Қытай мемлекетінің реформасы


Жоспар
Кіріспе1
Ι. Қытай мемлекетінің реформасы2
Қорытынды4
Кіріспе
Қазақстандағы мемлекеттік және нарықтық басқарудағы шетелдік экономикалық тәжірибені ғылыми қорытындылау күн тәртібіне келесі мәселелерді қойып отыр: бұл тәжірибе Қазақстан экономикасының жағдайына қаншалықты қолайлы және оны енгізуге бола ма? Бұл сұраққа жауап беру жай нәрсе емес, ол өзінің ғылыми негізін талап етеді. Еліміздің бірқатар экономика ғалымдары қазіргі уақытта экономикалық жаңалықтардың теориялық негізін анықтауды, шаруашылықты басқарудың әкімшілдік және нарықтық механизмін қолдануды, өтпелі кезеңнің экономикасын жасауды бекер тілге тиек етіп жүрген жоқ. Бұл шешім қазіргі кезеңде біздің аталмыш проблемалардың теориясын анықтап енгізуге байланысты туындап отыр.
Ι. Қытай мемлекетінің реформасы
І) Қытай Халық Республикасы - Шығыс және Орталық Азиядағы мемлекет . Жерінің аумағы 9, 6 млн км2. Халқы 1236, 26 млн. Астанасы - Пекин. Ел 23 провинциядан, 5 автон. ауданнан және орталыққа тікелей бағынатын 4 қаладан тұрады. 1982 жылы қабылданған Конституциясына сәйкес ҚХР-социолистік мемлекет. Жоғарғы заң шығару органы - Бүкілқытайлық халық өкілдері Жиналысы (2978 депутаты бар) . Соңғы 20-25 жылда Қытай экономикасы жоғары қарқынмен дамыды. Негізгі сауда серіктесі - Жапония, онан кейін АҚШ пен Оңтүстік Корея. Қытай Халық Республикасында экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесі белгілі бір қызығушылық туғызады. 70-жылдардың соңында Қытай Халық Республикасында басталған экономикалық реформалардың алғашқы қорытындыларына жасалған талдау негізінде бірқатар тұжырымдамалар, социалистік тауарлы экономиканы, социализмнің бастапқы сатысын, меншіктің мемлекеттік, қоғамдық және жеке түрлерін пайдалану және т. б. проблемаларды қамтиды. Қытай компартиясының шешімдеріне сәйкес жоспарлы тауарлы экономика болып табылатын экономикада реформалаудың басты бағыты «нарыққа бағыт ұстаған микродеңгейге бақылауға болатын социалистік экономиканы құру» болып табылатыны көрсетіледі.
Қытайдағы экономикалық реформалардың стратегиясы ұйымдық аспектіде болғанмен «ауылдан қалаға» деген қағидаға негізделініп ерекшелінеді. Осы қағидалар бойынша реформалардың алға басуы ауылдағы нарықтық қатынастар элементтерінің пайда болуы мен оларды мемлекеттік жоспарлар арқылы реттеу қамтамасыз етеді. Қытайдың жоспар мен нарықты біріктіру варианты шаруашылық жүргізудің үш деңгейлі жүйесін пайдалануды білдіреді. Осы үш деңгейдің әрқайсысы өзіндік модельге сай келеді: жоғарғы деңгей үшін негізгі өндірістік көрсеткіштерді директивті ( экономика құрылымы және даму қарқыны мемлекеттік резервтер, тұрақты тауар сұранымы, мемлекеттік бюджет ) жоспарлау қолданылады, екінші деңгей шаруашылық деңгейі, экономиканың алғашқы деңгейін қамтиды. Мұнда шығаратын өнімді өткізу және кешенді проблемаларды минималды - техникалық қамтамасыз етілуінің жоспарлауымен айқындалады. Шаруашылықтың үшінші деңгейі жергілікті және мерзімді өндіріс тауарларымен әр түрлі қызмет көрсетулерімен және нарық механизмдерін қолданумен реттеледі. Салық салу жүйесіндегі аса маңызды тәжірибесі салық жеңілдіктерінің капиталдық салымдардың екі сфераға - өңдеуші өнеркәсіптің дамуы мен экспорттық потенциалдың өсуіне бағытталуын ынталандырады. Көптеген экономикалық реформаларды бастан кешірген басқа елдерге қарағанда, қытайдың реформасы мемлекеттік реттеудің күшті құралдарын (директивті жоспарлау, салалық және аймақтық жоспарды үйлестіру, “ғылым - өндіріс” циклін жоспарлау, несие - салық және баға саясатын жүйемен жүргізу) қолданды. Сол сияқты нәтижелер бір қатар Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде - Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Филиппинде, Сингапурда, Тайландта және т. б. елдерде байқалады. Мысалы: Жапония мен Оңтүстік Кореяда мемлекеттік реттеу ішкі, жалпыұлттық өнім, жинақ көлемі және қор еңбек ақының өсуі, еңбек өнімділігі т. б. көрсеткіштерді қамтитын экономикалық жоспарлау арқылы жүргізіледі. Әлемдік шаруашылық интеграцияға кіру стратегиясында қаржы - банк, салық баға және сыртқы экономикалық саясатты жүргізу шаралары қолданылады.
Қорытынды
Біз қандай елді қарастырсақта екі негізгі аспектіні ұмытпауымыз керек. Олар:
- Экономиканы реформалауда басқа елдердің қатесін болдырмау.
- Біреудің позитивті тәжірибесін дұрыс пайдалану, реформаға кеткен шығынды азайту және уақытты үнемдеу боып табылады.
Менің ойымша республикадағы қазіргі жағдайда шетелдік өндіріс сфераларын жеңілдікпен несиелеу және осы несиелердің тиімді пайдалануға бағытталған мемлекеттің бақылау функцияларын күшейту тәжірибесін қолданған жөн. Өйткені Қазақстанда үш жыл бұрын осы қарастырылып отырған саланы несиелеуде және салық салуда барлық жеңілдіктерді алып тастау туралы шешім қабылдады, ал несие ресурстары көбінесе коммерциялық делдалдық жүйеге «қызмет көрсетуге», басқаша тауар айналымына жұмсалады және шаруашылық тәжірибе тауар өндірісінің өсуін ынталандыру мақсатында, мемлекеттің экспорттық потенциалының өсуіне бағытталған кәсіпкерлер мен бизнесмендердің белсенді қызметі, бізді икемді салық жүйесіне жоғарғы тиімділігіне сендіреді. 1992 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Президенті өндіріс саласындағы шағын және кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау туралы жарлықтар мен заңдарға қол қойды. Бірақ осы жарлықтарды жүзеге асыру жолында әлі де көптеген обьективті және субьективті түрдегі кедергілер бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz