Қазақстан Республикасында инновацияның дамуы және оны қолдау шаралары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КIРIСПЕ 3
Қазақстан Республикасында инновацияның дамуы және оны қолдау шаралары 4
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2005
жылдарға арналған стратегия 10
ҚОРЫТЫНДЫ 14
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 16

КIРIСПЕ

Бүгiнгi әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк орны
айқындалып қалды. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық
қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта
түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған,
алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi.
Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу
туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. 1
Егемендiк алғаннан кейiнгi макроэкономикалық көрсеткiштерге назар
аударсақ ұлттық экономикада 1998 жылдан бастап экономикалық өсу байқалды.
Тiптi соңғы екi-үш жылда ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% көлемiнде болып отыр. Бұл
шама елiмiз үшiн үлкен жетiстiк, яғни әлем бойынша ЖIӨ өсiмi бойынша басты
орындардамыз.
Бiрақта мұндай жетiстiктерге жетуiмiз жер қойнауымыздағы минералды
қорымыздың бай болуымен және соңғы жылдары мұнай және метал бағасының
өсуiмен тiкелей байланысты. Елiмiз экономикасы әлi де Кеңес Одағы құрып
кеткен шикiзаттық негiзде болып отыр. Ал дамыған елдердiң қай-қайсысын алып
қарамасақ олар шикiзаттық өндiрiстен сервистiк-технологиялық өндiрiске
өтiп, индустриялы-инновациялы дамуға бет алған. Ал шикiзаттық өндiрiспен
даму жағынан артта қалған және дамушы елдер ғана айналысады екен. Елбасы
атап өткендей, елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына қосылу үшiн және
экономикамыз шикiзаттық өндiрiске тiкелей байланысты емес тұрақты
экономикалық өсу үшiн бүгiнде инновациялық саясатты тиiмдi жүргiзiп,
әлемдегi дамыған елдердiң қатарына қосылуымыз керек. реформалар жүргiзiп
және ұзақ мерзiмдi стратегиялар мiндеттi түрде керек болды.
Қ.Р-ның инновациялық мәселелерге қызығуы XXI ғ-дың әлеуметтiк –
экономикалық дамуында ең бiрiншi ғылыми техникалық дамумен байланысты болып
отыр. Елдiң негiзгi экономикалық дамуына , яғни өндiрiс пен ғылыми-
техникалық ресурстарды жоспарлау үшiн инновациялық қызмет ең қажеттiсi.
Алдынғы уақыттарда экономикалық өсу факторы ретiнде посткеңестiк
елдерде инновация екiншi деңгейдегi жоспар болып келдi. Бiрақ әлемдегi
дамыған елдер тәжiрибесi және отандық тәжiрибе бойынша тұрақты экономикалық
өсуге қол жеткiзу инновациялық қызметсiз жүзеге аспайтындығына көз жеттi.
Мiне осы себептен сонғы 3-4 жылда инновацияға деген көзқарас өзгердi.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Ұлттық акедемия ғалымдарымен кездесуiнде атап
өткендей, “елiмiзде ұлттық инновациялық жүйе құратын уақыт жеттi” деп атап
көрсеттi.
Елiмiз осы мәселелердi шешiп жоғары бәсекеқабiлеттi алдынғы қатарлы
елдер санатына қосылуы үшiн, тұрақты экономикалық өсудi және экологиялық
тиiмдi өндiрiстi қамтамасыз ету мақсатында “Қазақстан Республикасының
Индустриялы-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi
стратегиясын қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере
бастады. 8
Инновациялық саланы мемлекеттік басқару индустриалды-инновациялық
саясатты жүзеге асырушы ғана емес, оның бағытын анықтап, сол процестердің
қарқынды дамуына ықпал етіп,дұрыс орындалуын қадағалайтын бірден-бір қуатты
құрал. Біздің елімізде де осы мәселе дұрыс жолға қойылып, тікелей
Президенттің қадағалауында екені көңіл қуантады.
Стратегияның басты мақсаты шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн
экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол
жеткiзу; ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту
үшiн жағдай жасау болып табылады.
Өңдеушi өнеркiсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге
қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет
көрсетулер өндiрiсi мемлкеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты
нысанасы болып табылады.

Қазақстан Республикасында инновацияның дамуы және оны қолдау шаралары

Экономикалық ғылымдар және экономикалық даму тәжiрибесi көрсеткендей
инновациялық дамуда жаңа технологиялар экономиканы тиiмдi модернизациялауды
қамтамасыз етедi. Бұл әсiресе Қ.Р-сы үшiн өте маңызды, өйткенi 1990 жылдан
бастап елiмiзде технологиялық дағдарыс қалыптасты. Өндiрiстiң техникалық
деңгейi құлдырады, ғылыми өнiмдердiң шығуы азайды, ғылыми-техникалық
потенциялымыз қысқарып кеттi, сондай-ақ бұрынғы экономикалық жүйе түгелiмiн
жойылды, елiмiз өзiнiң iшкi сұранысын қамтамасыз ете алмай қалды. Осының
салдарынан ЖIӨ көлемi де 1990 жылмен салыстырғанда 1995 жылы 40%-ға дейiн
азайды.
Сонымен қатар елiмiзде ғылым мен ғылыми-техникалық қызметтерге қаржы
бөлу өте аз, оның көлемi 0,9% құрап отыр. Ал индустриалы-инновациялы
саясатты жүзеге асырмасақ, онда 2015 жылы болжам бойынша оның үлесi 0,6%-ға
дейiн кемидi екен. Бұл стратегияны жүзеге асырған жағдайда 2015 жылы болжам
бойынша ғылым және ғылыми-инновациялық қызметке ЖIӨ-нен бөлiнетiн қаржы
1,7%-ға дейiн өсудi жоспарлап отыр.
Егер мұны дамыған елдермен салыстырсақ ғылымға бөлiнетiн қаржы
Францияда 45%, АҚШ пен Германияда – 36%, Жапонияда – 20% құрап отыр.
Елiмiздегi инновациялық саланы мемлекеттiк қолдауды ҚР-ның
“Инновациялық қызмет” туралы Заңынан көрумізге болады. Оның негізгі
бағыттары келесідей:
1. Инновацияның басым бағыттарын анықтап, инновациялық бағдарламарды
жасау.
2. Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыратын қажетті
инвестицияны жұмылдыруды ұйымдастыру және жағдай жасау.
3. Инновациялық инфрақұрылымды құру.
4. Мемлекеттік бюджеттен инновациялық бағдарламалар мен жобаларды
мақсатты қаржыландыру
5. Бәсекеге жарамды өндірісті құруға мемлекеттің араласуы.
6. Мемлекеттік тапсырыспен орындалатын инновацияларды міндетті түрде
рынокпен қаматамасыз ету.
7. Отандық инновацияларды шетелге шығару. 10

Сурет-1 - Ұлттық инновациялық жүйе

* Купешова С.Т. Теория и практика инновационного процесса в переходной
экономике Республики Казахстан

Елiмiзде ғылыми-техникалық инновациялық бағдарламаларды дамыту үшін
арнайы даму институтары құрылған. Оның ішінде 3 қаржылық және 2 қызмет
көрсету институтары бар. Алдынғы уақыттарда экономикалық өсу факторы
ретiнде посткеңестiк елдерде инновация екiншi деңгейдегi жоспар болып
келдi. Бiрақ әлемдегi дамыған елдер тәжiрибесi және отандық тәжiрибе
бойынша тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзу инновациялық қызметсiз
жүзеге аспайтындығына көз жеттi. Мiне осы себептен сонғы 3-4 жылда
инновацияға деген көзқарас өзгердi. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Ұлттық
акедемия ғалымдарымен кездесуiнде атап өткендей, “елiмiзде ұлттық
инновациялық жүйе құратын уақыт жеттi” деп атап көрсеттi. ( 4), 205 бет
Инновацияны жүзеге асыру үшiн оны мемлекеттiк қолдайтын құқықтық
актiлер, инновациялық қызметтердiң iске асуы үшiн оны қамтамаасыз ететiн
қаржылық институттар және оны нақты түрде жүзеге асыратын мекемелер, ҒЗТКЖ
ұйымдарын қалыптастыруымыз керек.
Қ.Р-ның Статистика агенттiгi көрсеткендей, негiзгi капиталды
инвестициялау негiзiнен шикiзаттық салаларға тартылуда. Өйткенi шетелдiк
инвесторлар дайын өнiм шығаруға ынталы емес, себебi олар дайын, сапалы өнiм
шығару арқылы өз елдерiне бәсекелес болуға ұмтылмайды. Оларға керегi бiздiң
шикiзатымыз болып отыр. (Сурет 2) 12

2-сурет. 2000 жылы өнеркәсiп саласында негiзгi капиталға тартылған
инвестицияның үлесi
* Қуат Бораш “Инновация, оның елiмiз экономикасы үшiн маңызы қандай”
Егемен Қазақстан, 23 ақпан, 2004 ж.

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтпелi кезеңiнде
экономикада кәсiпкерлiк қызмет даму үстiнде. Кәсiпкерлiк, әсiресе шағын
кәсiпкерлiк рыноктық жүйеде толық қанды қызмет ету үшiн кәсiпорын жаңа
технологиялар мен жаңалықтар ашып отыруы керек. Сонда ғана олардың шығарған
товарлары мен қызметтерi бәсекеқабiлетiне ие болады. Бiрақ бүгiнде отандық
кәсiпорындардың инновациялық қызметi мардымсыз болып, соның салдарынан
отандық товарлардың бәсекеқабiлетi әлсiз екенi белгiлi.
Әйтсе де бұл инновациялық жобаларға көптеген қаржы қажеттiлiгi туындап
отыр, ол қаржыларды ЖIӨ-нiң құрамынан көп мөлшерде ала алмаймыз, өйткенi
елiмiзде бұдан басқа салаларға қаржы сұранысы туындап отыр, әсiресе
әлеуметтiк салаларға. Сондықтан қаржы тартудың бiрден бiр көзi инвестиция
тартуды ынталандыру болып табылады.
Осы мәселеге байланысты ендiгi жерде iшкi және сыртқы
инвестициялардың негiзгi бөлiгiн өңдеушi салаға құйылуын мемлекеттiк және
кәсiпкерлiк қолдау арқылы ынталандыруымыз керек. Ол үшiн ондай салаға
салынатын инвестицияларға белгiлi дәрежеде қолайлылықтар туғызуымыз қажет.
Мысалы, оларға салық жеңiлдiктерi, пайыз мөлшерлемесiнiң жоғары болуы және
қолайлы инновациялық орта жағдайын айтып өтсем болады.
Алатау АТП-не тоқталатын болсақ, ол еліміздегі инвестициялық
жобалардың ең маңыздысы болып табылады. Оған ақпараттық технология және
коммуниация саласындағы әлемдегі озық компаниялар тартылып, Microsoft,
Hewlett Packard, Siemens т.б әлемдік лидерлермен ынтымақтастық жөнінде
меморандумдарға қол қойылды. Ерекше экономикалық зона ретінде АТП-ның
мынандай басты артықшылықтары бар:корпорация салығы екі есеге төмендетіліп,
жер және мүліктік салықтан мүлде босатылады.
Елiмiзде үкімет тарапынан жүргізіліп жатқан инновацияны қолдау
саясаты мен нақты іс-шараларға тоқталатын болсақ:
1 -ден, бұл үрдістердің жүруін тездететін құқықтық қамтамасыз ету және
экономикалық шараларды жүзеге асыруда бірқатар заң жобалары қабылданды.
“Инвестициялық қор” туралы, “Техикалық реттеу”,”Қазақстанның инвестициялық
қоры”, ”Сауда қызметі”, ”Сауда өндірістік палаталар”, ”Арнайы экономикалық
зоналар” туралы Заңдар қабылданып, Салық Кодексіне өзгертулер мен
толықтырулар пакеті қабылдануға дайын.
2- ден, индустриалды стратегияның дайындық кезеңінің басты міндеттерінің
бірі-регионады және халықаралық масштабта елдің бәсекелестікке жарамды
салаларын анықтау. Елбасының тапсырмасымен Маркетингтік-аналитикалық
зерттеулер орталығы және дүние жүзіне танымал “Джей Ай Остин”
компаниясымен осы бағытта зерттеулер басталды. Оның қорытынды нәтижесі
жылдың аяғында белгілі болады. 14
Шетел инвесторлары және даму институтарының қатысуымен жоғары
технологиялық өндірістерді құру жұмыстары да жүргізілуде. Үкімет
трансұлттық компаниялар, ірі шетел және Қазақстан компаниялары арасында
инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға күш салып келеді. Дүние
жүзіндегі ірі компаниялар “Майкрософт”, “Хьюлетт Паккард”, “Сименс”,
“Циско” ынтымақтастық жөнінде меморандумдарға қол қойылып және машина
жасау, металлургия саласындағы ірі жобаларды жүзеге асыруға бағытталуда.
Дәл осылай “Қазақстан-Камаз” автомобиль концорциумы құрылды. Оның мақсаты
автомобиль және трактор жасауды дамыту.
Қостанайда “Агромашхолдинг” ААҚ комбайн және мотор жасаумен
айналысады.”Сингапур Технолоджис”және “Қазақстан Инжиниринг” біріккен
кәсіпорны құрылды. Онда биыл барлық қаржыландыру көздерінен 250
индустриалды- инновафиялық жобалар іске асады.
Мемлекеттік Даму Институттары да нақты істі орындауға көшіп келеді.
Мысалы, Қазақстан Даму Банкі 562,6 млн $-ға бағаланған 22 инвестициялық
жобаларды қаржыландырды. Осы жылы Қазақстан Даму Банкі қаржыландыратын тағы
10 өнеркәсіп іске қосылады деп күтілуде, оның ішінде Астанада шыны
пластикалық труба жасайтын және Шымкентте мақта-мата өндіретін өнеркәсіп
орындары.
Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру корпорациясы да
белсенді әрекет етуде.Биыл 20,5 млн $-ға бағаланған 23 жобаны сақтандыру
туралы шешім қабылдады.
Қазақстанның инвестициялық қоры осы жылдың 1-шілдесіне дейін 100 млн
теңге тұратын 2 жобаны қаржыландырдыру көзделiп отыр.
Ал Ұлттық инновациялық қор геостационарлық спутникті құру және іске
қосуды қаржыландыруды бастады. Осы орайда Үкімет “ҚР космос саласының 2005-
2007 жылдарға дамуы” деген мемлекеттік бағдарлама жасады. Курчатов
қаласындағы Ұлттық ядролық орталық аясында бірқатар маңызды зерттеулер
жүргізілуде,оның ішінде қуаты 70 Мвт болатын шағын атом станциясын құру
және радияциялық техниканы пайдалана отырып шуды изоляциялайтын материал
өндіру қолға алынды.

Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2005
жылдарға арналған стратегия

Индустриялық саясат дегенiмiз мемлекеттiң бәсекеге түсуге қабiлеттi
және тиiмдi ұлттық өнеркәсiптi қалыптастыру үшiн кәсiпкерлiкке қолайлы
жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенiн
бiлдiредi.
Яғни елiмiз осы мәселелердi шешiп жоғары бәсекеқабiлеттi алдынғы
қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн, тұрақты экономикалық өсудi және
экологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің инновациялық саясаты
Оңтүстік Қазақстын Облысының агроөнеркәсіпті дамытудағы инновацияның рөлі немесе оның қызметін жетілдіру жолдары
Қазақстан кәсіпорындарындағы инновациялық даму стратегиясы және «Атырау - нан» ЖШС-нің инновациялық-инвестициялық жоба капитал салымдары мен экономикалық тиімділігін анықтау
Кәсіпорындардың инновациялық қызметін салықтық ынталандыру шаралары
Инновациялық менеджмент негізінде басқару процестерін жетілдіру
Шағын бизнестегі инновация жәнеақпараттық технология
Инновациялық қызметті қаржыландыру алгоритмі
«Уркер косметикс» парфюмерия – косметикалық фабрикасы қазіргі уақыттағы Қазақстандық ең негізгі косметика өнімдерін шығаратын кәсіпорнының өндірістік қазіргі ахуалын зерттеу
Инновациялық қызмет әсерлерінің түрлері
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында инновациялық стратегия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz