Экономикалық - географиялық және табиғи нышандары


ЖОСПАР
1. Экономикалық-географиялық және табиғи нышандары2
2. Халқы3
3. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына қысқаша шолу. 4
4. Ұлттық валюта мен инфляция:7
5. Сыртқы қарыз8
6. Халықтың нақты табысының төмендеуі9
Қазақстанның экспорты мен импорты (млн. доллар) 9
Пайдаланған әдебиеттер11
1. Экономикалық-географиялық және табиғи нышандары
Территориясы жағынан Қазақстан Республикасы әлемдегі ең ірі мемлекеттер қатарына жатады. Оның көлемі 2724, 9 мың шаршы км. Болып, әлемнің екі бөлігіне орналасқан, көбі Азияда және аз бөлігі Еуропада. Территориясы бойынша ТМД елдерінде 2-ші, дүниежүзінде 9-орында тұр. Әлемде одан ірі мемлекеттер қатарына Ресей (17075), Канада (9976), АҚШ (9809), Қытай (9560), Бразилия (8510), Австралия (7713), Үндістан (3290) және Аргентина (2770) кіреді. Мектептің географиялық оқулықтарында Қазақстанға Батыс Еуропа еш қиындықсыз орналаса алады деп айтылған еді. Қазақстанның төмендегідей елдермен ортақ шекаралары бар: Ресеймен (шекара ұзындығы 6467 км) ; Өзбекстан (2300 км) ; Қытай (1460) ; Қырғызстан (980) ; Түркменстан (380) . Каспий теңізі бойынша Иран және Әзербайжанмен (теңіз шекарасы 600 км) көршілес болып отыр.
Елдің географиялық орналасуы дүние жүзілік шаруашылыққа енудің маңызы факторы екені белгілі. Ал Қазақстанның геоэкономикалық жағдайына мамандар түрлі баға беруде. Біреулері оны әлемдік мұхитқа шығатын жолы болмағандықтан, әлемдегі ең арзан халықаралық транспорт - мұхиттық тасымалдауды пайдалану мүмкін еместігін сәтсіз деп санауда. Басқалары керісінше, ел Еуразия құрлығының ең ортасында тиімді орналасып, одан елеулі экономикалық пайда ала алады деп есептеуде. Шынында Қазақстан бір-бірімен қатынастары осы территория арқылы жақын болатын, бірнеше дамыған және таз дамып келе жатқан аймақтар ортасында орналасқан. Бұл экономикалық байланыстарға бір жағынан Батыс Еуропа мен Таяу Шығыс және шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Азия арасында, екінші жағынан (шығыс-Батыс транспорттық-коммуникациялық коридоры) Ресеймен Солтүстік Еуропа, Орта және Оңтүстік Азия (Солтүстік-Оңтүстік транспорттық-коммуникациялық коридоры) кіреді. Сөйтіп Қазақстан әлемдік мұхитқа шығатын жолы болмағанымен, халықаралық темір жол, автомобиль, әуе және құбыр тасымалдау мен коммуникациялық қызмет көрсетудің зор потенциалына ие болды.
2. Халқы
1999 жылдың қаңтарында халықаралық талаптарға сәйкес, Қазақстанда соңғы жүргізілді. Соның нәтижесінде 15048, 8 мың. Нақты және 14952, 4 мың тұрақты өмір сүретін адамдар тіркелген. 1999 жылы халықтың 1 шаршы км-ге. орташа тығыздығы 5, 5 адам болды. Сөйтіп, Қазақстан әлемнің халқы ең сирек орналасқан мемлекеттерінің бірі болды. Көптеген дамушы елдерге қарағанда, еліміздің халқы соңғы онжылдықта тұрақты түрде азаюда. 1989 жылы Қазақстанда 16199, 2 мың халқы болса, 1999 жылы ол 7, 7 пайызға қысқарды. Егер экономикалық өсу қарқынды болған жағдайда, мемлекетіміз еңбек ресурстарының тапшылығына кезігуі мүмкін. Басқа жағынан қарағанда, экономикалық даму үшін пайдалы фактор ретінде Қазақстанда халық білімділігі мен кәсіптік-мамандану деңгейінің жоғарылығын атап кету керек. 1996 жылы Әлемдік Банк жүргізген зерттеулерінің нәтижелері бойынша, ер жеткен азаматтардың білімділігі 97, 5 пайыз. Ал ОЭСР (нарықтық экономикасы бар өндірісі дамыған елдерде) - 96 пайыз, ал Қазақстан кіретін орта табысы бар елдерде - 79 пайыз ақ болды. 90 жылдар ортасында Қазақстанда білімге жіберілген орташа жылдар саны 11, 4 жыл болды. Бұл көрсеткіш әлемдегі жоғары көрсеткіштерінің біріне жатады.
Бірақ Қазақстанның негізгі үміті - оның уникалды табиғи ресурстары. Әдетте бірінші кезекте пайдалы қазбалар аталады, бірақ бүгінгі халқы көп әлемде, тиімсіз табиғи-климаттық жағдайларға қарамастан, елдің негізгі байлығы - жер ресурстары болып табылады. Республикамыздың 3/4 бөлігінен астамы ауылшаруашылық өндірісі үшін жарамды болып, оны тиімді пайдалану Қазақстанды ірі ауылшаруашылық аймағының біріне айналдыруы мүмкін. Әрине бұл үшін уақыт пен керекті экономикалық шарттар қажет. Ал жақын болашағымызға көз салсақ, шынында ол уникалды пайдалы қазбалар ресурстарымен байланысты.
Ел территориясы әлі де толық зерттелмегеніне қарамастан, бұл жерде көптеген пайдалы қазбалар қорлары табылды. Мұнайдың мүмкін қорлары 10-нан 22 млрд. Тоннаға дейін, табиғи газ 2 трлн. м 3 аса мөлшерде бағалануда. Хром рудасы қоры бойынша Қазақстан ОАР (ЮАР) -дан кейін екінші орында, Вольфрам (әлемдік қордың 30 пайыз), қорғасын (19 пайыз), марганец (30 пайыз), ценк, күміс қорлары бойынша бірінші орында тұр. Алтынның қоры бойынша әлемдегі алтыншы орында. Одан басқа Қазақстанда көмірдің (4, 5 млрд. т. б. ) ; темір рудасы (әлемдегі 6 орын) ; уран (әлемдің қордың 25 пайызын), полиметалл рудалары, фосфориттер және тағы басқа пайдалы қазбалардың бай қорлары быр. Барланған негізгі пайдалы қазбалардың баланстық қорларының болжамдық құны 11 трлн. АҚШ долларына бағалануда. Сондықтан Қаазақстанның халықаралық еңбек бөлінісінде өз пайдалы қазбаларына үміт артуы кездейсоқ емес. Бұл Хекшер-Олин теориясына сәйкес келеді (келесі тарауды қараңыз) .
3. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына қысқаша шолу.
Қазіргі дәуірдегі Қазақстанның экономикалық дамуы КСРО-мен тығыз байланысты. Өндірістің алғашқы нышандары Ресей империясының құрамында пайда болып, 1991 жылы тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстан үлкен елдің экономикалық құрылымына кіріп, соның сапында дамыған еді. Әлемдік экономика мен КСРО экономикасында біз қандай орын алдық?
Бұл сұраққа ешқашан да толық жауап ала алмаспыз, өйткені жоғарыда айтылғандай, одақтас республикалар ХЭҚ субъектілері болмағандықтан, статистикалық мәліметтер жоқ. Әрине жыл сайын “КСРО халық шаруашылығы”, “Қазақ КСР” және тағы басқадай сияқты анықтама-мәліметтер басылып тұрды. Сол арқылы біздің республикамыздың экономикалық даму динамикасын, экономика құрылымын, салалар бойынша салыстырмалы ара салмағының өзгеруін анықтауға болады. Бірақ бұл жинақтарда КСРО соңғы жылдарына дейін басқа республика мен мемлекеттермен салыстыру үшін жүргізуге макроэкономикалық көрсеткіштер жарияланған жоқ еді.
Бірақ басты қиындық статистикалық мәліметтердің аздығы емес, КСРО-ғы экономикалық көрсеткіштердің нарық экономикасы бар елдерден өзгеше болғанында, ал сыртқы экономикалық байланыстарда мемлекеттік монополия болды. Сондақтан одақтас республикалардың сыртқы экономикалық байланыстары одақтық сыртқы экономикалық ведомстволарының "“алпы қазанына” түсіп, одақтас республикаларға бөлінбей, жалпы одақтық есеп берумен өткен еді.
КСРО-да экономиканың салыстырмалы талдауы жүргізілген жоқ деп айтуға болмайды. Мұндай талдау КСРО-да ғана емес, көптеген шетел институттарында да жүргізілген. “Екі әлемдік жүйенің экономикалық жарысы” атты жинақтан бізді қызықтырған сұрақтарды зерттеуімізге болады. Бірақ есептеу методологиясындағы өзгешеліктерге байланысты, макроэкономикалық көрсеткіштер әртүрлі методикалар бойынша есептелді, ал сомның конвертенбеуі, онсыз да сенімсіз есептеулерді одан ары қарай бұрмалады. Сондықтан салыстырмалы экономикалық көрсеткіштер, талдау жасаушылардың мұддесіне сәйкес бұрмаланып отырды.
Әрине республиканың экономикалық даму деңгейінің шындап талдауы Қазақстанда болған жоқ. Бізде тек “Қазіргі әлемдегі Қазақстан (статистикалық мәліметтер) ” басылымы бар. Онда көптеген экономикалық көрсеткіштердің салыстырмалы мәліметтері келтірілген. Бұл кітап 200 дана көлемімен шығарылып және кейбір физикалық көрсеткіштердің абсолютті сандарына байланысты қызықтырады. Ал экономикалық дамуды басқа елдермен салыстыруға қажетті жинақталған экономикалық көрсеткіштер жоқ.
Әрбір одақтас республиканың жалпы одақтық экономикаға нақты салымын анықтау республикалардың “өз” ресурстарын пайдалану мен экономиканы басқарудың бейорталықтандыру мәселесі қойылған 1988-1989 жылдары басталды. Бұл мәселе бізге КСРО тарихында алғашқы рет республикалардың КСРО экономикасында ғана емес, халықаралық деңгейдегі орны туралы айта алатын аналитикалық мәліметтері жағынан қатысы болып отыр.
Оның ішінен біз тек үшеуін көрсетеміз: В. Болотин “Кеңес Одағы: бұрынғы 15 одақтас республикалардың соңғы статистикалық сипаты” (МЭ и МО, 1993, С. 141-159) ; А. Илларионов “Бұрынғы одақтас республикалар әлемдік жүйенің экономикалық координат-тарында” (Вопросы экономики 1992 № 4-6, С. 122) ; Петраков Н. Я. “Экономика, саяси шешімдер доминанты ретінде (аймақтық аспект) ” (Экономика и математические методы, 1992, № 5-6) . Бұл мәселелер туралы басқа материалдар жоқ деуге болмайды, бірақ біздің пікірмізше, белгілі, беделді үш экономистің де еңбектері халықаралық салыстырмалы экономикалық талдау методикаларын пайдаланып, әр түрлі қорытындыларға келгендігімен құнды болып отыр.
Бұрынғы одақтас республикалар жағдайына қызығушылық танытқан оқырмандарға осы материалдарды ұсынамыз, өйткені бұл жерде оларды келтіруге емес, талдауға да мүмкіндігіміз жоқ.
Елдің экономикалық даму деңгейі адам басына шаққандағы ЖҰӨ (ЖІӨ) көлемімен өлшенетіні белгілі, А. Илларионов есептемелері бойынша ЖІӨ-нің Қазақстандағы көлемі 3433 доллар болды, ал В. Болотиндікі 5400 доллар. Бірдей мағлұматтарды пайдаланғанымен, екеуінің арасындағы алшақтық зор екенін көріп отырмыз. Біздің пікірмізше, В. Болотин есебі шындыққа көбірек сәйкес келетін сияқты. Ол біздің экономикалық потенциалымызды жоғары көрсеткенімен ғана емес, жанама дәлелдермен де құпталады. Мысалы, Жапония экономикалық зерттеу орталығының төрағасы Хисао Канамари 1990 жылы Кеңес одағының адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемін (ағымдағы бағамен) 9363 долларға, 1980 жылдары 5244 долларға бағалады. Халықаралық қайта құру мен даму банкі (әлемдік банк) біздің ел үшін бұл көрсеткішті 1992 жылы 4200 долларға бағалады. (Бұл экономикада құлдырау кезінің 4-жылы болған) . Сондықтан адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемнің 80-жылдар соңында 5400 доллар болуы - объективті көрсеткіш. Осындай көрсеткішпен Қазақстан қазір орта жоғары табысы бар елдер қатарына кірер еді.
КСРО-дағы Қазақстанның орнына келетін болсақ, Кеңес Одағында республикалар жоғары, орта және төмен дамыған топтарға бөлінген. Бірінші топқа Балтық республикалары, Ресей, Украина, Белорусия, дамымағандар қатарына Орта Азия республикалары, ал қалғандары, оның ішінде Қазақстан орташа дамығандар қатарына кірген. Бірақ бірқатар көрсеткіштер негізіндегі салыстырмалы талдау кезінде КСРО сапында Қазақстан жоғары дамыған республикалар қатарына кіргенін көрсетті. ЖІӨ көлемі бойынша Ресей, Украинадан кейін 3-орында болып, Беларусь пен Өзбекстанды артта қалдырғанбыз. Адам басына шаққандағы табыс бойынша Эстония, Латвия, Литва, Беларусь, Ресейден кейін 6-орында болып, еңбек өнімділігі бойынша Украинамен 6-7 орынды бөліскен еді.
Егер жекелеген салалар дамуының индексін алсақ, бізде ауылшаруашылық, құрылыс, транспорт пен байланыс, сауда, қызмет көрсетуден одақтық орташа көрсеткіштен жоғары болды. Қазақстанның әлсіз жері өнеркәсіп болған. Өнеркәсіптің дамуы бойынша Молдавамен 6-7 орынды бөліссек те, оның индексі жалпы одақтық көрсеткіштің 70 пайызына ие болған еді. Сөйтіп Қазақстан КСРО құрамында экономиканың негізгі көрсеткіштері бойынша жоғары дамыған республика болып табылды.
Бірақ 1989 жылдан бастап өндіріс тоқырау басталып, 1992 жылдың экономикалық реформалары басталысымен экономиканың құлдырауына әкелді. Әр түрлі бағалар бойынша Қазақстан 90-жылдары өзінің экономикалық потенциалының жартысын жоғалтты.
Қазіргі кезде Қазақстанда нарық қатынастарының негіздері қалыптастырылып, өндіріс салыстырмалы төмен деңгейде тұрақтанды. Әлемдік экономикада Қазақстанның үлесі өте аз: халқы жағынан 0, 25 пайыздай, ЖІӨ, экспорт пен импорт бойынша 0, 1 пайыздай. Сондықтан, ол кейбір шикізат тауарларынан басқа, халықаралық рынактарына әсер ете алмайды. Мүмкін ХХІ ғасырда ондай тауар көп қоры бар шикі мұнай болатын шығар.
1997 жылы Қазақстанның ірі сауда серіктестері Ресей (оның үлесінде экспорттың 34 пайызы, импорттың 46 пайызы), Украина, Өзбекстан болды. ТМД шекараларынан тыс Қазақстан Ұлыбритания, Германия, Қытай, Италия, Түркия мен Оңтүстік Кореямен елеулі сауда-экономикалық байланыстары болды.
4. Ұлттық валюта мен инфляция:
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңге (100 тиын) Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың жарлығымен 1993 жылдың 15 қараша күні енгізілді. Оған дейін Қазақстан КСРО мен Ресей Федерациясының 1961-1992 жылғы үлгісіндегі банкноттарды пайдаланған. Ұлттық валюта енгізуге құрылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаулысымен 1961-1992 жылдардағы үлгідегі 500 сомды 1 теңгеге теңестірілген валюта курсын енгізді. Сол кездегі сомның курсы бойынша 1 долларға 5 теңге теңестірілді. Жалпы теңге/доллар курсының сандық өзгерісін былай көрсетуге болады: 1993-5; 1994-36; 1995-61; 1996-68; 1997-76.
Қазақстан Республикасының үкіметі мен Ұлттық банк реттелетін валюта бағамын ұстанғандықтан, 1998-1999 жылдары 1 долларға 80 теңге бағамы маңында қалықтады. Бірақ 1999 жылдың сәуір айында бірқатар ішкі және сыртқы экономикалық себептермен Ұлттық Банк пен Үкімет ұлттық валютаны “еркін қалықтауға” жіберуге мәжбүр болды. 2000 жылдың басында теңге 1 долларға/140 теңге бағамы деңгейінде тұрақтанды. Ұлттық валютаның құнсыздануы, негізінен, Қазақстан экономикасындағы инфляциялық процестерге байланысты болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz