Кәсіпкерлік қызметтің теориясы туралы
Жоспар
Кіріспе 2
1.Кәсіпкерлік қызметтің теориясы 3
2. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары 4
3. Қазақстандағы кәсіпкерлік 9
Қорытынды 11
Әдебиеттер тізімі 12
Кіріспе
Меншікке экономикалық және заңдық категория ретінде ғылыми тұрғыдан
талдау жасау кәсіпкерлікті нарықтың шаруашылықтың ажырамас элементі
екендігін дәлелдеп отыр. Жалпы кәсіпкерліктің тарихы талай ғасырларды
қамтиды, дегенмен қазіргі түсініктің орын алуы капитализмнің қалыптасу және
даму кезеңіне сай келеді.
Буржуазиялық саяси экономияда "кәсіпкерлік" түсінігі XVІІІ ғасырда
пайда болды да, "меншік иесі" деген түсінікпен қатар орын алды. Мысалы,
А.Смит кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда табу
мақсатымен экономикалық тәуекелге бас ұрған меншік иесі деп сипаттады. Ол
өндірісті өзі ұйымдастырады, оның нәтижесі иелік етеді.
Қазіргі экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлікті шаруашылық өнері
(искусствосы), экономикалық және ұйымдық шығармашылық (творчество), еркін
бастамаға, жаңашылық жанашыры, тәуекелге бас ұру арқылы түсіндіреді т.б.
мұның бәрі пайда әкелу. Мұның өзі табиғи, әрі дұрыс: басқарудың өзі
"мүмкіндік -искусствосы".
Кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің жеке дара бастамасы, іс -
қимылы, ол пайда алу мақсатын көздейді, тәуекелділік көрсетеді,
өзгерістерге деген жауапкершілігі бар.
1.Кәсіпкерлік қызметтің теориясы
"Кәсіпкер
болу -
басқаның істегенін істемеу".
Иозеф Алиоз Шумпетер.
Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа
түрлерінен оқшауланып тұрады. Кәсіпкерлік - бұл коммерциялық табысқа жетуді
көздейтін іс - әрекет, ал кәсіпкер - кәсіпорын (фирманы) иемденетін адам,
немесе, иемденушінің атынан кәсіпорынның жұмыстарын басқаратын өкілетті
менеджер. Кәсіпкерлер - алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол
жайлы француз экономисі Жан Батист Сэй былай деген : "Кәсіпкер - адамдарды
өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам". "Кәсіпкерлік" терминін
алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон енгізген. Бұл ұғымға ол
нарықтық тәуелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті
ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызған.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымын баламалап
қарастыру жиі кездеседі.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен
баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес - табыс әкелетін кезкелген
қызметтің түрі. Рас, бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты.
Кәсіпкерлік - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер - ол өнертапқыш. Кәсіпкерлік
бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар
үнемі пара - пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық
жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет терминін қолданылады.
Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістің звеносының негізі
болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай "кәсіпорын" мен "фирма"
ұғымын салыстырып қараймыз. Шынымен, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы
бар: "фирма" термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен
өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін
процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында
кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда:
ал барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық
және құқықтық тұрғыдан дараланған. Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдыменен
меншік түрімен айқындалмақ. Олар мынадай түрде болуы мүмкін:
- азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;
- ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар;
2. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
Индивидуалдық (жеке) кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес.
Индивидуалдық бизнестің иелік етушісі сонымен бірге менеджер қызметін
атқарады. Оның мүлігі мен жауапкершілігінде шек болмайды. Индивидуалдық
кәсіпкерліктің басты кемшілігі - капиталының аз мөлшерде болуы.
Артықшылықтары - меншік иесінің әрқайсы байлық пайданы иемденеді,
өзгерістердің қандайын болмасын өзі жүргізе алады. Индивидуалдық бизнесмен
заңды тұлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейді, корпорацияға
белгіленген салық төлемейді. Бизнестің аса кең тараған бұл формасы ұсақ
дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлік іс-әрекеттерге тән
болады.
Серіктестік (партнерлік) дегеніміз екі және одан көп адам иелік
ететін бизнес. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана
төлейді және фирманың барлық қарыздарына шексіз жауапкершілік артады.
Артықшылығы : ұйымдатырылуы жеңіл, қосымша қаражаттар және жаңа идеяларды
іске тарту мүмкіндігі болады. Кемшіліктері :
- шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшылығына қосымша
капиталды іске тарту мүмкіндігі шектелген;
- фирма мүшелерінің барлығы бірдей іс-әрекет мақсаттарын жетіле
түсінбеуі;
- фирма табыстары мен шығыстарындағы бірге тапқан мүліктерді бөлудегі
әр кісінің үлес салмағын анықтаудың қиындығы. Брокерлік кеңселер,
аудиторлық фирмалар, қызмет көрсету сферасының мекемелері және т.б.
көбінесе, серіктестіктер формасында ұйымдастырылады.
Корпорация деп бір заңды тұлға болып бірлесіп, кәсіпкерлік қызмет
жасау үшін қосылған адамдар жиынтығын айтады. Корпорация меншігіне құқықтар
акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлінеді, сондықтан корпорацияның иелері
акциялар ұстаушы, ал корпорацияның өзі - акционерлік қоғам деп аталады.
Корпорацияның табыстарына корпорация салығы салынады. Акциялардағы
үлестеріне сәйкес белгіленетін корпорация қарыздары үшін, корпорация иелері
шектеулі жауапкершілік артады. Корпорациялардың артықшылықтары :
- акциялар мен облигацияларды сатып ақша капиталын іске тартудың
шексіз мүмкіндігі;
- акционерлер құқықтарының заттық (мүліктік) құқыққа және жеке
құқыққа бөлінуі. Мүліктік құқыққа дивиденд алу және фирма жойылған жағдайда
оның мүліктерінің құнынын бір бөлігін алу құқы жатады. Жеке құқыққа
акционерлік қоғамның істерін басқаруға қатынаса алу құқығы жатады. Акционер
заңдық құқығын жоғалтпай басқаруға қатыспауына болады;
- басқару қызметтерін жүргізуге сырттан жоғары квалификациясы бар
мамандарды шақыра алады;
- корпорацяның тұрақты қызмет етуі. Қоғамнан әлдебір акционердің
шығуы фирма қызметіне, оның жабылуына әсер етпейді.
Бизнес ұйымдастырудың корпоративтік формасының кемістіктері :
- акция ұстаушыларға дивиденд түрінде төленетін корпорация табысының
бөлігіне екі жақты (екі рет) салық салынуы : біріншісі - корпорация
пайдасының бөлігі деп;
- экономикалық бейәрекеттердің, қылмыс қолайлы мүмкіндіктердің мол
болуы;
- меншіктену мен бақылау қызметтерінің бөлінуі. Акция иемденушілер
барынша көп дивиденд алуға ынталы болады, менеджерлер оны азайтып ақшаны
айналысқа жіберуге тырысады.
Фирманың көлеміне сәйкес бизнес кіші (шағын), орташа және ірі бизнес
болып бөлінеді.
Осы заманда батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылықтың ең ірі
секторын құрайды. Бұнда барлық жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі
еңбек етеді. Кіші бизнестің типтік формасына франчайзинг (franchіse -
жеңілдік) жүйесі мен венчурлік (venture - бел байлау, тәуекел ету)
кәсіпкерлігі жатады.
Франчайзингке ұсақ жеке фирмалар жатады. Белгілі жерде, белгілі
сферада, өздерінің қызметтерінде ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалану
құқығына ие болу үшін, олар бір - бірімен контракт жасасады.Бұлардың баға
жағынан тауарды жеткізуде, жабдықтармен қамтылуда жеңілдіктері болады. Кіші
фирмалар ірі компаниялардың өнімдерін бөлшек саудада сатушы қызметтері
арқылы атқарады. Бұндай контрактар екі жаққа пайдалы : ұсақ фирмалар
ірілерден қамқорлыққа ие болады, ал ірі фирмалар өнімдерін өткізуге
жұмсалатын ақшаны үнемдейді және қамқорына алғандардан ұдайы төлемдер алып
тұрады.
Венчурлік фирма. Бұл ғылыми зерттеумен және оны әрі дамытумен
айналысатын коммерциялық ұйым. Олар, осымен қатар, ғылыми жаңалықтарды
иемденетін компанияларды қаржыландырады және консультация жүргізеді.
Венчурлік кәсіпорындар жаңалық енгізуден бизнес жасайды. Олардың әрекеттері
тәуекелділікті тілейді, бірақ жаңа өнім нарықтың талабына, сатып алушылар
қажеттеріне, шығындардың төмендеуіне сәйкес келмесе, күйіп кету мүмкіндігі
мол. Сондықтан венчурлік фирмалар өнімнің бір түрін жасауды тез аяқтап,
оның басқа жаңа түрлерін жасаумен айналысуға тырысады. Венчурлік фирмалар
Қазақстанда құрыла бастады, бірақ жалпы шағын кәсіпкерлікке ұқсас, кең
тарамай отыр. Ал Қазақстан үшін кәсіпкерліктің маңызы өте зор, өйткені ол
көп мәселе шешеді:
- Қазақстан халқының елеулі бөлігін құратын жағдайы төмен адамдар
үшін соншама көлемді капитал салымынсыз тұтыну тауарлары мен қызметтер
өндірісін кеңейтуге ат салысады;
- халықтың материалдық және қаржылық қаражаттарын өндіріске тартуға
көмектеседі ;
- ірі өндірістен босаған адамдарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
Кіші бизнестің әлеуметтік - саяси мағынасы да зор: ол қоғамның
тұрақтылығының кепілі болып табылатын "орташа" таптың даму негізі. Бірақ
шағын бизнестің даму қарқыны қанағаттандырады деп айтуға ерте.
Бұның ішкі және сыртқы себептері аз емес;
Ішкі факторлар :
- старттық капиталдың жетімсіздігі;
- банкілермен байланыстың нашарлығы.
Сыртқы факторлар :
- қисынсыз салық жүйесі;
- заңдардың шикілігі, тұрақсыздығы;
- "криминалдық прессинг".
Шағын бизнесті жандандыру үшін қажет шараларды үш бағыттан жүргізу
қажет :
- шағын бизнестің ішкі ортасын жақсарту керек;
- нақты фирмаларға тікелей көмек көрсету;
- шағын кәсіпорындарының өзін-өзі ұйымдастыруын күшейту.
Орташа бизнестің рөлі мәз емес. Бұл ірі кәсіпкерлікпен де, ұсақ
кәсіпкерлікпен де бәсекелес болады. Нәтижесінде ірілер қатарына шығуы
мүмкін, немесе мүлде күйрейді. Тек кейбір ерекше монополистік өнім
шығаратын болса жағдайы жөнді болуы мүмкін. (мүгедектерге, жарымжандарға
арналған техника жасау, қала сағаттарын жөндеу)т.б.
Ірі бизнес, көбінесе бизнестің ең тұрақтысы. Оның нарықтағы
монополдық болмысы көпшілік тұтынуына арналған арзан және мол өнім өндіруге
мүмкіндік береді.
Фирма теориясында фирмалар тік және көлденең интеграцияланған
фирмалар болып бөлінеді.
Тік интеграция деп өндірістік процестің ең төменінен, оның ең жоғары
сатысына дейін (мысалы, мұнайды өндіруден бастап одан шығарылған өнімдерді
сатуға дейін) айналысатын фирмалар бірлестігін айтады.
Көлденең интеграция - бір түрлі бизнеспен айналысатын фирмалардың
бірлестігі. Көлденең интеграцияның бір түрі - диверсификация (ағылшынша
dіversіfіcatіon - саналуан, көптүрлілік). Бұл, бір-бірімен технологиялық
байланысы болмайтын, саналуан фирмалардың бірлестігі.
Қазақстанда бизнесті ұйымдастырудың ерекшеліктері бар. "Кәсіпорын"
деген категорияға мазмұны жағынан жаңа толықтама енгізілді. Ақырғы уақытқа
дейін ол ерекше ұйымдық-құқықтық форма деп түсінілетін, яғни меншігі жоқ
коммерциялық ұйым деп, өйткені жоспарлы экономикада меншік иесі мемлекет.
Шынында мемлекет өз кәсіпорындары арқылы тек өзімен өзі іс-әрекетте болады,
өйткені кәсіпорындарының өздерінің мүліктерін "сату" туралы бір-бірімен
жасасқан келісім шарттары осы мүлікке ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz