Антимонополдық әдістер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
Антимонополдық әдістер 3
Қазақстандағы монополияға қарсы заңдар және экономиканы реттеу 5
АҚШ-тың монополияға қарсы заңдары 8
Қорытынды 12
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 13

Кіріспе

Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және қоғамдық өмірінде
өтіп жатқан іргелі өзгерістер кәсіпорындардың шаруашылық іскерліктің жаңа
жолдарын қарастырумен қатар, экономикалық тиімділікті қамтамасыз етуде
бірқатар маңызды мәселелердің шешімін табуын талап етеді. Солардың бірі
ретінде монополияға қарсы әрекет ету жүйесінің қалыптасуын атап өтуге
болады. Экономиканың тиімділігін арттыру үшін монополияға қарсы шараларды
жігерлі түрде үкіметтің жүргізуі еркін кәсіпкерліктің және бәсекенің
дамуына әсерін тигізеді.
Нарықтық монополияға қарсы құрылымының қалыптасуы кезеңінде тек
ведомстволықты ғана емес, сонымен қатар, жалпы экономикалық монополизмді
жоюда шағын кәсіпорындар маңызды роль атқарады. Олар қоғамның жаңа
әлеуметтік құрылымының қалыптасуында, әлеуметтік-экономикалық проблемаларды
шешуде ерекше орын алады.
Реттелетін рынок экономиканың монополияландыру, яғни үкімет алдында
монополияны шектеу мәселесі пайда болатын кезде қалыптасады.
Монополияны реттеу мемлекеттің экономикалық, әкімшілік және аңнамалық
(құқықтық) шаралардың кешенін қабылдауынан көрініс табады. Мұндай заңнама
актілері экономиканың барлық салаларындағы субъектілер мен мемлекеттік
органдар арасындағы кәсіпкерлік қызмет қатынастарын реттейді.

Антимонополдық әдістер

Монополдық ситуацияға мемлекеттік органдар жағынан антимонополдық
әдістермен әсер ету жүріп отырады.
Әкімшілік-құқықтық әсер ету түрлері — шаралардың бірінші тобы:
❑ белгілі бір шаруашылық саласында монополияның болуына жол бермеу;
❑ бар монополиялық бірлестіктерді тарату;
❑ монополияларды бірнеше жеке дербес шаруашылықтарға бөлу.
Әкімшілдік-экономикалық әсер етудің бағыттары — шаралардың екінші
тобы:
❑ баға алалаушылығымен айналысатын сатушылар (өндіріс шығындарымен
байланысты болмаса да бағаны жоғарылаты) мемлекеттік тәртіпке
шақыру;
❑ жарнама арқылы тауарларға фальсификация жасаған саудагерлерді
мемлекеттік жауапқа тарту;
❑ нарық жағдайына бірлесіп әсер еті мақсатпен бүркемелі келісім
арқылы контрагенттерге экономикалық емес қысым жасауға жол бермеу.
Мемлекет жүргізетін экономикалық әсер ету — шаралардың үшінші тобы:
❑ салық саясатының әрқилы әістері арқылы, монополияларды өздері
өндіретін өнімдерге еркін бәсекелік жағдайындағы баға белгілеу
шараларын қолдануға жүгіндіру;
❑ субстиг тауарларды (өзара алмасатын) шығаруды қолдау. Жеке және
өндірістік тұтынуға арналған тауарлардың көп түрлі болғаны
монополдықта өндірілген тауарларға сұранысты төмендетеді;
❑ халықаралық экономикалық байланыстар және импорт өсіру арқылы
нарықты кеңейту, ғылыми және технологиялық білім тарату.

Қазақстандағы монополияға қарсы заңдар және экономиканы реттеу

Көптеген елдерде жеке фирмалардың монополиялық биліктерін шектеу үшін
белгілі заңдар қабылданып, олардың қызметтерін реттеуде әр түрлі
механизмдерді пайдаланады. Мысалы, жоғары деңгейдегі баға белгілеу,
салықтар және т. б.
Қазақстандағы антимонополиялық заңдар шығарудың тарихына көз жіберер
болсақ ол өте қысқа екенін байқаймыз. Оны әлі де болса жетілу үстінде деп
тануға болады. Ол экономиканың барлық салаларында дерлік жетілдіруді талап
ететіні анық.
1991 г. Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңесі Бәсекелестікті дамыту және
монополиялық қызметті шектеу туралы заң қабылдады. Бұл нарықтық
экономикаға еніп келе жатқан тұста жасалған алғашқы заңи қадам еді.
Осы күнгі нарықтық экономикада мемлекет белсенді қызмет атқара
бастады. Осылайша нарықты реттеуде монополияға қарсы күрес жүргізетін
мемлекеттік орган құрылды (Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды
реттеу, бәсекелестікті және шағын бизнеске қолдау көрсету агенттігі).
Монополияға қарсы шараларды басқару нысандарында салалық және
салааралық бағдарламалар мен даму жоспарларына аса маңыз берілді. 1994-1999
жылдар арасында республикада экономикалық дамудың бірнеше жалпы мемлекеттік
бағдарламалары қабылданды. Мұндай бағдарламалардың шеңберінде монополияға
қарсы шаралар саласында біршама істерді жүзеге асыру жоспарланып отырды,
атап айтқанда сауданы, жүк тасымалын, сыртқа сауданы және т.б.
демонополизациялау қарастырылды.
1998 жылы Қазақстан Республикасының Парламенті Табиғи монополиялар
туралы және Әділетсіз бәсекелестік туралы заңдар қабылдап осы саланы
біршама ретке келтіре түсті.
Баға саясаты – мемлекеттің сатушылар мен сатып алушылар арасындағы
мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін қабылданған шаралар кешені.
Бұндай баға саясаты да біздің елде бірнеше кезеңнен өтіп табиғи
монополиялар өнімдерінің бағасын реттеуде маңызды орын алды.
Баға - тауар құнының ақшалай көрінісі. Құн еңбек мөлшерін көрсетеді,
ал баға оларға бірегей ақша мөлшерімен өлшейді.
Ұзақ мерзімде рыноктық бағалар жиынтығы қосындысы рыноктық құндар
қосындысына жақындайды.
рыноктық экономикада баға үш басты қызметті атқарады:
- бағдар беруші - сатушы мен сатып алушылар әрекеттері үшін ақпарат
береді.
- ынталандырушы - өндірісті өте үнемді әдіспен жүргізуге және
сұранысты ұтымды пайдалану арқылы ықпал етеді.
- бөлу - бұл арқылы рыноктық экономика қатысушылары арасында табыстар,
өндірістік факторлар және игіліктер бөлінеді.
Бұл қызметтердің орындалуы тек қана бағалардың табиғи (еркін)
динамикасын бұзатын монополия және инфляциясыз жағдайдағы еркін баға
қозғалысы арқылы ғана мүмкін болады. Бұл шарт бұзылса рынокта бейберекет,
кездейсоқ құбылыстар орын алады.
Бағалар жүйесінің әр алуандығына байланысты оларды 3 түрге бөлуге
болады: мемлекеттік, келісім және әлемдік.
Мемлекеттік бағалар монополист-кәсіпорындар өнімдеріне елдің
экономикасы үшін базалық ресурстарға, әлеуметтік маңызы бар тауарларға
тағайындалуы мүмкін.
Мемлекеттік бағалар жүйесі екі элементтерден тұрады:
- үкімет қатаң тағайындап отыратын бекітілген бағалар;
- ұсыныс пен сұраныс арақатынасындағы өзгерістерді есептеп отыратын,
реттелетін бағалар.
Табиғи монополиялардың өнімдерінің бағасын реттеу тек қана олардың
тарифтерін инфляция деңгейіне сәйкес түзетіп отыруда айқын көрініс берді.
Тек қана монополист-кәсіпорындардың бағасын тоқтата отырып Қазақстан
экономикасының қаржылық тұрақтылығын шешуге қол жеткізу мүмкін еді.
Жоғарыда аталған нормативтік-құқықтық актілер монополияға қарсы
шараларды заңдастырудың негіздері десек қателесе қоймаймыз.
Бұл монополияға қарсы заңдар Қазақстанның бүкіл аумағында қолданыста
болып, мемлекеттік билік және басқару органдары, ұйымдастырушылық-
басқарушылық құрылымдар, шаруашылық етуші субъектілер қатысатын қарым-
қатынастарды реттейді.

АҚШ-тың монополияға қарсы заңдары

Антимонополиялық ең алғашқы заң капитализм дүниесінде тұңғыш рет 1880
ж. АҚШ-та қабылданған. Қазіргі антимонополиялық заңдар екі бағытта жұмыс
істейді: бағаны бақылау және компаниялардың қосылуын бақылайды.
АҚШ-тың монополияға қарсы заңдары барынша жетілдірілген деп
есептелінеді, оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғи монополияны мемлекеттік реттеуді жетілдіру
Табиғи монополия
Монополияның және бәсекенің ұғымы
Монополия ұғымы және оның жетілмеген бәсекелі рыноктағы орны
Транзиттік экономика
Кәсіпорындардың ұйымдарға бөлінуі, бірігуі. Түрлері
«Кәсіпкер» және «кәсіпкерлік» түсініктері
Қазақстандағы коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің экономикадағы ролі
Бәсекенің экономикалық мазмұны
Қазақстандағы құрылыс салаларына шолу
Пәндер