МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҮЛГІЛЕРІ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 2
МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҮЛГІЛЕРІ 3
1. КЕЙНСИАНДЫҚ ҮЛГІ: РЫНОКТЫҚ МЕХАНИЗМ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІ БІРІКТІРУ
АРҚЫЛЫ БАСҚАРУ 3
2. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МЕН ТОЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ НЕСИЕ-АҚШАЛАЙ
ЖӘНЕ ҚАРЖЫ-БЮДЖЕТТІК САЯСАТЫ 5
3. НЕОКОНСЕРВАТИВТІК МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ҮЛГІСІ 9
4. ЖҮЙЕЛЕР ШЕҢБЕРІНДЕГІ МОДЕЛЬДЕР 12
ҚОРЫТЫНДЫ 14
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 15

КІРІСПЕ

Осы күнгі нарықтық экономикада мемлекет белсенді қызмет атқарады. Оның
атқаратын қызметтерінің бір бағыты - нарықты реттеу.
Товарларды өндіру және тұтыну кезінде сыртқы әсер пайда болуы мүмкін.
Ол оңды (пайдалы) немесе теріс (зиянды) түрде болады. Нарық субъектілері
оларға назар аудармайды, есепке алмайды. Мемлекет, мысалы, табиғатты,
қоршаған ортаны қорғау саласында осы сыртқы әсерлерді реттейді. Егер товар
өндірісі қоршаған ортаға теріс әсер жасайтын болса, мемлекет кәсіпорынға
айыппұл төлетеді, товар түрлеріне салық салады. Егер товар өндірісі қоғамға
оңды жер жасайтын болса, оңды мемлекет өндірушілерге және тұтынушыларға
дотация (қаржылай көмек) тағайындайды. Сыртқы әсерді реттеуде мемлекет
әкімшілдік іс-шаралар қолдануы мүмкін.
Нарық механизмі қоғамдық игіліктерді де реттей алмайды. Қоғамдық
игіліктерді сатып, пайда табу мүмкін емес. Бұл игілік түрін барлық қоғам
мүшелері пайдаланады, бірақ оның құнын төлетіп, қайтарып алу мүмкін
болмайды. Қоғамдық игіліктерге сұранысты тікелей өлшеп, есептеу де мүмкін
болмайды. Оларды әдетті түрде мемлекет өндіреді (жасайды).
Мемлекет жеке табысқа прогрессивті салық енгізіп, тұрғындардың
табыстарын қайта бөліп реттейді, олардың шектен тыс әлеуметтік жіктелуін
тоқтатады. Осыған байланысты бұл шара нарық ұстанымына қайшы келетінін айту
қажет. Сондықтан мемлекет шектеулі және төмен табыс алатындар үшін кең
көлемде басқа да әлеуметтік іс-шаралар қолданады.
Мемлекеттің экономикаға араласу іс-шараларын шектен шықпай, сақтықпен
жүргізген жөн болады, неге десеңіз олар экономикалық тиімділікке теріс әсер
жасауы да мүмкін.

МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҮЛГІЛЕРІ

Мемлекеттік реттеу шаралары жүйесінің концептуалды негіздері жағынан
және көздеген мақсаттары мен оларға жету үшін қолданылатын құралдардың
жиынтығына байланысты мемлекеттік реттеудің екі үлгісін атауға болады. Олар
кейнсиандық және консервативтік үлгілер.
Дж. М. Кейнстің аты макроэкономикалық реттеудің әр қилы жақтарын
талдауда жиі еске алынады. Бұл тарауда кейнсиандық теория мемлекеттің
қоғамның экономикалық өміріне араласуының концептуалды негізі ретінде жалпы
қаралады.

1. КЕЙНСИАНДЫҚ ҮЛГІ: РЫНОКТЫҚ МЕХАНИЗМ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІ БІРІКТІРУ
АРҚЫЛЫ БАСҚАРУ

Дж.М. Кейнс жасаған "реттелетін капитализм" немесе "жұмыспен қамту"
теорияға негізделген мемлекеттік реттеу тәжірибесі 30-жылдары қалыптаса
бастады да, дүниежүзілік соғыс кезінде біраз үзілісте болды. Көптеген Батыс
елдерінің экономикалық саясаты үстіміздегі ғасырдың 70-жылдарының соңына
дейін осы теорияны қызу қолдап келді. Кейнстің тұжырымдамалары, әсіресе АҚШ
пен Англияның мемлекеттік реттеу шаралары жүйесінде толығырақ жүзеге асты.
Дж.М. Кейнс теориясының мәнін және бағдарын жете түсіну үшін бұл теорияның
пайда болуының тарихи жағдайларын еске алайық. Кейнстің бұл бағыттағы
негізгі жұмыс —"Жұмыспен қамтудың, өсім мен ақшаның жалпы теориясы" 1936
жылы жарық көрді. Бұған дейін батыс елдерінің экономикасы өз тарихындағы ең
терең 1929—1933 жылдары экономикалық дағдарысты басынан өткізді.
Бұл тек қана кездейсоқ өнеркәсіптік дағдарыс емес, жалпы монополиялық
ұдайы өндіріс механизмінің дағдарысы еді. Д. Кейнстің көрсетуі бойынша
экономика өзін-өзі реттеу мен тұрақты даму қабілетін белгілі жағдайларда
жоғалта бастайды. Сондықтан, қоғамдық ұдайы өндірістің терең
қайшылықтарсыз, серпінді дамуын қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдерді іздеудің
нақтылы қажеттілігі туындайды.
Экономиканың дамуын қамтамасыз ететін фактор ретінде, Кейнс "Тиімді
сұраныс" жағдайын тұтыну (жеке тұтыну) мен қаржыландыру (өнімді тұтыну)
қатынастарын алып қарастырады. Экономикалық дамудың серпінділігіне әсер
ететін бұл факторларды таңдау кездейсоқ емес еді. 30-жылдардың ортасында
Батыс елдерінің экономикасы ұзаққа созылған дағдарыстан шыға бастады. Ал
капиталист өндіріс дағдарысы тауарларды, капитал мен жұмыс күшін артық
өндіру дағдарысы, яғни ұсыныстың сұраныстан артуы. Ұсыныс өздігінен
сұранысты тудырады деген Ж.Б. Сэйдің заңын сынай отырып, Кейнс үздіксіз
дамуды қамтамасыз ету үшін сұранысты ынталандыру, тиімді сұраныс пен ұлттық
табыстың өсімін қалыптастыратын факторларға әсер ету қажет деген логикалық
тұжырым жасады.
Тиімді сұраныс неге байланысты және оны қалай реттеуге болады?
Жоғарыда ескертілгендей, тиімді сұраныстың бір бөлігі жеке тұтыну
болып табылады. Ал оның өзі, жұмыс күшінің іске тартылу деңгейіне
байланысты, сондықтан жұмыссыздық тиімді сұранысқа қарсы әсер етуші
факторға айналады. Толық жұмыспен қамтудың деңгейі немен айқындалады? Жаңа
классикалық экономикалық ағым іске толық тартылу екі факторға байланысты
деп үйретеді: шекті еңбек өнімділігі (еңбекке сұранысты анықтаушы) және
нақтылы жалақымен өлшенетін шекті еңбек өнімділігі (еңбекке сұранысты
анықтаушы) және нақтылы жалақымен өлшенетін шекті еңбек ауыртпалығы (еңбек
ұсынысын анықтаушы). Басқа жағдайлары тең болғанда іске толық тартылу
дәрежесі жұмысшылардың нақтылы жалақыға қатынасына тәуелді болады.
Дж. М. Кейнс бұл тұжырымдамаларды теріске шығарып, іске толық тартылу
тұтынуға бейімділікпен, яғни тұтыну мен қаржыландыруға кетуі мүмкін
шығындармен анықталады деп тұжырымдайды. Жалпы табыстың өсуін тұтыну
шығындарының маңызды анықтаушы факторы деп қарастырып, Кейнс сонымен қатар
мынаны атап өтті: табыстың өсуі тұтыну деңгейін арттырады, бірақ ол
айтарлықтай мөлшерде болмайды. Бұл "негізгі психологиялық заң" дегеннің
әрекетіне байланысты. Оның мәні адамдар тұтынуды арттырудан гөрі өз,
табыстарын арттыруға бейім, яғни адамдардың қор жинауға табиғи бейімділігі
айқын көрінеді деген тұжырымдама. Әлеуметтік факторлардың ішінен абсолютті
"табиғи бейімділікті" әсірелеп дәріптеу, оның ғылыми принциптерінің басты
кемшілігі Дж.М. Кейнс нақтылы өмірде кездесетін заңдылықтарды өзінше
пайымдайды. Бұл заңдылықтың мәні — ұлттық табыс көлемі неғұрлым жоғарыласа,
ондағы тұтынудың үлесі салыстырмалы төмендейді. Бұл құбылыс экономикалық
өсудің экстенсивті типі басым кезеңдерде және өнеркәсіптің негізгі
салаларының қалыптасуы жағдайларына тән. Кейнстің пікірінше неғұрлым
байыған сайын, қор жинауға бейімділік соғұрлым артады және сол шамада шекті
тұтыну бейімділігі кемиді. Нәтижесінде өндірілетін өнім көлемі мен іске
толық тартылу шектеледі.
Ұлттық табыстың өсуі негізінде экономикалық өсу мен іске толық
тартылуды қалайша үйлестіруге болады?
Бұл сұраққа жауап толық жұмыспен қамтудың, тұтынудың және
қаржыландырудың арасындағы функциялардың байланысын анықтауда жатыр.
Мемлекет назары қаржыландыруды ынталандыруға бағытталуы тиіс. Сонымен
табыстардың өсуіне ілесе алмайтын халықтың жеткіліксіз сұранысын,
қаржыландыру сұранысын ұлғайту жолымен өтеу керек. Ал қаржыландыру өсімі
екі факторға: күтілген пайда мен банк процентіне тәуелді. Қаржыландыру
сұранысын ұлғайту құралдарына, несие-қаржы жүйелері жатады.

2. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МЕН ТОЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ НЕСИЕ-АҚШАЛАЙ
ЖӘНЕ ҚАРЖЫ-БЮДЖЕТТІК САЯСАТЫ

Пайда мөлшерін және сұранысты арттыру ақшалай (номинальды) жалақыны
кеміту арқылы болады. Бұл классикалық теорияның концепциясы. Жалақыны
қысқарту бағаның төмендеуіне және нақтылы табыстың жалдама жұмысшылардан
басқа өндіріс факторларына (кәсіпкерлерге), кәсіпорындардан рантьеге қайта
бөлінуіне алып келеді. Жалпы қайта бөлу тұтынуға беиімділікті кемітеді.
Осының нәтижесінде күрделі қаржы жұмсаудың тиімділігі артады. Бұдан
басқа, бағаның төмендеуі мен ақшалай табыстың шектеулігі нақты ақшаға
сұранысты азайтады. Өз кезегінде қарыз өсімінің деңгейі төмендеп
қаржыландыруға қолайлы жағдайлар жасалады. Бұл жол, жалақының икемді
саясаты атанып, ақшалай жалақы бірлігінде көрсетілген ақша санын өзгерту
әдісін бейнелейді. Рыноктық экономика жағдайындағы демократиялық қоғамда
бұл саясатты жүзеге асыру күрделі мәселе. Авторитарлық қоғамда ғана жалақы
қаржы саясаты арқылы жоғарыдан реттеледі. Рыноктық экономикада жалақыны
біржақты қаулылар арқылы реттеу, әсіресе төмендету кәсіподақтардың
қарсылығына ұшырайды. Екіншіден, бұл саясат нәтижесінде бағаның
тұрақсыздыгы артып, кәсіпкерлер арасындағы іскерлік байланыстарды
қиындатады. Мұның салдары қаржыландыру сұранысына да теріс әсерін тигізеді.
Жалақы саясатының теріс жақтарын болғызбау үшін ақша саясатын да шұғыл
өзгертіп отыратын іс-әрекет механизмі керек. Ашық рыноктағы несие-ақшалай
операциялар арқылы ақшаның мөлшерін реттеу, есептік ставка мен міндетті
қосалқы қор мөлшерін реттеу, осының барлығы Кейнстің есебі бойынша
үкіметтің қолынан келеді. Жалақы бірлігіндегі ақша мөлшерін көбейту
жалақының мөлшерін өзгертпей-ақ өсім дәрежесін төмендетуге, бағаның және
қаржылардың шекті тиімділігін арттыруға жол ашады. Сондықтан бұл
қаржыландыру сұранысы мен толық жұмыспен қамтуды ынталандырады. Сол сияқты
жинақ ақша өсімінің төмендеуі тұтынуды арттырып, банктерден ақшаның кетуін
тездетеді.
Бұл шаралардың тиімділігін арттыру үшін қосымша белсенді бюджет-қаржы
саясатының да жүргізілуі тиіс. Белсенді қаржыландыру іс-әрекетін жүзеге
асыру мәселесі ұлттық табысты салық төлемдерін өсіру арқылы мемлекет
пайдасына қайта бөлуді талап етеді. Басқа жағдайларда банктердегі салық
жүйесі арқылы алынған ақшаларды мемлекет қаржыландыру сұранысын кеңейтуге
және іске тартылуды ұлғайтуға жұмсауы керек.
Тікелей кәсіпкерлікпен айналысудан басқа Кейнс мемлекетке тиімсіз
өндіріс салаларын, коммуналдық шаруашылықты, жәрдем ақы төлеуді
қаржыландыруды ұсынды. Мемлекеттік шығындарды Кейнс мемлекеттік бюджеттің
кірістік бөлігімен ғана шектеп қоймай, тапшылықты қаржыландырудың да көзі
екендігін білді. Ол мұндай шаралардың инфляцияны қоздыратынын түсінді,
бірақ, инфляцияның қарқынын мемлекет реттейді, өйткені бюджет тапшылығының
көлемі мен ақша шығару соның қолында деп есептейді. Экономиканың тарихи
дамуы бұл көзқарастың дұрыс екенін көрсетті.
Сұраныстың бюджеттік ұлғаюы жұмыссыздықтың азаюының шешуші
факторларының бірі болады және экономикалық мәселелерді шешуден басқа
әлеуметтік қайшылықтардың өткірлігін бәсеңдетуге әсерін тигізеді. Сонымен
қатар, Кейнс өндіріс көлеміне, табысқа және жұмыспен қамтуға әсері
тұрғысынан мемлекеттік шығындардың қажеттілігі мен тиімділігін негіздеу
үшін "мультипликатор" теориясын ұсынды.
Айта кететін бір жай Кейнстің негізгі мақсаты іске тартуды мемлекеттік
реттеу болса да ол жұмыссыздықтың толық жойылуын қаламады. Керісінше оны
төмен деңгейде болса да сақтауды ұсынды. Кейнстің пікірі бойынша,
жұмыссыздықты толық жою ақшалай жалақының артуын туғызып, кәсіпкерлердің
пайдасын азайту арқылы қаржыландыру сұранысын кемітеді. Жұмыссыздықтың
болуы жалақыны "шектеу" саясатын жүзеге асырып, "тиімді сұраныс" жағдайын
қамтамасыз етуі тиіс. Сол себепті Кейнс үшін іске толық тарту түпкі мақсат
емес, тек "тиімді сұранысқа" жетудің құралы ғана және де ол кәсіпкерлік
табысқа тәуелді жағдайда болады.
Дж.М. Кейнстің концепциясы экономиканы мемлекеттік реттеудің ұзақ
мерзімдік тәжірибесінің негізі болды. Бұл концепция әр түрлі елдердегі
өндіргіш күштердің даму деңгейіне байланысты және сол елдердің өзіндік
ерекшеліктеріне сай қолданылады.
Кейнсиандық реттеу моделін талдауды аяқтай келе оның негізгі
сипаттарына тоқталайық:
Біріншіден, мемлекеттік бюджет арқылы қайта бөлінетін ұлттық табыс
үлесінің жоғары болуы, мысалы, ол Жапонияда — 34,2%, АҚШ-та — 37,6%, Батыс
Еуропа елдерінде — 50% және одан жоғары бұл жерде үлестің өсу тенденциясы
байқалып отыр.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ МЕН ОНЫҢ ОБЪЕКТІСІ
Экономиканы мемлекеттік реттеу: қағидалары мен үлгілері
Туризм - экономиканы дамытудағы басты жол
Экономиканы мемлекеттік реттеу: маңызы мен бағыттары
Саясат тарихы туралы ақпарат
Экономикалық өсудің қарқыны
Туризмді ұйымдастырудың экономикалық тетіктері
Тауар және игіліктер нарығындағы тепе - теңдік
Бағалы қағаздар рыногының сызығы
Кәсіпорынның ақша қаражатының есебі
Пәндер