Жер кадастры құжаттамасы


ЖОСПАР
Мемлекеттік жер кадастры2
Мемлекеттік жер кадастрының мазмұны4
Жер учаскелерін тіркеу мақсаты үшін есепке алу5
Қазақстан Республикасының аумағын кадастрлық бөлу. 5
Жер кадастры құжаттамасы6
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі6
Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін беру және кадастр ақпараттарын пайдалану7
Жер мониторингі8
Жер мониторингінің міндеттері9
Жер мониторингін жүргізу9
Жер мониторингі ақпаратын алу мен пайдалану әдістері10
Мемлекеттік жер кадастры
Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскесінің орналасқан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады. Мемлекеттік жер кадастарына жер учаскелеріне құқықты субъектілер туралы ақпараттар да енгізіледі.
Жер кадастрының құрамдас бөлігі суармалы жер учаскелерінің мелиорациялық жай-күйі, олардың табиғи және ирригациялық-шаруашылық жағдайлары бойынша сапалық сипаттамаларын бағалау туралы, оларды пайдаланудың есебі туралы мәліметтер жүйесін құрайтын суармалы жердің мелиорациялық кадастры болып табылады.
Қазақстан Республикасында жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасының мемлекеттік кадастрлар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өздеріне қатысты алғанда мемлекеттік басқару органы болып табылатын, мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүргізеді.
Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтері мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады.
Мемлекеттік жер кадастры аэрофототопографиялық, фотограмметриялық, кадастрлік суретке түсіруді, жобалау-іздестіру, картографиялық және бағалау жұмыстарын, топырақ зерттеу, геоботаникалық және басқа да зерттеулер мен іздестірулер, жер мониторингін, жерді мөлшерлік және сапалық есепке алу және мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге байланысты басқа да жұмыстар атқару арқылы жүргізіледі.
Мемлекетік жер кадастрының деректері жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлау кезінде, жерге орналастыруды жүргізу, шаруашылық қызметті бағалау және жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да іс-шараларды жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, құқықтық және басқа да кадастрларды жүргізу, жер үшін төлем мөлшерін айқындау, жылжымайтын мүлік құрамындағы жер учаскелерінің құнын және табиғи ресурстар құрамындағы жердің құнын есепке алу үшін негіз болып табылады.
Мемлекеттік жер кадастрының деректерін есепке алу мен оларды сақтау бірлігі тұйық шекарада бөліп шығарылған, белгіленген тәртіппен жер құқығы қатынастары субъектілеріне бекітілген жер учаскесі болып табылады.
Жерге меншік нысанасына, жер учаскелерінің нысаналы мақсатына және оларды пайдаланудың рұқсат етілген сипатына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер учаскелері мемлекеттік кадастрлық есепке алуға жатады.
Мемлекеттік жер кадастрының мазмұны
Мемлекеттік жер кадастры мынадай жұмыс түрлерін:
- жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыруды;
- жер мөлшері мен сапасын есепке алуды;
- жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алуды;
- мемлекеттік тіркеу мақсаты үшін жер учаскелерін есепке алуды;
- жерді мемлекеттік кадастрлік бағалау мен топырақты бағалауды;
- жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз бетінде және электрондық түрде жинақтауды, өңдеу мен жүргізуді;
- мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру мен жүргізуді;
- жер-кадастр карталарын, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау мен жүргізуді;
- жер-кадастр кітабы мен бірыңғай мемлекеттік жер тізілімін жүргізуді;
- жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттарды дайындау қамтиды.
Жер учаскелерін тіркеу мақсаты үшін есепке алу
- Жер учаскелерін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті тіркеу мақсатында есепке алу меншік құқығын және басқа да құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке ауыртпалықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ететін қажетті шарт болып табылады.
- Жер учаскелерін тіркеу мақсаты үшін есепке алу жұмыстарын жүргізу тапсырыс берушілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағын кадастрлық бөлу.
- Қазақстан Республикасының аумағын кадастрлық бөлу жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беру мақсатында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағын кадастрлық бөлудің бірлігі есептік кварталдар болып табылады.
- Орналасқан жерін анықтау (сәйкестендіру) мақсатында әр бір жер учаскесіне кадастрлық нөмір беріледі.
- Кейіннен құқық кадастрында пайдаланылатын есептік кварталдардың шекарасы мен кодтары сәулет және қала құрылыс органдарымен, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу органдарымен келісім бойынша жер ресурстарын басқару жөніндегі аймақтық органдар айқындайды және тиісті атқарушы органдар бекітеді.
- Жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлерін түзу мақсатында облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, аудандарға және облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға берілетін кодтардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Жер кадастры құжаттамасы
- Жер - кадастр құжаттамасы есепке алудың барлық деңгейлерінде: базалық, мезгіл-мезгіл жаңартылатын және жыл сайын жасалатын құжаттаманы қамтиды.
- Базалық жер -кадастр құжаттамасына:Жер - кадастр істері; жер - кадастр кітабы; жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімі; жер - кадастр карталары жатады.
- Жер кадастр құжаттамасының құрылымын, құрамын, мазмұны мен нысандарын, сондай-ақ оны жүргізу тәртібін жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі
- Мемлекеттік жер кадастры қағазға түсіріліп жүргізіледі және ақпаратты жинақтаудың, өңдеу мен сақтаудың электрондық жүйелерін пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін.
- Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін беру және кадастр ақпараттарын пайдалану
- Белгілі бір жер учаскесі туралы мелекеттік жер кадастрының мәліметтері осы жер учаскесі есепке алынған орны бойынша үзінді түрінде беріледі.
- Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін құжаттау қағазға түсіріліп және электрондық тасығыштарда жүзеге асырылады. Қағазға жазылған мәліметтер мен электрондық тасығыштарда жазылған мәліметтер арасында алшақтықтар болған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, қағазға түсірілген мәліметтер басымдыққа ие болады.
- Жер учаскелері туралы кадастр мәліметтері жер -кадастр карталарымен (жоспарлармен) арақатынаста болады.
- Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін түзу топографиялық-геодезиялық, аэроғарыштық, картографиялық, жерге орналастыру, түгендеу бойынша, топырақты зерттеу, геоботаникалық, бағалаушылық және өзге де зерттеулер мен іздестірулер жүргізумен қамтамасыз етіледі.
- Мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мемлекеттік органдар, мемлекеттік кәсіпорындар мен лауазымды адамдар жер-кадастр құжаттамасына енгізілетін мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етуге міндетті.
- Жер кадастрының мемлекеттік құпия мен өзге де шектеулерді қамтымайтын мәліметтері баршаға қолжетімді болып табылады және мүдделі жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде беріледі. Жер кадастрының мәліметтерін мемлекеттік органдарға беру ақысыз негізде осы мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жер мониторингі
Жер мониторингі болып жатқан өзгерістерді уақтылы анықтау, оларды бағалау, одан әрі дамуын болжау және кері әсері бар процестерді болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізілетін жер қорының сапалық және мөлшерлік жай-күйін базалық (бастапқы), жедел, мерзімді байқау жүйесін білдіреді.
Жер мониторингі қоршаған табиғи ортаның жай-күйі мониторингінің құрамдас бөлігі және сонымен бір мезгілде басқа да табиғи ортаға мониторинг жүргізу үшін база болып табылады.
Халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламаларға сәйкес Қазақстан Республикасы жердің ғаламдық мониторингі бойынша жұмыстарға қатысуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz