Рыноктың мәні және атқаратын қызметі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1. Рынок дегеніміз не?
1. Рыноктың мәні және атқаратын қызметі.
2. Рыноктың түрлері.

2. Қазақстанда рыноктың қалыптасуы.
1. Рыноктық шаруашылық тауарлық өндіріс демуының жоғарғы баспалдағы
ретінде.
2. Рыноктың инфрақұрылымы. Трансакциялық шығындар.
3. Рыноктық механизмнің мәні мен негізгі элементтері.
4. Рыноктық экономиканың басымдылықтары мен кемшіліктері.

Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Рынок – тауарларды сатып алу-сату формасындағы өнім өндірушілер мен
тұтынушылар арасындағы жанама, тікелей екі жақты байланыс; тауар-ақша
қатынастарын іске асыру саласы, сонымен бірге құралдардың, әдістердің,
жабдықтардың ұйымдық-құқықтық нормалардың, құрылымдардың және т.б. сондай
қатынастардың орнығуларын қамтамасыз ететін барша жиынтық. Рынок – ол сатып
алу-сату қатынастарының бірден-бір жүйесі, оның құрылымдық элементтері
болып: тауарлардың, капиталдардың, жұмысшы күшінің, құнды қағаздардың,
идеялардың, ақпараттардың және т.б. рыногтары саналады. Рынок – нарықтық
экономиканың негізі. Рынок – ол жеке тауарлар мен қызметтерді көрсетіп,
сатып алушылар (сұраным ұсынушылар) мен сатушыларды (дайындап
жеткізушілерді) ұштастыратын құрал немесе тетік. Кейбір рыноктар жергілікті
ауқымда, ал кейбіреулері халықаралық немесе ұлттық сипатта болады. Олардың
кейбіреулерінде сұраным ұсынушылар мен дайындап берушілер арасында тікелей
байланыс болады. Ал кейбіреулерінде сатушы мен сатып алушы өзара тікелей
байланыста болмайды, олар бірін-бірі ешуақытта көрмейді және білмейді.
Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің нақтылы қозғалысы сан
мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың,
салалардың, аймақтық кешендердің, халық шаруашылығының әкономикалық қан
тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің “қан айналымы„ жүзеге
асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы қозғалысында рынок маңызды қызмет
атқарады. Әрине, оның өміршеңдігі өндірістің табиғатына, экономикалық,
әлеуметтік жағдайына байланысты, дегенмен рыноктардың біраз дербестілігі
бар, сондықтан да болар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі
мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді. Жалпы рынок мәселесі төңірегінде
осы күнге дейін теориялық айтыстар толастамай келеді. Экономикалық
әдебиеттер мен зерттеулерде “рынок„ деген терминнің мәні осы күнге дейін
толық ашыла қойған жоқ. Көпшілігі рыноктық қатынасты стихиялық күштер
үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, у-шуы көп кәдімгі базармен теңесе, ал
енді біразы рынокты экономиканы барлық ауруынан тез жазатын керемет “дәрі„
деп те, немесе осы салада орын алып отырған олқылықтар мен қайшылықтарды
тез реттейтін керемет “күш„ деп те дәріптеуде. Саяси экономикалық мағынада
рынокты айырбас қатынасын білдіретін экономикалық категория деп қарайды. Ол
экономикалық қатынастар жүйесінде ұдайы өндіріс процесінің маңызды сатысы,
айырбасты сипаттайды. Сонымен, рынок тауарлы өндірістіңқұрамды компоненті,
тауарлы өндіріс пен айналыстың заңдарына сүйенетін айырбас процесі. Рынок –
тауар мен ақша айналысы қатынастарының жиынтығы.
Нарық - белгілі жүйе әрі айырбас нәтижесі мен жағдайына немесе өндіріс
факторына қарай өндірістік қатынастарды қысқарту, шаруашылық субьектілерін
байланыстырушы ұйым. Нарық - тауар айырбасының аясы, сатушы мен сатып
алушылар арасындағы белгілі экономикалық қатынастар жүйесінің сипаттамасы.
Нарық - сатушы мен сатып алушы арасындағы тауарды өткеру жайлы қатынастар
жүйесін көрсетеді. Осы анықтамалардағы ортақ пікір: нарықты өндірістің
емес, айырбас саласының категориясы ретінде қарап, нарықтық қатынастардың
субьектісіне сатушы, сатып алушы және тұтынушылар жатқызылады. Тауар
қатынасының дамыған түрі мен сауда делдалының болған кезіндегі оның нәрсе,
сатушы мен сатып алушы нарықтық қатынаста мүлде әртүрлі субьекті болып
табылады. Белгілі жағдайдың бірі тауар – ақша, нарық байланыстары сату –
сатып алу аспектісімен ғана шектелмейді. Бастау айырбас пен айналыс аясының
қатынасынан басталмайды, ол өндірістік қатынастан басталады және өнім сол
жерде өндіріліп, экономикалық байланыстар туындайды. Сөйтіп өндірілген өнім
қай кезде тауар болып, қандай нақты түрде тауарлы – ақша қатынасы
болатындығы айқындалады. Нарық іс-әрекетінің саласын тек айырбаспен шектеу,
оның бәсекелестікпен шығын минимумын төмендетуге, өзара пайдалы өндірістік
байланыстарды құру сияқты сапалы қасиеттерінен айырады. Демек, нарық пен
нарықтық қатынастар жоқ өндіріспен салыстырғанда, тауарлы өндірісті тиімді
көрсететін жоғарыдағы іс-әрекеттер екендігі аян. Нарықтың мәнін дәлірек
Ю.Я. Ольсевич айтқан: Нарықты әдеттегідей айналым саласына теңей салуң...
дұрыс емес, себебі өндіріс, бөлу, тұтынудың тұла бойы нарықтық таңбамен
сызылғанң. Нарық - өзін-өзі реттеуші ұдайы өндіріс жүйесі, барлық элемент
пен буындар төлем қабілеттілігі бар сұраным мен ұсынымның тұрақты әсерінде
болады.Біздің ойымызша,бұл анықтамаға мына сөздерді қосуға болады; тек
қатаң бәсекелестік ортада. Осы анықтама біздің нарық жайлы шектелген
ойымызды кәдімгідей кеңейтеді. Осыдан байқалатыны,өзін-өзі қалпына
келтіретін біртұтас экономикалық жүйені нарық-дейміз және ол орталықтанған
мемлекеттік жоспарлы реттеуші экономиканы ауыстыруға қабілетті.Осыдан
мынадай тұжырым жасауға болады: нарық ұғымын тар шеңберде сату түрін
ұйымдастырған және орнын анықтаған деп түсінсек,кең шеңберде қоғамдағы
экономиканы ұйымдастырудың түрі деп қарастырамыз.
Қазіргі нарық күрделі жүйені құрап, ол көптеген саладан және табиғаты
әртүрлі функционалдық жүйелер тобынан тұрып,өндіруші мен тұтынушы
арасындағы шаруашылық байланыстарын құрайды.

Нарықтың қызметтері.
Нарық мынадай қызметтерді атқарады:

- ұдайы өндіріс процесін үнемі - бәсеке арқылы тиімсіз
қамтамасыз ететін реттеуші; шаруашылық түрінен
- ұсынымның көлемі мен құрылымының экономикалық сауықтыру
жедел өзгеруі және оның сұраным төлем (санациялау) тазалау;
қабілетіне икемделуі;

- экономикалық оқшауланған - құрылымдылық тұтыну,
тауар өндіруші мен тұтынушылар тұтынысынан(табыстың
арасын байланыстыратын буын; сы кездегі деңгейіне
қарай)
ыңғайлы рацио-
нальды
таңдауға тұтыну-
шыны
экономикалық
мәжбүр
ету;

- экономикалық жағдайы туралы - өндірістік шығындарды
төмендетуге
обьективті ақпарат көзі барометрі, тауар өндірушілерді
экономикалық
экономиканың айнасы; ынталандыру және оларды
өте
қажетті
қоғам аясына жұмсау;

- тауар мен еңбектің қоғамдық - тауар өндірушіні жоғары
сапалы маңызын
анықтау және мойындаушы және жоғары еңбек өнімділігіне
құрал. экономикалық
тұрғыдан мәжбүр
ету.

Нарықтың ролі өте-мөте жалпы түрде оның қызметі арқылы ашыла түседі.
Нарық қызметінің көп түрлерінің ішіндегі ерекшесі реттеуші роль атқаруы
болып табылады.Ол ұдайы өндіріс процесін тиімді әрі үздіксіз қамтамассыз
етеді.Нарықтың реттеуші ролін әкімшілік басқарудың ауыстыры экономикалық
жүйенің түрінің өзгеруіне алып келіп,сүйкессіздікке, тапшылықтың
тууына,адамның экономикалық өсуудегі қозғаушы күші ролін жоюға алып барады.
Нарықтың келесі қызметі-ақпараттық. Тауар бағасы мен қызмет
көрсету,банктегі депозит пен несиеге проценттік (пайыздық) өсімнің призма
арқылы тұрақты өзгеруі Нарықты экономиканың борометріне әрі айнасына
айналдырады.Нарық өндіріске қатысушыларға қоғамдық қажетті өндіріс
шығындары жайлы жедел объективті ақпарат береді. Сондай-ақ,әрқайсысы
сатылатын әрі сатып алынатын тауар мен қызмет көрсетудің қоғамдық қажетті
сапасы мен асортименті туралы да нарық хабар жеткізеді.
Нарықтың қажеттілеу қызметтеріне-тауардың қоғамдық маңызын мойындау,еңбекті
материалдық ынталандыруды экономикалық тұрғыдан қамтамасыз ету және
басқаларын жатқызамыз.

Рынок күрделі құрылымға ие және өз әсерімен экономиканың барлық
сферасын қамтиды.
Рыноктың экономикалық құрылымы мыналармен анықталады:
❖ Меншік нысандармен(мемлекеттік және ұжымдық аралас)
❖ Бүтін экономикадағы шаруашылықты жүргізуші суъектілердің қандай да бір
нысандардың үлес салмағына байланысты болатын тауар өндірушілер
құрылымы(мемлекеттік,жал,кооператив тік, жеке кәсіпорын,жеке еңбек қызметі
кәсіпорыны);
❖ Тауар айналымы сферасының ерекшеліктерімен;
❖ Шаруашылықтың құрылымдық бөлімшелерін жекешелендіру мен мемлекеттен алу
деңгейі;
❖ Елде пайдаланатын сауда түрлері.

Рынокты келесідей критерийлер бойынша бөлуге болады:

1. Рыноктың қатынастар объектілерінің экономикалық қызметі бойынша:
❖ Материалдық игіліктермен қызмет көрсетулер рыноктары;
❖ өндіріс құралдары рыноктары;
❖ ғылыми-техникалық жасалымдар рыноктары;
❖ құнды қағаздар рыноктары;
❖ жұмыс күші рыноктары.

2. Рыноктарды тауарлық топтар бойынша саралауға болады:
❖ өндірістік бағыттағы тауарлар рыноктары;
❖ халық тұтынатын тауарлар,азық-түлік тауарлар рыноктары;
❖ шикізат пен материалдар рыноктары және т.б.

3. Рыноктарды өндірістік белгілері бойынша құратын рыноктар:
❖ аймақ ішілік;
❖ аймақ аралық;
❖ ұлттық;
❖ халықаралық(әлемдік).

4. Бәсекені шектеу дәрежесі бойынша бөледі:
❖ Монополиялық;
❖ Алигополиялық;
❖ Салааралық рыноктар.

5. Рыноктық қатынастар субъектілерінің түрлері бойынша рыноктар былай
бөлінуі мүмкін:
❖ Сатып алушылар мен сатушылар ретінде кәсіпорындар мен ұйымдар жүретін
көтерме сауда рыноктары;
❖ Сатып алушылар ретінде жекеленген азаматтар жүретін бөлшек сауда
рыноктар;
❖ Сатып алушылар ретінде мемлекет, ал сатушылар ретінде-ауыл шаруашылық
өнімдерін тікелей өндірушілері жүретін шаруашылығының өнімдерін
мемлекеттік сатып алатын рыноктар.

6. Экономикадағы заңдылықты сақтаудың ескерілуімен рыноктар мынадай болып
бөлінеді:
❖ Ашық,ресми;
❖ Ашық емес көлеңкелі,қара және т.б.

Рынокты құрылымдандыруды зерттеу рыноктың негізгі түрлерін бөліп көрсетуге
мүмкіндік береді:
Тауарлар мен қызмет көрсету рыноктары.Бұған мынадай рыноктар тобы жатады:
❖ Тұтынушылық бағыттағы тауарлар-азық-түлік және азық-түрік емес тауарлар;
❖ қызмет көрсету рыноктары – тұрмыстық, көліктік, коммуналдық;
❖ өндірістік емес бағыттағы тұрғын үйлер мен ғимараттар рыноктары.
Өндірістік факторлар рыноктары. Оларға:
❖ қозғалмайтын мүліктер рыноктары;
❖ еңбек құралдары;
❖ шикізат пен материалдар;
❖ энергетикалық ресурстар;
❖ пайдалы қазбалар.
Қаржылық рыноктар. Бұл:
❖ капиталдар рыноктары, яғни инвестициялық рыноктар;
❖ несие рыноктары;
❖ акция, облигация, опцион, варант, фьючерстік келісім-шарттармен және
т.б. көрсетілген құнды қағаздар рыноктары;
❖ валюта-ақша рыноктары.
Интеллектуалдық өнім рыноктары – инновациялар, өнертапқыштар, ақпараттық
қызмет көрсету, әдебиет пен өнер туындылары.
Жұмыс күші рыноктары. Олар жұмыс күші рыноктық экономика заңдарына сай
пайдаланылатын еңбек ресурстары қозғалысының экономикалық нысаны түрінде
болады.
Рынок жағдайында тауарлар өндірісі тұтынушылардың жекелеген топтарының
сұранысын қанағаттандырумен байланысты болады.
Рынок сигменті – бұл рынок бөлігі; ортақ белгілері бар кәсіпорындар,
өнімдерді тұтынушылар тобы.
Рынокты сигменттеу – тауарларға бірдей емес талаптар қоятын осы
тұтынушыларды жекелеген топтарға бөлу.

Қазақстандағы нарыққа өту бағдарламасы 1990 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі
бекіткен “Халық шаруашылығын тұрақтандыру мен нарықтық экономикаға өтудің
негізгі бағыттарында„ негізделген. Бірінші кезеңде 1990 ж. аяғына дейін
саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру шараларын жүзеге
асыру және экономикалық реформалар жөніндегі заңды актілер пакетін қабылдау
көзделді.
Екінші кезеңде 1991 ж. нарықтық инфрақұрылымды белсенді қалыптасу мақсаты
мен экономиканы реттеудің жаңа әдістері белгіленді.
Үшінші кезеңде 1992 ж. республиканың әлеуметтік-экономикалық жағдайын
тұрақтандыру және аумақтық, инвестициялық, құрылымдық, ғылыми-техникалық,
экологиялық саясаттың болашақ бағдарламасын кезең-кезеңімен іске асыру
қарастырылды. Түбегейліэкономикалық реформалардың жүзеге асырылуы ұлттық
экономикада дағдарыстың тереңдеуімен ере жүрді.
1993 жылы 1990 жылғы деңгейге қарағанда ішкі жалпы өнімнің ІЖӨ көлемі
74,6%-ды құрады. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 27,3%-ға төмендеді, станок
құрылысында өндірістің құлдырауы 50%-дан асты, минералды тыңайтқыштар
өндіру 80%-ға құлдырады, т.с.с. Белгілі деңгейде бұл дағдарыс заңды да ,
өйткені жалпы әлеуметтік-экономикалық жүйенің алмасу кезеңі жүріп жатқан.
Үкімет дағдарысқа қарсы бірнеше шаралар қабылдап, жағдайдың төмендеуін
тоқтатуға күш салды. Жалпы 1991-1993 жылдарды Қазақстандағы алғашқы
нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңі ретінде сипаттауға болады. Осымен
қатар нарықтық экономиканың заңдық базасының қалыптасу процесі жүріп жатты.
1994 жылдан бастап 1998 жылға дейін Қазақстанда нарықтық экономика
қалыптасуының екінші кезеңі басталды, бұл кезеңде дербес нарықтық
институттар мен нарықтық инфрақұрылымдар белсенді түрде құрылды. 1998
жылдан нарықтық қатынастар дамунының үшінші кезеңі – тұрақтандыру және
экономикалық даму кезеңі басталды.
Елімізде рынокты дамытуға байланысты мақсат-мүдделеріміз қандай?
Бірінші мақсат – тауарлар мен қызмет көрсету рыногын дамыту. Мұнда
өндірістік тауарлар, қызмет көрсетумен қатар, өндірістік емес мәні бар
тауарлар және қызмет көрсету туралы да әңгіме болады. Бір жағынан
қарағанда, мұндай рынок жаңалық емес. Бірақ нағыз рынок – жай сатып алу мен
сату ғана емес, ол – тауар өндіру мен қызмет көрсетуде – таңдау мүмкіндігі.
Соңғысы тек қана өндірістік күштердің жоғары даму деңгейінде ғана орын
алады, әрі адамның табиғатына сәйкес, оның кең ауқымды қажеттіліктерін
есепке алғанда ғана нәтижелі болады. Таңдау мәселесін шешу – тауарлар мен
қызмет көрсету рыногын қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау керек. Бұл
шарттар қажет, бірақ жеткілікті емес. Өйткені таңдау мәселесі абсолютті
емес. Тауарлар мен қызмет көрсету түрі арасынан адам өзіне керекті тауарды
таңдау үшін білімі мен мәдениет деңгейі болуы керек, әр түрлі ақпараттарға,
жарнамаларға зер слып отыруға тиіс, ал бұл адамның маңызды қасиеттерінің
бірі – таңдай білу талғамын қалыптастырады. Басқаша айтқанда, рыноктық
қатынастардың дамуы қоғамның әлеуметтік инфрақұрылымы деңгейіне де тікелей
байланысты.
Екінші мақсат – финанс-қаржы рыногын қалыптастыру. Әңгіме, бұрын
болмысымызға таныс емес, ерекше бағалы қағаздар рыногы (акция, облигация
т.б.) туралы болып отыр. Батыс елдеріндегі маңызды орын алып отырған
осындай бағалы қағаз рыногының мәні не, сол елдердің тәжірибесіне сүйенбей
баға беру қиын. Негізінде финанс рыногы – бұл рынок құрылымының биік
деңгейі, оны реттеп әрі қалыпқа келтірудің күрделі де нәзік механизімі.
Өтпелі кезең осындай рынокты қалыптастыру және сынақтан өткізу (апробация)
үшін керек, өйткені акция, облигация мен басқадай бағалы қағаздарсыз
рыноктық экономиканың болуы мүмкін де емес. Бағалы қағаздардың шығарылуы
мен еркін айналысқа жіберілуі, оның иелерінің капитал иесі екенін
куәландырып, олардың табысқа құқығын көрсету -–зауыт, фабрикаларға,
материалдық иеліктерге мемлекеттік меншік монополиясын жоюдың қажетті
шарттары. Басқаша айтқанда, бағалы қағаз иесі қосымша табыс көздеріне ие
болып қана қоймай, меншік иесі де болып табылады. Бұл әлеуметтік шиеленісті
күрт төмендетіп қана қоймай, қоғамдағы әртүрлі топтарының жақындастырылуына
себеп болады. Сондай-ақ бағалы қағаздар тауар эквиваленті ретінде ақшаны
қамтамасыз етуде қосымша қызмет атқарады.
Үшінші мақсат – жұмыс күші еңбек рыногын қалыптастыру мен оны реттеу.
Біздің жағдайымызда бұл ең қиын және өте нәзік мәселе. Шынында, ондаған
жылдар бойы бұрынғы КСРО-да еңбек рыногы жоқ және болуы мүмкін емес деп
уағыздалып келген еді, өйткені жұмыс күші өндіріс құралдарынан бөліп
қаралмады, енді еңбек рыногын құру сөзсіз қажет болды. Бұл мәселе жақын
болашақта өте актуальды болмақ. Еңбекпен қамтамасыз ету саласы мен жалпы
рынок қатынастарын жете бағаламау жұмыссыздықтың әлеуметтік құрылымы
негіздерін жан-жақты зерттемеу, нарық жағдайында еңбекпен қамтамасыз етудің
мемлекеттік саясаты өлшемдерінің болмауы елді қиын жағдайға әкеп тіреді.
Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы экономикалық жаңа қатынастардың
қалыптасуына, нарықтық қайта құруды одан ары тереңдетуге бағытталған
айтарлықтай шараларды жүзеге асыру жағдайында жұмыс істеуде. Осы процесті
тездету барысында жүзеге асатындай тиімді механизімі бар терең мазмұнды
заңнама базасы аса қажет. Әрі, ұлттық және халықаралық заңнамалар арасында
айырма үлкен болған сайын, ішінде шетелдіктерде бар кәсіпкерлер үшін де,
инвесторлар үшін де тәуекел ұлғая түседі. Нарықты жүйені жүзеге асыру үшін
Қазақстанда заңдардың толық кешені жасалаған. Соның өзінде ол кешен
Қазақстанның тек экономикалық мүмкіндігін ғана ескеріп қоймай, республика
халқының діні мен эконмикалық танымына да байланысты көптеген толықтамалар
жасауды қажет етеді.
Рынок - әлемдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рынок - тауар мен ақша айналысы қатынастарының жиынтығы
Нарықтың мәні, атқаратын қызметі, түрлері мен құрылымдары
Нарықтың мәні, атқаратын қызметі, түрлері мен құрылымдары жайлы
Рыноктық қатынастар
Рыноктың пайда болу шарттары
Рыноктық экономиканы реттеу әдістері
Мемлекеттің мәні мен оның теориялық негіздері
ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ
Макроорта, микроорта, медиаорта
Кәсіпорындағы маркетинг қызметінің стратегиясы
Пәндер