Пайда және оны белгілейтін факторлар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 2
1. Пайда және оны белгілейтін факторлар 4
2. Кәсіпкерлік табыс. Монополдық пайда 8
ҚОРЫТЫНДЫ 11
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 12

КІРІСПЕ

Нарық экономикасының құндық инструменттерінің жалпы жүйесінде пайда
маңызды орын алады. Ол фирманың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді,
оның қаржылық тәуелсіздігіне кепілдік береді.
Нарық жағдайында пайда нені, қалай және қандай көлемде өндіру керек
деген мәселелерді шешуге көмектеседі. Сондықтан өндірілген (сатылған)
тауарлар мен қызметтердің саны қанша және олардың бағасы қандай болғанда
барынша мол пайда түседі деген сауал өндірушілерді ынталандырады. Пайда
теориясы классикалық мектеп қалыптасқаннан бері, барлық ірі экономистердің
оқулықтарынан орын алған.
Пайданың алғашқы зерттеушісі меркантелистер болған. Олардың айтуы
бойынша, пайда айналыс сферасында, сыртқы сауда да пайда болады (жоғары
бағамен сатудың нәтижесінде). Физиократтардың айтуы бойынша, пайда тек ауыл
шаруашылығында жасалады. Мұнда табиғат күштерінің әсерімен тұтыну құндары
өндіріс шығындарынан артып өседі. А.Смит пен Д.Рикардо қосымша құн
материалдық өндіріс салаларында жасалады деп тұжырымдады.
Смит пайданы жұмысшы еңбегінің өнімінен капиталист үшін алыным деп
есептелген.
К.Маркс пайданы барлық авансталған капитал тудырған қосымша құнның
өзгерген формасы дейді; ал қосымша құнның көзі жалдамалы жұмысшылардың
еңбегі деді. Ол қосымша құнның пайдаға және пайданың орташа пайдаға айналу
шарттарын зерттеген болатын. Маркс осының арқасында пайда өсуінің
объективтік және субъективтік шекарасын көрсеткен.
Маркстік пайда теориясы негізінен әлеуметтік-экономикалық сипатта .
Нарықтық тетік жұмысында пайда мен процент қызмет көрсету рөлі мен
бөлшектік және жалпы тепе-теңдікті орнату мәселесіне К.Маркс аз көңіл
бөлгені де белгілі.
Қазіргі маркстік емес экономикалық ой, әсіресе оның жаңа классикалық
бағыты принципті басқа позицияда. Пайда мен процент өнімділіктің шектеулі
теориясы тұрғысынан қарастырылады және капиталға табыс өндірістің теңдей
құқылы факторлардың бірі ретінде және қызмет істеу аспектісін талдауға көп
көңіл бөлінеді.
Батыстық экономикалық ғылым пайданы әр түрлі пікірде қарайды.
П.Самуэльсон пайда туралы төрт түрлі көзқарасты атап өтеді:

1. пайда кәсіпкерлер өздері тікелей пайдалынған өндіріс факторларынан
түсетін табыс;

2. пайда кәсіпкерлік қызмет пен техникалық жетілдіруді енгізгені үшін
қайтарым.

3. пайда тәуелділік үшін төлем;

4. пайда монополиялық табыс ретінде.
Американдық экономист П.Хейне пайданы дұрыс анықтау деген орын
алмайды, өйткені ол көп мағыналы ұғым және экономикалық жүйенің қызмет ету
тетігін дұрыс түсіну үшін оның әр қилы мәнін саралап қарау қажет деп
көрсетеді.

1. Пайда және оны белгілейтін факторлар

ХХ ғ. Экономикалық ғылымдағы пайда жөнінде мынадай негізгі теориялар
атауға болады:
• өндіргіш капитал теориясы пайданы өндірістің қандайы болмасын, соның
міндетті түрдегі факторы болып табылатын капитал әрекеттерінің
нәтижесі дейді;
• ұстамдылық теориясы – бұл теория пайда өз капиталын тұтынуды кейінге
қалдырғаны үшін, өндіріске жұмсаған қаражаттардың тиімділігін
күтудегі қауіпке тәуілділік жасағаны үшін, капиталистерге сыйлық
болып табылады дейді.
• Пайда кәсіпкерлік іс-әрекеттердің барлық түрлерінен түсетін еңбекке
сәйкес табыс;
• Пайда монополияның болуының нәтижесі.
Осы аталған теориялардың ортақ көрсеткіші – ол пайданың көзін
кәсіпкердің іс-әрекетінің нәтижесі деп тану.
Фирманың пайдасы белгілі қызметтер атқарады. Олардың негізгілері:
• Бөліп тарату – орындауға арналған бағдарлама мен стратегияларды
қаржыландыру мақсатымен ақшалай қаражат қорларын құру, капиталдың
оптималдық \құрылымын қолдау, банкротқа ұшырау қаупін мейлінше
төмендету;
• Ынталандыру - өндіріс шығындарын төмендету, инновация мен техникалық
жаңалықтар енгізу.
Пайданы алдымен тауардың нарықтық сату бағасы мен оны өндіру үшін
жұмсалған шығындардың айырмасы деп қарауға болады. Пайданың құрылу, бөліну
және пайдалану факторлары 1.1-суретте көрсетілген. Пайданың мынадай түрлері
бар:
• Бухгалтерлік пайда – сыртқы шығындарды өтеген соң, яғни
жеткізушілерге ресурстар үшін төлем жасаған соң, жалпы ақша түсімінен
қалған табыстың бөлшегі;
• Экономикалық (таза) пайда – фирманың жалпы табысынан барлық
шығындарды (сыртқы, ішкі) алып тастағаннан соң қалғаны;
• Баланстық пайда - өнімді өткізуден түскен түсім мен материалдық
шығындар, амортизация және жалақы сомасының айырмасы. Кейде баланстық
пайданы жалпы пайда деп атайды. өйткені осы пайда кәсіпорын
құралдарын бөліп және пайдаланудың көзі болып табылады.
Осымен қатар, экономикалық әдебиетте жалпы, әдеттегі, шекті, барынша
мол пайда деген түсініктер бар.
Пайданың әр алуан түрін талдай отырып, кәсіпорынның пайдасын өсіруге
жол ашатын жағдайлар тудыратын көрсеткіштер есептелінеді: рентабельдіктің
коэффициентті, өткізудің рентабельдігі, меншікті капиталдың табыстылығы,
өнім рентабельдігі т.б. сипаттамалар.
Акционерлік қоғамның іс-әрекетінде мына көрсеткіштер маңызды рөл
атқарады:
• Бір акцияға келетін пайда (таза пайда мен тартымды акциялар
дивидендтерінің айырмасының айналыстағы жабайы акциалардың жалпы
санына қатынасы). Бұл көрсеткіш фирманың акциясының нарықтық құнын
алдын ала белгілейді;
• Акционерлердің фирманың таза пайдасының бірлігіне қанша ақша бірлігін
төлеуге келісетіндігін, акцияның нарықтық бағасы мен бір акцияға
келетін пайданың арақатынасы көрсетеді;
• Төленіп отырған үлгісі (бір акцияға келетін дивиденд пен бір акцияға
келетін таза пайданың санының арақатынасы). Бұл дивиденд төлеуге
жұмсалатын таза пайда үлесін сипаттайды.
Экономикалық бағытта сатудан түскен ақша түсімі мен жіберіп алған
мүмкіндіктердің шығындары арасындағы айырмадан пайда болғанда, фирма жалпы
табыс пен жалпы шығындар арасындағы айырмасын барынша көп етуге тырысады.
Есте болатын жағдай - өнімнің әр қосымша бірлігін өндіру жалпы шығындарды
өсіреді (МС шекті шығындар көлеміне) және жалпы ақшалай түсімді (MR шекті
ақша түсімінің көлеміне) арттырады.
Егер фирма өндіріс көлемін өсірсе жалпы пайда өседі, бірақ ол белгілі
бір шекке жеткенше – шекті ақшалай түсім шекті шығындардан артық болғанша
өседі. Шекті шығындар шекті ақшалай түсімнен арта бастаса ппайда
төмендейді.
Сондықтан пайданың бірінші шарты: шекті ақшалай түсім шекті шығындарға
тең болуы керек:

МС = MR

Жетілген бәсеке және таза монополия жағдайында пайданы барынша мол
етіп жатқан фирмалардың іс-әрекеттерін салыстырып көрейік. Фирмалар
қимылдарының айырмашылықтары сұраныс функциясының әр түрлі сипаттамасымен
байланысты әр түрлі болуымен байланысты.
Жетілген бәсеке жағдайында фирма үшін сұраныс бағасы берілген шама
болып табылады. Осы бағамен фирма тауар бірлігінің қаншасын болмасын сата
алады (сатамын деп есептейді). Фирма үшін сұраныс қисығы 1.2-суреттегідей
болады.
Тауардың қаншасы болмасын сол бір бағамен сатыла алады. Ақшалай орта
түсімде өзгермейтін және сол бағаға тең болады. Тіпті тауардың әрбір келесі
бірлігі осының алдындағы бірліктің бағасымен сатылады. Осы жағдайда баға Р
орта ақшалай түсімге АR тең және шекті ақшалай түсімге MR тең болады. Осыны
1.3-суретте көруге болады.
Ақшалай түсім мен шығындар қисықтарын бір графикте бір-бірімен
беттестірейік(1.4-сурет).
Шекті түсім MR қисығымен шекті шығындар МС қисығының қиылысқан Е
нүктесінде фирма ақшалай пайдасын барынша көбейтеді. Мұнда сөз шекті табыс
қисығының шекті шығыныдар қисығының ұлғаймалы тауарымен қиылысқаны туралы
болып отыр.
MR қисық сызығының МС қисық сызығын К және Е нүктелерінде екі рет
қиылысып өтетін жағдайды байқайық (1.5-сурет).
К нүктесінде шекті шығындар төмендейді, демек, пайда өсе бастайды.
Фирма өнім жасауды Е нүктесіне дейін көбейтеді. Бұл пайданы барынша
жоғарлатудың екіншілік шарты деп аталады. Барынша жоғары пайда ұнамсыз
(теріс) емес шама болуы керек, керісінше жағдайда (баға орта шығындардан
төмен болғанда) фирма осы өнімді шығаруын тоқтатады. Мұны 1.6-сурет
көрсетеді.
Дегенмен, егер баға орта өзгермелі шығындарды ғана өтесе, сөйтіп аз да
болса тұрақты шығындардың орнын өтеуге қаражат әкелсе, онда фирма өзінің
тұрақты шығындарын азайта алмайды (қысқа мерзімді алғанда) және өндірісті
жүргізуге мәжбүр болады.
Ұзақ мерзімде мұндай жағдай мүмкін емес: кейбір фирмалар саладан
кетуге мәжбүр болады. Бұл салада қалған фирмалар үшін сұраныс бағасын
жоғарлатады. Осы процесс салада қалған фирмалардың орта шығындарын баға
өтей алғанша орын алады, яғни Р=АС. Егер фирмалардың саладан кетуі жалғаса
берсе, онда бағаның өсуі, оның орта шығындардан артып кетуіне әкеледі,
қалған фирмалар экономикалық пайда алады. Бұл осы салаға жаңа фирмалардың
келуіне көмектеседі. Жаңа фирмалардың салаға ағылуы ұсынысты көбейтіп,
бағаны төмендетеді, осыдан фирмалардың пайдасы төмендей түседі. Баға орта
шығындарды жауып өтегенде, яғни Р=АС болған кезде, салаға жаңа фирмалардың
ағып кіруі тоқталады. Жетілген бәсеке жағдайында, ұзақ мерзімде,
фирмалардың салаға енуі мен шығуын бағаның орта шығындар шамасы мен
тендесуі белгілейді (“нөлдік” таза экономикалық пайда гипотеза ):

P=MR=MC=AC

Таза монополия жағдайында баға белгіленген, берілген шама болып
табылмайды. Жиынтық нарықтық сұраныспен кездескенде, өндіруші түсінеді:
оның өнім өндірісін көбейте түсуімен бірге, өткізу бағасы төмендей түседі.
Монополист үшін сұраныстың (орта ақшалай түсімінде) қисық сызығы ұнамсыз
(теріс сан) еңкейте түрде болады (1.8-сурет).
Осы қаралған жағдайда, шекті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық өсудің типтері мен факторлары
Бименгиева Экономикалық теория
Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялар жүйесі
Экономикалық өсудің типтері, тиімділігі мен сапасы
Қазақстан Республикасының экономикасының өсуінің глобалдық мәселелері
Дүниежүзілік валюта айналымы
Валюталық бағам түсінігі
Үкімет бағдарламасын сараптау
Қоғамдық өндіріс туралы
Жер қатынастарын құқықтық реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың функциялары жайында
Пәндер