Мал шаруашылық жүйесі


Жоспар
Кіріспе2
1. Мал шаруашылық жүйесі3
2. Мал шаруашылығының жайылымдылық жүйесі5
3. Қоршаулы - жайылымдық немесе жайылымдық-қоршаулы жүйе6
5. Сүт және ірі қара мал етін өндіруді ұйымдастыру7
Пайдаланған әдебиет11
Кіріспе
Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының негізгі салаларының бірі болып табылады. Бұл салада тұрғындардың негізгі тағамдық азықтары жасалады, адам орта есеппен тағамға қолданылатын калорияның 30 пайызға жуығы және белоктың 60 пайызға жуығын мал шаруашылығы өнімі есебінен алады.
Мұнымен қатар мал шаруашылығы өнеркәсіптің ет-сүт, тағам, жеңіл және басқа салалары өндірісін шикізатпен қамтамасыз етеді.
Мал шаруашылығы егіншілікпен өзара тығыз байланыста болады. Егін шаруашылығы мал шаруашылығын азықпен қамтамасыз етеді: елдің ауыл шаруашылық алқабының үштен екісіне жуығы мал азығын алу үшін пайдаланылады. Өз кезегінде өсімдік шаруашылығының әртүрлі қалдықтарын пайдалана отырып, оны органикалық тыңайтқыштармен қамтамасыз ете отырып, мал шаруашылығы егін шаруашылығына үлкен ықпал етеді.
Мал шаруашылығы деген ұғым ауыл шаруашылығының бір топ салаларын: ірі қара мал шаруашылығын, қой шаруашылығын, құс шаруашылығы, бал арасы шаруашылығын, аң шаруашылығын және басқаларын қамтиды. Бұл салалар адамға керекті өнім алу мақсатында мал мен құстың түр-түрін өсіру және жетілдіруге арналған. Олар сүт, ет, жұмыртқа, бал және басқа маңызды тағамдар алынатын көз болып табылды.
Мал шаруашылық өнімін ұйымдастыру кезінде шаруашылықта қабылданған мал шаруашылығы жүйесін ескеру керек.
1. Мал шаруашылық жүйесі
Мал басын неғұрлым өнімді пайдалануға, еңбек пен қаржы шығындары төмен болған жағдайда бәсекеге қабілетті өнім өндіруді ұлғайтуға бағытталған, ғылыми негізделген ұйымдастыру-экономикалық және зоотехникалық шаралар кешені мал шаруашылық жүйесі деп аталады.
Мал шаруашылығы жүйесі егін егіншілік жүйесімен ажырамас байланыста болады, ол табиғи-экономикалық аймаққа ижәне шаруашылықтың даму деңгейіне тәуелді.
Мал шаруашылығы жүйесі материалдық-техникалық, технологиялық және ұйымдастыру - экономикалық элементтерден тұрады.
Элементтердің бірінші тобына: мал ұстауға арналған қора-қопсы түрлері, бұларға қызмет көрсету жөніндегі жұмыс үрдістерін орындайтын мәшинелер, фермалардың жабдықтары, өндірістің басқа құралдары жатады.
Фермаларды өндірістің өнеркәсіптік әдістері қолданылған сайын капитал салымдары және мал басын ұстауға жұмсалатын материалдық-ақшалай шығындар ұлғаяды, бұлар мал өнімділігін арттыру арқылы өтелуге тиіс. Шығындардың ұлғаюы кешенді механикаландырылған қорлардың күрнделі құрылысынан және малды бағып-күту жөніндегі жұмыс үрдістерінің автоматтандырылуынан болады.
Жүйенің технологиялық элементтеріне мал басын ұдайы өсіру жүйесі, малдың тектілік, асыл тұқымдық сапасын, азықтандыру түрін, мал ұстау әдістерін, сондай-ақ мал ауруларымен күрес шараларын жақсарту жатады.
Жүйенің ұйымдастыру-экономикалық элементтеріне мал шаруашылығы құрылымы мен салалардың бағыты, жер алаңының бірлігіне есептегенде мал басының тығыздығы, табын құрылымы мен тектілік құрамы жатады.
Бұған сондай-ақ фермалардың мамандандырылуы, мөлшері мен орналасуы, еңбектің, жоспарлау мен есептің ұйымдастырылуы, салалар мен мал топтары шаруашылық ішіндегі және шаруашылықаралық байланыстар жатады.
Жүйенің осы үш элементі өзара байланысты және өзара сабақтас. Бұл элементтер мал шаруашылығының барлық салаларына тән, бірақ арбір сала үшін олардың әрекеті өзіндік болуы мүмкін.
Мал шаруашылығының әртүрлі даму кезеңдерінде жүйенің жекелеген элементтерінің маңызы бірдей емес. Мысалы, малдың жоғары асыл тұқымды қасиеттері азық жетіспеушілігі кезінде толық жүзеге аса алмайды. Мол азық қорын жасауға ерекше көңіл бөлу қажет.
Ғылыми мекемелердің деректері бойынша, мал шаруашылығы өнімін өндіру деңгейі 59 пайызға азықтандыруға, 24 пайыз өсіру жағдаятына және 17 пайыз басқа технологиялық факторларға тәуелді.
Мал шаруашылығы жүйесінің жекелеген элементтерінің маңызы әртүрлі табиғи-экономикалық аймақтар үшін және жан-жануардың түр-түрі үшін бірдей емес.
Азықты пайдалану әдістері және мал ұстау тәсілдері бойынша мынадай мал шаруашылығы жүйелерін бөлектейді:
- Жайылымдық - ұдайы көшпелі, отарлық-жайылымдылық, тұрақты-жайылымдылық, екпе-жайылымдылық жүйе;
- Қоршаулы-жайылымдық жүйе - малға көбінесе табиғи азық беріледі; орташа өнімділік құрама жемазыяққа негізделеді; мол өнімділік негізінен егістік немесе жоғары өнімді табиғи азықпен қоректендіру арқылы болмақ.
- Қоршаулы бағу-малды жыл он екі ай қора - қоршауда ұстап күту, қоршаулы-лагерлік жүйе.
2. Мал шаруашылығының жайылымдылық жүйесі
Қазақстанның оңтүстік, орталық, батыс облыстарындағы аудандарда кең тараған. Оның сипаты сол, мал жыл он екі ай маусымдық жайылымдарда болады. Жайылымдағы мал өнімділігі шамалы, сондықтан мал басы тығыздығы мен алаң бірлігіне есептегенде алынатын өнім онша үлкен емес. Бұл жүйе бойынша көбінесе қылшық жүнді, қаракөл мен ет-сүт бағытындағы қой шаруашылығы, табындағы жылқы шаруашылығы және түйе шаруашылығы дамытылады.
Бұл жүйенің бір түрі отарлық жайылым болып табылады, жайылымдар көктемгі-жазғы уақыттарында, олардың ең көп өнімділік көрсеткіш кезінде пайдаланылады, ал басқа уақытта жан-жануар азық қорымен, мал жаппа-паналармен қамтамасыз етіледі, малшылар үшін қажетті тұрмыстық жағдайлар көздестіріледі.
Еке-жайлымдық жүйе табиғи немесе шөп және басқа дақылдар ету арқылы жақсартылған азық алқаптарында малды жыл он екі ай жайылымды ұстауды ең жауапты кезеңдерде өндірістік үрдістерге (бағып-күтуге, азықтандыруға, өсіруге) адамның белсене араласуымен үйлестіреді. Қыста мал шөппен сүрлеммен, құнарлы азықпен қосымша қоректендіріледі. Жас төлдер жаппа-паналарда ұсталынады және т. б.
Қосымша шығындар салыстырмалы түрде аз жұмсалған жағдайда бұл шаралар мал өнімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.
3. Қоршаулы - жайылымдық немесе жайылымдық-қоршаулы жүйе
Мал шаруашылығының бұл жүйесі Қазақстанның солтүстік аудандарында таралған. Мал қысқы кезеңде - негізгі жұмыстар механикаландырылған, арнайы жабдықталған орындарда, ал жазғы уақытта - қажетті қосымша жемі бар жайылымдарда ұсталады.
Бұл жүйе азық алаңының 100 гектарына есептегенде мал басының жоғары тығыздығымен, азықтандыру мен ұстау жағдайларының жақсартылуын жылдам сезінетін, жоғары өнімді мал тұқымын пайдаланумен, азық алаңының гектарынан алынатын мал шаруашылық німін өндірудің жоғары деңгейімен және өнімнің жыл бойына біркелкі алынуымен сипатталады.
Қоршаулы-жайылымдық жүйенің жоғары өнімді түрі мал шаруашылығында кеңінен қолданылады.
Бұл - мал шаруашылығының ең өнімді жүйесі. Бұл жүйе кезінде азықтандыруды қатаң нормалау, жан-жануарды іргелі қысқы қоралар мен жазғы лагерлерде ұстау, ұрықтандыру мен төлдету мерзімдерін реттеу, жыл бойы жоғары және біркелкі өнім алу жүргізіледі.
Осы жүйе бойынша жан-жануар жылдық көп мерзімінде қораларда болады, тек әлсіздену мен ауруға ұшырауды болдырмау үшін сыртқы сейілге шығарылады, жыл он екі ай қоршауда ұстау кезінде қоршаулы-лагерлік деп аталатын жүйе қолданылады, яғни жан-жануар екпе жайылымдары маңында құрылған лагерлерде жаздай ұсталады.
5. Сүт және ірі қара мал етін өндіруді ұйымдастыру
Ірі қара мал шаруашылығының ерекшелігі сонда, ірі және құнарлы азықты көп мөлшерде қолдануға байланысты ірі қара мал, әдеттегідей, егістік азық дақылдарының үлкен алаңдары немесе табиғи азық алқаптары бар болған жағдайларда ұсталады. Бұған қоса, ірі қара мал шаруашылығы қор көп сіңірілетін сала болып табылады, оны да ескеру керек. Бұл осы саланың техникалық ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Өндірістік үрдістерді жүзеге асыру үшін мал шаруашылық қорлары, дайындалған азық, механикаландыру мен электірлендіру құралдары қажет. Қордың көп сіңірілуіне, сондай-ақ өндірістің негізгі құралы болып табылатын малдың жоғары өнідік құны да әсер етеді.
Қаржы салымдары салалық ішкі мамандандырылуға да тәуелді: етті мал шаруашылығымен салыстырғанда сүтті мал шаруашылығы қорды көбірек сіңіретін сала болып табылады.
Сүт және сиыр етін өндіруді ұйымдастыру кезінде осы ерекшеліктердің барлығын ескеру қажет.
Сүттің едәуір көлемі азаматтардың жеке шаруашылықтарында өндіріледі, барынша көп механикаландырылған жағдайда ол шаруашылықтар түсімі бола алады.
Қажетті ресурстар бар болған жағдайда сүт пен ет өндіру жөніндегі автоматтандырылған кәсіпорындар құры тиімді. Бұл ретте саланың ерекшеліктерін ескерумен осы фермаларды жан-жақты техникалық-экономикалық негіздеу жүзеге асырылуы қажет. Сондай-ақ кәсіпорындар өз өнімін өткізу рыногын күні бұрын анықтауы керек.
Мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізгі көшіру және ғылыми-техникалық азық жетістіктерді қолдану жағдайында малды ұстау мен азықтандыру технологиясы үнемі жетілдіруді талап етіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz