Кәсіпорын айналым қаражаттарының айналымы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
Кәсіпорын айналым қаражаттарының айналымы 4
Айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымы 5
Айналым қаражаттарын жіктеу, оның құрылу көздері 6
Айналым қаражаттарын пайдалану көрсеткіштері 8
Айналым қаражаттарын нормалау әдістері 9
Қорытынды 10
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 12

Кіріспе

Капитал деп - тауар өндіру мен қызметтер көрсетуге, инвестициялық
жұмсалым ретінде пайдаланатын ақшалай соманы айтады. Капитал мына түрде
болуы мүмкін өндіріс құрал-жабдығы (өндіріс капиталы), ақша (акшалай
капитал) және тауарлар (тауарлай капитал) өндірістік капитал екіге
бөлінеді: негізгі және ақшалай капитал. Негізгі капиталдан айналмалы
капиталдың айырмасы өзінің құнын жаңадан өндірілген пайдалы қазбаларға
толық көшіріп, өндірушіге капиталдың әрбір ауыспалылы айналымының соңында
ақшалай нысанында қайтарылады.
Кәсіпорынның әдеттегі және үздіксіз жұмыс істеу үшін, негізгі
қорлардан басқа, айналмалы өндірістік қорлармен айналыс қорлары болуы тиіс.
Ақшалай нысанында көрсетілген айнымалы қорлар мен айналыс қорлардың
сомасын кәсіпорынның айналым қаражаттары дейді. Сонымен, пайдалы
қазбаларды өндіру мен сатуды үздіксіз қамтамасыз ету үшін кәсіпорында
жеткілікті көлемде айналым қаражаты болуы керек. Айналым қаражаты,
кәсіпорының ақшалай қаражат жиынтығы.
Айналмалы өндірістік қорлар өндірістік процентті бастауға дайындалған
еңбек заттарынан тұрады. Айналмалы өндірістік қорларды жоспарлау мен
есепке алу тәжірибесінде оларды үш топқа бөлуге болады.
1. өндірістік қосалқы қорлар (қазбаларды бекіту материалдары,
жарылғыш заттар қорлары, жабдықтарды жөндеуге арналған
қосалқы бөлшкетер, отын т.б.)
2. аяқталмаған өнім
3. болашақ кезеңдер шығындары
Кәсіпорында материалдық құндылықтар қорының бір бөлігі өндірісте
болады, ал екінші бөлігі өндірістік процеске дайын, қоймада жатуы мүмкін,
оны қойма қоры дейді. Материалдық құндылықтардың бір бөлігі жолда
болып, кәсіпорының көлік қорын құрады.
Болашақ кезеңдер шығындары кәсіпорынның болашақ кезеңде өнім
өндіруде арналған ағымдағы шығыстары. Кейде айналмалы қаражаттың бір
бөлігі аяқталмаған өндіріс шығындарына жұмсалады.
Айналыс қорлары айналыс саласында жұмыс істейтін кәсіпорындардың
қаражаты.айналыс қорлары, кәсіпорының айналым қаражаттарының бір бөлігін
құрайды. Дайын және өткізілген өнім калдықтарынан, қоймадағы дайын
өнімнен немесе сатып алушыларға жөнелтілген, бірақ олар әлі ақысын
төлемеген өнімнен, есеп айырысу есепшотындағы, кассадағы ақшалай
қаражаттар, сондай-ақ, есеп айырысудағы қаражаттан құралады.

Кәсіпорын айналым қаражаттарының айналымы

Кәсіпорнының өндіріс процесі мен оның өндірілген өнімі айналыс
процеснде үздіксіз болуы тиіс. Айналым қаражаттың бір бөлігі өндіріс, ал
екінші бөлігі айналыс саласында болады.
Капиталдың өндіріс саласынан айналыс саласына көшуін капиталдың
айналымы дейді. Капиталдың айналымы капиталдың ауыспалы айналымы, ол дүркін
дүркін жаңарып отырған процесс ретінде қаралады, оның дейекті түрде
авансылануын, өндірілген пайдалы кенбайлықтың сатылуын, бастапқы нысанға
қайтып оралуын камтиды. Капитал үш сатыдан өтеді.
Бірінші сатыда ақшалай қаражаттар оларсыз өндірістік процесстің
орындалуы мүмкін болмайтын әр түрлі материалдық құндылықтардың өндірістік
қорларына ауысады.
Екінші сатыда өндірістік қорлары дайын өнім шығаруға жұмсалады,
өндіріс процесі жүзеге асырылып, пайдалы қазбалар өндіріледі.
Үшінші сатыда кәсіпорын өзінің өндірген өнімін сатып, өткізіп,
өндірген жұмсалған қаражатын қайтарып пайда алуға күш салады.
Бірінші және үшінші сатылары айналыс саласына, ал екінші сатысы
өндіріс саласына жатады. Сонымен, ақша тауарға айналып, тауар қайтадан
ақшаға ауысады, үздіксіз өндірістік процесс қайталанады.
Капталдың қозғалысы үздіксіз болуы үшін оның белгілі бір бөліктер
бір мезгілде ақшалай, өндірістік, тауар нысының бірінде болып және үш
сатыдан өтуі тиіс. Сөйтіп капиталдың ауыспалы айналымы үздіксіз, ұдайы
қайталанып отыратын процесс болып табылады. Үздіксіз жаңартылып отыратын
процесс ретінде қаралатын өнеркәсіптік капиталдың ауыспалы айналымы, оның
айналымын құрайды. Капитал айналым уақыты бүкіл авансыланған капитал
өндіріспен айналыс сатысынан өтетін және бастапқы нысанына қайтып оралатын
кезең реттінде қаралады. Капитал айналымынның жылдамдығы, оның бір жыл
ішінде жасалатын айналымдылық санымен сипатталады.

Айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымы

Кәсіпорынының айналым капиталы өндірістегі және айналыстағы
капиталға бөлінеді.
Өндірістік қорлар аяқталмаған өндіріс пен болашақ кезең шығындары,
кәсіпорынның айналмалы қорын құрайды, ал оның дайын өнім ақшалай
қаражаттары айналыс қоры болады. Өндірістік қосалқы қорлар мен кәсіпорынның
қоймадағы дайын өнімі, оның тауар материалдық құндылықтарын құрады.
Өнеркәсіпте өндірістік қосалқы қорларға мыналар кіреді
- қосалқы материалдар
- отын және жанармай
- ыдыс және ыдыс материалдары
- құнсыздау және тез тозатын заттар
- арнаулы киім мен аяқ киімдер.
Қосалқы материалдар өндірістік процесте қосымша рөл атқаратын еңбек
заттары .Қосалқы бөлшектер машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын жөндеу
жұмыстарына арналған бөлшектер, узелдер мен агрегаттар,айналым қаражаттар
жалпы сомасында олардың үлесі орташа есеппен алғанда 4 тен 6 пайызға дейін.
Аяқталмаған өндіріс кәсіпорында дайындалып бітпеген өнім. Дайын өнімге
өнеркәсібінде өндеудің барлық сатыларынан өткен және өндірістік тұтынуға
жарамды пайдалы қазбалар жатады. Дайын өнім айналыс қорының бөлігі.

Айналым қаражаттарын жіктеу, оның құрылу көздері

Кәсіпорын ақша түрінде көрсетілген өндірістік айналым қорларымен
айналыс қорларының жиынтығы айналым қаражаттары деп аталады. Айналым
қаражаттардың әртүрлі элементтер арасындағы немесе олардың құрамдық
бөліктер арасындағы қатынастары айналым қаражаттарының құрылымы. Айналым
қаржаттары: өндіріс саласындағы және айналыс саласындағы болып жіктеледі.
Өндіріс саласындағы айналым қаражаттарының үлесі - 80-85%. Ал айналым
саласындағы айналым қаражаттардың ара салмағы - 15-20%. Олардан басқа
айналым қаражаттары бөліну жағынан нормаланатын және нормаланбайтындарға
жіктеледі. Олардың өнеркәсіптегі ара қатысы - 80-20%.
Нормаланатын айналым қаражаттарына кәсіпорындардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айналым капиталын басқару тиімділігін талдау (“Астана трэйд интернэшнл” АҚ мысалында)
АЙНАЛЫМДАҒЫ ҚАРАЖАТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Айналым өндірістік қорлар
Өндірістік айналым қоры
Кәсіпорынның ақшалай қаражаттар айналысын басқарудың теориялық негіздері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау туралы
Айналым қаражаты
Кәсіпорын капиталының айналымы
Ақшалай қаражаттардың кәсіпорынның жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етуіндегі маңызын анықтау және оларды басқару стратегиясын жетілдіру
Ағымды активтердің құрамы мен құрылымы
Пәндер