ҚҰРЫЛЫМНЫҢ ОСЫ ЗАМАНҒЫ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІН ЖАСАУ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 2
І ҚҰРЫЛЫМНЫҢ ОСЫ ЗАМАНҒЫ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІН ЖАСАУ 2
1 Құрылым тиімділігі 2
2. Экономикалық әлеуметтік реформалар 8
ҚОРЫТЫНДЫ 9
Ұсынылған әдебиеттер тізімі: 12

КІРІСПЕ

Қазақстан табиғи ресурстардың, әсіресе энергетика ресурстарының орасан
зор қорына ие. Біздің еліміздің аумағында, бағам бойынша мұнайлы алғашқы он
елдің қатарына қосарлық мұнай мен газ кен орындары бар. Сонымен қатар
Қазақстанда көмірдің, уранның, алтынның және басқа да бағалы минералдардың
мол қоры бар.
Соған қарамастан, біз көп жылдар бойы өзіміздің ішкі қажетімізді
қамтамасыз ете алмай келеміз. Бұл кеңестер кезеңінде жасалған бөліс жүйесі,
сондай-ақ өзімізде қажетті инфрақұрылым болмауының салдары.
Сайып келгенде халықаралық рынокқа мұнай мен газ экспорттау үшін
қажетті коммуникациялардың болмауы дамуымыздың жоспарларын жүзеге асыруға
керекті қаражат алатын мүмкіндігімізді барынша шектеп отыр.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне қатысты шаруашылық
серіктестігі еншілестікті мойындайды, егер басқа шаруашылық серіктестігіне
қатысуын қайта басқару күшіне оның жарғы капиталы немесе олардың арасында
қатысты шарт жасау, немесе басқа түрде шешімді анықтау мүмкіндігі осындай
серіктестікті қабылдауда, тәуелді акционерлік қоғамның тәуелдігін мойындау,
бірлесіп бақыланатын заңды тұлға-бұл серіктестік, яғни басқа заңды тұлға.
Әсеріне түскен шарт жасау күші және де инвестицияланған қаржы объект
қаржылық пен басқа саясаттын дәрежесі үлкен немесе кіші екенін анықтауға
мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдауында (Астана, 2005 жылғы 18 ақпан) былай дейді:
Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында.
Біз жалпы ішкі өнімді екі есе ұлғайтып, бірлесіп тағы да бір Қазақстан
орнататындай межеге жақындадық. Біз ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарық
экономикасын құрдық.
Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің
ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға
қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған
нарықтық экономика бар.
Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз
жеті жүз доллардан сәл ғана асса, 2004 жылдың соңында ол екі мың жеті жүз
долларға жетті, ендеше биылғы жылы біздің жан басына шаққандағы жалпы ішкі
өніміміз енді үш мың доллардай болады деген болжамымыз бар.

І ҚҰРЫЛЫМНЫҢ ОСЫ ЗАМАНҒЫ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІН ЖАСАУ

1 Құрылым тиімділігі

Қазір мемлекеттік аппаратты қайта ұйымдастыру мен жетілдіру қолға
алынды, алайда бұл процеске неғұрлым қуатты қарқын беру қажет. Менің биылғы
жылдың басынан бері үкіметіміз бен оның дербес құрамын тубегейлі реформалау
стратегиясын іске асыруға кірісуім де сондықтан. Үкімет орталық және
аймақтық деңгейлерде қысқартыла бастады және бұл процесс жалғаса береді.
Біздің міндет — Қазақстанда нарықтық экономика үшін оңтайлы болатын
мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы, тиімді жүйесін
жасау; басым мақсаттарды іске асыруға қабілетті үкімет құру; ұлттық
мүдделердің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру.
Кеңестік әміршілдік экономика дәуірінде мемлекет бостан-аяқ бәрін
бақылауға тырысты. Соның салдарынан ол көптеген қайталанатын қызмет
буындары көп ебедейсіз құрылымға айналды. Қалыпты дамыған елдерде кеңес
мемлекеті бақылауына алуға әрекеттенген міндеттердің 80 проценті
мемлекеттердің функциясына жатпайды.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін мемлекеттік құрылыс пен басқару
мәселелерін көп ретте жаңадан шешуге тура келді. Ең алдымен бұл жаңа
тәуелсіз мемлекеттің өмір сүруінің заңдық-құқықтық негізін қамтамасыз
етуге, әлеуметтік-саяси тұрақтылықты дәйектілікпен орнықтыруға қатысты
болды.
Бүгінгі күні қоғамның және экономиканың күрделі жүйелік қайта
жаңғыруларын мемлекеттік басқару жүйесінің өзін жүйелі ету мәселесі күн
тәртібіне өткір қойылып отыр. Әрине, бұған біртіндеп, соның өзінде
мемлекеттің функцияларын ұзақ мерзімді реформалаудың үйлестірілген, дәйекті
жоспарын алдын ала әзірлеген жағдайда ғана жетуге болады.
Үкімет пен жергілікті өкіметті түпкілікті қалыптастыруға мүмкіндік
беретін жеті негізгі стратегия прициптері мынаған салады:
1. Неғұрлым маңызды бірнеше функцияларды ғана орындауға жұмылған ықшам
әрі кәсіпқой Үкімет.
2. Стратегиялар негізіндегі іс-қимыл бағдарламалары бойынша
атқарылатын жұмыс.
3. Нақтылы жолға қойылған ведомство аралық үйлестіру.
4. Министрлердің өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін, олардың
есептілігін және олардың қызметіне стратегиялық бақылауды арттыру.
5. Министрліктердің ішінде, орталықтан аймақтарға және мемлекеттен
жекеше секторға қарай орталыққа тәуелділікті жою.
6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл да ымырасыз күрес.
7. Кадрларды жалдау, даярлау және жоғарылату жүйелерін жақсарту.
Табысқа жеткен үкіметтер, әдетте ықшам келеді әрі мемлекет қана атқара
алатын ең басты бірнеше функцияларға жұмылады. Әлбетте, оңтайлы үкіметтер
өз қызметін аз санды басымдықтарға және осы мақсатқа жету жолындағы
стратегияларды іске асыруға ұмтылады.
Үкіметтің тиімділігі өзара байланысты үш факторға: оның құрылымдық
ұйымына, стратегиялық үйлесімділігіне және кадрлар даярлығының дәрежесіне
негізделеді. Біздің таяу болашақтағы міндетіміз стратегиялық жоспарлау
әдістерін меңгерген қабілетті, әрі адал кадрлардан тұратын шағын, оңтайлы
ақпарат құру болады.
Әлеуметтік экономикалық өмірдегі дағдарысты құбылыстардың негізгі
себептерінің бірі — министрліктер мен ведомстволар арасында, аймақтар
арасында үйлестірудің болмауында екенін айтып жату артық. Нақтылы
міндеттерді шешу жолындағы жауапкершілік көлемінің бір-біріне сәйкес
келмеуі, функцияларды қайталау және жең ұшынан жалғасу сан түрлі
кедергілерге және бюрократиялық еш шараздыққа, қағазбастылық пен ұжымдық
жауапсыздыққа әкеліп соғады. Бүгінгі мемлекеттік басқарудың діңі де, тіні
де осында жатыр.
Бұл проблеманың тамыры — стратегиялық жоспарлардың жоқтығында болып
отыр.
Әрбір министрліктің, ведомствоның, әкімшіліктің жұмысы, сайып келгенде
аймақтық дамудың өзі мақсаты айқын, міндеттері нақты жалпы мемлекеттік
стратегияға бағындырылуға тиіс.
Мұның тың көзқарас пен жаңа әдістемені талап етері даусыз.
Стратегиялық жоспарлау, қаржылық бағдарламалау мен жобалық менеджмент таяу
болашақтағы мемлекеттік басқарудағы жаңарудың өзегіне айналуға тиіс.
Ведомство аралық және аймақтар аралық үйлестіру, басым мақсаттарға
жедел жетуге деген саяси ерік-жігердің көрінісі ретінде ауадай қажет.
Ведомстволардың стратегиялық міндеттерді іске асыру жөніндегі қызметі
мен күш-қимылын бақылайтын біртұтас билік жүргізуші үйлестіруші орган құру
қажет.
Мемлекеттік үйлестіру жүйесі тиімді әрі қайрылымды болуға тиіс. Оның
жұмысының нәтижелері барлық есепті органдар үшін ашық болуы қажет.
Министрліктер мен ведомстволардағы бүгінгі қалыптасқан ахуалга келетін
болсақ, жауапкершілік деңгейі өкілеттілік көлемінен асып түсіп отыр.
Өкілеттіктер мен жауапкершіліктер арасалмағының бір жағына қарай ауытқуы
басқару тиімділігін күрт төмендетеді. Әлемдік тәжірибе мекеме басшысына
ішкі басқару жөнінен кең өкілеттік берудің билікті асыра пайдалану
мүмкіндігінен келетін залалдан гөрі әлдеқайда көп артықшылықтар беретінін
дәлелдеп отыр.
Министр мен әкім кең өкілеттіктер иеленуге тиіс және солай болуы
керек, алайда олардың қызметі жоғары тұрған органдарға есепті болуы қажет,
әрі ұдайы жасалып отыратын тәптіштеуші бақылау емес, стратегиялық бақылауға
алынуы керек.
Бір қолға шоғырланған барынша кең өкілеттіктер қабылданған
міндеттемелердің орындалмай қалғаны үшін барынша кең дербес жауап-
кершілікті көздейтіні анық.
Менің айтып өткенімдей, әр министрлік пен ведомство өзіне тән емес
функциялардан арылуы керек, оларды мүмкіндігінше орталықтан аймақтарға
қарай, мемлекеттен жекеше секторға қарай ойыстыру қажет. Сатылар мен аралық
буындар аз болған сайын, өкілеттіктердің ара жігі де айқын ашылады.
Билікті орталықтан алудың және өкілеттіктерді өздері шұғылданатын
объектілерге тікелей қатысты неғұрлым төменгі деңгейлерге ойыстырудың
қажеттігі айдан анық, сонда орталық және өзге мемлекеттік органдар өзінің
іс жүзінде керектігін және пайдалылығын ұдайы дәлелдеуге мәжбүр болады.
Нарықтың көмегімен біз аймақтар арасында: тұрмыс жағдайы жоғары аймақ,
тандаулы аймақ принципі бойынша бәсекелестікті туғызып, күшейте беруге
тиіспіз. Сонда өндіргіш күштер неғұрлым қолайлы жағдай жасалған аймақтарға
шоғырлануға тиіс.
Аймақтардың жарыстас болуы олардың, әсіресе бюджет мәселелеріндегі
дербестігіне көбірек сүйенуі керек, шамадан тыс орталықтандыру, міне, осы
тұста айқын көрінеді.
Бет-жүзіне, лауазымына қарамай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз
күрес жүргізу қажет. Басқару корпусы батыл тазаруға және жаңаруға тиіс.
Жаңа тұрпатты шенеунік — өз ұлтшыл отаншыл әрі әділ, ісіне адал және
кәсіпқой білікті қызметшісі болуға тиіс. Мемлекеттік қызметтің бе-делін
биік көтеру және қолдап отыру — біздің таяу жылдарда шешуге тиіс
стратегиялық міндетіміз.
Күні кешегі өткенімізден бойымызда қалған ескі ниет-пайымымыз, әсіресе
идеологиялық кертартпалығымыз, нарықтық шаруашылықтың жаңа жағдайында жұмыс
істеуге қабілетсіздігіміз бен білместігіміз — әлеуметтік-экономикалық даму
жолындағы үлкен тосқауыл. Иә, алғашқы жалт еткен жағымды көріністер бар.
Алайда, тұтасынан алғанда, жаңа тұрпатты басқарушылар даярлау — таяу
болашақтың кезек күттірмес міндеті. Басқаруға білек сыбана іс тындыруға
әзір, басым мақсаттар мен міндеттерге жетуге қабілетті білімдарлар келуге
тиіс.
Кәсіпқойлық, отаншылдық, ұзақ мерзімді міндеттер қоюға қабілеттілік,
оларды жаңа жағдайда шеше алатын білімділік пен жігерлілік — кадрларды
іріктеу мен жоғарылатудың басты өлшемдері.
Республикада кәсіпқой мемлекеттік қызмет негіздері қазірдің өзінде
қаланды. Алайда әлі де көп іс тындыру керек.
Қадрларды басқарудың жалпы мемлекеттік жүйесін құру қажет, онда оларды
елімізде және сырт жерлерде нысаналы әрі тиімді даярлаудың, оларды қызмет
бабында жоғарылатудың әділетті тәртібі, бірыңғай ақпарат тетігі, әлеуметтік
қорғау кепілдігі әрі басқарудың ең іргелі ресурсы — адамға деген сергек
көзқарас қамтылуға тиіс.
Сонымен бірге бұл мемлекеттік жүйенің білімсіз, біліктілігі төмен
қызметкерлерді ығыстыра алатын қабілеті де болуы керек. Әр қызметкер іс
жүзінде өзінің пайдалы екенін және керектігін ұдайы дәлелдеп отыруға тиіс.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ: 1998—2000 ЖЫЛДАР
Егер біз XXI жүз жылдықтың басына дейін келесі үш жылға арналған қысқа
мерзімді міндеттерімізді белгілеп, оларды орындай алмасақ, осы
айтқанымыздың бәрінің де құрғақ қиял, жел сөз болып қалу қаупі бар.
Біздің көптеген азаматтарымызды дәл бүгін алыс келешектің онша
алаңдатып отырмағаны аян, өйткені қазіргі проблемалар еңсе жаздырмай тұр.
Адамдардың көпшілігі таяу уақытта аздап болса да, нақтылы нәтижелерді
сезінбейінше, олардың ұзақ мерзімді мақсаттар мен жақсы деген уағдалардың
өзіне сенімсіздікпен қарары анық.
Біздің стратегиялық жолымыздағы алғашқы қадамдар мен алғашқы
нәтижелерді неғұрлым тереңірек аңдау мен қадағалау мүмкіндігі бар. Солар-
дың негізінде тандап алған жолымыздың дұрыстығын терең пайымдайтын боламыз,
мемлекетке деген сенім артады, ортақтық және отаншылдық сенім беки түседі.
Біздің азаматтарымыз парасатты. Бірталай жылдардың ішінде экономика сауығып
қарқын алмайынша, барлық әлеуметтік өткір проблемаларды шеше
алмайтындығымызды олар жақсы түсінеді.
Таяудағы бірнеше жылдың ішінде ұзақ мерзімді басымдықтарды іске асыру
және ұзақ мерзімді стратегияның шеңберінде қысқа мерзімді нақтылы іс-қимыл
жоспарларын орындау үшін мемлекет ресурстарының шектеулі екенін де олар
түсінеді.
Соған қарамастан, адамдар ғасырымыз аяқталғанға дейін азды-көпті
жақсылықтар күтуге де және оларды алуға да хақылы, сондықтан да мен осы
тұста Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының
негізінде 1998—2000 жылдарға арналған неғұрлым маңызды міндеттерге тоқталып
кетемін.
Басым мақсаттар былайша түзілуге тиіс:
— ілгері елдермен белсенді қарым-қатынас macay, Қазақстанның
энергетикалық секторына ка-питал тарту және еліміздің әскери доктринасын
әзірлеу арқылы ұлттық қауіпсіздікті нығайту;
— ауылдың неғұрлым өткір проблемаларын шешу;
— кедейшілік пен жүмыссыздыққа қарсы күрес;
— ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның бірлігін нығайту жолымен
экономикалық өркендеуге жету;
— барлық әлеуметтік-экономикалық реформаларды аяқтау, ең алдымен
бюджет саласындағы реформаларды аяқтау, соның нәтижесінде зейнетақыларды,
жалақыны және әлеуметтік жәрдемақыларды толық көлемінде уақтылы төлеу;
— қолайлы инвестициялық ахуал туғызу;
— Үкімет пен мемлекеттік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Функционалдық басқару құрылымының иерархиясы
Персоналды басқару концепциясы
Мемлекеттік құрылым нысанының келелі мәселелері
Корпорациялық басқару
Коммуналар сияқты департаменттер анағұрлым маңызды аймақтық құрылымдар
Жергiлiктi экономиканы басқарудың механизмдерi мен мәселелерi
Нарық жағдайында өндірісті ғылыми-техникалық дайындаудың мазмұны мен міндеті
Негізгі программалық құрылғылар
Персоналдың дамуын басқару
Парасат Телеарна қызметкерлерінің деректер қорын жобалау
Пәндер