Өндіріс, оның мәні, факторлары


ЖОСПАР
КІРІСПЕ2
1 Өндіріс, оның мәні және факторлары3
2 Ресурстардың шектеулілігі және оларды талдау мәселелері6
3 Қоғамдық өндірістің натуралды және тауарлы түрлері7
4 Қоғамдық өндірістің құрылымы9
ҚОРЫТЫНДЫ11
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР12
КІРІСПЕ
Адам мен қоғам өмірінің негізінде шаруашылық қызмет өндіріс жатыр.
Қоғамдық өндіріс мәселесі экономикалық теорияның бастапқы негізін құрайды. Адамзат баласының тіршілігінің негізін қалайтын да қоғамдық өндіріс. Ол материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбас және тұтыну процесін қамтиды. Өндіріс процесінің қоғамдық формасы қандай болса да, ол әйтеуір үздіксіз процесс болуға, яғни оқтын-оқтын сол бір сатылардан қайта-қайта өтіп отыруға тиіс. Қоғамның тұтынбай отыра алмайтыны сияқты, ол өндірмей де отыра алмайды.
Тарихты материалистік жолмен ұғыну мынадай қағидаға сүйенеді: өндірістен соң оның өнімдерін айырбастау да әрбір қоғамдық құрылыстың негізі болып табылады, тарихи өмір сүретін әрбір қоғамда өнімдерді бөлу, сонымен бірге қоғамның таптарға немесе топтарға бөлінуі, қоғамның нені өндіретініне, қалай өндіретініне және өндірілген бұл өнімдердің қалай айырбасталатынына байланысты. Өмірде болып жататын барлық қоғамдық өзгерістер мен саяси төңкерістердің негізгі себептерін адамның ақыл-ойынан, олардың ақиқат пен әділеттілікті түсіну деңгейінен, философиядан іздемеу керек, оны өндіріс пен айырбас әдісінде орнаған өзгерістерден, сол заманның экономикасынан іздеу керек. Міне, бұл елімізде болып жатқан экономикалық саяси-әлеуметтік сілкіністер мен өзгерістердің баршасына да тікелей қатысты. Оны тек осылай түсінуге болады. Қоғамдық өндірістің адамзат өміріндегі орны мен рөлі ерекше. Егер өндірісті бір жыл түгіл, бірнеше апта тоқтататын болса, адамзат аштықтан құрып кеткен болар еді. Қазіргі таңда да рынокты қалыптастыруда қоғамдық өндіріс зор маңызға ие болып отыр. Қоғамдық өндіріс, жоғарыда атап өткеніміздей өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі.
1 Өндіріс, оның мәні және факторлары
Өндіріс - бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс ұғымы жалпы алғанда - бұл абстракция, бірақ ақылға сыйымды абстракция, себебі ол шын мәнінде жалпылама мағынаны білдіреді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс сияқты жиынтық өндірісте көрінеді.
Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесі де бола алады. Өсімдік химиялық элементтерді тұтына отырып, өзін-өзі ұдайы өндіреді. Адам тамақтану процесінде өзінің тәнін ұдайы өндіреді. Өнеркәсіп өндірісі жұмыс күшін, шикізат пен материалдарды тұтына отырып, материалдық игіліктерді ұдайы өндіреді. Тұтынусыз - өндіріс процесі жоқ. Өндіріс процесі тек қана үш факторлардың - адамның жұмыс күші, еңбек заты мен еңбек құралдары - өзара іс-әрекеті арқылы (бұл К. Маркс бойынша) жүзеге асуы мүмкін. Бірінші фактор жеке түрде жүзеге асса, екінші мен үшіншісі - өндіріс процесінің заттық факторы ретінде іске асады. Осы жағдайды ескере отырып, К. Маркс былай жазған: «Қоғамдық өндіріс түрлері (нысандары) қандайда болмасын - жұмысшы мен өндіріс құрал-жабдығы үнемі оның факторы болып қалады».
Жұмыс күші - бұл адамның дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданады. Өндіріс процесі жүзеге асуы үшін, жұмыс күші әрбір кезде іс-әрекетте болуы қажет, басқаша айтсақ, тұтынылуы керек.
Қазіргі кезде еңбек затының өзі көп жағдайда бұрынғы еңбектің өнімі болып табылады. Мысалы, машина жасау зауытындағы металл, құрылыстағы цемент, тоқыма фабрикасындағы мақта және т. б. Бұлардың барлығы түптеп келгенде табиғат қорынан алынады. Еңбек құрал-саймандары адамның табиғи мүшесінің жалғасы ретінде жүзеге асады және оны еңбек процесінде қолданады.
Еңбек құрал-саймандары бұл әртүрлі механизм мен машина, инструмент пен қажет тетіктер, двигатель, жеткізетін құрылым және т. б. нәрселер. Еңбек құрал-саймандарының даму деңгейі көп жағдайда өндірісте жүзеге асатын адамдардың арасындағы қатынастар көрсеткіші болып табылады. Машина өндірісі жағдайында механикалық еңбек құралдары үш компонентті машина жүйесінде дамыды: жұмыс машинасы, двигатель, жеткізетін құрылым. Ғылыми-техникалық революция бұған жаңа компонентті қосты - электронды басқару құрылымын және ол ой еңбегі қызметінің формалды икемге келетін жұмысын атқарды. Осы компонентті қолдана отырып, жұмыскер жайлап тікелей өндіріс процесінен шығады және онымен қатар тұрады. Нәтижесінде технологияда түбегейлі өзгереді.
Еңбек заты мен құрал-саймандар бірге өндіріс құрал жабдықтарын құрайды.
Әрбір адам жеке жұмыс істейді, бірақ барлық еңбек процесі ұжымда, қоғамда жүзеге асады. Өндіріс әрқашан қоғамдық сипат алып, оның екі жағы болады: өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.
Өндіргіш күштер - бұл өндіріс құрал-жабдықтары, ең алдымен еңбек құралдары, сонымен қатар материалдық игіліктерді өндіретін адамдар. Адамдар қоғамының басты өндіргіш күші, олар ғана өндіріс құрал-жабдығын іске қосады. Өндіргіш күштерде ерекше орынды жер алады. Кейбір салаларда ол еңбек заты (қазба өндірісінде) ретінде қолданылады, басқасында - басты еңбек құралдары (ауыл шаруашылығы) ретінде.
Келтірілген өндіріс факторының классификациясы мәңгі қатып қалған болып табылмайды.
Мысалы, маржинализм теориясының топтауынша, төрт өндіріс факторы бар: жер, еңбек, капитал және кәсіпкерлік қабілеттілік.
Жер табиғи фактор ретінде қарастырылады. Бұған табиғат байлықтары, пайдалы қазбалар қоры, орман мен жыртуға жарамды жерлер және т. б. жатады.
Капитал - бұл машина, құрал-жабдықтар, қойма, көлік және байланыс құралдары.
Еңбек адамның ақыл-ой және дене қызметтерін көрсетеді. Адам еңбегі әрқашанда ойланып істелетін, мақсатқа сәйкес қызмет, ал жануарлар соқыр сезімге бағынып әрекет етеді. Ең нашар сәулетшінің, - деп жазды К. Маркс, ең шебер арадан артықшылығы сонда - сәулетші балауыздан ұя салмас бұрын бұл ұяны алдын-ала жобалап алады.
Кәсіпкерлік қабілеттілік - арнайы өндіріс факторы ретінде өндірісті ұйымдастыруда ынталылықты, төзімділікті және тәуекелдікті көрсетеді.
Батыстың қазіргі экономикалық теория мектептері, жоғарыда аталған өндіріс факторларынан басқа, ақпараттық, экономикалық және экологиялық факторларды да қарастырады. Экологиялық фактор экономикалық өсудің импульсы ретінде жүзеге асады. Алайда, оның мүмкіндігі қоршаған ортаның ластануына байланысты шектеледі.
Өндіріс процесінде адамдар бір-бірімен қатынаста болады. Бірақ, бул қатынастар әртүрлі болады. Бір жағынан, бұл қатынастар: ұйымдастырушы, адамдарды орналастыру - техникалық-өндірістік қатынастармен байланысты. Екінші жағынан, бұл қоғамдық-өндірістік, яғни экономикалық қатынастар. Олар меншік сипатымен, меншік қатынастарымен анықталады.
Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар бір-біріне өзара әсер етеді. Өндіргіш күштердің дамуы өндірістік қатынастардың жетілуіне ықпал етеді. Өз кезегінде өндірістік қатынастар өндіргіш күштерді тоқтатуы немесе дамытуы мүмкін. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі өндіріс әдісін құрайды. Әрбір өндіріс әдісіне өзінің экономикалық (өндірістік) қатынастары сай келеді.
2 Ресурстардың шектеулілігі және оларды талдау мәселелері
Экономикалық теорияда «экономикалық ресурстар» деген ұғым бар. Экономикалық ресурстар - бұл да өндіріс факторы, табиғатта пайда болады және оны адамдар өндіреді. Оған: көмір, газ, мұнай, бензин, керосин, темір рудасы, темір, болат, машина, станок, жабдық, үй және т. б. жатады. Адам ресурстары - олардың еңбек әлуеті, кәсіпкерлік қабілеттілігі болмақ.
Планетамыздағы барлық экономикалық ресурстар шектеулі мөлшерде болады. Мысалы, жер өте көп, бірақ жыртуға жарамды жерлер шектеулі мөлшерде ғана бар. Жердің көптеген көлемін тау сілемі, орман, тундра, құм массивтері - бос дала және т. б. алуда. Бұрындары қуатты пайдалы қазбалар болған жерлер - оларды алудың нәтижесінде тозады. Мысалы, атақты «Магнит» тауының орнында, Магнитогорск қаласы ауданында - бұрын магнит темір рудасының үлкен қоры болған, қазіргі кезде ол жерде үлкен шұңқыр қалып отыр. Сондай-ақ өндірістік үйлер, алып құрылыстар, машина, жабдықтар саны да шектеулі болады - мұның барлығы экономиканың даму жолына белгілі шектеу қояды. Осыдан барып, экономикалық ғылымның алдында бар ресурстарды мейлінше тиімді қолдану мәселесі туындайды. Себебі, тұрғындардың тез өсіп келе жатқан сұранымдарын қанағаттандыру қажет.
Ресурстардың жеткіліксіздігі оларды үнемдеу, таңдау мәселелерінің қажеттілігін тудырады. Қолда бар экономикалық ресурстардың шектеулігі кезіңде өндіріс қоғамдағы барлық сұранымды қамтамасыз ете алмайды: аштық, ауру, кедейлікті жоя алмайды, оларды сырттан келетін апаттан қорғай алмайды. Қоғамдық өндіріс мүмкіңдігінің шектеулігі жағдайында нені өндіруге болады? Экономикалық теорияда мынадай мысалды жиі келтіреді: айталық, май өндіру мен зеңбірек өндіру (басқа да әртүрлі жұптық варианттың тізбелері болуы мүмкін: нан мен еттің арасындағы, ет пен балық, автомобиль өндірісі мен тұрғын үй құрылысы және т. б. ) арасында қайсысын таңдауымыз қажет.
Осының арқасында өндірістегі туындаған балама «өндірістің балама мүмкіндіктері» деп аталады.
Басқаша айтқанда, әңгіме мынада: барлық ресурс түрлерінің шектеулі болуы, кез келген қолда бар тауарды өндіру туралы шешім, сол ресурстарды қандай да бір басқа бұйымдарды шығару үшін қолданудан бас тартуды қарастырады. Сондықтан да барлық шығындар балама шығындар бойынша көрсетіледі. Мысалы, танкі өндірісінде жұмсалған металл, оны автомобиль өндірісінде немесе қайдағы бір басқа мақсатқа қолдану мүмкін емес.
3 Қоғамдық өндірістің натуралды және тауарлы түрлері
Ғылыми әдебиеттерде және оқулықтарда адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндірістің екі түрі бар:
а) натуралды шаруашылық;
ә) тауарлы шаруашылық.
Натуралды шаруашылық қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ең ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал-сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіндік береді.
Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық, құлиеленушілік және феодалдық өндіріс әдісінде басым болады. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезеңінде еңбек өнімінің бір бөлігі тауарға айналады. Бұл мал шаруашылығының егін шаруашылығынан бөлінуінен туындап, еңбек өнімділігінің өсуіне және өндірушілердегі артық өнімнің құрылуына алып келеді. Өз кезегінде бұл олардың арасында айырбасты тудыруға жағдай жасап, тауар өндірісінің дамуына түрткі болды. Кейініректе қол өнерінің егіншіліктен бөлінуі және сауданың оқшаулануы тұрақты айырбасқа, жеке меншіктің пайда болуына жағдай жасады.
Тауар өндірісі капиталистік өндіріс әдісінде өзінің дамуының жоғарғы түріне қол жеткізеді және жалпылама сипатқа ие болады.
Өндірісті ұйымдастырудың натуралды түрі қазіргі жағдайда да орын алуда. Мысалы, бақшагердің натуралды шаруашылығы - өнімді тек өзі үшін өндіру, егер өнімнің бір бөлігін сату үшін бағыттаса, онда ол ұсақ тауар өндірісіне айналады.
Қазіргі қоғамдық өндіріс - бұл дамыған тауар өндірісіндегі тереңдеген еңбек бөлісінің болуы және оның мамандануы. Еңбек бөлісі өндірістің өсуімен барынша көп түрленеді және бөлшектене бастайды. Бұл процесс барлық қоғамдық өндіріс саласында, әсіресе өнеркәсіпте - өте көрнектілікпен байқалады. Мысал ретінде салалық және ішкі салалық мамандандыруды айтуға болады. Машина жасауды алатын болсақ, мұндағы мамандану өте кең ауқымы: энергетикалық машина жасау, көліктік машина жасау, тракторлы машина жасау, ауыл шаруашылығы машинасын жасау, автомобиль жасау және т. б. Жеңіл өнеркәсіпте: текстиль, тоқыма, тігін өнеркәсібі және т. б. Тамақ енеркәсібінде: нан жабу, қант, кондитерлік тағамдар, шай, шарап, ет және сүт өнеркәсіптер және т. б. Еңбек бөлісі мен оның мамандануының дәрежесі тереңдесе, онда нарықта жұмыс жасайтын кәсіпорынның тауарлық дәрежесі жоғарылайды және нарық мөлшері артады.
Тарихи тағлым көрсеткендей, тауар өндірісінің пайда болуы төмендегідей үш жағдайда жүзеге асады:
- бірінші ең ірі қоғамдық еңбек бөлісінің болуы;
- алғашқы тұрмыстық қауымдастық қойнауында жеке меншіктің пайда болуы;
- тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы (отбасының қауымдастықтан экономикалық оқшаулануы) .
Тауар өндірісінің екі түрі бар: жай және капиталистік. Олар бір типті, себебі олардың негізінде өндіріс құрал-жабдығына деген жеке меншік жатады және ол екеуі де өнімді сату үшін өндіреді. Соған қарамастан олардың өз арасында айырмашылықтар бар. Жай тауар өндірісінде енім тауар өндірушінің өзіндік еңбегімен жасалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz