Қазақстан Республикасының экономикасының кластерлердің көтеруі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Қазақстан Республикасының экономикасының кластерлердің көтеруі. 1

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтің Халыққа жолдауындағы басты мәселе «индустриялы дамытудағы кластерлік жүйені қолдану1

Қазақстан Республикасының кластерлердің түрлері және дамуы3

Қорытынды8

Пайдаланған әдебиет10

Қазақстан Республикасының экономикасының кластерлердің көтеруі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтің Халыққа жолдауындағы басты мәселе «индустриялы дамытудағы кластерлік жүйені қолдану

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің 2004 жылғы 19 науырыздағы Қазақстан Халқына Жолдауында Республика Үкіметінің алдына келесі міндет қойып былай деді: «Біздің іс жүзінде барынша тиімділік беретін үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуіміз керек. Соның бір мысалы индустрияны дамытуға кластерлік тұрғыдан келу бола алады.

Биылғы жылдың соңына дейін біздің келешегі бар барлық Қазақстандық, ауқымды өңірлік және аймақтық кластерлерді (бәсекеге қабілетті салалар жиынтығы айқындап алуымыз қажет. Даму инститтуры болса, алдағы міндеттерді жүзеге асырудың тиімді құралдарына айналуы қажет».

Бірінші жарты жыдықтағы ел экономикасының дамуын қорытындылай келе Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Премьер - Министр Д. Ахметов Үкімет ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудағы кластерді дамыту жөнінде жұмыс жасап жатқанын айтты. Премьер: біздің экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы аса маңызды бөлігі аграрлық өндірістің тиімділігін көтеру болып табылады деп мәлімдеді. Сала тиімділігін арттыру мәселесі - шикізатты қосылған құны жоғары өнім алу үшін тереңірек өңдеуді ұйымдастыру және экономиканың өңдеуші салаларымен өзара байланыстырылған өндірістер тізбегінің агроөнеркәсіптік кластерлерін қалыптастыру жөніндегі жұмысты жүйеге келтіруді талап етеді.

Үкімет басшысы Даму Банкінің жүелі технологиялық тізбектермен байланысты жобаларды кезең - кезеңімен қаржыландыру арқылы тоқыма өнеркәсібінің дамуына кластерлік тұрғыдан қарауын қолдайтынын білдірді. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында мақта талшығынан есілген жіп өндіру жобасымен қатар, Семейде жүн дайындау және оны өңдеудің жобасы қаржылындарылмақ, сондай - ақ, Өскеменде химиялық талшықты қолдану арқылы мақта өндіру жобасы да қаралып жатыр.

Ел Президенті үшінші рет шақырылған Парламент Мәжілісінің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде экононмиканың әртүрлі секторларында кластерлерді қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Мәселен, ол жоғарырақ қайта бөлістерді енгізуге, жаңа индустриялдық кластерлерді қалыптастыруға баса көңіл аудара отырып, Қазақстанның экономикалық әлеуетін анықтайтын экономика секторларын дамыту туралы айтты. Ол, сондай - ақ, елімізде машина жасауды, мұнай, химияны, құрылыс индустриясын және жеңіл өнеркәсіпті дамытудың елеулі түрдегі әлеуеті бар деді. Агоөнеркәсіптік кластерлерді, мәселен, Оңтүстік Қазақстанда мақта және шарап салаларындағы кластерлерді қалыптастыру арқылы ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеудің болашағы бар.

Көріп отырғанымыздай, мемлекет Басшысы мен Республика Үкіметі экономикакда кластерлерді қалыптастыруға үлкен көңіл бөледі және ерекше маңыз береді. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, кластерлік тұрғыдан келу ұлттық экономиканың басымдқтарын анықтайды және оның бәсекелік қабілетін арттыруда үлкен рөл атқарады.

Қазақстан Республикасының кластерлердің түрлері және дамуы .

Қазақстандағы мақта-мата кластері

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені ұлттық агроөнеркәсіп кешенінің ақырғы дайын өнімдеріне жататындар: азық - түлік өнімдері, киім, темекі бұйымдары.

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде келесідей кластерлер дамуы мүмкін: астық өңдеу жөніндегі, сүт өңдеу жөніндегі, ет өңдеу жөніндегі кластерлер. Агроөнеркәсіп кешенінің құрамдас бөлігі саналатын тоқыма өнеркәсібінде мақтаны өңдейтін және жүнді өңдейтін кластерлер өркендеуі мүмкін. Сондай - ақ, агроөнеркәсіп кешені шеңберінде тігін бұйымдарының кластері және тері мен аяқкиім өндіру жөніндегі кластер құрудың мүмкіндігін қарстыруға болады.

Қазақстан экономикасында мақта шаруашылығы елеулі орын алатыны белгілі. Мәселен, 2003 жылы Қазақстан басқа елдерге 124, 1 мың тонна мақта талшығын 140, 3 млн. долларға экспортқа шығарды. Экспорттың жалпы сомасының 1, 1 пайызын ғана құрағанына қарамстан мақта талшығы Қазақстан ауыл шаруашылығы экспортқа шығаратын екі өнімнің бірі. 140, 3 млн. доллар аз ақша емес. Мақтаны біз негізінен мақта талшығы күйінде экспортқа шығарамыз. 2003 жылы экспортқа 1, 9 мың тонна ғана мақта маталары - 3, 7 млн. долларға шығарылды. Ал дайын өнім шығару деген атымен жоқ. 2003 жылы 403 мың тонна шитті мақта өндіріп, 124, 1 мың тонна мақта талшығын экспортқа шығара отырып, басқаны былай қойғанда, өзімізде еркектің шұлығын, ішкиімдерін шығара алмай отырмыз. Ал мақтадан дайын өнім шығарып сатсақ, жаңа жұмыс орындары пайда болады, жұмыссыздық азаяды, жұмысшылар жалақы алып, табыс табады, дайын өнім өндіру ішкі жалпы өнімнің, экспорттың көлемін арттырады, басқа да жетістіктерге жеткізеді. Осы жерде айта кетерлік бір жәйт, біз мақта талшығын да дұрыс сата алмай отырмыз. Мәселен, 2003 жылы оның 1 тоннасын Иранға 1300 доллардан, Латвияға 1200 доллардан сатсақ, Ресейге, Қытайға, АҚШ - қа 1000 доллардан сатыппыз.

Мақта өндейтін кластер құрсақ матадан бастап, киім - кешектің, төсек - орынның неше алуан түрлерін, өсімдік майы, бояулар, медициналық, косметикалық тауарлар сияқты өнімдер өндіретін тігін өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі, құрылыс, медицина өнімдерін шығаратын өнеркәсіптер елімізде кеңінен дамитын болар еді.

Мақта өңдеу жөніндегі кластердің құрамына мақтаны өңдеу мен маталар өндіру, медициналық және техникалық мақта және басқа да тауарлар шығару үшін шикізат ретінде мақтаны кешенді өңдеу енеді. Кластерді құру үшін осы салаға қатысты ғылым саласын және қолданбалы ғылыми - зерттеу тәжірибелік - конструкторлық әзірлемелерді, нақты кәсіпорындарда осы сала бойынша жаңа технологияны енгізу жөніндегі экономикалық және маркетингтік зерттеулерді дамытудың арнайы бағдарламасын жүзеге асыру қажет.

Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал ауданында 9 мақта зауыты бар. Сондай - ақ, салынып жатқан кәсіпорындар да баршылық, олар:

  1. Шымкентте қуаты жылына 30 мың тонна мақта өңдейтін зауытты «Шампиев» АҚ және Атакент салып жатыр. Оның тауарлы өнімнің жылдық сомасы 10 млн. доллар болмақ.
  2. Шымкентте «Әсем» ЖШС пен Атакент медициналық мақта шығаратын цех салынуда. Ол біткен соң жылына 1000 тонна өнім (құны 3 млн. доллар тұратын) шығармақ.
  3. «Нимекс корпорпһациясы» ЖШС қуаты 80 мың тонна мақта өңдеуге жететін мақта зауытын салуда. Келешекте осы зауыт мақта майы мен мақтадан иірген жіп шығармақшы.
  4. «Қазақстан мақтасы» корпорациясы Жетісай қаласында қуаты жылына 35 мың тонна мақта өңдеуге жететін мақта зауытын салуда.
  5. «Инада Текстиль» Қазастан - Қытай кәсіпорны Қоңырат селосында жылдық қуаты 6 мың тонна зауыт салуда.

Бүгінде жұмыс істеп тұрған тоқыма өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары Алматыдағы АММК тоқыма компаеиясы мен Шымкенттегі «Эластик» галантереялық фабрикасы. Тігін кәсіпорындарын келешекте Алматы қаласында дамыту тиімді сияқты. Бұл облыс әкімдері менАлматы қаласы әкімі бірігіп шешетін мәселе деп санаймыз.

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің кластер арқылы қарқынды дамитын келесі саласы жүн өңдеумен байланысты. Шығыс Қазақстан, Қостанай, Алматы обыстарында жүн жуатын және тоқыма өнеркәсібінің кәсіпорындары қайта дами бастады, Алматы, Өскемен, Семей қалаларында жүннен жасалатын тігін және тоқыма бұйымдарын өндіру көлемі ұлғайып келеді. Әскерилер мен Ішкі істер қызметкерлері үшін тауар өндірудің көлемі де өсуде.

Ауыл шаруашылығымен байланысты құруға болатын кластердің бір түрі тері өңдеу және аяқ киім шығару жөніндегі кластер болмақ. Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қақастан, Қостанай облыстарында, Семей қаласында былғары - тері өнеркәсібінің кәсіпорындары өз қуаттарын арттыра түсуде, ал Алматы, Қаскелең, Қызылорда және Жамбыл қалаларында аяқкиім өндірісінің көлемі өсе бастады.

Қазақстанда жиһаз өндіру жөніндегі кластер құрудың мүмкіндігі де, экономикалық тиімділігі де үлкен. Жиһаз халық тұтынатын тауарлардың ең маңыздырадың бірі, оның үлесіне халық сатып алып ұзақ мерзімге пайдаланатын тауарлардың жалпы сомасының 40 пайызы келеді.

Реформа жылдары 1999 жылға дейін ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі қатты күйзеліске ұшырап, құлдырап кетті. 1990 жылмен салыстырғанда тауарлы өнім көлемі 6 есеге қысқарды. Ағаш дайындау 1991 жылғы 2, 5 млн. текшеметрден 1999 жылы 885 мың текшеметрге дейін немесе 2, 8 есеге азайды.

Қазіргі кезде жиһаз өндірісі кең түрдегі және әралуан ассортименттегі, жоғары сапада жасалған және бағасы бәсекеге лайық болуы үшін оның өндірісі оңтайлы шоғырлануы, оның мамандану және бірлесу процестері терңдеуі қажет. Бір жағынан жиһаз үшін керекті құрамдас бөліктерді шығару жөніндегі арнайы жабдықтарды пайдалануға негіделген маманданған өндірісті дамыту қажет.

Екіншіден, оңай және тез қайта құратын станоктар мен механикаландыру құралдарын, икемді технологияны пайдаланатын, көбіне өте қажетті құрамдас бөліктер мен жинақтаушы бөлшектерді сатып алатын жиһаз кәсіпорындардың жүйесін дамыту қажет.

Орман өнеркәсібі кешенінің дамуына кедергі келтіріп отырған бөгеттер де жетерлік. Олардың кейбірін ғана атасақ: салаға жұмсалатын инвестициялық деңгейінің төмендігі, өндірстің техникалық және технологиялық тұрғыдан кейін қалуы, ағаш даярлайтын саладағы жабдықтардың моральдық және табиғи тозуы, 2002 жылы кесілген ағашты, жартылай дайын өнімдерді, ағаштан жасалған дайын өнімді экспортқа шығаруға тыйым салынғаны, 2001 жылмен салыстырғанда өсіп тұрған ағаштың құнының 16 - 20 есеге қымтаттануы, ағаш тақталарын және кесілген ағаштарды шығару жөніндегі отандық өндірісті жою, техникалық кадрларды дайындаудың сан жағынан да, сапа жағынан да қанағаттанғысыздығы, оқытушылар мен кәсіпорын басшыларының мамандығын көтеретін орталықтың жоқтығы, оқу орындарының материалдық базасының әлсіздігі. Саланы ойдағыдай дамыту үшін осы аталған және басқа да проблемелерды шешу қажет.

Қазастан экономикасында отын - энергетика кешені жетекші орын алады. Оның үлесіне негізгі құралдардың 36 пайызы, өнеркәсіптік - өндірістік қызметкерлердің 29 пайызы келеді және оның өнімі ІЖӨ - де 39-44 пайыз аралығындағы болып келеді. Саланың түпкі өнімі жылу энергиясы, электр энергиясы, қатты және сұйық отындар.

Отын - энергетикалық кешенде кластерлерді дамыту жөнінде екі басымдықты өңірді атауға болады - бұлар Батыс Қазақстан мен Павлодар - Екібастұз өңірі.

Батыс Қазақстанда мемлекетаралық кластерлер дамуы мүмкін, олар мұнай мен газды өндіру және өңдеу жөніндегі трансұлттық корпорациялармен байланысты болмақ. Ақтау, Атырау, Орал және Ақтөбе қалалары бойынша нақты кластерлер облыстық әкімдіктермен бірлесе отырып анықталуға тиіс. Олар, ең алдымен жұмыс істеп тұрған өндірістердің базасында а нықталғаны жөн. Мәселен, Атырау қаласында мұнай өңдеу зауытының базасында. Ақтау қаласында да алдағы уақытта мұнай өңдейтін зауыт салынуы мүмкін және ол полистрол шығаратын зауытты шикізатпен қамтамасыз ететін болады.

Павлодар - Екібастұз өңірінде энергетикалық кластер қалыптаса бастады десе болғандай, ол Екібастұздың көмірін өндірумен және Ресейге электр энергиясын берумен байланысты. Көмір өндіру саласында қалыптасатын бұл кластер Екібастұздың көмірін байытумен және әртүрлі ассортиментттегі көмір брикеттерін шығарумен, синтетикалық сұйық отын шығару және су эмульсиялық суспензияны өндіруді игеру үшін көмірді шикізат ретінде кешенді түрде өңдеумен шұғылданатын өндіруді игеру үшін көмірді шикізат ретінде кешенді түрде өңдеумен шұғылданатын болады. Бұл кластер үшін саоаны және қолданбалы ҒЗТКЖ, осы салада жаңа технологияны енгізу үшін экономикаклық және маркетингтік зерттеулерді дамытудың арнайы бағдарламасы жасалып, жүзеге асуға тиіс.

Басымдықты кластерлердің үшінші тобы мұнай - химия өндірісін дамытумен байланысты. Мұндай кластерлерді ұйымдастыру ішкі және сыртқы рыноктарда сұраныс табатын өнімдерді, соның ішінде этилен, полиэтилен, полистрол, поливинилді өндірумен байланысты.

Электр энергетикалық кластердің негізін электр станциялары және жылу энергиясын беретін аудандық ірі қазандар құрайды. Аталған кластердің құрамына электр және жылу энергияларын өндірушілерден басқа жүйелік құрылысты, құрылыс - монтаж, жөндеу жұмыстарын жүзеге асырушы, жабдықтар, құбырлар мен ток өткізбейтін материалдар өндіретін кәсіпорындар кіруге тиіс.

Атырау облысында мүнай - газ кластері құрылса, ол мұнай өнімдерін, мұнай коксін, мұнай битумын, табиғи және сұйытылған газды, грануленген күкіртті, т. б. түпкі өнімдерді шығаратын болады.

Осы облыста мұнай - химия кластері құрылса, ол полиэтиленді құбырлар, полипропилен пластмассадан жасалған бұйымдар: құбырлар, түтіктер, тақталар, табақтар, пленкалар, қаптар, сөмкелер, есіктер, терезелер, есіктің қораптары, терезе рамалары, терезе қақпағы, терезе жапқыштар және басқаларын шығаратын болады.

Қазақстанның тау - кен- металлургиялық кешені металлургиялық шикізат өндіретін, оны байытатын және шойын, болат, қара және катодтық мыс, қорғаныс мен мырыштан кесек бұйымдар түрінде өнім шығаратын 33 кәсіпорыннан тұрады. Қазақстанның қара металлургиясына оның өнімін қайта өңдеудің қысқа циклі тән, өнімнің негізгі көлемі (97 пайыз) қайта өңдеудің 2 - 3 деңгеймен шектеледі. Басқадай сипатына оның ішкі рынокке түпкі өнім шығаруға бейімделегені, сала инвесторларының Қазақстанның индустриялық - инновациялық даму стратегиясына мүдделі еместігі жатады.

Металлургия кешені домналық кокске аса зәру. Жыл сайын 1 млн. тоннаға жуық кокс Ресей мен Қытайдан әкелінеді. Мәселен, 2003 жылы оның импорт көлемі 959 мың тонна болып, 58, 9 млн. долларға сатып алынды.

Қазіргі кезде қара металлургиялық өнімдерден бәсекеге қабілеттері темір мен болаттан жасалған илек. Бұл саланың ірі бөлігі ферроқортпа өндірісі болып табылады. Оның құрамына «Дон ТБК» АҚ, «Ақсу ферроқорытпа зауыты», «Феррохром» Ақ кіреді. Бұл өнімді шығаруда кәсіпорындар арнайы кокске зәру. Домна коксі бұған жарамайды. Қара металлургия саласында құрылып дамытылмақ кластері келесі суреттен көрінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының кластерлердің түрлері және дамуы
Қзақстан Республикасының экономикасының кластерлердің көтеруі
Қазақстан Экономикасын Кластерлер көтереді
Қазақстан Республикасында кластерлерді құрастырудың экономикалық тиімділігі
Кластер және бәсекелестік
Оңтүстік Қазақстан облысының мақта кластері
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ КЛАСТЕР ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
Қазақстан экономикасындағы кластерлік жүйе
Экономикалық жүйелердегі кластерлерді құрудың теориялық негіздері
Кластер теориясының және мемлекеттің кластерлік саясаты дамуының әлемдік тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz