Монополия және монополиялық билік туралы мәліметтер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Монополия және монополиялық билік 1
1. Монополистің өнім көлемі 3
2. Монополиялық биліктің көрсеткіштері 8
3. Нарықты монополиялаудың белгілері 9
4. Монополиялық бағаны қалыптастыру ережелері 9
5. Ұзақ мерзімді кезеңдегі монополиялық 9
6. Бір зауытпен жұмыс істейтін монополия 10
7. Монополиялық биліктің әлеуметтік шығындары 12
8. Мемлекет тарапынан монополияны реттеу 13
9. Бағалық дискриминация 15

Монополия және монополиялық билік

Нарық құрылымының ерекшеліктерін сипаттайтын ең басты көрсеткіштердің
бірі, осы қарастырылып огырған нарықтағы фирмалардың саны боп табылады.
Жетілген бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және сатып алушылар саны өте
көп болады, сондықтан олардың әрқайсысы жеке түрде тауардың нарықтық
бағасына әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс
арасындағы байланыс арқылы анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар мен
сатушылар жетілген бәсеке нарығында тауардың бағасын тұрақты деп және
өздерінің бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнім өндірушілердің басты мақсаты
пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнім
көлемін анықтауға ынталанады..
Бәсекелесу деген сөздің өзі экономикалық пайданы бөлу және тұтынушының
тандауының бар екендігін көрсетеді. Дәл осы себептен де өндірушілер
тұтынушының сұранысын арттыру үшін әрекеттер жасайды. Ал монополия
жағдайында тұтынушының алдында бір ғана ірі өндіруші тұрады. Тұтынушы
қаласа да, қаламаса да монополистің өнімін пайдаланып, оның тағайындаған
бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистің үлкен билікке ие болуына
оның тауарының ерекшеленуімен қатар, осы тауардың алмастырушысы аз болуы да
әсерін тигізеді. Бұл 1-суретте бейнеленген.

1-сурет. Монополиянық ерекшеліктері

Берілген тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы
тауарды ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық -
монополия, ал фирма - монополист деп аталады. Монополист берілген тауарды
ендіретін жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бір мезгілде
нарықтың сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының
бағасын анықтайды. Монополист өзінің ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың
бағасын бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгілейді және де
бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз
тауарының шығару көлемін өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерін тгізе алса,
онда ол монополиялық билікке ие болады деп айга аламыз.
Егер нарықта жеке өндірушінің монополиялық билігі орнықса, онда қоғам жалпы
белгілі шығындарға ұшырайды, себебі тұтынушылар тауарды тұтынудың көлемін
азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейді. Сондықтан да дүние жүзінің
көптеген елдерінде нарықты монополиялауды шектейтін монополияға қарсы
заңдар қабылданып, іске асырылуда. Бұл заңдарға қарамастан өлемнің барлық
елдерінде өндіруші-монополистер бар. Экономикалық тұрғыдан қарағанда тиімді
болады деп есептелетін кейбір нарықтарды монополиялауға да мүмкіндіктер
туғызылады. Оларды монополиялық нарыққа енудің тосқауылы деп атайды. Және
де олар кез келген жаңа өндірушінің нарыққа кіруіне мүмкіндік бермейді.
Бүл шектеулер төмендегідей:
1) ірі өндірістің басымдылығы;
2) легальды тосқауылдар (шикізат қорын, жерді ғылым мен техниканың
жетістіктерін монополиялық түрде иелену, тауарды жеке өндіру үшін
өкіметтен алынған ерекше ерекше құқықтар);
3) бәскелесуді әділетсіз жүргізу.
Ірі өндірушілердің ұсақ өндірушілермен салыстырғанда өте көп
артықшылықтары бар. Мысалы, ұсақ бәсекелестердің шикізат көзіне, несиеге,
нарықтық ортаға шығуына ірі өндірушілер тосқауыл қоя алады.
Монополиялық өндірісте ірі фирмалардың жұмыс істеуі тиімді, себебі ірі
өндірістің шығындары ұсақ өндірістің шығындарынан гөрі төмен болатыны
практика жүзінде дәлелденген. Мысал ретінде табиғи монополияны айтуға
болады.
Монополияны тек қана экономикалық шектеулер емес, сонымен қатар
құқықтық шектеулер де қорғайды. Құқықтық шектеулердің көп тараған түрі -
жеке меншік құқығы. Егер бір фирманың меншігінде ете сирек кездесетін
шикізат болса, онда бұл фирма монополист болады. Легальды тосқауылдарға
патенттер мен авторлық құкықтар жатады. Жаңалық ашқан адам патент алмаса,
онда ол өзіне берілетін ерекше жеңілдіктерге ие бола алмайды. Легальды
тосқауылдың негізгі мәнін былай түсінуге болады: патентің болса – құқығың
бар, ал патент жоқ болса – құқығың да жоқ. Бұл жағдайдың біздің
мемлекетіміз үшін маңызы зор, өйткені Кеңес үкіметі кезіндегі ойлап тапқан
жаңалықтардың көбінің мемлекетаралық патенті жоқ болды, сондықтан да бұл
жаңалықтарды шет елдің адамдары тегін пайдалануда.
Легальды тосқауылдың тағы бір түрі жеке өндірушіге мемлекет тарапынан
белгілі бір тауарды өндіруге ерекше түрде (монополиялық) құқық беру. Бұндай
жағдайда елдің ұлттық қауіпсіздігі көзделеді. Көп жағдайда арақ-шарап
өнімдері, қару-жарақ шығару, дәрі-дәрмек шығаруда қолданылатын есірткілік
заттар бір мемлекеттік фирмада өндіріледі.
Бәсекені әділетсіз түрде жүргізудін негізгі түрі - демпинг -
бәсекелесін ығыстыру мақсатында өнімді өзіндік құнынан төмен бағамен сату.
Ірі фирмалар - олар мүмкіндігі мол монополистер. Олардың қаржы
мүмкіндіктері де жоғары. Сондықтан да тауарларды өздеріне тиімсіз бағамен
ұзақ уақыт сату арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады. Ұсақ фирма
шыдамай нарықтан кеткен соң, ірі фирма бағаны көтере отырып, өз шығынын
қайтарып алады. Өкімет тарапынан бәсекені әділетсіз жүргізу қадағаланады.
Нарықты монополиялаудың негізгі себептеріне байланысты монополияның
төмендегідей түрлері болады:
1) Жабық монополия. Ол бәсекелестіктен заңды шектеулер
көмегімен қорғалған.
2) Табиғи монополия. Белгілі бір көлемдегі өнімді бір фирмада
өндіру, оны екі немесе одан да көп фирмаларда өндіргеннен
арзанға түсетін өндіріс саласы.
Ашық монополия. Берілген тауарды өндіретін тек қана бір фирма болып
және оның бәсекелестіктен ешқандай арнайы қорғанышы жоқ болатын жағдай.

1. Монополистің өнім көлемі

Монополистің өнім шығарушы ретінде бәсекелес фирма сияқты өндіріс
мақсаты — пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу болып табылады. Монополист
жалғыз өндіруші болғандықтан, нарықтық жағдайды толығымен бақылап, өз
шешімі бойынша тауардың нарықтық бағасын белгілей алады. Монополистің
сұраныс қисығының бұрыштық коэффициенті теріс сан болады. Сондықтан да,
монополист төменгі бағаны белгілей отырып, өнімнің мөлшерін нарықта
артгыруы мүмкін. Монополист тауар бірлігінің бәріне бір баға белгілейтін
болғандықтан, тауардың бағасы монополистің орташа түсімін көрсетеді. Демек,
монополиялық фирманың сұраныс қисығы орташа түсімінің де қисығы боп
табылады. Өнім бірлігінің бағасы монополиялық жағдайда өзгермелі шама
болады және өндіріс көлемінің функциясын көрсетеді:

Монополист өндірушінің пайдасы төмендегідей формуламен анықталады:

(1)

Енді Пайданы барынша көбейту шартын анықтаймыз:

(2)

немесе MR = MC.
Бұдан монополистін пайдасы өндірістің шекті шығындары (МС) шекті
түсімге (MR) тең болғанда ғана ең көп болатынын көреміз.
Өндірушінің жалпы түсімі TR = P(Q) · Q формуласы бойынша,
анықталатынын біле отырып, шекті түсімді есептеп шығарамыз:

(3)

Сұраныстың бағалық икемділігі былай анықталатыны белгілі:н

немесе (4)
және оны (3) формулаға қойып, есептеу арқылы шекті түсімді табамыз.
Бұдан, пайданы мейлінше көбейту шартын мына түрде көрсетуімізге
болады:

Жалпы жағдайда сұраныстың икемділік коэффициенті Е 0, демек
монополиялық нарықта тауардың бағасы өндірістің шекті шығынына қарағанда
жоғары болады, яғни Р МС. Монополиялық нарықта Р = МС тендігі Е = О
болғанда ғана орын алады, ал басқа жағдайларда Р МС. Бұл монополистің
белгілейтін бағасы шекті шығыннан сұраныс икемділігіне кері пропорционал
шамаға артық болатынын көрсетеді. Шекті түсімнің формуласынан, монополист
өндірушінің жалпы табысы тауардың бағасы мен сұраныс икемділігіне
байланысты екенін көрдік. Осы байланысты талдау үшін, сұраныс икемділігі
өзгеруіне сәйкес жалпы табыстың қалай өзгеретінін сипаттайтын кесте
құрамыз:

1 кесте

Сұраныс икемділігі, Е Шекті түсім, MR Жалпы түсім, ТR
1. Икемді сұраныс MR 0 ТR өседі
-∞Е –1
2. Сұраныстың бірлік MR = 0 ТR ең жоғары
икемділігі деңгейге жетеді
Е=–1
3. Икемсіз сұраныс MR. 0 ТR төмендейді
–1Е0

Осы кестенің берілгенін пайдаланып сұраныс, шекті түсім, жалпы түсім
және сұраныс икемділігі арасындағы қатынастарды көрсететін график тұрғыза
аламыз.

MR=0

2-сурет. TR, MR, AR, E арасындағы байланыс

2-суреттен көрініп түрғандай, егер монополистің сұраныс қисығы түзу
формада болса, онда шекті түсім қисығы көлденең осьте сұраныс
қисығының жартысын қиып өтеді. Бұл ереже сұраныс қисығы түзуден өзге
формада болатын жағдайда қолданылмайды. Ешқандай өндіріс шығынсыз
болмайтыны белгілі. Демек, монополистінің шекті шығындары көлемі үшін МС
0 болады.
Монополист барынша көп пайдаға МС = MR болғанда жететін болғандықтан,
өндіріс көлемі ұтымды болу үшін, ол кез келген өнім көлеміне сәйкес болатын
шекті түсім оң сан болатын жағдайды көздейді, яғни
MR 0 немесе
Егер өнімге деген сұраныс икемді болса, шекті табыс оң болады, яғни –
∞ Е –1.
Монополистің өніміне деген сұраныс икемсіз, болған жағдайда, MR= МС
тендігі кез келген өндіріс көлеміне қатысты болмайды. Алынған нәтиже
маңызды қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Монополист өндіруші өнім шығару
және оны сату көлемін өзінің өніміне сұраныс икемді болғанда ғана кеңейте
түседі.
Енді, монополистің ұтымды өндіріс көлеміне қатысты шешімін анықтаймыз.
Тапсырманың берілуінде екі белгісіз шама - баға мен өнім көлемі бар екенін
ескеруіміз керек. Осы себептен пайданы барынша көбейту есебінің шешуі 2
кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде, шығарылатын өнімнің ұтымды көлемі (Qm),
an екінші кезенде тауардың монополиялық нарық бағасы (Рт) анықталады.
Берілген есептің графиктік шешімін көрсетеміз
1. Пайданы барынша көбейту шартын пайдалана отырып, MR = МС болғанда
шығарылатын ұтымды өнімнің санын анықтаймыз. Суретге ол Qm көлеміне сәйкес
келеді. Екінші кезенде монополиялық нарық бағасы анықталады. Ол үшін
өндіріс көлемі мен (Qm) сүраныс қисығының AR киылысу нүктесін тапса
болғаны. 3-суретте нарықтың монополиялық бағасы Рт әрпімен көрсетілген.

3-сурет. Монополистің пайдасын барынша көбейтуі.
Бағаның Рт нүктесінен кез келген ауыткуы монополистің пайдасын
көбейтпейді. Мысалы, егер монополист бағаны Р1 деңгейінде белгілесе, онда
берлген бага мен Q1 көлемі үшін шекті түсім шекті шығындардан жоғары
болады. Демек, өнім шығаруды көбейтсе, онда жалпы пайда да көбейеді. Өнім
шығару деңгейі Q2 болса, шекті түсім шекті шығындарнан аз болады. Сондықтан
да, бұл жағдайда өнім шығаруды қысқарту арқылы ғана жалпы пайданы көбейтуге
болады.
Монополиялық өндіруші әрдайым экономикалық пайда ала бермейді.
Экономикалық пайда табу мүмкіндігі сұраныс қисығы мен орташа жалпы шығын
қисығының бір-біріне қатысты қалай орналасқанына байланысты болады. 8.4,
8.5 және 8.6-суреттерде пайда алушы, зиян шетуші және пайдасы нольге тең
фирмалардың жағдайы бейнеленген:

.4-сурет. Экономикалық пайда алу.

5-сурет. Фирма экономикалық зиян шегеді.

6-сурет. Фирманың пайдасы нольге тең.

2. Монополиялық биліктің көрсеткіштері

Бәсекелестік нарықта жеке өндіруші тауардық нарықтық бағасына әсерін
тигізе алмайды, баға шекті шығын деңгейінде белгіленеді. Өндіруші тауардың
нарықтағы бағасына әсерін тигізсе және баға шекті шығындардан жоғары
деңгейде белгіленетін болса, онда біз жеке өндңрушінің монополиялық
билігінің бар екендігін айтамыз. Ал монополиялық биліктің күшін бағалау
үшін, Абба Лернер көрсеткішін қолданады. Ол былай анықталады:

Берілген коэффициент нарықтағы тауардың бағасының шекті шығындардан
ауытқу деңгейін анықтайды және оның мәні 0-ден 1-ге дейін өзгеріп отырады.
Көрсеткіштің мәні неғүрлым жоғары болса, монополиялық билік солғүрлым
күшті болады. Монополистің тепе-тендік жағдайында:
екенін біле отырып, Лернер көрсеткішін мына түрде де жазуға
болады:

Бұдан байқайтынымыз: монополиялық биліктің күші, басқа жағдайларды
тұрақты деп ұйғарғанда, сұраныс икемділігіне кері пропорционалды болады,
демек, өнімге деген сұраныс икемсіз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өркениетті елдердегі монополияга қарсы саясат ерекшеліктері
Монополия пайдасын жанама реттеу
Монополия және монополиялық тепе-теңдік, Қазақстан Республикасының монополиялық нарығын реттеу
Монополия және монополиялық тепе-теңдік
Монополия және монополиялық билік
Нарықтық экономика туралы
Монополияның экономикалық және әлеуметтік салдары
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесіне және оларды жүзеге асыру әдістерінің негізін қалыптастыру ерекшеліктеріне талдау жасау
Қазақстан Республикасындағы монополиялардың іс әрекетін мемлекеттік реттеу
Монополияның ерекшеліктері
Пәндер