Кәсіпорынның техника - экономикалық көрсеткіштерін талдау және тәуекелін бағалау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1 Кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау және тәуекелін
бағалау 4
1.1 Кәсіпорынның қызметін және техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау
4
1.2 Кәсіпорын қызметінің тәуекелін бағалау 7
ҚОРЫТЫНДЫ 15
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI 16

КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық тәуекелді бағалау және
есептеу мәселесі басқарудың тәжірибесі мен теориясының құраушы бөлігі
ретінде өзіндік теоретикалық және қолданбалы маңыздылыққа ие болады.
Басқарушылық шешімдердің көбісі тәуекелділік жағдайында қабылданады
және оны бірқатар факторлар сипаттайды – толық ақпараттың жоқтығы, қарсы
тенденциялардың бар болуы, кездейсоқтық элементтері және тағы басқалар.
Бизнес әлемінде сәттілік шешуші түрде кәсіпкерлік қызметтің таңдаған
стратегиясының негізділігі және дұрыстылығына байланысты. Сондай-ақ
критикалық жағдайдың ықтималдығы ескерілуі тиіс. Кәсіпкерлік қызметті
тәуекелдіксіз көзге елестету мүмкін емес.
Тәуекелсіз бизнес мүмкін емес. Тәуекелдің күшеюі – кәсіпкерлік
тәуекелдіктің екінші қарама-қарсы жағы, сол үшін өзіндік өтем.
Нарықтық қатынастар жағдайында өмір сүру үшін техникалық
жаңашылдықтарды енгізуге және батыл іс-әрекеттерге бару керек, ал ол
тәуекелдікті күшейтеді.
Осыдан мынадай шешімге келуге болады – кәсіпкер тәуекелдіктен қашпауы
керек, оны азайту үшін тәуекел деңгейін бағалай білуі керек.
Кәсіпкердің ең маңызды мінез-құлық ережелерінің бірібылай:
Тәуекелден қашпау, одан да оны мүмкіндігінше төмен деңгейге түсіруге
тырыса отырып, оның алдын ала білу.
-

1 Кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау және тәуекелін
бағалау

1.1 Кәсіпорынның қызметін және техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау

Алматы Құс ААҚ 1998 жылдың 13 наурызында Алматы облысы Іле ауданы
Чапаев ауылында тіркелген, Қоғам 4 құс фабрикалар активтерінің қосылуымен
құрылған: Алматы Құс ААҚ (Чапаев 1960 жылы құрылған), Феникс (
Қаскелең 1981 жылы құрылған), Абай (1963 жылы құрылған) және Ават құс
(Ават, 1965 жылы құрылған). Тіркелгенге дейін жоғарыдағы құс фабрикаларының
компаниларысенімдік басқаруда болып, кейін Концерн Сеймар АОЗТ-ң
меншігіне көшті.
1996 жылдың мамыр айында мемлекеттік меншік бойынша Алматы облысының
комитеті Алматы Құс АООТ-ң мемлекеттік акция макеттеріне тендер
жариялады. Бұл тендерді Концерн Сеймар ұтып алып, 65,1% мөлшерінде
мемлекеттік акция пакетін иемденді.
1997 жылдың тамызында сенімдік басқару міндеттемелерін толық
орындауына байланысты акция пакеті қайтарымсызтүрде концерн басқарылуына
берілді. Акцияның 34,9% еңбек ұжымның негізінде болды.
1996 жылдың қарашасы мен 1997 жылдың ақпанында Концерн Сеймар
тағы да екі ірі құс фабрикасының мемлекеттік пакет акцияларын тендрде ұтып
алды. Бұл АООТ Феникс және АООТ Абай. 1997 жылдың қарашасында
Концерн Сеймар сенімділік басқару міндеттемелерін толық орындағаннан
кейін Абай АООТ-ң 72,1% мөлшеріндегі акциясын және Феникс АООТ-ң 52%
мөлшеріндегі акциясын иемденді. Ал қалған 48% және 27,9% еңбек ұжымының
меншігінде қалды.1998 жылы Алтын Диірмен АҚ Концерн Сеймардың алдында
қарызын жабу үшін Ават құс фабрикасы ААҚ-ң 66% акциясын береді, еңбек
ұжымының үлесіне акцияның 34% қалады.
Сеймар концерні сенімдік басқарудан кейін барлық құс
фабрикаларының ғимараттарына, құрал-жабдықтарына, инфрақұрылымына жөндеу
жүргізді.
1998 жылдың көктемінде 4 құс фабрикасының активтерінің бірігуі
нәтижесінде Алматы Құс ААҚ қалаптасты. Жарғылық капитал 4 құс
фабрикасының активтерімен қалыптасты. Сонымен қатар концерн жарғылық
капиталға Сеймар сауда белгісін енгізді. Бұл сауда белгісі 1995 жылдың19
желтоқсанында Қазақстан Республикасының тауарлар белгісінің мемлекеттік
реестірінде енгізілген.
1998 жылдың қыркүйегінде Концерн Сеймар 4 құс фабрикасының
акциясын иемденген жеке тұлғалар – фабрика жұмысшылары алматы Құс ААҚ-ң
акция иемденушілері болды. Олардың саны 2116 акционер болатын.
Қазіргі кезде Алматы Құс ААҚ-ның Сеймар сауда белгісімен
Республикалық нарықта лидерлік орынды алып отыр.

№ Көрсеткіштер өлш. 2004 ж. 2005 ж. Ауытқулар
бірл
+;- %
1 Өткізілген өнімнен мың тг 511078 795512 284434 155,7
түскен табыс
2 Өткізілген өнімнің мың тг 421861 614756 192895 145,7
өзіндік құны
3 Жалпы табыс мың тг 89217 180756 91539 202,6
4 Кезең шығындары мың тг 42636 120771 78135 283,3
5 Негізгі қызметтен түскенмың тг 46581 59985 13404 128,8
табыс
6 Негізгі емес қызметтен мың тг 1296 1353 57 104,4
түскен табыс
7 Салық салынғанға дейінгімың тг 47877 61338 13461 128,1
жиынтық табыс
8 Таза табыс мың тг 28605 41348 12743 144,5
9 Өткізілген өнімнің тг 0,9 0,9 0 100
1-теңгесіне келетін
шығындар
10 Өнім рентабельдігі % 6,2 5,6 -0,6 -
11 Сату рентабельдігі % 5,6 5,2 -0,4 -
12 Өндіріс рентабельдігі % 1,9 2,2 0,3 -
13 Негізгі қордың орташа мың тг 575172 640508 65336 111,4
жылдық құны
14 Қор қайтарымдылығы тг 0,9 1,2 0,3 133,3
15 Қор сиымдылығы тг 1,13 0,8 -0,33 70,8
16 Айналым құралдарының мың тг 962867 1198709 235842 124,5
орташа жылдық құны

Кестені қарастырсақ 2 жылдағы мәліметтер арасында біршама
айырмашылықтар байқаймыз. Енді сол өзгерістерді анықтап талдап көрейік.
1-көрсеткіш - өткізілген өнімнен түскен табыс 2004 жылы 511078 мың
теңгені құраса, 2005 жылы 795512 мың теңгеге көтерілді. Оның себебі 2005
жылы нарыққа жаңа тауарлар шығарылды, өнім сапасы жақсарды.
2-көрсеткіш - өткізілген өнімнің өзіндік құны базалық жылда 421861
мың теңге болса, 2005 жылы 614756мың теңгеге дейін көтерілді. Бұның себебі
2005 жылы кейбір шикізатқа шығын көбейді.
3-көрсеткіш – жалпы табыс 2004 жылы 89217мың теңге болса, 2005 жылы
180756 мың теңге өсті, себебі өнім өткізуден түскен түсім де өскен.
4-көрсеткіш – кезең шығындары ағымды жылы базалық жылға қарағанда
78135 өсті, себебі 2005 жылы жалпы және әкімшілік шығындары көбейді,
жоғарыда атап өткендей өнім сапасының жақсаруының себебі болып табылатын
кадрлар біліктілігі жоғарылады, ал жоғары білімді, тәжірибелі мамандар
еңбек ақысы жоғары болады.
5-көрсеткіш - негізгі қызметтен түскен табыс 2004 жылы 46581 мың
теңге болса, 2005 жылы 59985 мың теңгеге өсті, бұл өсу жалпы табыстың
есебінен болып отыр.
6-көрсеткіш - негізгі емес қызметтен түскен табыс 2004 жылы 1296
мың теңге болса, 2005 жылы 1353 мың теңге, екі жылдағы ауытқу 57 мыңға тең.
7-көрсеткіш – салық салынғанға дейінгі жиынтық табыс 2004 жылы 47877
мың теңге болса, 2005 жылы 61338 мың теңгеге өсті, себебі негізгі және
негізгі емес қызметтен түскен табыс өсті.
8-көрсеткіш – таза табыс 2004 жылы 28605 мың теңге болса, 2005 жылы
41348 мың теңгеге өсті, өнімді өткізуде түскен табыс өсті.
9-көрсеткіш - өткізілген өнімнің 1 теңгесіне келетін шығындар 2004
жылығы 0,9 теңге болған қалпында қалған.
10-көрсеткіш - өнім рентабельділігі 2004 жылы 6,2 пайыз болса, 2005
жылы 5,6 пайызға төмендеген.
11-көрсеткіш – сату рентабельділігі 2004 жылы 5,6 пайыз болса, 2005
жылы 5,2 пайыз болған.
12-көрсеткіш - өндіріс рентебельділігі 2004 жылы 1,9 пайыз болса,
2005 жылы 2,2 пайызға артқан.
13-көрсеткіш – негізгі қордың орташа жылдық құны 2004 жылы 575172
мың теңге болса, 2005 жылы 640508 мың теңгеге өсті, себебі осы жылы
кәсіпорын жаңа техникамен қаруланды.
14-көрсеткіш – қор қайтарымдылығы 2004 жылы 0,9 теңге болса, 2005
жылы 1,2 теңгеге өсті.
15-көрсеткіш – қор сиымдылығы 2004 жылы 1,13 теңге болса, 2005 жылы
0,8 теңгеге төмендеді. Бұл көрсеткішке негізгі қорлардың орташа құны мен
өткізілген өнімнен түскен табыс әсер етті.
16-көрсеткіш – айналым құралдарының орташа жылдық құны 2004 жылы
962867 мың теңге болса, 2005 жылы 1198709 мың теңгеге өсті. Себебі
өткізілген өнімнен түскен табыс өсті.

1.2 Кәсіпорын қызметінің тәуекелін бағалау

Тәуекелді талдауға тәуекел аспектілері бойынша мәліметтерді жинау
және өңдеу, тәуекелді сандық және сапалық талдау кіреді.
Тәуекел аспектілері бойынша мәліметтерді жинау және өңдеу – тәуекелді
басқару үрдісінің негізгі кезеңдерінің бірі, себебі басқару үрдісі бірінші
кезекте әртүрлі ақпаратты алу, өңдеу, жіберу және тәжірибеде пайдалануды
білдіреді.
Осы кезеңде алынған ақпарат дәйекті, сапалы толыққанды және уақытылы
болуы керек. Тәуекелді капитал салудың мақсаты мен мінез-құлқына байланысты
ол мынадай ақпарат болу мүмкін: тәуекелдік жағдайдың болу ықтималдығы
туралы; бесекелестердің, тұтынушылардың, әріптестердің қаржылық тұрақтылығы
және төлем қабілеті туралы; сыртқы экономикалық қызмет бойынша әріптестің
еліндегі саяси және экономикалық жағдай туралы; белгілі бір қызмет және
тауар нарығының жағдайы туралы; сақтандыру шарттары туралы және тағы басқа.
Мұндай ақпараттың көзі болып өткен шақтағы осындай жобаның тәжірибесі
жайында мәліметтер, мамандардың (эксперт) ойы, арнайы мамандандырылған
компаниялардың мәліметтері.
Сапалық талдауға жатады: тәуекел себептері мен көздерін, кезеңдер мен
жұмыстарды орындау кезінде туындайтын тәуекелді анықтау, яғни: тәуекелдің
әлеуетті аймағын анықтау; барық мүмкін тәуекелдерді анықтау; тәуекелі бар
шешімді іске асыру барысында туындауы мүмкін теріс нәтижелер мен
тәжірибелік табысты анықтау.
Сапалық талдау үрдісінде тек жобаға қауіпті барлық тәуекелдерді
айқындау ғана емес, сондай-ақ мүмкіндігінше тәуекелділік жағдайдың
туындауымен болатын ресурстарды жоғалту мүмкіндігін анықтау да өте маңызды.
Сапалық талдау нәтижелері сандық талдауды іске асыру үшін маңызды
бастапқы ақпарат болып табылады.
Сапалық талдау және тәуекелдерді сандық анықтауды және жобаның жалпы
тәуекелін анықтауды көрсетеді. Бұл кезеңде тәуекелдік жағдайдың болу
ықтималдығының және оның нәтижесінің сандық мәні анықталады, тәуекел
деңгейін сандық бағалауды жүргізу, берілген нақты жағдайдағы тәуекелдіктің
мүмкін деңгейін анықтау.
Сандық талдау үрдісінде жобаны іске асыру кезінде кәсіпкер кездесетін
теуекелдердің кең тобы анықталуы мүмкін. Сандық талдаудың статистикалық
және эксперттік әдістері жиі қолданылады.
Статистикалық әдісте берілген немесе осыған ұқсас өндірістегі
табыстар мен шығындардың статистикасы зерттеледі, белгілі бір экономикалық
нәтиже алудың жиілігі мен өлшемі беріледі және болашаққа ең ықтималды деп
табылатын болжам жасалады.
Эксперттік әдісте тәжірибелі кәсіпкерлер мен мамандардың ойларын
өңдеу негізінде тәуекелдің сандық бағалауы алынады.
Мынадай мысал арқылы эксперттік әдісті талдайық.
Мысал. Бірінші приоритет үшінші приоритеттен 4 есе салмақтырақ деген
болжам жасайық.

2.2-кесте. Бизнес-жоспарды іске асыру тәуекелдері
Тәуекелдер Si, i=1,n Табысқа теріс әсері Приоритет тобы Qj, j=1,k
S1 – ЖЖММ-ға бағаның Бағаның өсуінен табыстың
өсуі азаюы
S2 – машиналар паркінің Жөндеу жұмыстарына
ескіруі шығынның өсуі
S3 – айналым Айналым құралдарын
құралдарының жетіспеуі толықтыру нәтижесінде Q1
S4 – инфляция табыстың азаюы
нәтижесінде күтілмеген Қарыз қаражаттарының
шығындар көлемінің өсуі
S5 – жергілікті биліктіңОлардың шарттарын
қарым-қатынасы орындау үшін қосымша
S6 – еңбек ақының шығындар
жеткіліксіз деңгейі Кадрлардан айырылу Q2
S7 – кадрлардың Ырғақтылықтың төмендеуі,
квалификациясы авариялардың көбеюі
S8 – тұтынушылардың Табыстың төмендеуі
төлем қабілеті Таза табыстың азаюы
S9 – салықтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын қызметінің тәуекелін бағалау
Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдікті төмендету жолдары
Тәуекел мәні, функциялары және жіктелуі
Кәсіпкерлік тәуекелдердің жіктелуі
Қаржылық тәуекелдердің сыныпталуы
Қаржы тәуекелінің нарықтық экономикадағы мәні және оны басқарудың теориялық негіздері
Кәсіпорын экономикасы жайында
Қаржылық тәуекелдік
Өндірістік кәсіпорынның тәуекел көзі мен факторлары
Тәуекел деңгеиін бағалау және төмендету әдістері
Пәндер