Клиринг оның түсінігі, түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Клиринг оның түсінігі,түрлері
2. Ақша аударымдарының банкаралық жүйесі (ААБЖ)
3. Бөлшек төлемдер жүйесі (БТЖ)

4. Төлем жүйелерінің тиімді жақтары, оның дамуы.

Қазақстан Республикасының төлем жүйелері

Қазақстан Республикасы аумағында келесідей төлем жүйелері жұмыс
істейді:
-         нақтылы уақыт режиміндегі бүтіндей (жалпы) есеп айрысу
жүйесі (ақша аударымдарының банкаралық жүйесі);
-         клирингтік жүйе (бөлшек төлемдер жүйесі).

1. Қазақстан Республикасындағы банкаралық клиринг туралы Уақытша ережесі
Ұлттық Банк Басқармасы бекіткеннен кейін Қазақстанда клирингті енгізуді
1995 жылы бастады. Осы ереже Қазақстан Республикасының төлем жүйесін
жетілдіру және дамыту мақсаттарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі туралы Қазақстан Республикасы Заңдарымен, Қазақстан
Республикасындағы банктер туралы, Қазақстан Республикасындағы ақшасыз
есеп айырысулар туралы уақытша ережесімен сәйкес әзірленді.

Бастапқыда клиринг ұлттық төлем жүйесінің қауіпсіз және нәтижелі, тым
сенімді, жаңа құруы мен енгізуі бойынша экспериментті жүргізу мақсатымен
Ұлттық Банкпен құрылған Алматы клиринг палатасы негізінде функцияланды. Бұл
КСРО жүйесі кезеңіндегі ережелері негізінде және халықаралық стандарттар
бойынша ұзақ мерзімді төлем жүйесін құруының бірінші қадамы болды.

Дұрыс нәтиже алғаннан кейін, клирингтік палатаның бағдарламалық қамтамасыз
ету мен технологиясы 1996 жылы Ұлттық Банктің барлық облыстық
басқармаларына енгізілді. Бұл толық бағалы төлем жүйесін құрылғанға дейін
аймақтардағы төлемдерді жүргізуді тездету проблемасын шешуге мүмкіндік
берді.

Барлық көпфилиалды банктердің 1999 жылдың 1 тамызынан бастап республика
деңгейінде біріңғай корреспонденттік шотына өтуіне байланысты функцияларды
Клирингке және жеке клирингтік палаталарға тапсырумен облыстық клирингтік
палаталар жабылды.

Клиринг пайдаланушылары болып табылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі, қаржы Министрлігінің Қазынашылығы, зейнетақы төлеу жөніндегі
Мемлекеттік орталық, Казпочта РМК және екінші деңгейлі банктер.

Клиринг Пайдаланушысы мәртебесін алу үшін, банктер ҚБЕАО-мен клиринг
бойынша қызметтер көрсету туралы шартын жасасуға міндетті. Клирингке қосылу
үшін міндетті талабы БААЖ-да шоттың болуы болып табылады. Клиринг, БААЖ
сияқты, тек қана Қазақстан территориясы бойынша электрондық ақша аудару
жүйесі болып табылады.

Терминал арқылы БААЖ-ға жіберілген төлемдер, тура сол терминал арқылы
Клирингке де төлем құжаттар жіберіледі. Бұл орайда клирингтік төлемдер,
БААЖ арқылы өткізілген төлемдер сияқты тура сондай сенімді және қауіпсіз
дәрежесін алады.

Төлемді жүргізу үшін төлем жүйесін банк таңдайды. Бұл жағдайда таңдау,
төлемнің тығыздығына тәуекелді болады: не ол БААЖ арқылы ақиқатты уақытта
жүргізіледі, не ол сағат 15:00-ден кейін жүргізілетін клирингтің ақырғы
есебін орындаудан кейін жүргізіледі.

Төлем жүргізу жүйесін таңдау кезінде маңызды факторы төлемнің құны болып
табылады. БААЖ-да төлем қымбаттырақ тұрады, бірақ есеп кепілдігі көбірек,
төлем жүргізудің басты талабы ақшаның болуы болып табылады. Клирингте құны
арзан және есеп уақыты кештеу болады.

Клирингте төлем құжаттар көпжақты өзара есепке алу принципі бойынша
өнделеді. Клирингте бөлшек төлемдердің едәуір саны топталғанына байланысты,
Клирингте ақшаның айналымы көтеріледі. Ақша ақырғы есебі үшін клиринг
операциялық күнінің соңында ғана керек болады, және талап еткен ақшаның
мөлшері таза дебеттік сальдо соммасымен шектеледі, сонымен, олар бір күннің
ішінде пайдаланушылармен басқа мақсаттар үшін пайдалануы мүмкін.

Клирингтің негізгі ерекшеліктері:
1. Пайдаланушылары болып табылуы мүмкін Қазақстанның барлық банктер,
сондай ақ банктік операциялардың басқа түрлерін жүзеге асыратын
банктік емес қаржы мекемелер (ЗТМО, Қазынашылық, банктердің филиалдары
және басқалары).
2. (МТ100, МТ102) бекітілген форматтарымен сәйкес рәсімделген, ақырғы
есептен кейін пайдаланушыларға беретін тек электрондық төлем құжаттары
пайдаға асырылады.
3. Бір төлемнің максималдық сомасына шектеу болады 5,000,000 теңге
(38,000 АҚШ доллар шамасында).
4. Жүйеде сақталатын және көрсетілген күні басталған кезде, өнделуге
кірісетін пайдаланушыларға төлемді валюталандырудың болашақ күнімен
төлемдерді жіберуге мүмкіндік беріледі.
5. Ақырғы есебіне дейін жіберілген төлемдерді қайтару мүмкіндігі.
6. Бір пайдаланушының төлем жүйесіне кіру бір неше терминалын пайдалануға
мүмкіндігі, екеуінің біреуі негізгі болып табылады.
7. Клиринг көрсетілген қызметтердің құны БААЖ-бен салыстарғандағы
анағұрлым арзанырақ.
ҚБЕАО өндейтін, толықтыратын және бекітетін ақпаратты тапсыратын SWIFT-
тәрізді форматтарды пайдалана отырып, клирингте хабарламалармен алмасу БААЖ-
да сияқты тек қана электрондық тәсілмен жүзеге асырылады.
Тарифтер
Клирингтегі қызметтерге арналған тарифтер Ұлттық Банкпен бекітіледі және
күн ішіндегі төлемдердің ағымын реттеу мақсатында уақыт бойынша
дифференцияланған.

Бір күнтізбелік күннің ішіндегі бір қабылданған және өнделген банкаралық
электрондық төлем құжаттың құны:
Жүргізу уақыты Құны
16-00 ден 9-00 ге дейін 9
9-00 ден 13-00 ге дейін 11
13-00 ден 16-00 ге дейін 22

• Бір банкаралық электрондық төлем құжаттың қайта беру құны 15 теңгені
құрайды.
• Бір банкаралық электрндық төлем құжатын жоюдың құны 30 теңгені құрайды
• Сұрату бойынша бір үзіндіні беру құны 15 теңгені құрайды
• Пайдаланушының жазбаша сұратуы бойынша ҚБЕАО-ның мұрағатынан бір
электрондық хабарламаның беру құны 500 теңгені құрайды
• Банкаралық клиринг қызметтерінің төлем соммасы, көрсетілген
қызметтердің көлеміне қарамай, 8000 теңгеден кем болмайды
Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығының клирингтік жүйесінің
жұмыс істеу ерекшеліктері
ҚБЕО-ң клирингтік жүйесінде банкаралық клиринг есеп айрысу үшін алдын-
ала ақша депондаусыз көпжақты негізде жұмыс істейді.
Төлемдер жүйеге тәулік бойы (24 сағат) жіберіле алады және осы
төлемдерді жіберуші-жүйе қатысушысы белгілеген басымдық кодтарына сәйкес
кезекке тұрады. Әрбір қатысушы операциялық күн ішінде нақтылы уақыт
режимінде өздерінің жүйеге жіберген барлық төлемдері жайында ақпаратқа қол
жеткізе алады. Банкаралық клирингке құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүреді
және оның нәтижесі бойынша қатысушылардың таза позицияларын анықтау мен
ақша аударымдарын жүзеге асыру тәулігіне бір рет сағат 15.00 пен 16.00
аралығында жүреді. Пайдаланушылар операциялық күн жабылғанға дейін
клирингке жіберген төлем құжаттарын кері қайтарып алуға мүмкіндіктері бар.
Егер операциялық күн соңында қандай-да бір пайдаланушының шотындағы ақша
қаражаты клиринг нәтижесі бойынша ақша аударымдарын жасауға жеткіліксіз
болған жағдайда, пайдаланушының төлемдері жеткіліксіз ақша көлемінде
орындалмастан жойылып, қайта есептесу жасалады. Мұндай нұсқа қатысушыларға
өзініњ өтімділігін басқаруға және қарсы төлемдер ағынын барынша пайдалануға
мүмкіндік береді.
Клиринг нәтижесі бойынша ақша аударымдары клиринг қатысушыларының таза
позицияларын анықтағаннан кейін ақша аударымдарының банкаралық жүйесінде
жүзеге асырылады.
Одан басқа, бұл жүйеде клиринг қатысушылары болашақ күнгі төлемдермен,
бірақ үш күннен ары емес (Т+3), төлем құжаттарын жіберулеріне болады. Бұл
қатысушыларға өздерінің өтімділігін ертерек жоспарлауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, жүйеде жасалатын бір төлемнің жоғарғы сомасына 3 млн. теңге
шектеу қойылған.
Жүйенің операциялық күні және жұмыс істеуі туралы толығырақ ақпарат
ҚБЕО сайтында келтірілген: : www.kisc.kz.
Клирингтің операциялық күні
Клиринг есеп жүргізу үшін алдын ала ақшаны депозитке салмай-ақ көп жақты
негізінде жұмыс істейді. Жаңа операциялық күн 16:00 сағатта басталады.

Клирингке құжаттар тәулік бойы қабылданады, соңғы есеп сағат 15:00-ден
16:00 дейін бір рет жүргізіледі.

Клирингте несиелік және дебеттік шектеулер болмайды.

Бүгінгі күні қауіп-қатерді басқару кезекті шешу әдісі бойынша
жүргізіледі.

Клиринг бойынша қаражатты клиенттер есеп-шотына қосып қоюды болдырмау
мақсатында кіріс төлем құжаттары тек соңғы есеп өткізілгеннен кейін
пайдаланушыларға беріледі.

Төлем құжаттарын өңдеуде Клирингте төмендегідей тексерулер жүзеге
асырылады:
• хабар құрылысының қабылданған үлгіге сәйкестігі;
• электрондық цифрлық қолдың сыпайылылығы;
• референстің бірегейлілігі;
• жіберуші мен алушының ББК-терінің дұрыстылығы;
• жіберуші мен алушының есеп бақылау тобы;
• валюттелген күн сәйкестігі;
• жіберушінің қаржына жіберуге және алушының қаржыны алуға құқығының
барлығы;
• толтырылған ТМБК кодының барлығы;
• қаражат сомасының бар шектеуге сәйкестігі.
Тексеру талаптары орындалмаған жағдайда қаржы қабылданбайды, қаржы
жіберушіге барлық тексеру тармақтарындағы қателер туралы (МТ905) жасалады.
Клиринг төлем құжаттарын кезекке қояды.

Операциялық күн ішінде пайдаланушының сұрауы бойынша Клиринг электрондық
тәсілмен келесі ақпараттар бар көшірме береді:
• осы пайдаланушының Клирингке берген төлем құжаттар саны мен сомасы;
• осы пайдаланушының пайдасына түскен төлем құжаттар саны мен сомасы;
• қате коды көрсетілген қабылданбаған төлем құжаттар саны мен сомасы;
• осы пайдаланушының пайдасына түскен, кейін жіберушінің бастамасы
бойынша қайтарып алынған төлем құжаттар саны мен сомасы;
• пайдаланушының клирингтегі қазіргі таза позициясы.
Осындай қызмет түрі операциялық күн ішінде пайдаланушыға клирингтегі өзінің
жағдайы туралы толық ақпаратқа ие болуға, өз ликвидтігін басқаруға,
жоспарлауға және төлем балансын реттеуге, төлем ағымын қалыптастыруға және
тағы сондайларға мүмкін береді.

Күн ішінде түскен барлық төлем қүжаттары ақырғы есептеу кезіне дейін
кезекте тұрады және кезекке FIFO (first in-first out) принципі бойынша
қабылданады.

Пайдаланушылар операциялық күн біткенше Клирингке жіберген төлем құжаттарын
қайтарып алу мүмкіндігіне ие. Клирингті пайдаланушылар өзінің ішкі
саясатына байланысты өзінің төлемдеріне өз бетінше приоритеттік дәреже бере
алады.

Сағат 15:00-де клиринг операциялық күні аяқталады да төлем құжаттарын
қабылдау тоқтатылады, қазіргі күнгі төлемнің қарсы талаптарын есептеу
жүргізіледі және де әрбір пайдаланушының таза позициясы анықталады.
Пайдаланушылардың төлем құжаттарын приоритеттік кодтарына сәйкес есептеу
жүргізіледі, бір приоритеттік код шеңберінде төлем құжаттары олардың түсу
ретімен өңделеді.

Әрбір пайдаланушының таза позициясын анықтағаннан кейін, сол пайдаланушының
таза дебеттік позициясына тең ақша сомасын ОКП пайдаланушының таза дебеттік
позициясын БААЖ-да сақтайды. ОКП-ң БААЖ-да қалыптастырған төлем құжаттары
негізінде клирингтің таза позициясының нәтижесі бойынша аударуды жүзеге
асырады.

Соңғы төлемді өткізу үшін БААЖ-да ақша жеткіліксіз жағдайда, аз приоритетті
кезекте тұрған төлем, төлем құжаттарын жіберушіге хабарлаумен жойылады.

Соңғы есепті жүзеге асырғаннан кейін клиринг әрбір пайдаланушыға
операциялық күнді аяқтайтын құжаттарды жасайды:
• ақырғы өткізілген төлем құжаттары көшірме;
• өткізілмеген құжаттар тізімі;
• пайдаланушының хабарларының өткізілуі хабарлар түрі тұрғысынан және
олардың өткен уақыты туралы анықтама;
• осы пайдаланушының пайдасына түскен барлық төлем құжаттары.

2. Ақша аударымдарының банкаралық жүйесі (ААБЖ)

Қазақстан Республикасы аумағында нақтылы уақыт режимінде жұмыс
істейтін бүтіндей (жалпы негіздегі) төлемдер жүйесі Қазақстан банкаралық
есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) негізінде 1996 жылдың тамызынан бастап жұмыс
істеп келеді. Бұл жүйе бұрын Ірі төлемдер жүйесі деп аталған болатын (ІТЖ).

ІТЖ жетілдіру және оны дамыған шет елдердің жұмыс істеп тұрған жалпы
негіздегі есеп айрысу жүйелеріне жақындату мақсатында Ұлттық Банк тарапынан
жұмыстар жүргізілді. 2000 жылдың соңында ІТЖ жүйе қатысушыларының
есепшотындағы ақша қаражаттары шегінде нақтылы уақыт режимінде есеп
айрысуларды жүргізетін (RTGS – нақтылы уақыт режиміндегі есеп айрысулар)
және халықаралық қаржы ұйымдарының жалпы негіздегі төлемдер жүйесіне
қойылатын барлық негізгі талаптарға жауап беретін ақша аударымдарының
банкаралық жүйесі болып кайта құрылды. Кез-келген ел үшін RTGS жүйесін құру
қаржы сферасында ең жоғары басымдыққа ие. Мұндай жүйенің болуы мемлекеттің
банк жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін сипаттайды. ААБЖ-ң мақсаты осы жүйе
пайдаланушыларының Ұлттық Банктегі шотындағы ақша қаражаттарын қолдана
отырып, және осы қаражаттардың шегінде операциялық күн ішінде ұлттық
валютада қайтарымсыз және түпкілікті есеп айрысуларды қамтамасыз етуден
тұрады. ААБЖ-де ірі және үлкен басымдыққа ие төлемдер жасалады.

Ақша аударымдарының банкаралық жүйесінің жұмыс істеу ерекшеліктері
ААБЖ-де мәліметтерді беру және қабылдау тек қана электронды тәсілмен
жүзеге асады.
ААБЖ-де электронды мәліметтерді беруді куәландыруға және оларды беру
кезінде қателерді табуға бағытталған ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету процедуралары сақталады. ҚБЕО-ғы мен пайдаланушылар, жіберілген және
қабылданған электронды мәліметтердің есебін қамтамасыз етіп, оның бақылауын
жүргізеді. ААБЖ-де өңделетін барлық электронды мәліметтер аудиторлық із
қалдырады.
Жоғарыда аталып өткендей, ААБЖ-де төлемдер пайдаланушылар шотындағы
ақша қаражаттары шегінде нақтылы уақытта жүзеге асырылады. Пайдаланушы
позициясында төлем құжатында көрсетілген сомаға сәйкес төлем жасауға
ақшаның болмауы немесе жеткіліксіздігі жағдайында ҚБЕО-да төлем
тапсырымдары кезекке тұрады. Кезекте тұрған құжаттар басымдылық кодтарына
сәйкес өңделеді. Басымдылық кодтары шеңберінде кезекте тұрған төлем
тапсырымдарының орындалуы FIFO – бірінші келген, бірінші шығысқа қағидасы
бойынша, олардың кезекке келіп түсу тәртібімен жүзеге асады. Пайдаланушылар
төлем тапсырымдарының орындалу кезектілігін белгілеуге және өзгертуге
құқылы. Пайдаланушылардың кезекке орналастырылған төлем құжаттарын қайтарып
алуға мүмкіндіктері бар.  ААБЖ-де мәліметтерді өңдеу жылдамдығы орташа
алғанда секундына 5-7 өңделген трансакциялар.
Жүйенің операциялық күні және жұмыс істеуі туралы толығырақ ақпарат
ҚБЕО - ның сайтында келтірілген: : www.kisc.kz.

3. Бөлшек төлемдер жүйесі (БТЖ)

Бөлшек төлемдер жүйесі -  клирингтік палаталар (клирингтік жүйе)арқылы
кішігірім сомадағы төлемдердің электрондық аударымдарының жүйесі.
Бөлшек төлемдер жүйесінің негізгі ерекшелігі мұнда төлемдер жеке
дербес негізде емес, операциялық күн ішінде жүйе қатысушыларынан келіп
түскен төлемдер бойынша олардың өзара талаптары мен міндеттемелері бойынша
таза айырмашылықтары анықталып, тек сол анықталған әрбір жүйе қатысушысының
таза позициялары көлемінде ақша аударымын жүзеге асырудан тұрады.
1995 жылдың қаңтарынан 1998 жылдың қарашасына дейін клирингтік палата
ретінде ҚБЕО-ғы клиринг қатысушыларына күнделікті дебеттік және кредиттік
шектеулер қойылатын (қазіргі уақытта бұл шектеулер алынып тасталған)
облыстық клирингті жүзеге асырды. Мұндағы тәуекелдіктерді басқару жүйесі
мен жұмыс істеу қағидалары клирингке қатысушылар шеңберін ірі екінші
деңгейлі банктердің аздаған санымен шектеді. Дегенмен, банк жүйесінің өсіп
келе жатқан қажеттілігі Қазақстанның барлық қаржылық ұйымдары мен аймақтары
үшін ашық клирингті құру қажеттілігіне алып келді.
1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚБЕО-нда Қазақстанның барлық банктерін
және  Казначейлік, Зейнетақы қорларын қоса алғанда, басқа да банкілік емес
мекемелерді қосуға мүмкіндік беретін жаңа клирингтік жүйе пайдалануға
берілген болатын.
1999 жылдың тамызына дейін БТЖ кішігірім сомадағы банкаралық
төлемдерді жүзеге асыратын ҚБЕО жанындағы Алматы клирингтік палатасы мен
Ұлттық Банктің облыстық филиалдары жанындағы клирингтік палаталардың
желісінен тұрған болатын. Қазіргі кезеңде банкаралық клирингті ҚБЕО-ғы мен
ЖШС Тимей қаржы өндірістік компаниясыаймақтық клирингтік палатасы жузеге
асыруда (2003 жылдың маусым айынан бастап ЖШС Тимей банкаралық клирингті
жүзеге асыруын тоқтатты). 1998 жылдың соңынан бастап Алматы клирингтік
палатасы АҚШ автоматтандырылған клиринг палатасы нұсқасына сай жұмыс істей
бастады. Қазіргі уақытта ҚБЕО-ғы төлем жүйесінің пайдаланушыларына байланыс
арналарының барлық түрлерін ұсынатын озық коммуникациялық жабдықтарға ие.

Қазақстан Республикасының төлем жүйелері

Қазақстан Республикасы аумағында келесідей төлем жүйелері жұмыс
істейді:
-         нақтылы уақыт режиміндегі бүтіндей (жалпы) есеп айрысу
жүйесі (ақша аударымдарының банкаралық жүйесі);
-         клирингтік жүйе (бөлшек төлемдер жүйесі).

2003 жылдың 3–ші тоқсанында ақша аударымдарының банкаралық жүйесі
арқылы жасалған төлемдер саны 913,7 мың трансакция құрап, бұл жүйеде
Қазақстан Республикасының төлем жүйелері арқылы жасалған төлемдердің жалпы
санының 28,4%-ті жасалған. Бөлшек төлемдер жүйесі арқылы жасалған төлемдер
саны 2302,0 мың трансакция құрап, бұл жүйеде сәйкесінше жалпы төлемдер
санының 71,6% жасалған.
Ақша аударымдарының банкаралық жүйесі арқылы жасалған төлемдер сомасы
5,7 трлн. тенге құрап, бұл жүйеде Қазақстан Республикасының төлем жүйелері
арқылы жасалған төлемдердің жалпы сомасының 96,3% жасалған. Бөлшек төлемдер
жүйесі  арқылы жасалған төлемдер сомасы 215,5 млрд. тенге құрап, бұл жүйеде
сәйкесінше жалпы төлемдер сомасының 3,7% жасалған.

4. Төлем жүйелерінің тиімді жұмысы
– Төлемдер мен ақша аударымдарының барынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банкаралық есеп айырысу есебі
Халықаралық төлем жүйелері
Қазақстан Республикасындағы төлем операцияларының маңызы
Төлем жүйесі (лекциялар жинағы)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ДАМЫТУДЫҢ САРАПТАМАСЫ
Төлем балансының теориялары
Құнды қағаздар нарығының түсінігі
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Банктік тәуекелдер, банк тәуекелдерін басқару
БИРЖАЛЫҚ МӘМІЛЕЛЕР
Пәндер