80-ЖЫЛДАР ЖӘНЕ ОДАН ӘРІ ҚАРАЙ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

80-ЖЫЛДАР ЖӘНЕ ОДАН ӘРІ ҚАРАЙ 2
80-ЖЫЛДАРДАРЫ АҚШ ЭКОНОМИКАСЫ 5
ИРАН-КОНТРА МЕН ҚАРА ДҮЙСЕНБІ 7
БЮДЖЕТ ПЕН ДЕФИЦИТ 8
XXI ҒАСЫРДЫҢ ТАБАЛДЫРЫҒЫНДА 10
Қолданылған әдебиеттер тізімі 14

80-ЖЫЛДАР ЖӘНЕ ОДАН ӘРІ ҚАРАЙ

Америка қауымында 80-жылдардан көп бұрын, басталған өзгерістер XX
ғасырдың соңғы онжылдығының, алдындағы онжылдықта бетке таңба басқандай
айқын көрінеді. Халық құрамында, оның жұмыстары мен кәсіптік бағыт-
бағдарларында ірі өзгерістер болды.
Экономикада қызмет көрсету саласының басымдылық құрғаны айтыс
туғызбады. 80-жылдардың ортасына қарай онда бар жұмыс істеп жүргендердің
34 жұмыс істеді. Олардың ішінде мемлекеттік, кеңес және сауда
қызметкерлері, дәрігерлер мен басқа медицина қызметкерлері, адвокаттар мен
банкирлер болды.
Қызмет көрсету саласының өсуіне жалпының қолына бірдей тиген
компьютерлерді жаппай қолдану да себеп болды. Жаңа есептеу техникасының
көмегімен экономикалық және әлеуметтік процестер туралы бұрын-соңды тіпті
ойға кіріп-шықпайтын мәліметтерді алуға болған информация ғасыры орнады.
Тұрмыс және өндірісте миллиондаған кіші компьютерлер тарап кетті. Олар
1982 жылы Тайм журналында жыл машинасы деп аталды. Американдықтардың
тұрмысына компьютер, қызмет көрсету саласына қарағанда тезірек кірді. 70-
жылдарда колледжді тастап кеткен екі жас жігіт Стивен П. Джобс пен Стивен
Возняк ата-аналарының гаражында электроникамен тәжірибелер жүргізді. Олар
дербес компьютер — өндірістік мақсатқа қолданғаннан жеке қолдануға
ыңғайлырақ кішкентай аппарат жасап шығарып, жетістікке жетті. 1976 ж. Джобс
пен Возняк Эпл компьютер инкорпорейтед фирмасын құрды. Ол бірнеше
жылдардан кейін АҚШ электрондық өнеркәсібінің көш басшысына айналды. Сол
уақытта түтін мұржаларының индустриясы — болат құю мен тоқыма салалары
бұрынғы маңызды орындарынан айырылды.
АҚШ-тың автомобиль өнеркәсібі 60—70 жылдары кезінде Құрама Штаттарда
филиалдарын ашып жатқан жоғары өнімді жапондық фирмалар Тойота, Хонда
мен Ниссан-дардың бәсекелестігінен зардап шекті. 1980 ж. қарай америка
нарығына келіп түскен әрбір 4-автомобиль жапондық болып келді. Тек 80-
жылдардың соңы 90 жылдардың басында Форд сияқты американдық концерндер
жапондықтарға қарағанда жақсырақ және арзанырақ автомобильдер шығарып,
соңғыларды АҚШ нарығынан ығыстырды. Басқа салаларда, мысалы компьютерлер
шығаруда болғандағыдай олардың тасқынды бәсекелесінен американдық сатып
алушылар ұтса, бағалардың төмендеуі теріс әсер етті — автомобиль жасаудағы
мыңдаған жұмыс орындарының жойылуына тап болды.
Өзгерістер елдің халқының құрамында да жүрді. 1946—1964 жылдардағы
шудан кейін табиғи өсім кеми бастады да, халықтың өсуі бәсеңдеді және
ересектердің есейген топтарының көбею тенденциясы пайда болды, 1980 ж.
қарай үй иелерінің арасындағы отбасы саны азайды — бірге тұрып жатқандардың
(екіден немесе оданда көп) төрттен бір бөлігі туысқандық қатынаста
болмады.
Халық құрамына қоныс аударушылардың жаңа толқыны да әсер етті. 1965
жылы реформа қоныс аудару саясатын өзгертті, нәтижесінде Азия мен Латын
Америкасынан көшіп келушілердің саны күрт өзгерді. Вьетнамдағы соғыс
біткенде, Құрама Штаттарға елден көп қашқындар келіп қоныстанды. 1980 жылы
онда 808 мың адам 1920 жылдан кейінгі қоныстанушылар ең жоғарғы саны көшіп
барды. АҚШ қайтадан бүкіл дүние жүзі адамдары үшін паналайтын қоныс болды.
80-жылдарға азаматтық теңдік үшін күрескерлердің белсенділері болып
бұрынғыларға қарағанда мүлдем басқа топтар, мысалы гомосексуалистер
шықты. Олар азаматтық әрекеттер тактикасын таңдады, әдеттегідей олардың
саяси ықпалы сәтті болды. 1975 ж. АҚШ-тың Азаматтық қызмет туралы
комиссиясы гомосексуалистерді жұмысқа алуға салған тыйымды жойды да,
бірқатар штаттарда олардың теңсіздігіне тыйым салатын заңдар қабылданды.
Кейіннен олардың қозғалысында келеңсіздіктер пайда болып, сексуальдық
азшылыққа жол берумен қоса оларға деген дұшпандық көзқарастар қайтадан шыға
бастады.
1981 жылы медиктер СПИД-тің — адамның иммундық жүйесін зақымдайтын,
өлтіретін аурудың вирусын тапты. СПИД жыныстық жолмен немесе қан арқылы
берілді, Құрама Штаттарда онымен ең бірінші болып гомосексуалистер мен күре
тамыр ішіне инфекция жасайтын нашарқорлар ауырды. Қалған тұрғындар да солар
сияқты ауырып қалуы мүмкін еді. 1992 ж. қарай СПИД-тен 150 мың американдық
қайтыс болды (есептелген цифр), СПИД эпидемиясы Құрама Штаттармен ғана
шектеліп қоймады. Бүкіл әлемнің медиктері онымен күресуге күштерін
жұмылдырды. Американдық және француздық ғалымдардың ең алғашқы жетістіктері
СПИД вирусын бөліп шығару мен қан түзетін жүйені қорғауды байқап көруі
болды.

80-ЖЫЛДАРДАРЫ АҚШ ЭКОНОМИКАСЫ

80-жылдардың басында Құрама Штаттар 30-жылдардан кейінгі өндірістің ең
терең құлдырауын бастан кешіп жатты. Экономикалық өсу толығымен дерлік
тоқтады.
1982 жылы нақты Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) 2,5%-ке кеміді, ал жұмыссыздық
нормасы 10%-тен асып, өнеркәсіптік потенциалдың үштен бірі толық жұмыс
істемеді. Жағдай энергетикалық дағдарыспен тереңдедiк Вьетнамдағы соғыс
кеселдері де әсер етпей қоймады — ҒЗҚТЖ-на жұмсалатын федералды шығындар
коммерциялық істерге емес, соғыс ісінің пайдасына қарай қайта бөлінді. Бұл
салада АҚШ ГФР мен Жапониядан қалып қойды. АҚШ-та өнім өндірісі төмендеген
сайын аталмыш елдермен басқа елдердің әлемдік саудадағы үлестері артты,
американдықтар көптеген импорттық заттарды тұтына бастады. 1981 жылы Рейган
әкімшілігі экономикалық стагнация проблемасына, инфляцияның өсуіне және
проценттік алымдардың шектен тыс өсуіне ұшырады.
Ішкі қайта құру бағдарламасы Рейганның жеке секторға еркіндік берсе
ғана ел гүлденіп дами бастайды деген сеніміне негізделді. Экономикалық өсу
негізінен түрлі заттар мен қызметтің ұсынысына бағынышты деген теорияға
негізделгін ұсынатын экономиканың жақтаушысы Рейган, қаржы жинау мен
қаржы салуды ынталандыру үшін салықтарды төмендетуге тырысты. Бұл мектептің
экономистерінің ойынша салықтарды төмендету қаржы салу мен жалақыны
өсіреді, сонымен қоса мемлекеттік табыс — салықтан алынатын ақша арқылы
көбейеді. Өкілдер палатасында демократтар көбірек, ал сенатта
республикандықтар сәл ғана басым болды, өкімет басында бірінші жыл
тұрғанның өзінде-ақ Рейганға өз бағдарламасының негізгі баптарын
заңдастырудың сәті түсті. Бұның ішінде азаматтардан алынатын салықты үш
жыл бойы 25%-ке төмендету де болды.
Сонымен қоса Рейган әкімшілігі қаруларды қазіргі тілектерге сай
өзгертуге жұмсалатын шығындарды едәуір үлкейтуге қолдарын жеткіздi. Тіпті
әлеуметтік қажеттілікке кеткен шығындарды қысқартқанның өзінде-ақ әскери
бюджет төмендетілiп салықтар жағдайында да мемлекеттік шығындардың
кірістен асып кетуіне әкеп соқты. 1982 жылы федералдық бюджеттің дефициті
100 миллиард доллардан асып кетті.
Жұмыссыздықтың орташа жылдық нормасы 10 проценттен азғана кем болды,
алайда кейбір айларда әртүрлі салаларда одан да қатты әсер етуі мүмкін
еді.
Ғылыми-зерттеу және конструкторлық-тәжірибе жұмыстар ол президенттік
құрған кезінде бұл сан үш есе кем еді. 1988 жылға қарай АҚШ-тың мемлекеттік
қарызы 2,3 триллион доллар болып рекордтық мөлшерге жетті.
Құлдырау экономиканың барлық салаларын қамтыды, 1981—1982 жылдары
банкрот болып қалушылықтың саны 50%-ке өсті. Орталық Батыста Дженерал
электрик пен Интернэшнл харвестр сияқты ірі фирмалар жұмысшыларын
жұмыстан шығара бастады. Күнгей белдіктің штаттары біршама уақыт
экономикалық саулықта болды, бірақ көп ұзамай стагнация оларда да басталды.

Қиын кезеңді ауылшаруашылығы басынан кешіріп жатты. Фермерлердің
санының азайтуымен өндіріс аздаған адамдардың қолына жинала бастады. Азық-
түліктің жетіспеушілігінен зардап шегіп жатқан Индияға, Қытайға, КСРО-ға
және т. б. елдерге көмектесіп жүріп американдық фермерлер қосалқы жерлерді
сатып алу мен өндірісті кеңейту үшін қарызға белшесінен батты. Осыдан кейін
болған мұнайға баға көтерілуі олардың шығындарын көбейтті, ал 1980 ж.
әлемдік экономикалық құлдырау ауыл шаруашылық өнімдеріне сұранысты азайтты.
Нәтижесінде фермерлердің жағдайы қиындай түсті.
Алайда 1982 ж. дағдарыс мұнай бағасының төмендеуімен бірге жүрдi. Осы
жағдай АҚШ-қа Картер кезінде басталған шоқырақтап шауып бара жатқан
инфляцияны жүгендеуге мүмкіндік берді. 1983 жылдың соңына қарай бірқатар
салалардағы жағдай жақсарды, ал 1984 жылдың алғашқы айларында олар жандана
бастады. АҚШ екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ұзақ экономикалық
көтерілудің кезеңіне енді. Жапония Америкаға өз автомобильдерін
экспорттауды шектеуге келісті. Федералдық салықты төмендету тұтынуды
жақсартып, ол құнды қағаздар нарығына қолайлы әсер етті. 1983— 1987 жж.
нақты ЖҰӨ орташа санағанда жақсы 4,2%-ке өсті, ал инфляция болса ол
соғыстан кейінгі онжылдықтардағы ең төмен көрсеткіш 2% аспаған 1986 жылды
қоспағанда 3—5% деңгейінде сақталды. ЖҰО 1980— 1987 жылдар аралығында 60%
өсті, ал 1982—1987 жылдары елде 13 миллионнан астам жаңа жұмыс орындары
пайда болды.
Салықтарды біртіндеп төмендете отырып, Рейган 75 жыл ішіндегі ең
тиянақты салық реформасын жүргізді.
Президенттік құрылуының екінші мерзімінде істелген бұл қадам
республикандықтардың да, демократтардың да кең қолдауын тапты. Табыс
салығының мөлшері төмендетілді, салық алынатын кірістер торабы реттелді,
оны төлеуден қашу мүмкіндіктері жойылды. Бұл өзі табыс табатын
американдықтар үшін әділ салық саясатын жүргізу мүмкіндігін берді. Алайда
күрделі мәселелер әлі де бар еді. Жалпы экономикалық жағдайдың жақсаруы
нағыз кедейлерге көмектеспеді. 1986 мен 1988 жылдардағы қуаңшылық
фермерлерді одан сайын күйзелтті. Федералдық бюджеттің дефициті 1980 жылғы
14 миллиард доллардан 1986 ж. 221 миллиардқа өсті, бірақ та бір жыл өткен
соң 150 миллиардқа қысқарды. 1987 ж. соңындағы биржалық күйреу экономиканың
тұрақтылығына күмән келтірді.

ИРАН-КОНТРА МЕН ҚАРА ДҮЙСЕНБІ

Рейганның әкімшілігі сыртқы саясаттағы ең маңызды мәселеге оның
президенттігінің екінші мерзімінің соңына кездесті. 1987 ж.
американдықтарға өз елінің үкіметтері ирандық басшы Хомейниге бағынышты
Ливандағы экстремистік ұйымның қолына түскен тұтқындалған американдықтарды
босату үшін Иранға құпия түрде қару-жарақ сатқандығы белгілі болды. Сонымен
қоса тергеулер кезінде қару сатудан түскен қаржылар конгресс оларға әскери
көмекті көрсетуге тыйым салған уақытта никарагуандық контрастарға
берілгені айқындалды.
Сенаттың және өкілдер палатасының біріккен комиссиясында Иран-контра
ісінің тыңдалуы кезінде Иранға қару сатудың заңдылығымен қоса АҚШ-тың Таяу-
Шығыс пен Орталық Америкадағы сыртқы саясаттық мүдделері де талқыланды.
Жалпы алғанда Иран-контра ісі, атышулы 1972 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1970-1980 жж Қазақстан
60-жылдардың екінші жартысында қазақстан дамуында болған өзгерістер
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
Халықаралық экономикалық қатынастардағы халықаралық сауда
Қазақстан Республикасының мұнайгаз өнеркәсібі: тарихи аспектісі (1991-2007 жж. )
XХІ ғасырдың қарсаңыңдағы ҚР-ның әлеуметтік-экономиқалық саясаты
Сарысу өзенінің гидрологиялық зерттелуі
Қазақстанның XX ғасырдағы тарихы
Әлеуметтік экономикалық дамудағы дағдарыстар
Қазақстан терең дағдарыс жолында (1965-1991 жж.)
Пәндер