Макроэкономика негіздері


ЖОСПАР
Кіріспе2
Макроэкономика негіздері2
Ұлттық шоттар жүйесi3
Жалпы ұлттық өнiм және оны өлшеу әдiстерi5
Номиналды және нақты ЖҰӨ7
ЖӨ-ді есептеу әдістері8
Қорытынды11
Қолданылған әдебиеттер тізімі12
Кіріспе
Рынок экономикасы екі дәрежеде қызмет атқарады, ол "макроэкономика" және "микроэкономика" болып бөлінеді, осыған сәйкес талдау да -"макроанализ" және "микроанализ" деңгейінде жүргізіледі. Осылай талдау жасаған Дж. М. Кейнстің 1936 жылғы "Еңбекке тарту, процент пен ақшаның жалпы теориясы" деген еңбегі батыс экономистері арасында кең қолдау тапқан.
Микроэкономика жеке бизнес немесе негізгі экономикалық буынның (фирманың) қызмет ету саласы. Микроэкономиканың нарық жағдайындағы басты сипаты және негізгі мақсаты - табыс табу.
Макроэкономика - бұл жалпы экономикалық процестер саласы, қоғамдық "фирмалардың жиынтығы" болып саналады.
Макроэкономика - экономиканы біртұтас жүйе ретінде зерттейді, экономикалық саясаттың мақсаттарын қалыптастыруды және оларды іске асыру үшін қажетті тетіктерді анықтайды.
Макроанализ назарында агрегатты өлшемдер (жалпы өнім, ұлттық табыс, жиынтық шығындар) болады. Егер де микроэкономика тұрақтылыққа, тепе-теңдікке бет бұрса, макроэкономика қоғамдық өндірісті динамикалық өсіп-өркендеуге бейімдейді.
Макроэкономика негіздері
Экономика мәселелері әр түрлі деңгейлерде: біріншіден, фирмалар, үй шаруашылықтары, салалар сияқты жекелеген шаруашылық бірліктер деңгейінде, екіншіден, бүкіл халық шаруашылығы және оның агрегатталған көлемдерді (мысалы, жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс көрсеткіштері) пайдаланатын құрамдастарының масштабында зерттелетінін біз жоғарыда атап айттық. Ғылымның тұтастай ағза ретіндегі шаруашылық, экономикалық өсу мен жұмысбастылық, шаруашылық механизмнің мүмкіндіктері мен жалпы жұмысы, мемлекеттің және экономикалық саясаттың функциялары жөніндегі бөлімі макроэкономика деп аталады. Ол жалпы өнімнің көлемі мен құрылымын, тұтастай экономиканың әрекет етуі мен тиімділігін қарастырады. Макроэкономиканың орталығында экономикалық реттеуді ұйымдастыру, инфляцияны басқару, табиғи ресурстарды сақтау, тауарлар мен қызметтер өндірісінің тиімді қарқынын ұстап тұру сияқты мәселелердің әзірленуі жатыр.
Ұлттық шоттар жүйесi
Экономикадағы өндiрiстiң жалпы өсiмiн өлшеу үшiн бухгалтерлiк есеп атқаратын функцияны орындайтын ұлттық шоттар жүйесi қолданылады.
Ұлттық шоттар жүйесi дегенiмiз - елдiң экономикалық iс-әрекетi туралы жалпы сипаттама алуға мүмкiндiк беретiн шоттар мен кестелер түрiнде құрылған өзара байланысты статистикалық көрсеткiштер жүйесi. Ұлттық шоттар жүйесiн американдық экономист, Нобель сыйлығының лауреаты С. Кузнец жасаған. 60-жылдардың соңынан бастап бұл жүйенi стандарт ретiнде БҰҰ қабылдап, бүкiл әлем елдерiне ұсынылды.
Ұлттық шоттар жүйесiне кiретiн әр түрлi көрсеткiштер белгiлi бiр уақыт кезеңiндегi өндiрiс көлемiн өлшеуге, экономиканың әрекет етуiн анықтайтын факторларды белгiлеуге, болашақтағы экономикалық дамудың тенденциясын анықтауға, мемлекеттiң экономикалық саясатын өмiрге келтiруге және қалыптастыруға мүмкiндiк бередi. Осылайша, ұлттық шоттар жүйесi ұлттық экономиканың жағдайын және жағдайына әсерiн тигiзе алатын экономикалық саясатты анықтайды.
Ұлттық шоттар жүйесiнде бiр жағында - бар ресурстар, ал екiншi жағында - олардың қолданылуы көрсетiлген. Ол экономикалық қатынастарға түсетiндердiң арасында жүретiн жиынтық айырбас операцияларының тепе-теңдiгiн көрсетедi. Экономикалық қатынастарға: ақша табу мақсатында тауарлар мен қызметтер өндiретiн қаржылық емес кәсiпорындар, басты функциясы - тұтыну болып табылатын үй шаруашылықтары, ақшаға өткiзiлмейтiн қызметтердi ұсынатын мемлекеттiк және жеке меншiк әкiмшiлiктер, қаржылық мекемелер, елден тыс жүрген агенттер түседi. Осы экономикалық қатынастарға түсушiлер барлық ресурстар екi жақты жазылған (бар ресурстар және олардың қолданылуы) негiзгi операциялардың шотын жүргiзедi.
Нәтижесiнде, операциялардың көп бөлiгiнде тепе-теңдiк шығады, яғни барлық ресурстар олардың қолданылуына тең болады. Осының негiзiнде өнiмнiң әр түрлi ағымдарының арасындағы, ресурстар балансы тұрғысынан тұтыну мен инвестициялар және экономикалық қатынастарға түсушiлердiң оларды қолдануы арасындағы тепе-теңдiктi көрсететiн сәйкес макроэкономикалық кесте құрылады. Экономикалық операцияларға қатысушылардың нақты топтары бойынша келесiдей шоттар түрлерi жүргiзiледi:
Өндiрiс шоты - бұл өндiрiстiк мақсаттарға арналған шикiзат, материал және қызметтердi тұтынудың балансы.
Эксплуатация шоты - бұл қосымша құнды еңбек ақы, әлеуметтiк сақтандыру төлемдерi, жанама салықтар арасында бөлу балансы.
Жиынтық қосымша құн шоты - бұл табысты өндiру және өнiмдегi амортизация арқылы негiзгi капиталды қайтару балансы.
Капитал шоты - бұл инвестицияларды қаржыландыру балансы.
Қаржылық шот - қажеттi капиталдарды кiм ұсынғанын және артық капиталдар кiмге берiлгендiгiн көрсететiн қорытынды баланс.
Ұлттық шоттар жүйесiнiң теориялық негiздерi:
- жалпы өнiмдi жасаудағы материалдық өндiрiс саласы мен қызмет көрсету саласының бiрiне-бiрiнiң тең мағыналығы;
- нарықтық экономиканың шаруашылық субъектiлерi арасындағы байланыстың тiкелiлiгiне негiзделуi;
- нарықтық экономика жағдайындағы мемлекеттiң бүкiл халық шаруашылық кешенiн басқармауы;
- нарықтық экономиканың өзiн-өзi түзету механизмi көмегiмен реттелуi;
- мемлекеттiң реттеушiлiк функцияларының нарықтық инфрақұрылымды қамтамасыз ету және «жалпы нарықтық талаптарды» қалыптастыру саласында сақталуы.
Осылайша, ұлттық шоттар жүйесi қоғамның экономикалық саулығының кестесiн құруға және оны сауықтыруға көмектесетiн саясатты дұрыс анықтауға мүмкiндiк бередi.
Жалпы ұлттық өнiм және оны өлшеу әдiстерi
Ұлттық экономика өндiрiс көлемiн арттыруда көрiнiс табатын тауарлар мен қызметтер шығарылымын ұлғайту мүмкiндiгiне ие. Өндiрiс көлемiн сипаттайтын көрсеткiштер көп, бiрақ өндiрiс көлемiн барынша қамтитын көрсеткiш болып жалпы ұлттық өнiм табылады. (ЖҰӨ) Жалпы ұлттық өнiм бұл ұлттық экономикадағы бiр жыл iшiндегi тауарлар мен қызметтердiң түпкiлiктi өндiрiс көлемiнiң жиынтық нарықтық құны. Ол елдiң экономикалық дамуына сапалы сипаттама берiп, ұлттық өндiрiс өсiмiнiң тенденциясын анықтауға мүмкiндiк бередi.
ЖҰӨ-нiң көрсеткiш ретiндегi негiзгi сипаттамалары:
- ЖҰӨ барлық өнiмнiң сатылған сатылмағанына қарамастан, оның бiр бөлiгi өндiрiс қорларын толтырып жатқанда ағымдық өндiрiстi бейнелейдi;
- ЖҰӨ - бұл тауарлар мен қызметтердiң нарықтық құнын өлшейтiн ақшалай көрсеткiш. Сондықтан да, оның көлемi тауарлар мен қызметтерге деген бағаға тәуелдi.
- ЖҰӨ, онда тек түпкiлiктi өнiмдердiң нарықтық құны ескерiлгендiктен екi жақты шотты бола алмайды. Түпкiлiктi өнiмдер - бұл қайта өңдеу немесе қайта сатуға емес, соңғы қолдануға сатып алынатын тауарлар мен қызметтер, яғни ЖҰӨ-нен аралық өнiмдер құны шегерiледi. Өйткенi олар түпкiлiктi өнiмдер құнында ескерiледi. Ал олардың шегерiлмеуi екi жақты шоттың жүргiзiлуiн және ЖҰӨ-нiң шамадан тыс бағалауын беретiн едi. Осылайша, екi жақты шотқа жолықпау үшiн ЖҰӨ-де әрбiр фирма қалыптастырған тек қосымша құн ескерiледi.
Қосымша құн - бұл жабдықтаушылардан сатып алынып қолданылған шикiзат пен материалдар құнын есептемегендегi фирма өндiрген нарықтық құны.
- ЖҰӨ жыл iшiнде жасалған өндiрiстiк емес мәмлелердi ескермейдi. Өндiрiстiк емес мәмлелерге таза қаржылық мәмлелер мен ұсталған тауарларды сату жатқызылады.
ЖҰӨ-дi екi әдiспен өлшеуге немесе есептеуге болады:
- Өндiрiс шығындары тарапынан, яғни бұл әдiсте ЖҰӨ түпкiлiктi өнiм өндiрiсi бойынша немесе тұтынушының өнiмдi сатып алуға кеткен шығындары бойынша анықталады.
- ЖҰӨ-дi өндiру барысында алынған өндiрушiнiң табысы (түсiмi) тарапынан, бұл әдiсте ЖҰӨ қосымша құнды есептеу негiзiнде анықталады. Екi әдiс те бiр мәселенi, бiрақ екi жағынан қарастырады. Тұтынушының өнiмдi сатып алуға кеткен шығыны, сол өнiмдi өндiруге қатысушыларға табыс ретiнде оралады.
ЖҰӨ-нен басқа ұлттық шоттар жүйесiнiң маңызды көрсеткiштерi: таза ұлттық өнiм, ұлттық табыс және жеке табыс болып табылады.
ЖҰӨ-нiң бiр кемшiлiгi, онда ағымдағы жылдық өндiрiстi ұлғайту тенденциясы байқалады. Өйткенi ол жылдық өндiрiстiң биылғы жылғы капиталдың орнын толтыруға кеткен бөлiгiн шегерудi (амортизациалық аударымдар) ескермейдi. Сондықтан таза өндiрiс көлемiн анықтауда таза ұлттық өнiм (ТҰӨ) сияқты экономикалық көрсеткiш қолданылады.
Таза ұлттық өнiм - амортизациялық аударымдарды шегергендегi ЖҰӨ-ге тең. ТҰӨ- өндiрiс көлемiнiң салыстырмалы жетiлдiрiлген өлшеуiшi ЖҰӨ сияқты. ТҰӨ де жер, капитал, жұмыс күшi сияқты ресурстардың көмегiмен қалыптасады. Ұлттық өнiмдi жасауға салынған ағымдық ресурстарды пайдаға салынған жанама салықтарды есептемегендегi ТҰӨ бейнелейдi. ТҰӨ-нен пайдаға деген жанама салыстыруды алып тастағанда ұлттық табыс (ҰТ) алынады.
Ұлттық табыс - ресурстық шығындарды қоса есептегендегi ТҰӨ көрсетедi. Сондықтан да ҰТ ағымдық өндiрiс көлемiне қолданылған экономикалық ресурстарға деген нарықтық бағамдарды сипаттайды.
Жеке табыс (ЖТ) - Ұлттық табыстан адамдардың тапқан, бiрақ алмаған табыстарының үш түрiн шегергенде және ҰТ-қа адамдардың еңбек iс-әрекетiнiң нәтижесi болып табылмайтын, бiрақ алынған табыстарын қосқанда шығарылады.
Ұлттық өндiрiс көлемiн есептеуде тағы бiр көрсеткiш - жалпы iшкi өнiм (ЖIӨ) қолданылады. Ол берiлген елдiң өндiрiс факторларын пайдалана отырып, сол елдiң iшiнде өндiрiлген өнiмдер мен қызметтер ЖIӨ халықаралық операция түсiмдерiн ескермейтiндiктен, бұл көрсеткiштi әр түрлi елдердiң экономикалық даму деңгейiн салыстыруда кеңiнен қолданылады.
Номиналды және нақты ЖҰӨ
ЖҰӨ мен ҰТ ақшалай көрсеткiштер болып табылады. Сондықтан, олардың мәнi бағалардың динамикасы мен ашалай бiрлiктiң сатып алушылық қабiлетiне тәуелдi. Осылайша, бағалар деңгейiнiң өсуi немесе төмендеуi ЖҰӨ мен ҰТ-тың көлемiне әсер етедi. Өндiрiс көлемiн анықтауда индекс түрiнде көрiнiс табатын бағалар деңгейiн бiлген жөн.
Бағалар индексi дегенiмiз - бұл берiлген уақыт кезеңi үшiн тауарлар мен қызметтердiң жиынтық бағасы мен базалық кезеңдегi тауарлар мен қызметтердiң ұқсас тобының жиынтық бағасы арасындағы қатынас. ЖҰӨ бағаларының индексi оның дефляторы болып табылады. Оған тұтынушылық тауарлар мен қызметтердiң бағасы, мемлекет сатып алатын өндiрiстiк белгiлеудегi тауарлардың бағасы, сондай-ақ әлемдiк нарықта сатылған және сатып алынған тауарлар мен қызметтердiң бағалары кiредi.
ЖҰӨ бағаларының индексi көмегiмен әрбiр берiлген жылдағы өндiрiс көлемiнiң бағасын, базалық жылдағы бағаларға сай ұқсас өндiрiс көлемiнiң бағасымен салыстыруға болады.
Ағымдық бағаларды бейнелейтiн ЖҰӨ көрсеткiшi - ақшалық немесе номиналды ЖҰӨ деп аталады. Бағалар деңгейiн (инфляция, дефляция) ескере отырып есептелген ЖҰӨ көрсеткiшi - нақты ЖҰӨ деп аталады.
Номиналды ЖҰӨ-дi нақты ЖҰӨ-ге бөлiп, 100-ге көбейткенде ЖҰӨ дефляторын таба аламыз.
ЖӨ-ді есептеу әдістері
Экономикада ұлттық өнім көрсеткіштері көмегімен тауарлар мен қызметтердің жылдық (тоқсандық, айлық) шығарылым көлемін есептеу талпынысы жүзеге асырылады. Жалпы өнімнің айқаспалы көлемі біріншіден, неден құралатындығымен, екіншіден, неге шығындалатындығымен қызықты. Яғни, егер 2002 жылы Қазақстандағы ЖІӨ 3747198 млн. теңгені құраса, онда оның құрамына не кіреді және бұл сомма неге шығындалды.
Осылайша, ЖІӨ немесе ЖҰӨ сомалау жолымен, келесі үш әдістің біреуімен анықталуы мүмкін:
- ұлттық экономиканың барлық салаларындағы қосымша құн әдісі (өндіріс және салалар бойынша ЖІӨ) ;
- берілген жылы өндірілген өнімнің жалпы көлемін сатып алуға кеткен барлық шығындар әдісі (шығындар бойынша ЖІӨ) ;
- берілген жылы өндірілген өнімнен елге түскен барлық табыстар әдісі (табыстар бойынша ЖІӨ) .
Бірінші әдіспен (салалар бойынша) есептеу барысында ЖІӨ көрсеткішінің талдауы ЖІӨ-ді қалыптастырудағы жекелеген салалардың ара-қатынасы мен рөлін анықтауға мүмкіндік береді.
Мысалы, 2002 жылы Қазақстанның салалар бойынша жалпы ішкі өнімі келесідей болды, % :
Өнеркәсіп . . . 30, 1 %
Ауыл және орман шаруашылығы . . . 3, 4%
Құрылыс . . . 4, 4 %
Қызметтер өндірісі . . . 55, 1 %
Соның ішінде:
Көлік және байланыс . . . 31, 4 %
Өзге де қызметтер . . . 23, 7 %
Таза салықтар . . . 7 %
Барлығы . . . 100 %
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz