Меншік: мәні, мазмұны


ЖОСПАР
Меншік: мәні, мазмұны2
Меншік формалары және оның даму диалектикасы3
Қазақстан Республикасының меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы4
Меншік: мәні, мазмұны
Қай ел болсын оның шаруашылық өмірімен жете танысу барысында мынадай сауалдарға тап боламыз: экономикалық билік кімнің қолында? Немесе адамдардың өмір сүру негізі - материалдық игіліктерді иемденетін кім? Бұл биліктің мәні - өндіріс құрал-жабдықтарына және оның нәтижелеріне тиісті меншік қатынастары болып табылады.
Меншік - қоғамдық құрылыстың экономикалық негізі - қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Сондықтан әрбір мемлекет меншік туралы заңдар қабылдап оны қорғайды. Меншік, заң жағынан алып қарағанда мүліктік қатынастарға жатады. Құқықтық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделетіні және бөлінетіні анықталады. Меншік иесі заңмен анықталған мүліктерге ие болады. Және ол қолындағы мүліктерді иемдену, пайдалану және оған иелік жасау өкілеттілігін алады.
Меншік қатынастары құқықтық және экономикалық материалдардан тыс қалыптаспайды. Олар осы екі формада бірдей әрекет жасайды. Сонымен, меншіктің категория ретінде қоғамдық процесте сипаттайтын принциптерінің ерекшелігі осында.
Меншік дегеніміз - өндіріс құрал жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар. Ол адам мен заттың арасындағы қарым-қатынас емес, адамдар арасындағы қатынастар болып табылады.
Меншік формалары және оның даму диалектикасы
Меншік - қашанда белгілі тарихи қалыптасқан формаларда пайда болып дамиды. Адамдардың жасампаз әрекеттерінің негізгі материалдық құралдарын иемдену - бұл әр қоғамдық өндіріс дамуының өзекті көзі. Ал экономиканың басты құрылымы технологиялық процесте жұмысшы мен және оның еңбегінің өндірістің заттық факторларымен ұштасуы қандай қоғамдық формада жүзеге асырылатынан тәуелді болады.
Адамзат қоғамының тарихи даму барысында құрал-жабдық меншіктерінің әр түрлі формалары болған. Алдымен олардың біріне-бірі қарсы жалпы және жеке меншік деп аталатын екі формасы бар.
Меншіктің басты формасының бірі - ұжымдық кәсіпорынның меншігі. Бұл меншік мемлекеттік кәсіпорынның барлық мүлкі еңбек ұжымының меншігіне көшкен, жалға алынған мүлікті сатып алған немесе заңда көзделген басқа да тәсілдер арқылы ие болған мүлік жағдайында пайда болады. Сонымен бірге, ұжымдық кәсіпорынның мүлкі, оның ішінде өндірілген өнім, алынған табыс - олардың ортақ игілік болады.
Ұжымдық меншіктің кооперативті меншік, шаруашылық қоғамы мен серіктестіктердің, акционерлік қоғамның қоғамдық ұжымдар мен қорлардың және діни ұйымдардың меншіктері деп аталатын бірнеше түрі болады.
Жеке меншік - жеке адамның өндірістік заттық факторларына және соның нәтижесіне өз меншігі ретінде қарауы. Оның өз еңбегіне негізделген екі түрі бар.
Жеке меншіктің негізгі ақауы - өндіріс құрал-жабдықтары иелері жалдамалы жұмысшыларды қанауда деген қағида. Міне осыған байланысты кеңестік экономикалық әдебиеттерде адамды адам қанауды жою үшін жеке меншікті мемлекеттік меншікпен алмастыру қажет деген ой пікір берік орныққаны әркімге аян.
Қазақстан Республикасының меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы
Республикамызда нарықтық қарым-қатынастарды қалыптастыру бағытында көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Оның сан алуан тәуелсіз және тең құқықты актілерінің болуы - нарықты қалыптастыру мен оның тиімді жұмыс істеуінің қажетті шарты. Бұл мемлекет меншігінде кәсіпорынның негізгі бөлігін мемлекеттік басқару органдарына тікелей бағынудан құтқарып оларды акционерлік, кооперативтік және т. б. кәсіпорындарға айналдыруда қажет етеді.
Мемлекеттік меншіктің бүкіл қоғамды түгел қамтитын сипатынан айыру, меншікті мемлекет иелелігіне алу, акционерлік, кооперативтік және жеке меншікке негізделген кәсіпорындардың алуан түрлерін қалыптастыру адамдардың шаруашылыққа және еңбекке деген ынта жігерін арта түсуіне жол ашып, әлеуметтік қиындықтарды жеңілдетеді.
Жалпы меншік туралы сөз болғанда ол бір бірімен өзара байланысты: дәстүрлі, әрекеттік құқығы, экономикалық және заңды құқықтық деп аталатын үш тарамнан тұратын барынша күрделі ұғым екендігін естен шығармау қажет. Мұндағы басты ерекшелік заңнан ұжымдық меншік деген ұғым алынып тасталды. Дәл қазіргі сәтте Қазақстан Республикасында меншіктің жеке және мемлекеттік меншік, сонымен қатар осы екеуіне тән негізделген меншіктің әр түрлі заңды деп саналады. Олар:
- Арендалық кәсіпорынның меншігі
- Кооперативтердің меншігі
- Шаруашылық қоғамы мен серіктестіктердің меншігі
- Акционерлік қоғамның меншігі
- Ассоциялардың және бірлестіктердің меншігі
- қоғамдық ұйымдар мен қорлардың меншігі
- діни ұйымдардың меншігі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz