Республика экономикалық аймақтарының мәселелері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе. 2

Қазақстан экономикасы-қайта құру жылдарында. 3

Нарықтық экономиканың мәні және қағидалары. 6

Қазақстан Республикасының нарыққа өтуінің концептуалды жағдайлары. 8

Республика экономикалық аймақтарының мәселелері10

Қорытынды. 13

І. Кіріспе

Қазақ халқының тарихы сонау көне дәірден басталады. Қазақстан жерінде X-XII ғасырларда ортағасырлық Отырар, Тараз, Сығанақ, Сұран т. б., көптеген қалалар туындап, мәдениет, ғылым және өнер орталықтары болды. Сол ғасырлардағы өзіне тән сәулеткерлік ескерткіштер - Қожа Ахмет Яссауи, Бабаджа хатун, Айша бибі, Алаша хан т. б. ғимаратар келесі ұрпақтар үшін-тарихи куәгерлер.

Мұның өзі сол заманның экономикасы мен мәдениетінің едәуір дамығандығының белгісі.

Нарықтық экономикаға көшу-ұзақ, күрделі және қайшылықты жол. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанымыздай, ежелден қалыптасып қалған шаруашылық жүйесін түбірінен қайта құруға байланысты әлеуметтік - экономикалық шаралар соңы өндіріс дәрежесінің анағұрлым төмендеуімен, демек тұтынудан құлдырауымен қатар жүретіндігін өмір көрсетіп отыр.

Саяси да экономикалық еркіндік алған Қазақстан алдында әлемдік тәжірибе ескере отырып, экономикалық дербес дамудың жолдарын қарастыру міндеттері тұр.

Қазақстан Республикасының ұлан-ғайыр жері, оның ерекше бай қазыналары, табиғи-экономикалық қолайлы жағдайлары бар.

Қазақстанның осыншама байлыққа ие болуыоның экономикасының дербестігінің негізі болып табылады.

Экономиканы қайта құру бағдарламасындағы және оларды іс жүзіне асыраудағы тиімсіздіктер білмеушіліктен ғана емес, адамдардың отан шаруашылығының шын мәнін, ерекшеліктерін, кездесетін қайшылықтырды болжай алмайтындықтарынан болып отыр.

Бұл тақырыпта Қазақстан экономикасының «кешегі-бүгінгісі-болашағы» тізбектері арқылы жалпы тарихи - экономикалық шолу жасалған келесі тарауларда Қазақстан эконмикасчы салалары бойынша және олардың ішкі байланыстары талданды: республика өңірлеріндегі экономика жағдайлары қаралып, нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайларына талдау жасалады.

Қазақстан экономикасы қайта құру жылдарында

КСРО - ның экономикалық жағдайының күрделене түсуі Қазақстан оның құрамды бөлігі болғандықтын азды-көпті қиындықтарға душар болды: халық шаруашылығын салалары тұйыққа тірелді: қоғамдық өндірістің тиімсіздігі жалғаса берді. Инвестициялық сала ке . . . күйінде қалды: халық шаруашылығын басқарудың экономикалық және құқықтық тәсілдері жөнді меңгерілмеді: жоспар өндіріс және еңбек тәртібі ащылыққа ұшырады.

Осындай тұйыққа тірелген соң экономиканы сауықтыру қажеттігі туды. Экономиканы басқаруды түбінен қайта құру деп аталып кеткен сол сәт сол кезде өктемдігі жүріп тұрған КСРО-да барлық республикаларда да бірдей жүргізілді.

Қайта жүргізудің негізгі мәні барлық буындарда да экономикалық басқарудың әкімшілік әдісі емес, экономиканы басқаруды демократияландыру, адам болмысын белсендіру деп табылды.

Сайып келгенде, 80-ші жылдардағы қайта құру дегеніміз 1965 ж, қайта құрудың жалғасы болып шықты, тек бұл қайта құру тереңдей түсті. 80-ші жылдардағы қайта мынадай механизмдерді кеңінен қолдануды көздеді:

1. Өндірістік бастапқы буынының тиімді жұмыс істеуіне ерік беру үшін оның дербес мекемелік шекарасын кеңейте түсу. Осыған ьайланысты оған дербестік, өзін-өзі басқару, өзін-өзі өтеу және өзін-өзі қаржыландыру енгізілді.

Бүтіндей алғанда экономикалық дербестіктің шекарасы үш жағдаймен белгіленеді: өндірісті қоғамдастыру дәрежесі және шаруашылықтар арасындағы өзара байланыстың дамуы; өндіріс құралдарын меншіктеудің межесі; кадрлар даярлаудың сапасы; шаруашылыққа иелік жасаудың әдістері мен амалдары.

2. Кәсіпорындарды дербес басқару еркіндікті, ынталықты және жауапкершілікке берік бөлуды талап етеді. Кәсіпорынның жауапкершілігі дегеніміз олардың бір-біріне тәуелділігі, қоғамдық еңбек бөлісінде алған орны түрлі жағдайларға байланысты: шаруашылық есеп, әкімшілік, құқықтық және адалдық сипаттар. Мемелекетпен, еңбек ұйымдарымен және жеке қызметкерлермен экономикалық, саяси және құқықтық қатынастардың нақтылы түрлері анықтылмаған болатын.

Қайта құрудың маңызы механизмі шаруашылық есеп болып табылады. Қайта құру жылдарында шаруашылық есептің екі түрі ұсынылады.

Біріншісі - пайданы нормалап бөлу. Пайданы бөлу механизмінің бірінші түрі - өнімді өткізгенне алынған табыстан, ең алдымен өндіріске жұмсаған қаражат қалпына келтіріледі және еңбекақы қорына төлем төленеді. Еңбекақы қоры таза өнім нормативінен түзеледі, ал кен қазба саласында нақтылы алынған өніс бірілігінен түзеледі.

Пайданың қалған бөлігі баланссалық табыс болып саналады да, одан берілетіндер: қорға төлем, еңбек ресурстары, мемлекеттік және жергілікті бюджетке бересілер, министрліктің қорына төлем, банктен алған несие проценті де осыдан төленеді.

Екіншісі - шаруашылық есеп кірісінің, гормативпен тартылуы былайша жүргізіледі: Біріншіден, өнімнен түскен табыстан материалдық шығыдар қалпына келтірледі.

Енді шаруашылық есептің кірісі қалады, одан мынадай қорлар құрылады: өндірісті, ғылымды, техниканы дамыту, әлеуметтік даму, валюталық бересілер, еңбек төлемінің бірыңғай қоры, қаржы қоры жасалады.

Шаруашылық есепті қайта құруда мынадай жаңалықтар енгізілмек болды:

  • өзін-өзі өтеуден өзін-өзі қаржыландыруға көшу, яғни қарапайымнан кеңейтілген өндіріске көшу;
  • түпкілікті нәтижені көздеу, оның экономикалық тиімділігінің маңызды көрсеткіші шаруашылық есептің кірісі болмақ;
  • шаруашылық есептің екі түрінде нормативті негізін нығайту; өндірілгеньөнім бірлігінің белгілі сапасына жұмсалатынорташа шығынның салмағы, яғни кәсіпорынның өндірісчтік жұмысы өлшемдерінің нормалары, кірістерді бөлу нормативтері, шаруашылық есеп кірістері, яғни бөлістікқатынастарды теңестіретін нормалар.

КСРО жоғары Советі 1990 жылы желтоқсанда «халық шаруашылығын тұрақтандырудың негізгі бағыттары және нарықтық экономикаға көшуді» қабылдады.

«Негізгі бағдарламаны» төрт кезеңмен жүзеге асыру көзделген.

Бірінші- төтенше шаралар бағдарламасы. Мұнда кәсіпорындардың бір-бірінен алмасып отыруын орнықтыру жолымен халық шаруашылығын тұрақтандыру, меншікті мемлекет меншігінен босату және приватизациялау, шетелдермен экономикалық байланыстар орнықтыру, халықтың қаражат жинағын қорғау көзделген.

Екіншісі - өнімге баға қоюды қаржымен қатаң шектеп, құбылытпалы жүйе орнату.

Үшіншісі - меншікті мемлекет иелігінен босатып приватизациялаудың ауқымын кеңейте жүргізудің негізінде рынокты қалыптастыру кезеңі, нарық тауарларын дамыту, кәсіпкерлік пен конкуренцияны дамыту, т. т. Төртінші - тұрақтандыру кезеңін аяқтау. Мұнда экономика, қаржы, тұтыну нарқын жақсарту, экономикагы монополиядан арылту көзделеді.

«Негізгі бағдарламаға» сүйене отырып, республикалар экономиканы тұрақтандыру және нарыққа көшу бағдарламасын жасай бастады. Алайда одақтың басқару органдарының тікелей бағыныштылығында мыналар қалып қойды:

-конверсияға жатпайтын отан қорғау зауыттары, ядролық технологияны қолданатын кәсіпорындар;

- алыспен байланысты тасымал мен жолдар;

- даңғылды темір жолдар мен Отан қорғау минисирлігінің жайлары.

Республикалардың өз жерлерінде өздерінде бар барлық ұлттық байлықтарды игеру, пайдалануға заңды түрде иелік жасауға құқық берілді.

Республика экономикасында 1990 ж. аяғында нарықтық қатынастарға көше бастауы келесі жылы нарыққа көше бағдарламасын қайта қарауды талап етті, өйткені 1991 ж тамызда КСРО тарап кетті.

Сөйтіп Қазақстан экономикасының нарыққа көшуді экономикалық және әлеуметтік салалардағы тығырық жағдайында болды.

Нарықтық экономиканың мәні және қағидалары

Нарықтық экономика ұтымды жұмыс істейді, егер де мына жағдайлар айқын болжалып және анықталса;

1. Товарды қанша көлемде өндіру керек, қандай қызмет атқару керек. Қолда баодың қаншасын немесе қандай бөлігін жұмсау керек немесе өндірібарысында пайдалану керек.

2. Не өндіру керек. Яғни қоғамның матералдық тұтынымын толығырақ қамтамасыз ететін тауарлар мен атқаратын қызметті анықтау.

3. Қоғамға қажет тауарлар қалай өндіріліп, қандай қызмет арқарылуы керек, яғни өндірістің тиімді түрлерін және өндірісті ұйымдастыруда қандай технологияны қолдануды анықтау.

4. Өндірілген өнім кімге арналған, оны кім алу керек, яғни өндірілген өнім нақты тұтынушылар арасында қалайша бөлінбек.

5. Өзгерістер бола қалса қатысушылардың соған бейімделе білуіне қол жеткізу, яғни тұтынушылар тарапынан сұраным өзгере қалса экономика тез соған бейімделіп, қолдағы алым-берім мен өндіріс технологясы жасалуы керек.

Нарықтық қатынас дегеніміз - аталған бес шарттың міндеттерін шешкен күнде нақты тұтынушы мен өндіруші арасындағы қарым-қатынас сатушы мен алушы арасындағы бітістік болып табылады.

Нарықытық экономикада өнімнің де, қызметтің де бағасы бар. Егер тұтынушыға әлде бір өнім көбірек керек болса, өндіруші жоғары пайда табу үшін оның бағасын көтере түседі, бірақ ол баға белгілі бір дәрежеде шектеле түседі. Нарық өндірістің жалпы әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне де әсерін тигізеді. Егер өнім пайдалы болса, өндіруші ғылыми-техникалық прогресс пен озат тәжірибеге сүйене отырып, оны көптеп шығаруға тырысады.

Нарық дегеніміз шаруашылық байланыстардың белгіл көрініс болғандықтантан бөліс, сұраным мен тұтынушы әрекеттерін жарасымды келістіріп отырады.

Нәтижесінде нарыққа қатысушылардың бәрінен де сіңірген еңбегі қоғамға қажет, ал өндірген өнімдері қоғамға пайдалы болып шығады.

Нарық адамдар арасындағы сан-сапалы экономикалық қарым-қатынас жүйесі болғпндықтан өндіріс барысында, таратуда, айырбас пен тұтынуда мынадай қағидаларға тіреледі:

1. Жеке адамнан бастап мекеме, бірлестіктерге дейін олардың экономикалық, шаруашылық және кәсіпкерлік іс-әрекеттеріндегі еркінділік заңдылықты сақтаса ғана еркіне жіберілмек.

2. Нарықтық экономиканың қай-қайсысы болмасын өркениетті мемлекеттерде реттеліп отырады. Нарықтың мемлекеттік реттеушісі ретінде мемлекеттік бағдарламалар, салық салу несие қарды жүйесі, банк жұмысы, еңбек жайцлы заңдар монополиялыққа қарсы шаралар, халықты әлеуметік қорғау сияқтылар араласады.

3. Тұтынушының үстемдігі, яғни тұтынушының өндірушіге өктемдігі.

4. Экономикалық ашықтығы. Мұның мәні мекемелердің белгілі шарттарды сақтай отырып, экономикадан тыс байланыстарда еркін кәсіпкерлікті кеңейте түсу.

5. Бәсеке бабы. Бәсеке дегеніміз іскерлікті қоздырудың ықпалды да, тиімді құралы.

6. Финанс және қаражат айналымына әсері. Егер орталықтанған экономика материалдық - заттық орындарды басқаруды қорлар жасау, өндірер заттың көлемін белгілеу арқылы жүргізсе, нарықтық экономика басқару жұмысын баға механизмі, ақша неcие, банк салық жүйелері арқылы жүргізеду.

7. Нарықтық баға қою жолдары нарықта баға деген сатушы мен алушы арасында саудалдау, сұраныс пен усыныс арасындағы қарым-қатынас нәтижесінде қалыптсасып, ауызша келісім немесе шарт жасалады.

Қазақстан Республикасының нарыққа өтуінің концептуалды жағдайлары.

3. Қазақстан Республикасында экономиканы нақтылы қайта қуру нарықтық қатынастарды әлеуметтік бағыттың мүдделеріне қарай сенімді түрде халықтың тұрмыс дәрежесін жеткілікті қамтамасыз ететіндей, республиканың табиғи және экономикалық байлықтарына сай келетіндей етіп қуру. Бұрын өзінде Қазақстанның нақтылы жағдайлары табиғи мүмкіндіктері экономикалық, ғылыми-техникалық және салауатты салмақтары, экономикалық-географиялық тиімді орналасуы нарыққа жетістікпен көшуге әсер етті. Сыртқы экономикалық байланыстарды да дамыта жүргізуге жайлы жағдайлар бар.

Қазақстанның нарыққа ерін өту үшін негізгі концептуалдық бағыттарының мынадай міндеттерін шешу қажет:

  1. экономикалық дербестікке қол жеткізу. Ол республиканың жерге деген бірегей меншігі, оның қазба байланыстары, ішкі және аймақтардағы сулары, материалды және қаржы мүмкіндіктері, өндірістік және өндірістік емес орындары экономикалық дербес саясат жүргізе алатындығы.
  2. меншікті қайта қарауда жекешелендіру жолымен мемлекеттік мүлік, инвестиция комитеті, Қазақстан Респеубликасының қаржы министрлігі және олардың аймақтық органдары жергідікті әкімшіліктердің қатысуымен жүргізеді.

Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің мақсаты - жанды және таза бәсекеге қол жеткізу үшін, өндірістің тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасау үшін шаруашылыққа иелік жасаудың сан-салалы түрлерін ұйымдастыру.

Жекешелендіру дегеніміз көп шығын жұмсауды керек ететін, ұзақ та күрделі жұмыс екенін атап көрсеткен жөн.

Республикада мемлекеттік меншікті жекешелендіру мемлекет меншігінен айыру және жекешелендіру ұлттық бағдарламасына сай мынадай бағыттарда жүргізіледі:

  • ірі және бірегей мүлік кешендерін дара ждобалар бойынша жекешелендіру:
  • орташа кәсіпорындарын жаппай жекешелендіру.
  • Шағын кәсіпорындарын 1200 адамға дейін қамтитын міндетті түрде жекешелендіру жүргізу.

Негізінен 1993 ж аяқталған бірінші кезеңде сауда және қызмет көрсететін ұсақ кәсіпорындары жекешелендірілді.

Жекешелендіруден түскен қаражат мемлекет меншігіне алынды да, арнаулы есепте болады және мынадай шығындарға жұмсалады:

  • мемелекеттің ішкі несиелерін төлеуге:
  • халықтың жете қамтамасыз етілмеген және әлеуметтік жағынан қолданылмаған тобына жәрдем беруге:
  • жұмыссыздарға жәрдем беруге және кадрлар даярлауға, қайта даярлауға т. б. мақсаттарға жұмсалады.

3. Банк жүйесін қайта құру Республикада банк және банк қызметі туралы заңға сәйкес жүргізіледі. Қазақстанда екі сатылы банк жүйесі құрылған, жоғары сатыда ҚР Ұлттық банкісі тұр, барлық қалғандары олардың меншігінің ұйымдасу-құқық түрлеріне қарамастан банкі жүйесінің екінші деңгейіне жатады.

4. Қаржы және ақша-кредит жүйесін реформалай және бюджет тапшылығын жалпы ішкі өнімге 4-6% деңгейінде ұстау - бұл күрделі және қайшы процесс, түпкі тұтылу үшін.

Инфляция бағаның өсуі, өндірістің құлдырауы және банкроттық жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген бұқара топтарының тұрмыс дәрежесінің құлдырауына және жұмыссыздыққа әкеп соқты.

Сондықтан халықты әлеуметтік қорғауға тиімді жүйе құру қажет.

ҚР экономикалық Министрлігі мүдделі министрліктер, отандық және шетел кеңесшілерінің қатысуымен жасалған «әлеуметтік салаларды кәсіпорындарынан бөліну мемлекеттік стратегиясы» жобасын дайындап Үкіметке талқылауға ұсынды.

Республиканың сыртқы экономикалық әрекетінде әлем нарығына енуде толық еркін дербестік алуда.

Республика экономикалық аймақтарының мәселелері

Қазақстан кен байтақ жердің иесі. Осыған байланыс өндіргіш күштерін республика аймақтарында ұтымды орналастыру және олардың араларындағы ұйымдастыру-экономикалық байланыстарды жетілдіру үшін халық шаруашылығын республика бойынша ұтымды орналастыру мақсаты туып отыр.

Өндірістік қатынастардың дамуын және халық шаруашылығын ұйымдастыру құрылымын қайта құру күрделігі және келешегі бірнеше жағдайларға байланысты.

Қазақстанда өткізіліп жатқан экономиканы қайта құру халық шаруашылығын аймақтық ұйымдастыруға жаңа маңызды талап қоюда. Осыған байланысты распубликаның жеке аймақта экономикалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік жағдайларды жинақы зерреу қажет. Бұл жағдайда Қазақстанда егеменді мемлекет ретінде аймақтақ экономиканың маңызы арта түсуде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік-экономикалық жүйенің аймақтық астары
Аймақтарды басқарудың шетелдік тәжірбиесін пайдалану мәселелері
Аймақтық саясат
Аймақтардың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу
Алматы облысы обл
Стратегиялық басқарудағы аймақтық мәселелерді болжау жолдары
АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ
Еркін экономикалық аймақтардың теориялық аспектісі
Аймақтық даму проблемасы
Қазақстан Республикасындағы аймақтық саясат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz