Индустриялық - инновациялық саясаттың басымдықтарын анықтау әдiстерi



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 2
1 Индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтарын анықтау әдiстерi 3
2 Өнеркәсiптi жаңғыртудың басым бағыттарын анықтау үшiн отын-энергетикалық
кешеннiң (ОЭК) және экономиканың басқа да базалық салаларының
инвестициялық және өндiрiстiк әлеуетiн пайдалану 7
3 Ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялы өндiрiстер құру
саласындағы әлеуеттi басымдықтар 10
Қорытынды 11
Қолданылған әдебиеттер тізімі 12

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015
жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы Қазақстан Республикасы
Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және
сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында
және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына
сәйкес әзiрленген болатын.
Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк
экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын
әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң
тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге
қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер
өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы
болып табылады.
Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы
бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды
жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға
ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық
ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну
сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк
инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және
технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында
ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық
жұмыстарға қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы ғаламдану
процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне
сәйкес келмеуi.
Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен
мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар
Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация,
Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделiп отыр.
Бұл ретте осы институттар қосылған құны жоғары жаңа өндiрiстердi
құруға және олардың жұмыс iстеп тұрғандарын дамытуға және келелi салаларды
кешендi талдау, олардың ең маңызды элементтерiн анықтау негiзiнде ғылыми
және ғылыми-техникалық зерттеулер мен әзiрленiмдерге қолдау көрсетуге
инвестициялау саясатын жүргiзетiн болады.
Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметтi ынталандыруға
бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi
көздейдi. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қаржы рыногын одан әрi
дамыту және фискалдық, бiлiм бepу, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық
саясатты жетiлдiру көзделiп отыр. Стандарттау саясаты шеңберінде
экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдiк стандарттарға көшу
көзделуде.
Стратегияны ойдағыдай iске асыру экономиканың адам капиталын,
өндiрiлген және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға негiзделген тұрақты
өркендеуiне алып келетiн оның құрылымында сапалы өзгерiстер жасауға,
Қазақстанның әлеуметтiк дамудың және қоғам құрылысының сапалық жаңа
деңгейiне шығуына ықпал етуi керек.
Экономиканы мемлекеттiк реттеу әдiстерi мен тетiктерiн жетiлдiру
жөнiндегi жекелеген ұсыныстарды негiздеу үшiн Стратегияның тиiстi
бөлiмдерiнде импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған саясатты
iске асыру жөнiндегi шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық
саясаттың әрқилы түрлерi мен кезеңдерi, сондай-ақ әлемдiк рыноктарда
бәсекелестiк артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн факторлар
келтiрiлген.
Жалпы алғанда Стратегияны iске асыру нәтижесiнде 2015 жылға қарай ел
экономикасы сервистiк-технологиялық дамуға өтуге дайын болуы керек.

1 Индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтарын анықтау әдiстерi

әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей, нарықтық экономикалы мемлекет
экономикада құрылымдық өзгерiстердi жүзеге асыруда жеке сектормен
ынтымақтастық орната алады. Осындай ынтымақтастықтың неғұрлым сәттi
мысалдары Жапонияда, Оңтүстiк Кореяда, Малайзияда және соңғы отыз жылда
өздерiнiң экономикалық даму саласында iрi бетбұрыс жасаған басқа да елдерде
бар.
Қазiргi Қытай индустриялық дамудың стратегиялық бағыттарын дамыту
саласында жеке сектормен ынтымақтасу саясатын жүргізуде.
Дүниежүзiлiк Банктiң зерттеулерi мемлекеттiк индустриялық саясатқа
қатысты барлық көзқарастар кең ауқымды үш санатқа: инвестицияларды
үйлестiруге, iскерлiк ынтымақтастықты дамытуға және рыноктың орнын басуға
ұштастырылуы мүмкiн екендiгін көрсеттi.
Инвестицияларды үйлестiру жөнiндегi бастамалар
Жеткiлiктi дамымаған рынок жағдайында фирмалардың өндiрiстiң кеңеюiне
қарай қалыптасатын жаңа және барынша сапалы өнiмге сұраныстың көлемiн
бағалауға мүмкiндiгi болмайды. Мемлекет инвестицияларды үйлестiру
функциясын өз мойнына алады, олар инвестициялық жобаларды бiрлесiп жүзеге
асыру кезiнде ғана компанияларға пайда түсiредi.
Инвестицияларды үйлестiрудiң осы үлгiсiн қолдану мемлекеттiк және жеке
институттарда белгiлi бiр әлеуеттiң болуын көздейдi, оған көптеген дамушы
елдердiң қолы жетпейдi.
Іскерлік ынтымақтастықты дамыту жөнiндегi бастамалар
Іскерлiк ынтымақтастық жөнiндегi белсендi мемлекеттiк саясат
шеңберiнде бастамалар кәсiпкерлермен мынадай бағыттарда iскерлiк қарым-
қатынасты нығайтуға тiкелей бағытталуы мүмкiн:
сатып алушылардың мамандандырылған санаттары жаңа нарықтық орындарды
қалыптастырады және өнiм стандарттары бойынша ақпарат көзi болып табылады;
жабдықтарды жеткiзушiлер олармен бiрге өндiрiстiк тәжiрибе жинайды;
ресурстарды жеткiзушiлер өндiрiстiң жаңа идеялары мен әдiстерiнiң
пайда болуына ықпал етедi, ал бәсекелестер жаңа идеялардың қайнар көзi
болып табылады.
Фирмалар, сатып алушылар, жабдықтар мен ресурстарды, қызметтер
көрсетудi жеткiзушiлер топтары, салалық қауымдастықтар, конструкторлық
бюролар және кооперация қағидаттарымен жұмыс iстейтiн басқа да
мамандандырылған ұйымдар сол бiр аймақтың шеңберiнде бiрлесiп жұмыс
iстейдi.
Рыногы жеткiлiктi деңгейде дамымаған елдерге рынокты тереңдетудiң және
iскерлiк ынтымақтастықты дамытудың жинақтаушы процесiн қозғалысқа келтiру
үшiн ұйытқы (өзiнiң табиғаты жағынан ол мемлекеттiк немесе жеке болуы
мүмкiн) қажет болуы мүмкiн.
Рынокты алмастыру
Бұл көзқарас үкiметтiң рынокты толық ығыстырып шығару әрекеттерiмен
байланысты. Өнеркәсiптiк өсуге серпiн беру үшiн мемлекеттер нарықтық
бағалауды ақпаратпен және мемлекеттiк секторда жинақталатын бағалармен
ауыстыру ырқына бой ұрады. Мұндай әрекет жемiстi бола бермейдi.
Филиппиннiң 70-жылдардың соңы мен 80-жылдардағы тәжiрибесi жеке
кәсiпкерлердiң беделдi топтары үкiметке күшті ықпал еткен кезде не болуы
мүмкiн екенiн көрсеттi.
Өзiнiң одақтары үшiн ел iшiнде бизнес жүргiзу үшiн жаңа мүмкiндiктер
туғызу ниетiмен 1979 жылы Филиппин үкiметi $5 миллиард сомаға "ipi
индустриялық жобалардың" жаңа Стратегиясы туралы хабарлады (олардың барлығы
капиталды көп қажет ететін ауыр өнеркәсiпте жүзеге асырылды). Бiр жылдан
кейiн Стратегия қарсыластарының қысымымен үкiмет осы жобаларға қайтадан
экономикалық және қаржы сараптамасын жүргiзуге келiстi. Көп кешiкпей бұл
процеске саяси және қаржы қайшылықтары өз ықпалын тигiздi. 1987 жылдың
соңына қарай алғашында ұсынылған жалпы құны $ 4 миллиард болатын ($ 5
миллиардтан) он бiр жобаның бесеуi жүзеге асырылмайтын жоба ретiнде
тоқтатылды. Тұтастай алғанда жалпы құны $ 800 миллион болатын төрт жоба
ғана пайда әкелдi.
әлемдiк тәжiрибенi ескере отырып, Стратегияны iске асыру кезiнде
инвестицияларды үйлестiру және iскерлiк ынтымақтастықты дамыту жөнiндегi
бастамаларға баса көңiл аударылатын болады. Қаржылық қолдау үлестiк қатысу
қағидаттары негiзiнде ғана даму институттары арқылы көрсетiлетiн болады.
Бұл ретте жеке сектор, оның iшiнде екiншi деңгейдегi банктер негiзгi
тәуекелдердi өз мойындарына алатын болады.
Мемлекет қосылған құнның технологиялық және экономикалық тiзбегiн
(ҚҚТ) дәйектiлiкпен дамыту арқылы бәсекеге қабiлеттi өнiм шығаратын өндiрiс
орындарының бiртұтас жүйесiн құруға бағытталған жобаларға Даму институттары
арқылы қатысатын болады. Бұл бәсекеге қабiлеттi өнiмнiң барлық өлшемдерiне
сәйкес келетiн түпкi өнiм үшiн жұмыс iстейтiн көп салалы кәсiпорындарды
құруға мүмкiндiк бередi.
Қазiргi әлемдiк практикада экономика салаларын ҚҚТ ретінде қарастыруға
негiзделген дамыту стратегиясын әзiрлеу және талдау әдiсi жасалған және
кеңiнен қолданылады.
Бұл әдiстiң мәнi әрбiр саланы түпкi өнiмнiң құнын ретiмен қосып
отыратын өндiрiстер тізбегi ретінде қарастыруға болатынына келiп саяды.
ҚҚТ арқылы салаларға талдау жасау әдiстемесi тiзбекте қозғалысқа
келтiретiн немесе онда басым күштерге байланысты ҚҚТ-ның екi негiзгi түрiн
бөлiп көрсетедi. Осыған байланысты ҚҚТ құрылымдық тұрғыдан алғанда тiк және
көлбеу тiзбектер болып бөлiнедi.
ҚҚТ көлбеу құрылымдарындағы экономикалық белсендiлiк, әдетте, бiр
компанияның шеңберiнде шоғырланады. Мәселен, бiр компанияның өзi-ақ шикiзат
өндiредi, оны ұқсатады, өз бетiмен қосалқы бөлшектер шығарады және өнiмдi
жинайды.
ҚҚТ көлбеу құрылымдарында белсендiлiк көптеген шаруашылық жүргiзушi
субъектілерi бойынша бiрдей етiп бөлiнген: компаниялардың бiреуi өнiмнiң
дизайнымен айналысады, басқалары жинақтаушы бөлшектерiн шығарады,
үшiншiлерi оларды жинайды.
әдетте, өндiрушiлер басым жерде ҚҚТ тік құрылымды болады, ал сатып
алушылар басым жерлерде көлбеу құрылымды болады.
Тұтастай алғанда, кiм ҚҚТ-ға барынша әсер етсе, ең үлкен қосылған
құнды сол алады.
Автомобиль саласының қазiргi ҚҚТ автомобильдiң қосалқы бөлшектерi мен
бөлшектерiн шығарушылардан, автомобильдi әзiрлеп шығаратын (дизайн) және
жинайтын кәсiпорындардан, сондай-ақ дистрибьюторлардан тұрады. Бұл ретте
машиналар жинайтын кәсiпорындар тiзбекке негiзiнен ең жоғары қосылған құнды
алу нысанында барынша зор ықпал етедi.
Киiм тiгу ҚҚТ сатып алушылық ҚҚТ-ның айқын мысалы болып табылады. Ол
дизайнерлiк фирмалардан, көтерме бағамен сатушылардан, бөлшек сауда
дүкендерiнен, тоқу фабрикаларынан, шикiзатты өндiрушiлер мен өңдеушiлерден
және киiм тiгу фабрикаларынан тұрады. Осы тiзбекте дизайнерлiк фирмалар
және көтерме бағамен сатушылар төтенше роль атқарады. Олар ең жоғары
қосылған құнды алады, сол арқылы ненi өндiру керектiгiн анықтайды.
Кейбiр елдерде халық табысының өсуi, тауар өндiрушiлерге қойылатын
экологиялық және басқа да талаптардың күшейтілуi қосылған құнды
орналастыруға елеулi әсер етедi. Мысалы, Гонконгте жалақының елеулi
өскенiне және киiм мен аяқ киiм шығару индустриясында өзiнiң бәсекелестiк
артықшылығын жоғалтып алғанына қарамастан, ел ҚҚТ-дан шығып қалған жоқ.
Себебi АҚШ-қа киiм мен аяқ киiм жеткiзуге квота алуда Гонконг
компанияларының тәжiрибелерi мен қажеттi байланыстары бар. Егер АҚШ үкiметi
квоталарды жойса, қытай компаниялары өнiмдi тiкелей жеткiзумен айналысар
едi.
Өндiрiстiк және сатып алушылық ҚҚТ құрылымы
1. Өндiрiстiк ҚҚТ (автомобиль жасау, компьютерлер, авиация құрылысы,
электр машиналары)
(схеманы қағаз мәтіннен қараңыз)
2. Сатып алу ҚҚТ (киім-кешекті, аяқ киімді, ойыншықтарды, үй
тауарларын дайындау)
(схеманы қағаз мәтіннен қараңыз)
Қазақстан жағдайында өздерiнiң құрамында кендi өндiрумен, оны
байытумен, бастапқы және қайталама металл, iлеспе элементтер (алтын, күмiс,
сирек жер металдары) шығарумен айналысатын өндiрiс орындары бар "Қазақмыс"
ААҚ және "Қазмырыш" ААҚ ҚҚТ-ның тiк құрылымының жарқын мысалы болып
табылады. Алайда ҚҚТ осымен үзiлiп қалады. Бұдан кейiн өнiмдi өңдеу басқа
елдердiң компанияларында жүргiзiледi, оларға аталған кәсiпорындар ресми
түрде қатыспайды, бұл олар алатын қосылған құнды едәуiр азайтады.
"Қазақстантрактор" ААҚ ұтымсыз өндiрiстiң мысалы болып табылады. Бұл
кәсiпорын шынжыр табанды тракторлар құрастыру үшiн негiзгi тораптарды басқа
кәсiпорындардан сатып алу қағидаты бойынша ұйымдастырылған. Бұл ретте ол
осы жинақтаушы тораптар мен бөлшектердi өзiнiң бәсекелестерiнен сатып
алады. Сайып келгенде, трактордың түпкiлiктi бағасы бәсекелестерiнiкiнен
үнемi жоғары болып шығады.
Индустриялық-инновациялық саясатты iске асыру үшiн ықтимал бәсекелес
өндірістердi, оның iшiнде әлемдiк рыноктардың даму үрдiстерi мен жеке
сектордың бастамаларын ескере отырып, экономикалық ҚҚТ-не құратын экспортқа
бағдарланған өндiрiстердi айқындау мақсатында экономика салаларының даму
деңгейiне кезең-кезеңмен талдау жасап тұру қажет.
Сонымен бiрге Қазақстан салалық ҚҚТ-ларда өзiнiң орнын табу мақсатында
әлемдiк және өңiрлiк рыноктарды зерттеудi күшейтуi қажет. Бұл мiндет
әлемдiк экономикаға, оның iшiнде тiптi шикiзат секторына қосылуды басынан
бастауға тура келетiнiмен қиындай түседi.
ҚҚТ бүкiл тiзбегiн қайтадан қалпына келтiрудi көтермелеудiң
қажеттiлiгi бола қоймас, тек қосылған құны барынша жоғары элементтердi
немесе әлемдiк рыноктарға шығуға және қосылған құны барынша жоғары
экономикалық белсендiлiктерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми-техникалық және инновациялық саясаттың экономикалық мәні
АЙМАҚТЫҢ ТҰТАСТАЙ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы
Аймақтағы инновациялық іс-әрекеттер дамуының қазіргі заман тенденциясы
Экономиканың бәсекеге қабілеттілік ерекшеліктері
Жоспарлау функциясының әдістері және түрлері
Индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтарын анықтау
Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері
Қазақстан өнеркәсібіндегі бәсекеге қабілетті инновациялық жобаларды жүзеге асыру
Мемлекеттік басқару және Қазақстан экономикасының серпінді дамуын қамтамасыз ету
Пәндер