгінгі таңда көптеген колледждер өздерінің студенттерін жеке іс
ашып, ұйымдастырып және жүргізуге үйрететін бағдарламалар ұсынады. Мұнда
жалпы ақпараттар, өзінің тәжиірибесімен бөлісіп, кеңес беретін
табыстыбизнесмендердің консультацияларымен үйлестіріледі. Бұл бағдарламалар
болашақ кәсіпкерлерге олардың нақты идеяларының іске асырылу мүмкіндігін
бағалап, өмірде жүзеге асыруға көмектеседі. Бизнес ісінде кездесетін қауіп-
қатерлнрдің көптігін ескрсек, онда мұндай әректтер, мүмкін, қаржы шығынан
сақтап қалар.

Егер сіз кәсіпкерлік мансабы туралы ойлансаңыз, бизнесмендер үшін
неғұрлым маңызды болып есептелетін қасиеттерге, сіздің жеке басыңыздың
қасиеттері қаншалықты сәйкес келкетіндігін тексеріп көргеніңіз қызықты
болар.

Кәсіпкерлік қызметін ұйымдастырғандағы ұтыстар мен қауіп-қатерлер:

Статистикалық деректерге қарағанда, әрбір жаңадан ашылған
кәсіпорынның үшеуінен екеуі бірінші төрт жылдың ішінде жабылады екен. Сонда
шағын бизнестің алдында қандай негізгі проблемалар тұр? Республиканың
баяндамасына қарағанда, ол: салықтар, сауданың енжарлығы, кредит құнының
жоғарлылығы және бизнестің басқа түрлерімен бәсекелестік.
Бұл мәселенің жағымды жағы, шағын бизнестегі кәсіпкерлердің
жаңашылдығы оларға өзгерістерге тез және табысты, жауап беру мүмкіндігін
беретіндігі болады. Баяндамада жаңа жұмыс орындарының 80% процентін,
құрамында 100 кісіден аз жұмысшылары бар кәсіпорындар қамтамасыздандыратыны
аталып көрсетілген. Шағын бизнес үлкен фирмаларға қарағанда, әрбір
жұмысшыға шаққанда жаңалықтарды өндіріске екі есе артық енгізеді.
Жаңалықтарды енгізу жаңа жұмыс орындары мен кәсіпкерлер үшін жаңа
мүмкіндіктер көзі.
Кәсіпкер өз күшін қайда тиімді пайдалана алады. Әрине, шағын
бизнесте. Осыған орай, көптеген жағдайда “кәсіпкер” деген сөз, шағын
кәсіпорындарының иесі дегенді білдіреді, өйткені ондағы өндірісті
басқарудың көптеген мәселелерін өзі шешеді. Ал үлкен кәсіпорындарда
өндірісті ұйымдастыру және басқару жұмыстарын жалдану шартымен жұмыс
істейтін, көптеген менеджерлер атқарады.
Өзі белгілеген мақсаттарына үлкен және шағын бизнес әртүрлі
ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде жетеді. Кейінірек атап көрсетеміз,
үлкен корпоративтік фирмаларда қауіп-қатерлер оның мүшелеріне таратылады.
Корпорация болашағына кері әсерін тигізетін жауапты шешім қабылдаса,
корпорацияны басқарушылар тек орнынан айырылады. Олар жұмыс орнынан
айырылса да, жеке басының капитал салымдарын жоғалтпайды. Ірі бизнес үлкен
ресурстармен жұмыс істейтіндіктен, үлкен корпорациялардағы қатты күйреу
оның жабылуына әкелуі, шағын кәсіп орындарға қарағанда, сирек болады.
Алайда Алайда, қауіп ықтималдығы мен шығын мөлшері проблемалардың тек
бөлігін ғана құрайды.
Корпоративтік бизнесті ұйымдастыру тәсілінің өзі кәсіпкердің
тәуелсіздікке ұмтылуымен және басқа әрекеттеріне қайшы келуі мүмкін.
Шығарып жүрген өнімдері мен қызметті жақсарту немесе жаңа тауарлар шығару
үмітімен үлкен корпорациялар өздеріне дарынды және шығармашыл таланттарды
шақырады. Бірақ та, оларда қалыптасқан дәстүрлер, оның көп сатылы басқару
билігі, бәрібір жаңалықтардың өндіріске ендірілуіне шектеулер қойып, жеке
кісінің толық ашылуына мүмкіндік бермейді.

Кәсіпорынды ұйымдастыру түрлері

Қазақстанда кәсіп орынның корпорация түрінде ашқан адам өте көп,
бұл кәсіпорын ұйымдастырудың тек бір түрі ғана. Одан басқа, жекебасты
иеліктегі және серіктестіктегі кәсіп орындар бар.
Жеке басты иелік. Бұл істің иесі – бір кісі. Мына таблицада
көрсетілгендей, бизнестің бұл түрі кең тараған.

Бизнес құрылымы, 1995ж

Түрі Саны Жалпы
санынан
% есебінде
––––––––––––– –––––––––
––––––––––––

Жекебасты иелік 13 679
72,4

Серіктестік 1654
8,8

Корпорация 3563
18,8

Алайда, бұл кәсіпорындардың барлығы дерлік өте шағын. Бұлардың кең
тарауының бірден-бір себебі, бұл бизнесті ұйымдастырудың ең қарапайым және
арзан түрі.
Оның бұдан басқа да артықшылықтары бар. Әрбір кәсіпорын пайдасының
барлығы меншік иесінің өзіне тиісті болады, ол өз-өзіне қожа және кез-
келген өзгертулерді енгізуге ерікті. Мұндай меншік иеліктеріне заңның
қоятын шектеулері де аз, олар акционерлік қоғамдар төлейтін арнаулы
салықтарды төлемейді. Олардың сонымен қатар, тек жеке басының күш салуымен
ғана табысқа жетіп және құрметке бөлену мүмкіндігі бар.
Алайда, бизнестің бұл түрінің кемшіліктері де бар. Оның негізгі және
көңіл қоюды талап ететін кемшілігі – меншік иесінің толық мүліктік
жауапкершілігі. Бизнеске байланысты болатын барлық қарыздар мен проблемалар
оның өз мойнында болады. Егер бизнес күйреуге ұшыраса, онда меншік иесі
барлық қарызды төлейді. Бұл машинасы, үйі, жинаған ақшасы сияқты өз
меншігіндегі заттардан айырылуға дейін алып елуі мүмкін. Екінші кемшілігі –
капиталдың шектеулігі. Яғни, қанша айтқанмен бір кісінің жинаған ақшасы
және кредит алу мүмкіншілігі шектеулі болады, сондықтан да бастаған іске
жұмсалатын қаржы мөлшері де шектеулі. Меншік иесі қаза болғанда іс
жабылады. Басқа кемшіліктеріне жұмысшылардың мүмкіндігінің аздығын, кәсіп
орын көлемі мен өсу шектеулілігін, менеджмент қиындығын жатқызуға болады.
Серіктестік. Бұл кәсіпорынның екі, немесе бірнеше ортақтас иелері
болады. Оның алдынғы бизнес түріне қарағанда келесі артықшылықтары бар:

• Бірнеше кісінің серіктес болуы қосымша қаржы көзін ашады.
• Серіктес кісілердің әрқайсысы ортақ іске өз идеяларын және
таланттарын салады.
• Жеке басты иелік сияқты, бизнестің бұл түрін құру қарапайм
және арзанға түседі. Оған арнаулы салық салынбайды.

Енді кемшіліктеріне тоқталайық:

• Көптеген жағдайларда шектелмеген мүлік жауапкершілігін
өзіне алады. Және олардың әрқайсысы жеке серіктестік
міндеттемелері бойынша жауап береді. Бұдан шығаратын
қорытынды: егер бизнес күйреуге ұшыраса, онда кредит иелері
қаржыны қайтаруды олардың әрқайсысынан жеке сұрауы да,
немесе барлығынан бірақ талап етуі де мүмкін.
• Серіктестіктерде де егер оның бір мүшесі қаза болса немесе
істен шықса, серіктестік жабылады. Жұмысты жалғастыру үшін
жаң келісім жасалуы керек.
• Серіктестіктің капитал мөлшері шектеулі. Бұ капиталдың
нақты көлемі фирманың мүлкі мен ортақтас иелерінің
байлығымен және олардың кредит төлеу мүмкіндігімен
анықталады.
• Серіктестіктердің фирманы басқарудағы көзқарастары
бірікпеуі, оған зиян келтіреді.

Корпорация. Корпорация – ашылғанда тіркелуі туралы ресми құжат
алынатын кәсіпорын ұйымдастыру түрі. Корпорацияға иелік құқы акциялар
бойынша бөлініп таратылады, сондықтан корпорация иелері акция ұстаушылар
деп аталады.
Сот корпорацияны заңды ұйым ретінде мойындайды. Корпорация сотқа
беріп, және сот алдында жауапқа тартылуы мүмкін. Ол келісім шарт жасайды
және салық төлеуі керек.
Корпорациялардың саны жекебасты иеліктер санынан 4 есе кем
болғанмен, қазақстан экономикасы негізінен осы бизнес түрінің арқасында
дамуда. Оның себебі корпорациялардың бизнестің басқа түрлеріне қарағанда
келесі артықшылықтарында:

• Операция жүргізу қарапайымдылығы. Акция ұстаушылар осы
корпорацияның акцияларын сатып немесе сатып алып,
корпорацияға кіріп және одан шығып кете алады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсіпкерлікті талдау
Кәсіпорынның өндірістік қызметін анықтайтын негізгі көрсеткіштер
Кәсіпкерлік саласындағы мүліктік сақтандыру шарттарының іс-тәжірбиеде қолданудың құқықтық механизмдері
Кәсіпкерлік: мәні, түрлері, ұйымдық-құқықтық нысандары
Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру нысандары
Кәсіпкерлік әрекеттің Қазақстанда даму ерекшеліктері
Шағын кәсіпкерлікті дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты
Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны және формалары. ҚР кәсіпкерліктің дамуы
Кәсіпкерліктің қажеттілігі және экономикалық мәні
Жаңа кәсіпорындар құру
Пәндер