Нарықтық экономиканың модельдері
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Нарықтық экономиканың модельдері 2
Американдық модель 6
Жапониялық модель 6
Неміс моделі 7
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 10
Кіріспе
Нарық - өте күрделі, көптеген құрылымы бар ұғым. Жалпылама тұрғыдан
алғанда нарықтың мәні оның атқаратын қызметтері арқылы ашылады.
Экономикалық байланыстар өнімдердің өндірушілерден тұтынушыларға
қозғалысын қамтиды: бір жақтан өндірушілер, басқа жақтан, тұтынушылар
арасында көп түрлі айырбас жүріп отырады.
Осындай айырбас процестері қоғамдық еңбек бөлінісімен белгінеді. Бұл
бір жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды бір-
біріне оңашаландырады. Екіншіден, олардың арасында тұрақты функционалдық
қатынастар туады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің шаруашылық жүргізуде
экономикалық жекеленуіне, тәуелсіздігіне ұласады, сөйтіп нарық
қатынастарының субъектілерінің қалыптасуының экономикалық негізін құрайды.
Екінші жағдай, тауарларды сатып алу - сату эквиваленттік негізде жүріп
отыратын айырбастар процестеріне айналады. Нәтижесінде, жабайы өндірушінің
нарық қатынастарының субъектіне айналуының экономикалық шарты
материализацияланады, өндіріс тауарлық өндіріске айналады. Өндірушілер өнім
өндіруді және оны өткізуді, шығындарды өтеуді, өндірісті кеңейтуді және
жетілдіруді - барлығын өз еркімен дербес шешеді. Тауар-ақша қатынасы
жағдайында айырбас процестері нарықтық қатынастар формасын алады.
Осы қатынастардың мазмұны неде? Экономикалық эдебиетте бұл сұраққа
жауап бірдей емес. Оның ең жабайысы: нарық адамдардың сатушы және сатып
алушы болып бір-біріне тауып кездесетін жері. Неоклассикалық экономикалық
эдебиетте жиі қолданылатын нарыққа анықтаманы француз экономисі А.Курно
(1801 - 1877 жж.) мен экономист А.Маршалл (1842 - 1924 жж.) береді. Нарық
заттар сатылатын және сатып алынатын белгілі нақты нарық алаңы емес, ол
сатып алушылар мен сатушылардың бір-бірімен өте еркін жағдайда келісімге
келетін, кез келген жалпы аудан, еркіндік, сонда бірдей тауарлардың бағасы
көп ұзамай тез арада теңеледі. Бұл анықтама айырбастың еркіндігі мен
бағаның белгіленуі нарықтың басты критерийі деп көрсетілген.
Нарықтық экономиканың модельдері
Нарық теориясында нарықтық қатынастар әрекет ететін шекараны
белгілеудің маңызы зор. Бұл мәселеде айырбас сферасында шығындардың
қалыптасуы шешуші шарт болып табылады. Нарық жағдайында тауарларды өткізу
мен тұтынуға байланысты шығындарды К.Маркс таза шығыңдар деп атаған. Батыс
экономикалық әдебиетінде айырбас сферасындағы шығындар трансакциондық
шығындар деп аталады. Бұл түсінікті американдық экономист Д.Коуз енгізген.
Д.Норт трансакциондық шығындардың негізгі типтерін бөліп көрсеткен:
- нарық туралы информация іздеумен жөне сол нарықтағы тауарлар мен
қызметтер қозғалысының қалыптасу шарттарымен байланысты шығындар;
- келісімдердің шартын белгілеумен және оларды жасаумен байланысты
шығындар;
- тауарлардың сапасын анықтауға, стандарттар жүйесін жасауға, фирманың
белгісін қорғауда жұмсалған шығындар;
- заң жүйесінің көмегімен құқықтық тәртіпті қорғауға жұмсалған
шығындар;
- нарықта ойланбай (оппортунистік) жасалған әрекеттерден болған
шығындар.
Шығындардың осы формасын пайдалану өте көп тараған. Шекті пайдалылық
теориясының өкілдері трансакциондық шығындардың енгізілуінен көп бұрын,
бәсеке мен нарықтық баға белгілену процестеріне көңіл аз бөлінді деушілікке
сүйене отырып, зерттеу процесін айналым сферасына аударған. Қазіргі
замандағы экономикада, бухгалтерлік өндіріс шығындары қолданылады. Бұған
тікелей шығындардан басқа, сауда және әкімшілдік шығындары жатады.
Бухгалтерлік шығындар мен әдеттегі кәсіпкерлік пайда бірігіп толық
бәсекелік пайданы құрайды.
Айналыс сферасындағы шыгындарды теория жагынан дәлелдеу, өндіріс
зандары мен бөлу заңдарының арақатыстық мәселелерін шешу болып табылады —
олар, немесе, бір-бірінен дербес, немесе, біріншілер екіншілерге тәуелді
болады. Егер өндіріс процесі болу процесінен тәуелді емес десек, онда
трансакциондық шығындар нөлге тең болу керек. Бірақ, нақты өмірде
трансациондық шығындар қашанда нөлге тең болмайды. Сондықтан, өндіріс
процесіне бөлу нарықтық механизм арқылы тікелей әсер етеді.
Осы әсердің дәрежесін білу үшін А.Смит пен Р.Коуздың теоремаларымен
танысайык.
А.Смит теоремасы, немесе, айырбас теоремасы бойынша, еркін айырбас екі
жаққа да пайда әкеледі. Осы теорема арқылы нарық, еңбек бөлінісі және
өндірістің тиімділігінің араларында байланыстар белгіленеді. Нарық
қатынастарының дамуы және айырбас арқылы қол жеткен пайда, еңбек бөлінісіне
негізделген маманданудың нәтижесінде туған рационалдық кәсіпкерлік іс-қимыл
аркылы қамтамасыз етіледі. Осы арқылы өндіріс көлемі және айырбастың
масштабы өседі. Тауарларды өткізу (айырбастау) сферасының кеңейуі
трансакциондық шығындардың өсуімен қатар жүреді. Бұл арада қайшылық процесс
туады. Бір жақтан, маманданудың арқасында шығындар жалпы төмендейді, басқа
жақтан, нарықтық қатынастардың территориялық деңгейінің кеңейуінің
арқасында трансакциондық шығындар өседі. Осының нәтижесінде еңбек
бөлінісінің пайдалылығы, трансакциондық шығындардың өсуінің салдарынан
жоққа айналуы мүмкін. Бұдан мынадай тұжырым туады: еңбек бөлінісінің
пайдасы мен трансакциондық шығындар салыстырылып отырылатын, нарықтық
қатынастар шекарасы, осы нарықтық қатынастар субъектерінің шекарасы болып
табылады.
Р.Коуздың теоремасының мәнін былай сипаттауға болады: егер меншік құқы
нақты белгіленген болса, онда ынталы жақтар ұнамды, немесе, ұнамсыз
нәтижелерді мемлекеттің кірісуінсіз шешуі мүмкін. Бұл теорема мынадай
жағдайға негізделеді: меншікті қолдану процесінде пайда болатын
трансакциондық шығындар екіге — меншіктің өзінің әрекет етуімен байланысты
шығындарға және мемлекеттің ынталы жақтардың арасында меншіктің бөлінуін
реттеп отыруға жұмсайтын қосымша шығындарға бөлінеді. Бұл мынадай жағдайға
әкеліп соғады: нарықтық қатынастардың шекарасының кеңейуі қос кедергі
тудырады. Біріншісі жеке меншік әсер ететін сфераны кеңейтумен байланысты
шығындар, (жеке меншік тәртібінің анклавы). Екіншісі мемлекеттің бөлуді
реттеу арқылы көрсеткен көмегіне байланысты шығындар. Бұл жағдайда шығындар
күрт өсіп кетеді де нарықтық қатынастар деңгейі төмендейді. Реттеу
жүргізумен байланысты қосымша шығындарды болдырмауды көздеп, ынталы жақтар
өздерінің мәселелерін жасырын (жария емес) келісім арқылы шешеді және осы
арқылы олар өздерінің іс-әрекет ететін деңгейін кеңейтуге мүмкіндік алады.
Қазіргі заманда споттық және мерзімді нарықтар кең тарап отыр.
Нарықтың осы түрлері бір-бірімен тығыз байланыста болады. Споттық нарық
мерзімді нарықтың пайда болуына себепкер болды.
Споттық нарық дегеніміз қолма-қол жеткізілетін нақты тауарлармен сауда-
саттық жүргізу нарығының бір түрі.
Мерзімді нарық — Бұл мерзімді контрактар нарығы, яғни келісім шарттар
бойынша көрсетілген мерзімде материалдық байлықтарды, тауарларды, құнды
қағаздар түріндегі активтерді, болашақта жеткізу туралы контрагенттердің
бір-бірімен жасасқан келісімі.
Споттық нарыққа хеджерлер мен саудагерлер қатысады. Сұраныс пен ұсыныс
сақтауға тағайындалмаған тауарлар арқылы қалыптасады. Хеджерлер
контрактыларды сату және сатып алу келісімдерін жүргізеді. Олар тауарды осы
сәтте сатып жібере алады, немесе, мерзімді контрактыны сатып жіберіп,
тауарды сақтап отыра алады. Хеджерлер нақтысында споттық нарықта
контракгылар ұсынысын қалыптастырады, сөйтіп осы, немесе, басқа тауарлар
бағаларының тербелуі нәтижесінде мүмкін болатын шығындардан сақтандыруды
қамтамасыз етеді.
Саудагерлер болашақта болып қалуы мүмкін спот бағасын болжай отырьш,
тауарлар қорын жасайды. Саудагерлер өз әрекеттерін мерзімді нарықтағы
ағымды споттык бағамен, немесе болашакта мүмкін болатын споттық бағамен
есептесе отырып жүргізеді. Мерзімді контрактылардың орындалуы форвардтық,
фьючерстік және опциондық контрактылар түрінде жүзеге асырылады.
Форвардтық контракт — Бұл контрагенттер арасында биржадан тыс жасасқан
контракт объектісін болашақта жеткізу туралы келісім-шарт. Контрактының
орындалуы белгіленген мерзімде, көрсетілген шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
Әр түрлі активтер — тауарлар, акциялар, облигациялар, валюта, т.б.
келісімінің предметі бола алады.
Әдетте, форвардтық контракт шартында жеткізудің белгілі бір датасы
корсетіледі.
Фьючерстік контракт — Бұл контрактың предметі болашақта жеткізу туралы
келісім. Фьючерстік контракт тек биржада жасалынады. Оның шарттарын
биржаның өзі белгілейді.
Контрактының предметі болып материалдық активтер — алтын, бидай,
бензин және қаржы құралдары (валюта, құнды қағаздар, қор индексі) қызмет
атқара алады. Биржаның есеп жүргізетін палатасы фьючерстік контрактылардың
орындалуына кепілдік алады.
Опциондық контракт. Опцион — Бұл белгілі базистік активтерді, белгілі
бағамен, белгілі уақытта сатып алу, немесе сату құқығын беру туралы, екі
жақтық келісім шарт. Контрактыда екі жақ қатысады: опционды сатып алушы
(Бұл активті сатып алу, немесе, сату құқығын алатын жақ) және сатушы (сатып
алушының талабы бойынша активті жеткізу, немесе, қабылдау құқын беруші
жақ). Алған құқы үшін опционды сатып алушы сатушыға сыйлық төлейді.
Орындалу мерзіміне байланысты, опциондар екі типке бөлінеді:
американдық, еуропалық. Америкавдық опциоңдар контрактың мерзімі біткенге
дейін қай құн болмасын сол күнде орындалуы мүмкін. Еуропалық — тек контракт
орындалған күнінде ғана орындалады.
Дүниежүзілік практикада жасалатын контрактылардың көбі американдық
опциондар.
Қазіргі уақытта Қазақстанда барша шаруашылық жүргізудің экономикалық
жүйелік қызметтерінің нарықтық үлгісі жасалуда.
Осы жағдайда нарық экономикасы жоғары дамыған елдер қолданып отырған
үлгілердің ерекшелігін білу өте қажет. Алдымен назарымызды барлық нарықтық
жүйелер және олардың даму бағыттары тәуелді болатын жағдайларға көңіл
аударайық:
• географиялық орналасу;
• табиғи ресурстардың бар болуы;
• тарихи даму жағдайлары;
• халықтың дәстүрі, әдет-ғұрыпы;
• өндіргіш күштердің даму дәрежесі;
• қоғамның әлеуметтік бағытталуы.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық шарттарының әр елдердің өзіне тән
ерекшеліктері болады.
Сонымен қатар барлық нарықтық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz