Макроэкономикалық тепе - теңдік туралы


ЖОСПАР
Кіріспе2
Макроэкономикалық тепе-теңдік2
1. Жинақталған сұраныс және оның қисық сызығы2
2. Жинақталған ұсыныс және оның қисық сызығы5
3. Тұтыну және қор жинау: өзара байланысы және ерекшелігі. Тұтынуға және қор жинауға шектік бейімділік. 6
4. Инвестиция және оның функционалдық белгілері. Инвестиция мөлшеріне әсер ететін факторлар8
Қорытынды11
Қолданылған әдебиеттер тізімі13
Кіріспе
Экономика мәселелері әр түрлі деңгейлерде: біріншіден, фирмалар, үй шаруашылықтары, салалар сияқты жекелеген шаруашылық бірліктер деңгейінде, екіншіден, бүкіл халық шаруашылығы және оның агрегатталған көлемдерді (мысалы, жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс көрсеткіштері) пайдаланатын құрамдастарының масштабында зерттеледі. Ғылымның тұтастай ағза ретіндегі шаруашылық, экономикалық өсу мен жұмысбастылық, шаруашылық механизмнің мүмкіндіктері мен жалпы жұмысы, мемлекеттің және экономикалық саясаттың функциялары жөніндегі бөлімі макроэкономика деп аталады. Ол жалпы өнімнің көлемі мен құрылымын, тұтастай экономиканың әрекет етуі мен тиімділігін қарастырады. Макроэкономиканың орталығында экономикалық реттеуді ұйымдастыру, инфляцияны басқару, табиғи ресурстарды сақтау, тауарлар мен қызметтер өндірісінің тиімді қарқынын ұстап тұру сияқты мәселелердің әзірленуі жатыр.
Макроэкономикалық тепе-теңдік
1. Жинақталған сұраныс және оның қисық сызығы
Экономикалық теорияны зерттеудің маңызды әдісі ілгеріде атап өткендей бір өлшемді (тепе-теңдік) әдіс болып табылады. Өткен тарауларда бұл принцип осы немесе басқа тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігінің, сол сияқты барлық өзара байланысты тауарлар, еңбек, капитал рыноктарында сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігінің постулаты ретінде танылды.
Экономиканың макро дәрежесін зерттеумен байланысты өзімізге мынадай сұрақтар қоялық, жиынтық халық шаруашылық көрсеткіштердің категорияларын: ұлттық табысты, инвестицияны, жинақты, жұмыспен қамтуды т. б. талдауда тепе-теңдікті осы қолдана беруге бола ма? Әрине болады. Енді бүкіл экономика көлемінде қоғамның кірістері мен шығыстарының тепе-теңдігі бірінші кезекке шығады. Бұл ұсыныс (өндірілген ұлттық табыс) пен сұраныстың (пайдаланылған ұлттық табыс) арасындағы тепе-теңдіктің өзіндік көрінісі. Мұндағы маңызды мәселе мына жағдайды анықтауда: жұмыспен толық қамтылған жағдайда кіріс пен шығыстың тепе-теңдігін рыноктық тетік өздігінен қамтамасыз ете ала ма? Егер бұл сұраққа жауап жағымсыз болса, мемлекет көмегімен рыноктық тетікке түзету енгізуге араласудың қажеттігі өзінен өзі туындайды.
Сонымен қоғамның жиынтық табысы деген не? Ілгеріде атап өткендей бізге белгілісі - бұл ұлттық табыс. Ал жиынтық шығын бұл ұлттық табысты тұтыну мен қор жинауға жұмсау. Алайда халықтың тапқан табысының бәрі жұмсалмайды, оның бір бөлігі жинақталады, яғни кейінге калдырылады. Сонымен бұл тарауда тек ұлттық табыс, инвестиция, тұтыну ғана емес, кор жинауды талдау да орын алады. Аталып өткен мәселелердің әр қилы жақтары Дж. М. Кейнстің көптеген еңбектерінде қарастырылған. Ұлттық табысты зерттеу, оның дәрежесін анықтауға біз атап өткен П. Самуэльсонның оқулығында да үлкен көңіл бөлінеді. Оның логикасын негізінен қор жинау мен тұтынудың мәнді мәселелерін талдауда қолданамыз.
Жиынтық өлшемдерге көшпес бұрын тағы бір ескертетін жай, Дж. М. Кейнс теориясы экономикадағы психологиялық факторлардың зор маңыздылығын ерекше көрсетеді. Кейнс теориясының терминдерінің өзі психологиялық ой елегінен өтеді: "бейімділік", "артықшылық", "күту", "ұмтылу" т. б. сияқты толып жатқан эпитеттер бұрыннан таныс "тұтыну", "жинақтау", "өтімділік" категорияларымен біте қайнасқан.
Макроэкономикалық теңдікті табу үшін, міндетті түрде жинақталған сұраныс пен жинақталған ұсыныстың категориясын қарастырамыз.
Жинақталған сұраныс - бұл ұлттық өндірістің нақты көлемі тұіынушының, кәсіпорынның, мемлекеттің кез келген баға деңгейінде сатып алуы. Жинақталған сұраныс тауар рыногында ұсынылған соңғы тауарға және қызметке барлық сұраныс қосындысын көрсетеді:
Сондықтан жинақталған сұраныстағы анықтаушы факторларды, шартты түрде жоғарыда көрсетілген төрт топқа бөлеміз және солардың әрқайсысының жинақталған сұранысқа ықпалын талдайды.
Ұлттық өндірістің нақты көлемі мен баға деңгейі арасындағы тәуелділік сұраныстың қозғалысына кері немесе қайшы бағытта болады. Ұқсас тәуелділік жеке тауар сұранысында да бар. Бірақ сұраныс қисық сызығының төмен және оңға ауытқуы жеке тауардың пайда тиімділігін және орнын басуы болып түсіндірілсе, ал жиынтық сұраныс қисығының үйлесу ұқсастығы басқа факторлармен байланысты. Оған келесілер жатады:
1. Проценттік ставканың көтерілу деңгейі, яғни несиені пайдалану бағасы. Бағаның өсуі тұтынушылармен өндірушілерді қарызға ақша алуға мәжбүр етеді. Бұл жағдай проценттік ставканы жоғарылатады, сондықтан сатып алушы саудасын кейінге қалдырады, ал кәсіпкерлер инвестицияны қысқартады. Нәтижесінде жиынтық сұраныс азаяды. Осы құбылыс "проценттік ставка әсері" деп айтылады.
2. "Кассалық қалдық әсері" немесе "байлық әсері". Байлық элементтері акция, облигация, жедел активтерінің құндық бағасының көтерілуімен халық тұтынысы төмендейді, кедейленеді. Нәтижесінде жиынтық сұраныс қысқарады.
3. Импорттық тауарлар әсері. Ел ішінде баға өсуі отандық тауарға сұранысты қысқартады, ал арзан импортқа сұраныс өседі. Барлық бұл әсерлер - баға деңгейі өзгеруімен байланысты. Графикалық түрде жиынтық сұранысы қисығы қозғалысымен бейнеленеді.
Бағалық емес факторлар сұраныс қисығын жиынтық сұранысы өскенде оңға, сұраныс төмендегенде солға ауыстырады.
Бағалық емес факторға жататындай:
1) тұтынушы шығыны өзгеруі, тұтынушы жағдайының деңгейі өзгеруімен байланысты;
2) инвестиция шығынының өзгеруі, яғни өндіріс құралын сатып алу көлемі де өзгереді;
3) мемлекеттік шығынның өзгеруі және басқалар;
4) таза экспорт көлемінің шығынының өзгеруі.
Қарастырылған факторлар ұлттық өндіріс көлемінің өзгеруімен жиынтық сұранысы өзгеруі байланысын болжауға мүмкіндік береді.
2. Жинақталған ұсыныс және оның қисық сызығы
Жинақталған ұсыныс - бұл әр түрлі баға деңгейінде ұсынуға мүмкін тауар мен қызметтің жалпы саны. Жинақталған ұсыныс - жалпы ұлттық өнімге тең немесе ұлттық табыс көлеміне теңестіруге болады:
Бағалық факторлардың ішінен жинақталған ұсынысқа ықпал ететін, жеке тауар рыногында ұсынысқа өзгерту әкелетін өндіріс технологиясы, шығындар және т. б. (микродеңгейде) .
Экономиканы жүргізу қабілеттілігі ол немесе басқа тауар мен қызмет көрсету көлемі, қолданып отырған өндіріс факторының саны мен сапасына ықпал етеді (жер, еңбек капитал) .
Өндіріс факторының санының өсуі немесе сапасының көтерілуі өндіріс қуаттылығының өсуіне әкеледі, демек жинақталған ұсыныс өседі.
Қорытынды: Жинақталған ұсыныс баға деңгейіне тәуелді. Өте жоғары баға өндіріс тауарын және оған ұсынысты ынталандырады. Ал, өте төмен баға керісінше өндірісті және тауарға ұсынысты қысқартады.
Егер жинақталған сұраныс жинақталған ұсынысқа тең болса, тауар рыногында тепе-теңдік орнайды. Бірақ нақты өмірде ол бұзылады.
Ауытқу варианттарын қарастырамыз:
1. Жинақталған сұраныс жинақталған ұсыныстан көп делік:
Тепе-теңдікке шығу үшін екі варианты болуы мүмкін.
- өндіріс көлемін өзгертпей, бағаны көтеру;
- шығарылатын өнімді кеңейту.
Егер фирмалар екінші жолды таңдаса, онда шығарылатын өнім көбейеді, не өндіріс жиынтық шығыны өсуіне әкеледі. Сондықтан, жаңа нүктеде теңестіру өндіріс көлеміне үлкен мағынада сәйкестенеді.
Қорытынды: Ұлттық табыс өседі.
2. Жинақталған сұраныс ұсыныстан төмен болса делік:
Мұнда да екі варианты болуы мүмкін:
- өндірісті қысқарту;
- өндіруді өзгеріссіз қалдырып, бірақ бағаны азайту жолы.
Кәсіпкердің бірінші қимылы: өндіріс көлемін қысқартып, тауарды тиімді бағамен қоймадан сатып көрсін. Егер мақсатқа мұнымен жетпесе, онда дереу бағаны азайту керек. Бұл жұмысшыларды босату басталмағанға шейін жүріп отырады.
Қорытынды: Ұлттық табыс төмендейді.
3. Егер жинақталған ұсыныс өссе - онда фирма тауарын көп ұсынады, тұтынушы арзан бағасымен алады. Нәтижесінде баға деңгейі түседі, ал сату көлемі немесе тауарларды шығару өседі, онда жаңа тепе-теңдік нүктеде тауар көп шығару мен баға деңгейі төмендеуі сәйкестенеді.
Қорытынды: Ұлттық табысқа әсері белгісіз, өнім көлемі мен баға әр түрлі бағытта болады.
4. Егер жинақталған сұраныс төмендесе, онда өнім шығару және баға түседі. Баға деңгейі азаюы қарқындап жұмысшыларды босатуға дейін алып келеді.
Қорытынды: Ұлттық табыс төмендеуіне әкеледі.
3. Тұтыну және қор жинау: өзара байланысы және ерекшелігі. Тұтынуға және қор жинауға шектік бейімділік.
Маңызды агрегаттық көрсеткіш болып, жинақталған сұраныс және жинақталған ұсыныспен бірге жинақталған тұтыну табылады.
Тұтыну - басты жинақталған шығыннан тұрады. Тұтынудың негізгі көзі - табыс. Табыстың қалған бөлігі қор жинауға кіреді.
Қор жинау - бұл тұтынылмайтын табыс бөлігі.
Қорытынды: Тұтыну сияқты, қор жинау да табыс деңгейіне тікелей тәуелді және сол факторлардың әсер ету ықпалы байкалады:
Табыс = қор жинау + тұтыну
Тұтыну = табыс - қор жинау
Қор жинау = табыс - тұтыну.
Табысы ортаңғы деңгейден жоғары семьялар қор жинайды. Кедейлер қор жинауы аз болады, ал ең кедейлер нольдік қоры бар, қарызға өмір сүретіндерде - теріс қор жинау болады. Қор жинауға қарағанда, тұтыну барлық семьяда бар. Ал, оның төменгі деңгейі құн көрістен түспеуі керек. Тұтыну ағымды керекті қанағаттандырса, қор жинау болашаққа. Тұтынуға орта бейімділікті және қор жинауға орта бейімділікті ажыратуға болады.
Тұтынушы ортаға бейімділік - бұл тұтынудың табысқа қатынасы, процентпен берілген.
Қолда бар табыс пен тұтыну арасындағы байланыс тұтыну функциясы деп аталады. Қордың қолда бар табысқа тәуелсіздігі қор жинау функциясы деп аталады. Елдің табысы өзгеріп отырады (түседі, көтеріледі) . Сондықтан бізге білу керегі, елдер осы табыстың қай бөлігін тұтынады және қай бөлігін жинайды.
Табыстың тұтынатын бір бөлігін немесе үлесін (өсетін, қысқаратын) - тұтынуға шекті бейімділік деп айтылады (МРС) .
Кез келген табыстың өсу үлесі, қор жинауға баратын түрі - қор жинауға шекті бейімділік деп аталады (МР8) .
МР8 және МРС жинағы, кез келген табыс өзгерісінде, салық төленген соң барлық кезде бірге тең болуы керек, яғни табыс өсуі не тұтынуға, не қор жинауға барады. Сондықтан, тұтынудың (МРС) үлесі және қор жинау (МР8) үлесі табыстың өсуін өзіне сіңіру керек:
МРС + МР8 = 1.
Адамның тұтынуға және қор жинау бейімділігінің табысқа әсерлілігі пікірталас тудырып келеді. Ұзақ жылдар бойы табыстың өсу мөлшері, өсуімін азайып баратын бөлігін тұтынады, ал қорлану көбейеді деген тұжырым орын алады. Ал, қазір көп экономистердің айтуы бойынша экономикаға МРС және МР8 әрқилы қатынаста әсер етеді.
Осыған дейін тұтыну мен қор жинаудың табысқа тәуелділігі қаралуда. Бірақ оларға басқа факторлар да әсер етеді:
1. Байлық. Семьяда қаншалықты жиналған байлық болса (жылжымайтын мүлік + бағалы қағаз), соншалықты тұтыну мөлшері көп, қор жинау мөлшері аз болады.
2. Баға деңгейі. Баға көтерілуі тұтынуды азайтады, баға түсуі тұтынуды көбейтеді.
3. Күту. Егер баға көтерілуі мен тауар дефициті күтілсе, онда тұтыну өседі, қор жинау төмендейді. Онда адам керегінен мол алады, болашақтағы жоғарғы бағадан сақтанады.
4. Салық салу. Салықтар тұтыну мен қор жинау арқылы төленеді, сондықтан, салықтың өсуі тұтынуды да қор жинауды да азайтады. Ал салықтың түсуі оларды көтереді.
4. Инвестиция және оның функционалдық белгілері. Инвестиция мөлшеріне әсер ететін факторлар
Таза шығынның тұтынудан кейінгі компоненті - инвестиция. Инвестиция - бұл табыс алу мақсатында елдің ішіндегі жеке салаларға және шетке ұзақ мерзімге мемлекеттік және капитал салымдарын айтады.
Инвестиция бағыттары:
- жаңа өндіріс ғимараттары құрылысын салуға;
- жаңа техника және технология, жаңа жабдықтар сатып алуға;
- шикізат пен материалдарды қосымша алуға;
- әлеуметтік нысаны және пәтер құрылысына. Осы бағыттарға байланысты:
- негізгі капитал инвестициясы;
- товарлы-материалдық қорлар инвестициясы;
- адам капиталы инвестициясы бөлінеді.
Бұдан басқа жалпы және таза инвестициялар болып бөлінеді.
Жалпы инвестициялар - ескі жабдықтың орнын басуға кеткен шығындар (амортизация) + өндірісті ұлғайтуға кеткен инвестиция өсуі.
Таза инвестиция - негізгі капиталмен амортизация қосындысын шегергендегі есептелген жалпы инвестиция. Егер таза инвестиция мөлшері тұрақты болса, экономика өседі, дамиды. Егер таза инвестиция нольдік мөлшерді құраса (жалпы шығынмен амортизация тең болса), онда экономика статика шамасында болады. Егер таза инвестиция теріс мөлшерді құраса (жалпы шығын амортизациядан төмен), онда іскерлік белсенділіктің төмендеуін көрсетеді.
Инвестициялық сұраныс факторына жатады:
- табыс мөлшерінің күтімі;
- банкілік процент ставкасы.
Бұл жердегі тәуелділік табыс мөлшерінің күтімі жоғары болса, онда инвестиция өседі. Проценттік ставка - бұл фирманың қарызға ақша капиталын алғанда төлейтін бағасы. Егер табыстың мөлшер күтімі (мысалы 10 %) процент ставкасынан (айталық 7%) болса, онда инвестициялау табысты болады және керісінше.
Қорытынды: Инвестицияға сұраныс тәуелділігі, процент мөлшеріне кері пропорционалды.
Инвестицияға сұраныс қисығына басқа да факторлар ықпал етеді.
а) инвестицияның табыс күтімін өсіруге әкелетін фактор қисықты оңға ауытқытады (инвестицияға сұраныс өседі) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz