Үкіметтің макроэкономикалық саясатын талдау туралы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе2
1 тарау. Үкіметтің макроэкономикалық саясатын талдау2
2 тарау. Жаңа макроэкономикалық саясат3
3 тарау. Макроэкономикалық саясатты іске асыру тетіктері4
4 тарау. Индикативтік жоспарлауды енгізу5
5 тарау. Қаржы-ақша ресурстарын макроэкономикалық реттеу6
Қолданылған әдебиеттер:9
Кіріспе
1 тарау. Үкіметтің макроэкономикалық саясатын талдау
Республика үкіметі ішкі нарық бағасын дүниежүзілік бағаға кезең-кезеңімен жақындату мақсатымен бағаны ырықтандыру жөнінде макроэкономикалық саясат жүргізді. Мұның өзі мемлекеттің ақша ресурстарымен халықтың танысын, мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың қаржы ресурстарын тұрақсыздандыратын инфляция тенденциясының барған сайын жаңа оралымдарын туғызады. Соның салдарынан 1994 жылдың орта шеніне қарай дағдарысты құбылыстар әлеуметтік-экономикалық саланың шегінен шығып, мемлекеттің басқару құрылымына таралды, бұл тұтастай қоғамның тұрақсыздығы қауіпін тудырды.
Үкіметтің нарықтық экономиканы халық шаруашылық пропорцияларының кездей соқ нарықтық реттегіштерімен қалыптастыруға, өндірістің барлық секторлары мен аймақтардың шаруашылық қызметіне ықпал етудің қолданылмалы тұрақтандырғыштары мен реттегіштерінен бас тартуға бағытталған макроэкономикалық саясаты, өмірдің өзі көрсеткендей, қате болып шықты. Ішкі тұтыну нарқының ыдырауы, халықтың тұрмыс деңгейінің бес есе төмендеуі - тап осы қатенің тікелей салдары деу керек.
Әлі де мемлекеттік сектор басым болып отырған өндіріс саласына мемлекеттің араласпауы - үкіметтің Дағдарысқа қарсы бағдарламасы мен іс-қимылының негізі кемшілігі. Бұл бағдарламалардың макроэкономикалық саясат саласындағы тағы да бір елеулі кемшілігі - реформалардың әлеуметтік тірегі - меншік иелерінің қалың тобы пайда болу үшін нақты негіз жасамай нарықтық экономиканы құруға ұмтылуында жатыр. Соның салдарынан келіп мемлекеттік меншік түріндегі материалдық негіз әлсіреді де, реформаларға әлеуметтік қолдау жасалмай қалды.
Аталған бағдарламалардың қаржы - бюджет және несие - ақша саясаты саласындағы кемшіліктері халықтың ақшалай кірістерін азайту, тұтыну өрісін тарылту, кез келген меншік нысанындағы тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдаудан бас тарту арқылы бюджет тапшылығын шектеуге ұмтылу болып табылады. Кірістер саясатының жоқтығы мемлекет бюджетін барынша азайтуға алып келді, ал жаңадан құрылған кездейсоқ нарықтық құрылымдар экономикалық ырықтандыру саясаты жүргізілуінен туған шығындарды өтей алмады.
Несие жүйесін саудаға айналдыру және ақша эмиссиясын экономиканың бір сәттік және бір жолғы проблемаларын шешуге - бюджет тапшылығын, астық жинау, жылыту және басқа науқандарды қаржыландыруға пайдалану - экономикалық былықтың тереңдеуіне алып келді және республика экономикасының толық күйреу қауіпін тудырды.
2 тарау. Жаңа макроэкономикалық саясат
Конвенцияның негіздемесі мен мәні үкімет үсынған және ХВҚ қолдаған экономикалық тенденцияны реттеудің бытыраңқы нарықтық реттегіші бар үлгісі еліміздің терең экономикалық дағдарыстан шығу міндеттерін шешуге мемлекет ролін күшейтуді көздейтін және қажетті жағдайды макроэкономикаға тікелей мемлекеттің араласуына мүмкіндік беретін мемлекеттік реттегіштермен толықтырылуға тиіс.
Концепция әлеуметтік, салалық аймақтық, ғылыми-техникалық, қаржылық және т. б. салаларды реттеудің сыннан өткен экономикалық және әкімшілік араласуын жоққа шығармайды.
Қазіргі кезде мемлекеттік меншікті, мемлекеттік кәсіпорындарды, кеңшарларды тікелей басқару қажеттігі күман туғызбайды. Реформалау әдісі экономикаға мемлекет тарапынан ықпал ету механизмдерін сапалық тұрғыдан жақсарту жағына қарай түбірінен өзгертілуге тиіс.
Бір жағынан, экономиканы мемлеккттік басқару жүйесін, мемлекеттік институттардың жүмыс принциптері мен стилін реформалау, екінші жағынан, микродеңгейде мемлекеттік ықпал ету жүйесін қайта құру - кез-келген меншік нысандағы өндіріс сектордың шаруашылық қызметіне араласу - жаңа макроэкономикалық саясаттың мәні. Мемлекеттің басқару қызметін реформалау, негізінен алғанда, микроэкономикалық міндеттерді шешуге бағытталады, ал микродеңгейге мемлекеттік ықпал ету жүйесін қайта құру: мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру тенденциясын жүйелеуге сүйенеді; реформаның әлеуметтік тірегін жасау; меншіктің барлық нысанындағы тауар өндірушілерді қолдауға; ішкі тауар нарықтарын ырықтандыруға және басқаларға сүйенеді. Қорыта айтқанда, тұрақтылық болуы тиіс, сонда ғана халықтың өмір сүруі деңгейінің өсуіне жол ашылады.
Экономикалық бақылау - осы күнгі әрбір мемлекеттің негізгі қызметі. Біздегі бухгалтерлік есептеу, экономикалық талдау және бақылау жүйесі бұрынғы әкімшілдік-бюрократиялық басқару жүйесінің құралы ретінде қалыптасқан. Әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесі қайта құрылғанымен оның есептеу және бақылау жүйелері сол қалыпты өзгермей қолданылып келеді. Мемлекеттің есептеу, талдау және бақылау жүйесі нарық жағдайына сәйкес емес, икемсіз, негізінен бюрократиялық аппаратқа қызмет етеді.
3 тарау. Макроэкономикалық саясатты іске асыру тетіктері
Мемлекеттік өкімет органдарының өзара іс-қимыл жүйесі. Макроэкономикалық саясат мемлекеттік өкіметінің жоғарғы органдарының тиімді өзара іс-қимылы жүйесінен тыс жасалмайды да, жүзеге асырылмайды да. Кноценция өзара іс-қимылдың қосымшада көрсетілетін қағидаттарын үсынады.
Есеп пен есеп беруді қайта құру. Есептің, есеп берудің, бақылау мен талдаудың қолданылып жүрген жүиесі басқарудың әкімшілік жүйесінің мұқтажына арналған. Ол қолайсыз, түсініксіз және нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес келмейді. Әзірге ол қайта құрылмайынша, мемлекетте оқиғаның барысына араласа алатын дәл есептелген экономикалық аспаптар болмайды. Есеп жүйесі халықаралық стандарттар негізінде әзірленген есеп стандарттары кешеніне және аудит қалыптарына сүйеніп құрылуға тиіс. Бұлай болмайынша экономикалық аспаптар жиынтығы шексізат куйінде қала бермек. Барлық өркениеттегі сияқты «Бухгалтерлік есеп және есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңын әзірлеп, қабылдау және «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы» Қазаәкстан Республикасының заңын жетілдіру керек. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің есепті қайта құрудағы, ал Мемлекеттік статистика комитетінің есеп берудегі жеке жауапкершілігін күшейту қажеттігі пісіп жетілді.
4 тарау. Индикативтік жоспарлауды енгізу
Ұсыныс тұрғысындағы маңызы бар макро болжамдар көптеген тауар өндірушілердің шаруашылық қызметін үйлестіру саласындағы мемлекет жұмысына ешқандай жаңалық еңгізбейді. Министрліктер мен ведомстволар, облыс әкімшіліктері мен жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің орталықтандыруын жойып, олардың тапсырылған жұмыс учаскесіне жеке жауапкершілігін күшейту және оны жүзеге асыруға бақылау жасаудың сенімді жүйесін қалыптастыру керек. Жалпы экономикалық бағдарлама мемлекеттің бақылау-реттеу қызметіне жаңаша сипат береді. Бағдарлама нұсқау жоспар емес, ол жеке шаруашылықтардың даму бағытын айқындайтын, күнделікті іс-әрекетіне бағдар беретін құрал.
Бұл арадағы басты міндет басқару қызметі орталықтандырылуын жоюдың мемлекеттік экономикалық саясатқа қауіп төндіруі болып табылады. Мұндай міндет индикативтік жоспарлау әдістерімен - барлық деңгейдегі атқарушы өкіметтің бірыңғай мемлекет мүддесіне - индикаторлар, реттегіштер және тұрақтандырғыштар мен әкмшілік рәсімдері әдістерімен шешілуге тиіс.
Нақты индикаторлар: өзіндік құн, өндіріс көлемі, инфляция деңгейі және басқаларға негізделіп, монополияға қарсы және баға саясаты міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған Министрлер кабинетінің «Шаруашылық жүргізүші субъектілердің - табиғи монополистердің өніміне бағаны реттеу туралы» қаулысты бұған мысал бола алады. Бірақ бұл бір жолғы және жүйесіз жұмыс.
Әңгіме министрліктер мен ведомстволарға, мемлекеттік билік пен аумақтық өзін-өзі басқарудың жергілікті органдарына берілетін міндеттердің айқын (сапалық және сандық тұрғыдан белгіленген) жүйесін әзірлеу туралы, тапсырылған жұмыс учаскелерінің жүзеге асырылуына бақылау жасаудың қазіргі заманға талаптарына сай келетін нақты индикаторлар мен реттегіштерді талдап жасау туралы болып отыр.
Нақты мемлекеттік тапсырма және оның орындалуын бақылайтын жүйе ретінде индикативті жоспар ұйымдастыру - хұқылық және экономикалық-өлшемдік жағынан қатар анықталуы қажет. Бұл министрліктер мен ведомстволардың, жергілікті мемлекеттік үкімет орындары мен аймақтық басқару ұйымдарының осы күнгі нарық талаптарына сәйкес қызметтерінің мазмұны мен мақсатын, олардың іске асу механизмін айқындайтын экономикалық ынталандыру және реттеу (индикативті) құралдарын және жауапкершілік-хұқылық нормаларын жоғарыдан төменге қарай жүйе ретінде жасап индикативті жоспарға енгізу қажет деген сөз.
Осы мақсатта Индикативтік жоспарлау негіздері туралы занды әзірлеуді жеделдету қажет. Бұл заң әрбір министрлік пен ведомствоның, аумақтық басқару органдарының ВНП көлемі, ВВП бюджет тапшылығы, процент ставкасы және т. б. сияқты макроэкономикалық; ең төмен жалақы, күнкөріс минимумы, жұмыспен қамтылу деңгейі және т. б. сияқты әлеуметтіқ; аймақтың көлікпен, байланыспен, мектептермен, денсаулық сақтау қызметімен және т. б. қамтамасыз етілуі сияқты аймақтық, рентабельділік, шығындылық индикаторларға байланысты қызметі мен жауапкершілігін белгілейтін тисті ережелермен нығайтылуға тиіс.
Әрбір министрлік пен ведомство аумақтық әкімшілік жасау органдарының әрқайсысы экономикалық процестердің бұзылу ошақтарын тұрақтандыру мен ретке келтіру құралдарын игеру және бұл тұрғыда олардың заң жүзінде баянды етілген құкықтары мен міндеттері болуға тиіс. Қатаң жоспарлы қалып орнатудың емес, нақты объектілердің дамуын қадағалап отыруға мүмкіндік туатын экономикалық бағыттарды көздейтін индикативтік жоспарлауды енгізудің мәні осында.
5 тарау. Қаржы-ақша ресурстарын макроэкономикалық реттеу
Экономиканың серпінді теңдестірлуін мемлекеттік бақылау, ақша көлемі мен материалдық ресурстар арасындағы теңсіздікті жою бюджеті біртіндеп теңдестіру жөніндегі жұмыс қаржы-ақша ресурстарын макроэкономикалық реттеудің негізі міндеті болып табылады. Бұл міндеттердің бәрі тауар өндірушілердің мүдделеріне сәйкестендірілуге және инвестициялық стратегия мен құрылымдық саясаты басым салаларға бағыттауға көмектесуге тиіс. Қаржы және ақша ресурстарының белгіленген бағыттарға қарай түсуін қамтамасыз ету тиісті салық, баға, амортизация және бюджет саясатын жүзеге асыруға көмектесетін жалпы экономикалық көрсеткіштер мен реттегіштер жүйесін құру арқылы жүргізіледі.
Ақша-қаржы ресурстарын жалпы экономикалық деңгейде реттеудің незізгі мазмұны айналымдағы ақша-тауар көлемін реттеп, бюджет тапшылғын қысқартып, соның негізінде экономиканың тұрақты өсуіне жағдай жасау болады. Осы іс-әрекеттердің барлығы экономиканың құлдырауына қарсы, товар өндірушілердің мүддесіне сәйкес келеді және ұзақ мерзмдік инвестицияларды өндрістің негізгі салаларына жұмсауға мүмкіншілік береді. Қаржы және ақша ресурстары белгіленген бағытта жұмсалуы қажетті салық, баға, амортизация және бюджет саясатын жүргізуге жағдай тудыратын жалпы экономикалық ынталандыру және реттеу жүйесін қалыптастыру арқылы іске асады.
Бюджет саясатының өзегі бюджет шығыстары мен кірістері арасындағы мейлінше «жұмсақ» бағыныштылықты қамтамасыз ететін тұрақтандырғыштар болуға тиіс. Қаржы ресурстарын орталықтандыру деңгейін таңдап алу және бюджеттің кіріс базасын нығайту проблемасы тиісті-салық саясатын жүргізу және меншіктің барлық түрлеріндегі кәсіпорындардың мемлекетпен мемлекеттік тапсырыстар негізіндегі шарттық (келісім-шарттық) қарым-қатынасы негізінде шешілуі мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz