Ақша белгілерінің түрлері мен типтері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ2
І. Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері3
1. 1 Ақша жүйесінің сипаттамасы және оның даму тарихы3
1. 2. Ақша жүйесінің негізгі элементтері4
ІІ. Ақша белгілерінің типтері6
2. 1. Ақша белгілерінің түрлері мен типтері6
2. 2 Қазақстан теңгесі туралы мәлімет9
ҚОРЫТЫНДЫ11
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР12
Мол ақша табу - батырлық;
оларды сақтай білу - ақылдылық,
ал тиісінше жұмсай білу - өнер.
Б. Ауэрбах
Ақша ашпайтын құлып жоқ.
Қазақ мақалы.
КІРІСПЕ
Ақша - адамзаттың ойлап тапқан керемет өнертапқыштығының бір куәсі деуге болады. Біздің заманымызда ақша көптеген адамдар үшін өмірдің негізгі мәні болып отыр. Адамдар ақшалай табыс табу үшін өзінің барлық уақытын сарп етуге дайын.
Ақша - бәріміздің де сұранымдарымызды қанағаттандырудың ортақ символы іспеттес қоғамдағы әмбебап құрал.
Ақша жүйесі - бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру формасы.
Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементтері болады. Ақша жүйесінің типі бұл ақшаның қандай форма да болуын сипаттайды. Осыған байланысты ақша жүйесінің мынадай типтерін бөліп қарайды:
металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауары тікелей айналыста бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады;
- несиелік және қағаз ақшалар жүйесі, яғни алтын айналыстан алынып тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі.
І. Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері
1. 1 Ақша жүйесінің сипаттамасы және оның даму тарихы
Әр елдің тарихы қалыптасқан және тиісті заңмен бекітілген ақша айналымын ұйымдастыру нысанын ақша жүйесі деп түсіну керек.
Ақша жүйесі - бұл әрбір елде тарихи қалыптасқан және мемлекетпен заң бойынша белгіленген ақша айналысын ұйымдастырудың формасы.
Негізінде ақша жүйесі көпшілік елдерде 16-17 ғасырларда қалыптасты, ал қайсыбір елдерде, ақша кейбір элементтері бұрынырақ кездескен. Металл ақша айналатын ақша металын, оның бірлігін анықтау, монета соғу және эмиссия тәртіптері ақша жүйесінің элементтері болып табылған. Осы кезенде әр елде, жалпыға балама ретінде және ақша айналымның базасы болып, қандай металл қолдануына байланысты, ақша жүйесінің екі түрі қалыптасты:
Биметалды ақша жүйесі. Бұл жүйеде валюталық метал болып екі метал: алтын және күміс қолданылған. Бірақ, неғұрлым жоғары құндылығының салдарынан және тасымалдауға қолайлылығына байланысты алтын ақша атқарымдарын орындауға көбірек бейімделген болғандықтан ол бара-бара күміс монеталарды ығыстырып, ІХ-ғасырдың аяғына қарай ең басым валюталық метал болып қалды.
Монометалдық ақша жүйесі . Бұл жүйеде валюталық металл ретінде бірақ металл шықты (алтын) . Сонымен қатар айналымда алтынға айырбастала алатын басқа да құнның өкілдері жүре алатын болды. Бұлар: банкноттар, қазына билеттері, ұсақ монеталар.
Алтын монометалдық ақша жүйесінің үш түрі болды:
алтын - монеталық стандарт. Бұл стандартта алтың ақшаның барлық атқарымдарын орындайды. Алтын монеталармен қатар айналымда көрсетулі құнымен алтынға айырбастала алатын алтынның белгілері жүретін болды;
алтын - құйма стандарты. Бұл стандарт бойынша банкноттар (ақша билеттері) алтын кұймаға айырбастала алады;
алтын - девиздік стандарт. Бұл стандартта жеке елдердің банкноттарын (ақша билеттерін) басқа елдің алтынға айырбастала алатын валютасына ауыстыруға болатын.
Бұл жерде айта кететін маңызды нерсе - алтын монометалдық ақша жүйесінің дәл осы түрі кейін 1922 ж. құрылған халықаралық валюталық жүйесінің негізі болды. Бұл жүйе 1976 жылға дейін СДР1 мен ауыстырылғанға дейін жұмыс істеді. Оның үстіне алтын-девиздік стандарт экономика жағынан әлсіз елдердің, неғұрлым экономикасы күшті елдерден тәуелділігін баянды етті.
Өткен ХХ-ғасырдың отызыншы жылдарының басында дүние жүзінде айырбасталмайтын несие ақша жүйесі қалыптасты. Бұл жүйенің табиғаты қағаз ақшаға жақын және жалпыға бірдей экономикалық заңның, еңбекті және айналым шығындарын үнемдеу талаптарына дәлдеу келетін.
Кейінгі кезеңдерде, несиелік ақша белгілерінің айналымы негізінде, екі түрлі ақша жүйесі қалыптасты. Оның біреуі шаруашылық жүргізудің әкімшілік-тарату жүйесіне сәйкес болса, екіншісі нарық экономикасына сәйкес келеді.
1 СДР - арнаулы өзара қарыз құқықтары 1969 жылы ұйымдастырылған ұжымдық валюта. Осы екі жүйе арасындағы ерекшеліктер төмендегі кестеде көрсетілген.
Тек, әшейін көзбен салыстырғанның өзінде, келтірілген айырмашылықтар, осы екі жүйенің арасының қаншылықты алыс екендігін, тіпті кей жағдайда, қарама-қарсы екендігінін байқатады.
1. 2. Ақша жүйесінің негізгі элементтері
Қазіргі жағдайда ақша жүйесі бірнеше элементтерден құралады. Оның ішінде:
Елдің ақша бірлігінің аты. Бұл элемент, әр елдің өмір сүре бастаған кезінде пайда болатын мемлекеттік атрибут, және оның сыртқы түрі, не ішкі мазмұны өзгерсе де аты өзгермейді. Мысалы, кезінде күміс те, алтын да доллар болды. Енді қағаз доллар да бар. Бірақ, ол американың америка болғанынан бері Ұлттық ақша бірлігі болып келеді.
Ресейде ХVIII-ғасырда, кейбір княздықтарда қолданылған күмісқұймалар "рубль" деп аталған. Кейінірек, Петр І-дің тұсында, ол Ресей мемлекетінің Ұлттық ақша бірлігі болып жарияланған. Содан бері талай ақша реформалары болып жатса да, оның сыртқы түрі де, Ішкі мазмұны да өзгергенмен аты өзгерген жоқ.
Қазақстанда, егемендік алғаннан кейін 1993 жылдың 15-қазанында шығарылған ақша "Теңге" Ұлттық ақша бірлігі болып, сол жылдың 13-желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасының, ақша жүйесі" деген заңмен бекітілді. Енді ол, еліміздегі жалғыз ғана төлем құралы.
- Ақша белгілерін қамтамасыз етудің тәртібі. Қазақстанда жоғарыда айтылған заңның 9-шы бабында көрсетілгендей банкноттар мен монеттер Ұлттық банктің сөзсіз міндеттемелері болып табылады. Сондықтан олар, осы банктің барлық активтерімен қамтамасыз етіледі.
~ Эмиссия тетігі. Ақшаны айналымға шығару және оны айналымнан шығарып алудың тәртібі эмиссия тетігі деп аталады. Қазақстанда ол тәртіп мынандай:
а) қолма-қол емес ақшаның айналымға шығару және оны айналымнан шығарып алу, екінші дәрежелі банктерге жүктелген. Олар несие берген кезде айналымда қолма-қол емес ақша пайда болады да, ал несиені қайтарып алғанда ақша айналымынан шығарылған болып есептеледі;
б) қолма-қол ақшаны айналымға шығару және оны айналымнан шығарып алу Ұлттық банкке және оның бөлімшелеріне жүктелген (облыстық бөлімшелер мен есеп кассалық орталықтары - РКЦ) .
- Айналымдағы ақша жинағының құрылысы. Бұл ұғым екі түсініктен тұрады. Бір жағынан, қолма-қол ақша мен қолма-қол емес ақшаның ара қатынасы қаралады. Дүние жүзілік экономикада бұл көрсеткіш 1/3 болып, қолма-қол емес ақшаның, пайдасына шешілген. Екінші жағынан, банктік билеттер мен қазына билеттерінің ара қатынасы қаралады. Бұл көрсеткіш Кеңес Одағынын тұсында 1/2 болатын, яғни, егер айналымға 100 мың сом шығарылса, оның жартысы банкілік (10, 25, 50, 100 сомдық) билеттер, жартысы қазына билеттерінен тұратын (1, 3, 5, сомдық) . Қазіргі жағдайда бұл ара қатынасқа ешкім көңіл аударып жатқан жоқ. Металл монеттері айналымда тіпті жоқтың қасында, ал қазына билеттері қиқым-сиқымға айналып барады.
- Ақша мен несиені реттеу тетігі. Бұл ақша-несие мәселелерін реттеудің әдісі. Қандай орган мұнымен шұғылданады, оның міндеттері, құқықтары қандай және оның алдына қандай мақсат қойылады. т. с. с.
- Ақшаның құнын белгілеу тәртібі. Бұл, осы елдің ақшасының, басқа елдердің ақшаларымен ара қатынасын анықтау жүйесі, яғни, Ұлттық ақшаның (валютаның) бағамын белгілеу. Қазіргі жағдайда Ұлттық валютаның бағамын анықтайтын екі режим (тәртіптеме) қолданылады: валюталық бағамды бекіту және еркін жүзетін бағам. Валюталық бағамды бекіту режимінде ертеректе (1976 жылға дейін), оның бағамы алтынмен салыстырғандағы құнымен тең болатын. КСРО да бұл тәртіп соңғы жылдарға дейін сақталды. Оны тек, 1992 жылы Ресей Үкіметі жойды. Осыдан кейінгі жылдарда, Ұлттық валютаның бағамын, оның сатып алуға жарамдылығы мен баска елдердің валюталарына ұсыным мен сұранымға байланысты анықталатын болды. Бір ескеретін жағдай, бұл режимде Орталық банк (Ұлттық банк) басқыншылық әдістерін пайдаланып, өз валютасының бағамын толтырады. Қазақстан 1999 жылдың 5 көкегінен бастап осы режимнен бастап валюта бағамының еркін жүзу режимін енгізді. Бұл режимде валютаның (теңгенің) бағамы ұсыным мен сұранымға байланысты валюта нарығында анықталады.
- Касса тәртібін ретке келтіру. Кассалық операцияларды жүргізу тәртіптерін Қазақстан Ұлттық банкісі 1992 жылдың Ақпан айының 27 жұлдызындағы қаулысымен бекіткен оның қысқа мазмұны және оңың қалай орындалып келе жатқаны жөнінде осы тараудың 2, 3 параграфында айтылған.
ІІ. Ақша белгілерінің типтері
2. 1. Ақша белгілерінің түрлері мен типтері
Егер 1991 жылы 1 қаңтарына дейін айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде ҚР ақша белгілері болып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардың түрлерінен құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесі болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етіледі.
Эмиссия тәртібі. Қолма-қол ақшаларды шыға депозиттер негізінде несиелік ақшаларды жасау интенсивтігі артады және ол ақшаны мультипликациялау коэффициентімен анықтау.
Ақша массасы өсуінің бақылау көрсеткіштері елдің экономикалық потенциалының болашақтағы ұлғаюын және оның пайдалану дәрежесін ескере отырып есептеледі. Бұл көрсеткіштің тәжрибе үшін де маңызы зор.
Егер ақша массасы ақыретке айналса, бұл ұлттық өнімді орналастыру коэффициентінің өте төмендігін білдіреді, ал ақша айналысының қозғалысы қаражаттарды салыстырмалы түрде жылдам жұмсауды және жоғары туралы білдіреді. Ақша айналысының жылдамдығын ақшасына кері пропорционал, яғни мұндай айналыстық жоғары жылдамдығы қосымша эмиссияға қажеттікті қысқартуы тиіс. Керісінше, ақша айналысының ақырын қозғалысы шаруашылық субъектілердің жинақтауға ұмтылысын, ақша массасы құрамында ұзақ мерзімді салымдардың өсуін көрсетеді.
Сондықтан да барлық ақшалардың (ақша массасы) айналыс жылдамдығы мен төлемдердің өту жылдамдығын шатастыруға болмайды. Соңғысының өте жоғары болатыны сөзсіз. Олардың айналысып ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма-қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады.
Ақша түрлері. Заңды төлем құралы болып табылатын қағаз және несие ақшалар. Валютаның бағасы дегеніміз - бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы.
Әлемдік тарихта ақша жүйесінің келесі типтері болған:
металдық айналым, мұнда ақшалай тауар ақшаның барлық қызметін атқарады, ал несие ақшалар металға айырбасталады;
несие және қағаз ақша айналысы, мұнды алтын айырбастамайтын банкнотармен айналыстап ығыстырылады және қазынаға айналды.
Металдық айналысқа қатысты аталып өткен екі ақша жүйесі - биметализм және монометаллизмге тән.
Биметаллизм - бұл ақша жүйесінде жалпы құндық эквивалент ролін заңды түрде екі металл атқарады. Алтын және күміс монеталар кең көлемде соғылып, еркін айналысқа түсті, биметаллизмнің үш түрі болды:
Параллельді валюта жүйесі, алтын және күміс монеталар арасындағы қатынас металдық нарықтық бағасына сәйкес стихиялы түрде бекітілді;
Қосарлы валюты жүйесі, бұл қатынасты мемлекет анықтады;
«ақсақ» валюта жүйесі, күміс монеталар алтын белгісі болып қалыптасты.
Ақша ретінде екі металдық қолданылуы жалпыға ортақ эквивалент табиғатына қарама-қайшы болды. Алтын мен күміс арасындағы шекті қатынасты белгілеуде қиындықтар туды. Қайырлы ақша жүйесін мемлекетаралық реттеу нәтижесіз болды. Күмістің құнсыздануы нәтижесінде алтын монеталар айналыстан қазынаға кете бастады.
Монометализм - жалпыға эквивалент рөлін бір ғана металл ( не алтын, не күміс) атқаратын ақша жүйесі. Алтын монометаллизм алғаш рет Ұлыбританияда - 1816ж, Германияда - 1871-1873жж. Францияда - 1876-1878жж. Ресей мен Жапонияда 1897 жылы, АҚШ-1900ж. белгіленді Күміс монометаллизм Ресейде 1834-1852жж., Үндістанда 1868-1893жж., Нидерландыда 1847-1875жж., қолданылды.
Құн белгілерін алтынға айырбастау сипатына байланысты алтын монометаллизмі үш түрге бөлінеді.
Алтын монета стандарты, оған алтын монетасының айналысы, алтынның ақша қызметін атқаруы, құн белгілерінің еркін алтын монеталарға өсу құны бойынша айырбасталуы және т. б. тән.
Алтын құйма стандарты - Ұлыбританияда және Францияда енгізілді. Мұнда банкноталар заңмен бекітілген соманы (Ұлыбританияда - 1700 фунт стерлинг, Францияда 215 мың франктың құны 12 кг массасындағы стандарт құймасының бағасына сәйкес келеді) ұсынған жағдайда алтын құймаларына айырбасталды.
Алтын девиз стандарты - Германияда, Австралияда, Данияда, Норвегияда және басқа елдерде бекітілген. Бұл банкноталардың алтынға, шетел валютасына (девизіне) айырбасталатының білдіреді. Сөйтіп, бұл стандарт бір елдің валюталы басқа елдің валютасына тәуелділігін көрсетті.
1929-1933жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың нәтижесінде алтын монометаллизмнің барлық формалары жойылды. Алтынға айырбасталмайтын несиелік ақшалардың жүйесі бекітілді. Банкнотаның алтынмен қамтамасыз етілуі және оны алтынға айырбастау капиталистік елдердің барлығында тоқтатылды. Сөйтіп, 1972ж, шетел орталық банктері үшін АҚШ долларын алтынға айырбастау да тоқталды. Ақша эмиссиясын қамтамассыз етуінің негізі мемлекеттің бағалы қағаздары болды.
Алтын айналысынан айырбасталмайтын несиелік ақшалар жүйесі, ақша бірлігі құндарының қалыптасуы механизміне қарай айырбасталды. Несиелік ақшалардың коминалдық құны оның нақты құнынан біршама асып тұрады. Эмиссиялық жүйені реттеуге ашық нарықтағы операциялар, міндетті резервтар нормасы, пайыз мөлшерлемесі, ақша-несиенің басқа да әдістері арқылы, қаржы және валюта саясатының көмегімен жүзеге асырылады.
Айырбасталмайтын несиелік ақшаларға өтеу ақша жүйесінің іргетасын қалауының, яғни ақша айналымының объективтік қажеттілігінен артық айналысқа ақша шығаруды шектеу қағидаларының бұзылуына әкеліп соқты.
Шаруашылық механизмнің құрамдас бөлігі ретінде ақша жүйесі қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктерге жауап қайыра кез-келген сәйкессіздіктер ақша жүйесінің тұрақсыздығына, ақырында ақшаның құнсыздығына, инфляцияға әкеп тірейді.
2. 2 Қазақстан теңгесі туралы мәлімет
Қазақстанда ақша бірлігі теңге деп аталады. 1991 жылы тамыз айында Ресей, Украин, Белорус мемлекеттері өзара келісімдеріне байланысты (Беловежск келісімі) Кеңес Одағы ыдырай бастады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде егемендігін жариялады. Дегенмен ақша ресурстары ортақ жүйеде қолдана берілді. Өтпелі экономиканың ауыр кезеңінде 1992 жылы Ресей қаржы саясатына байланысты жаңа ақша бірлігін шығаруы Қазақстанда экономикалық жағдайын қиындата түсті. Себебі, ақша айналымында кеңес ақшасының көлемі шегінен тыс көбейіп құнсызданды. Міне, осы бірқатар себептерге байланысты Қазақстан өз ұлттық ақша бірлігін 1993 жылы қараша айында шығара бастады. Оны енгізу жылдам әрі бар болғаны бес күн ішінде жүрді. Сөйтіп Қазақстанда, егемендік алғаннан кейін 1993 жылдың 15-қазанында шығарылған ақша "Теңге" Ұлттық ақша бірлігі болып, сол жылдың 13-желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасының, ақша жүйесі" деген заңмен бекітілді. Енді ол, еліміздегі жалғыз ғана төлем құралы. Ал ұлттық валютамыз енгізілген күн қаржыгерлер мерекесі ретінде аталып жүр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz