Ақша жүйесінің сипаттамасы және оның даму тарихы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 2
Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері 3
1. Ақша жүйесінің сипаттамасы және оның даму тарихы 3
2. Қазақстан теңгесінің тарихы 4
3 Теңгенің болашағы 9
4 Теңге күшейе түседі 11
ҚОРЫТЫНДЫ 13
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 14

Мол ақша табу – батырлық;
оларды сақтай білу – ақылдылық,
ал тиісінше жұмсай білу - өнер.

Б. Ауэрбах

КІРІСПЕ

Ақша - адамзаттың ойлап тапқан керемет өнертапқыштығының бір куәсі
деуге болады. Біздің заманымызда ақша көптеген адамдар үшін өмірдің негізгі
мәні болып отыр. Адамдар ақшалай табыс табу үшін өзінің барлық уақытын сарп
етуге дайын.
Ақша – бәріміздің де сұранымдарымызды қанағаттандырудың ортақ символы
іспеттес қоғамдағы әмбебап құрал. Сондықтан көпшілігіміздің бай болғымыз
немесе қолдағы ақшамыз нені қажет етсек соған жететіндей болса деген
арманымыз бар. Ауызекі тілмен айтар болсақ бай болғымыз келеді.
Егерде адам өзінің ақшаға деген көзқарасын белгілі бір ретке
келтірмесе ақшаның қажеттілігі мүлде орасан зор болуы мүмкін. Ақшасы жоқ
адамның қолы да қысқа болып өз бойындағы қасиеттерді, мүмкіндіктерді,
өмірге деген құштарлықты мейлінше жетілдіре алмайды. Адамның ойын, мақсатын
іске асыруға қыруар қаражаты болуы шарт. Ақша деген өлшемі болмаса, ақшаны
қажетті мөлшермен алмаса, онда адам біртіндеп ақшаның құлына айналады да,
өз келбетін жоғалтады.
Бай мен кедей адамның көзге ұратындай айырмашылығы жоқ. Бай адамдарға
Құдай берген бас, екі қол мен екі аяқ біздің бәрімізде де бар. Бірақ
олардың негізгі басымдылығы екі құлақтың ортасында орналасқан мида жатыр.
Олар қаншалықты ұтылып, өмірден тепкі көріп жатса да мойынсынбайды, өйткені
олар өте рухты жандар. Қайтпас қайсарлық пен тәуекелге бейім болуы байларды
көпшіліктен оқшауландыра түседі. Әрине бұл күнделікті күйбең өмірде
тырбанып еңбек етіп, ақшасын айлықтан айлыққа әрең жеткізіп жүргендерге
ұнай қоймайтыны бесенеден белгілі.
Біреулері бай болуды мақсат етіп іске кіріссе, енді біреулері
тәуелсіздік пен еркіндікті мақсат тұтып ақшалы болуға тырысады. Бұлардың
барлығы қаражатты көбейтіп, пайда табуды көздейтіні анық, дегенмен түпкі
мақсаттары әрқайсысында әртүрлі.
Айтпақшы, реті келгенде бай адам мен дәулетті адамның айырмашылығы
жөнінде айта кеткен жөн. Дәулетті адам айналасындағы адамдарға шапағаты
тиіп, көпшілікпен араласып, әрдайым беделі жоғары деңгейде болады. Олар
ақшаның ғана қадірін біліп қана қоймай, адамдар ара-қатынасына аса көп
көңіл бөледі. Байлар жомарт болады. Алу үшін беру керек, бермесең ештеңе де
ала алмайсың. Эндрю Карнеги: Қайырсыз байлық – қорлық өліммен тең, - деп
өзінің қалған өмірін байлығын үлестіруге арнады...
Ал ендігі мәселені осынау байлықтың көзі болып табылатын ақша ұғымы
жөнінде жалғастырайық.

Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері

1. Ақша жүйесінің сипаттамасы және оның даму тарихы

Әр елдің тарихы қалыптасқан және тиісті заңмен бекітілген ақша
айналымын ұйымдастыру нысанын ақша жүйесі деп түсіну керек.
Ақша жүйесі - бұл әрбір елде тарихи қалыптасқан және мемлекетпен заң
бойынша белгіленген ақша айналысын ұйымдастырудың формасы.
Негізінде ақша жүйесі көпшілік елдерде 16-17 ғасырларда қалыптасты, ал
қайсыбір елдерде, ақша кейбір элементтері бұрынырақ кездескен. Металл ақша
айналатын ақша металын, оның бірлігін анықтау, монета соғу және эмиссия
тәртіптері ақша жүйесінің элементтері болып табылған. Осы кезенде әр елде,
жалпыға балама ретінде және ақша айналымның базасы болып, қандай металл
қолдануына байланысты, ақша жүйесінің екі түрі қалыптасты:
Биметалды ақша жүйесі. Бұл жүйеде валюталық метал болып екі метал:
алтын және күміс қолданылған. Бірақ, неғұрлым жоғары құндылығының
салдарынан және тасымалдауға қолайлылығына байланысты алтын ақша
атқарымдарын орындауға көбірек бейімделген болғандықтан ол бара-бара күміс
монеталарды ығыстырып, ІХ-ғасырдың аяғына қарай ең басым валюталық метал
болып қалды.
Монометалдық ақша жүйесі. Бұл жүйеде валюталық металл ретінде бірақ
металл шықты (алтын). Сонымен қатар айналымда алтынға айырбастала алатын
басқа да құнның өкілдері жүре алатын болды. Бұлар: банкноттар, қазына
билеттері, ұсақ монеталар.
Алтын монометалдық ақша жүйесінің үш түрі болды:
алтын - монеталық стандарт. Бұл стандартта алтың ақшаның барлық
атқарымдарын орындайды. Алтын монеталармен қатар айналымда көрсетулі
құнымен алтынға айырбастала алатын алтынның белгілері жүретін болды;
алтын — құйма стандарты. Бұл стандарт бойынша банкноттар (ақша
билеттері) алтын кұймаға айырбастала алады;
алтын — девиздік стандарт. Бұл стандартта жеке елдердің банкноттарын
(ақша билеттерін) басқа елдің алтынға айырбастала алатын валютасына
ауыстыруға болатын.
Бұл жерде айта кететін маңызды нерсе - алтын монометалдық ақша
жүйесінің дәл осы түрі кейің 1922 ж. құрылған халықаралық валюталық
жүйесінің негізі болды. Бұл жүйе 1976 жылға дейін СДР1 мен ауыстырылғанға
дейін жұмыс істеді. Оның үстіне алтын-девиздік стандарт экономика жағынан
әлсіз елдердің, неғұрлым экономикасы күшті елдерден тәуелділігін баянды
етті.
Өткен ХХ-ғасырдың отызыншы жылдарының басында дүние жүзінде
айырбасталмайтын несие ақша жүйесі қалыптасты. Бұл жүйенің табиғаты қағаз
ақшаға жақын және жалпыға бірдей экономикалық заңның, еңбекті және айналым
шығындарын үнемдеу талаптарына дәлдеу келетін.
Кейінгі кезеңдерде, несиелік ақша белгілерінің айналымы негізінде, екі
түрлі ақша жүйесі қалыптасты. Оның біреуі шаруашылық жүргізудің әкімшілік-
тарату жүйесіне сәйкес болса, екіншісі нарық экономикасына сәйкес келеді.
1 СДР - арнаулы өзара қарыз құқықтары 1969 жылы ұйымдастырылған
ұжымдық валюта. Осы екі жүйе арасындағы ерекшеліктер төмендегі кестеде
көрсетілген.
Тек, әшейін көзбен салыстырғанның өзінде, келтірілген айырмашылықтар,
осы екі жүйенің арасының қаншылықты алыс екендігін, тіпті кей жағдайда,
қарама-қарсы екендігінін байқатады.

2. Қазақстан теңгесінің тарихы

Ұлттық валютаны енгізгенге дейін Қазақстанның саяси ұстанымы ТМД
елдерінің экономикасын біріктіруге бағытталған еді. Шындығында, бірыңғай
валютаны пайдалана отырып, кооперацияның артықшылықтарын толайым қолдануға
және өзара тиімділікпен ынтымақтасуға болар еді. Алайда, қазақстандық
басшылық пен ТМД-ның басқа қатысушыларының талпыныстарына қарамастан, рубль
аймағы ұзаққа бармады. Ресейлік рубльдің енгізілуі шын мәнісінде ыдыраудың
басталуын білдірді және басқа мемлекеттерді өз ұлттық валюталарын енгізуге
итермеледі.
Қазақстан теңгені тура он жыл бұрын енгізді. Тарихи даму тұрғысынан
бұл мерзім көп емес, бірақ экономикалық тұрғыда өз валютасының Қазақстан
үшін маңыздылығын шынайы да бүкпесіз бағалауға толық жеткілікті.
Теңгені енгізу түбегейлі экономикалық түрлендіру жағдайларында
жүргізілді. 1992 жылдың қаңтарында бағаны әкімшілік реттеу жағдайында
жасырынған инфляцияны босатқан бағаның ырықтану үдерісі басталды. Мемлекет
біртіндеп тұтыну, өнеркәсіп тауарларына, ауыл шаруашылығы өнімдеріне
бағаларды, энергия тасымалдаушылар тарифтерін реттеуден бас тартты.
1992-93 жылдарғы ақша жиынының бақыланбай ұлғаюы және банкілердің
кәсіпорындарды теріс сыйақы мөлшерлемесімен несиелеуі, елге кеңестік
сомдарды лақтыра салу инфляция қарқынын үдете түсті. 1992-1993 жылдары
еліміздегі инфляция деңгейі 2960,8 пайызды және тиісінше 2165,0 пайызды
құрады, сөйтіп экономикада дағдарысты тездетті. КСРО ыдырағаннан кейінгі
республикалар арасында шаруашылық байланыстарының үзілуі, кәсіпорындардың
қаржылық ахуалының нашарлауы, олардың негізгі және айналымдық капиталының,
халықтың жинақақшаларының құнсыздануы республиканың инвестициялық әлеуетін
күрт қысқартты. Халықтың атаулы жалақысы мен басқа табыстарының өсуі
бағаның қарқынына ілесе алмады. Соның нәтижесінде олардың сатып алушылық
қабілеті төмендеді, халықтың негізгі бөлігі қайыршылыққа ұшырады. Осы
үдерістер экономикадағы жиынтық сұраныстың күрт қысқаруына әкеп соқты, ақыр
соңында шынайы ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) 1992 жылы 5,3%-ға, ал 1993 жылы - 9,2%-
ға кеміді.
Республика экономикасын инфляцияны күшейткен теріс үрдістерден қорғау
мақсатында Президент пен республика Үкіметі ұлттық валютаны енгізу туралы
шешім қабылдады.
Ұлттық валютаны енгізу жөнінде алдын ала жүмыс босалқы нұсқа ретінде
1992 жылдың күзінде басталды. Сол кезде оны енгізу жөнінде бағдарлама
жасақталып, Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен еді. Алайда, тек
рубль аймағы болмайтыны айқындалған кезде ғана Қазақстан Республикасы
Президентінің 1993 жылдың 3-қарашасындағы Жарлығымен Қазақстан
Республикасының ұлттық валютаны енгізу жөнінде Мемлекеттік комиссиясы және
оны енгізуге байланысты іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жұмыс тобы
құрылды.
Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі іс-шараларды тым қысқа мерзімде
жүргізу керек болды. Мұнда осы қадамға техникалық дайындықты қамтамасыз ету
мен ақша-несиелік, салық-бюджеттік, әлеуметтік және сыртқы экономикалық
салаларда шаралар кешенін жүргізу қажет еді.
Күрделі экономикалық ахуалда басты назар ескі ақшаларды айырбастау
шараларымен байланысты мәселелерді шешуге, сондай-ақ айырбастаудың шынайы
ауқымын анықтауға аударылды. Ұлттық валютаны енгізудің әр алуан нұсқалары
пысықталып жатты. Аралық немесе қосарлас валютаны, "купондарды" не оның
қайсыбір алмастырғыштарын енгізбей, тез арада толыққанды валютаны тікелей
енгізу шешілді. Уақыт осындай қадамды ақтады, өйткені уақытша ақша
белгілерін енгізген елдер шын мәнісінде екі ақша реформасын бастан кешірді.
Валюталық түзімді ұйымдастыру саласында күрделі мәселерді шешу күн
тәртібінде тұрды. Валюталық бақылаудың дәрежесі мен нысандарын түбірінен
өзгерту шешілді. Шетел валютасын Қазақстан банкілеріне шет жерден қайтаруды
қамтамасыз ететін уәкілетті банктердің атқарымдары мен экспорттаушылардың
міндеттерін айқын белгілеу керек еді. Сондай-ақ реттелетін құбылмалы
айырбас бағамының түзімін таңдаудың ерекше маңызы болды.
Ұлттық валютаны енгізу тұсында Қазақстан Ұлттық Банкі күрделі, қарама-
қайшылық жағдайда 452 млн. доллар мөлшерінде алтын-валюталық қорды құра
алды. Жаңа купюралардың қажетті қоры құрылды, олар өз банкнот фабрикамыздың
жоқтығынан қатаң құпия түрде ең қысқа мерзімде Ұлыбританияда басып
шығарыдды.
Ақша реформасының қарсаңында Қазақстан Республикасының Президекті
теледидар арқылы 1993 жылдың 12-қарашасында Қазақстан Республикасының
азаматтарына оның мақсаты мен қажеттігін түсіндіре мәлімдеме жасады. Теңге
1993 жылдың 15-қарашасынан еліміздің бүткіл аумағы бойынша айналысқа
енгізілді. Бірінші кезеңде қарашаның 15-нен 17-сі бойынша ұлттық валютамен
қатар 1-500 сомдық банкноттардың қосарлай жүруіне жол берілді. Ал 1993
жылдың 18-қарашасынан ұлттық валюта Қазақстан Республикасының аумағында
жалғыз заңды төлем құралы болып табылды. Банктер мен басқа да шаруашылық
субъектілерінің барлық активтері мен пассивтері теңгеге қайта есептелінді.
Айналыстан 1961-1992 жж үлгіден рубль купюралары 950,6 миллиард
сомасында алынып тасталды. Айырбас нәтижелері еліміздің аумағындағы бар
рубльдің мөлшері туралы болжамды растады. Алдын ала есептеулер бойынша
республикада шамамен 1,3 триллион сомға дейін қолма-қол ақша жиналған.
Ұлттық банк мекемелерінің резервтік қорындағы қолма-кол ақшасын ескергенде
жалпы сомасы 1,2 триллионды құрады.
Дер кезінде жүргізілген дайындық іс-шаралары айырбасты белпленген
мерзімде аяқтауға және ақша реформасының мақсаттарына жетуге мүмкіндік
берді. Осы мұғдарда әрбір есепшіге, бухгалтерлік жұмыскерге, ақша жинаушыға
түскен жүктің бірнеше есе ауыртпашылық жағдайында банк жүйесі мекемелерінің
жұмысын айрықша атап өту керек.
Ұлттық валютаны енгізу Ұлттық Банкке экономикалық, ақша-несиелік және
валюталық саясатты дербес жүргізуге мүмкіндік жасады. Енгізілген тұстан
теңге құбылмалы айырбас бағамының түзімінде қолданыла бастады.
Осы оқиғалардан соң ілезде Қазақстандық Банкаралық Валюта Биржасы
құрылды. Жаңа қаржы институты валюта бағамын түзілдіру мен реттеу үшін
керек болды. Биржалық сауда-саттық алдымен аптасында 2 рет, сонан соң 3 рет
және ары қарай 1995 жылдан бастап күнделікті жүргізілді.
1994 жылы Қазақстанның жаңа тарихында алғаш рет егеменді мемлекеттің
экономикасы ұлттық валютаға негізделді. Бұл жыл күрделі болды. ТМД-қа
қатысушы елдердің қаржылық жүйелерінің бөлінуі тиісті өзара үйлесімсіз,
валютаны енгізу мерзімдерін, бұрын қол қойылған келісімдерді бұза
жүргізілді. Бұған экономикалық қиындықтар, банк жүйесінің өркендеуі мен қаз
тұру мәселелері қосылды.
АҚШ долларына қатысты теңге бағамы 1994 жылы 8,6 есе кеміді. Бұл
бірқатар себептердің салдарынан болды. Ең алдымен 1994 жылы инфляция
шығандап 1158,3 пайызға жетті. Өзара есепке жазу сәтсіз жүргізілді. Теңге
бағамына 12,6 пайызға жеткен өндірістің құлдырауы да теріс әсерін тигізді.
Импорттық тауарларға қанағаттанғысыз сұраныстың көлемі едәуір боп қалды.
Ал, сыртқы сауданы ырықтандыру импорт көлемдврінің өсуін және оның
экспорттан асуын тудырды. Сөйтіп бұл шетел валютасына сұраныстың артуына,
демек, доллар бағамының өсуіне ықпал етті. Осы мезгілде кәсіпорындардың
өкілетті банктер арқылы қазақстандық Банкаралық Валю-та Биржасынадағы
(ҚБВБ) тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің экспортынан түскен пайданың
50 пайызын міндетті түрде сатуын енгізуге тура келді. Бұл валютаның түсуін
көбейтті және ұлттық валюта бағамын белгілі бір тұрақтандыруға келтірді.
1995 жыл республикадағы толыққанды валюта нарықнамасын түзілдіруде
бетбұрыс кезең болды. Жыл қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 60,3
пайызды, ал долларға қатысындағы құнсыздануы 17,9%-ды құрады.
Ұлттық валютаға деген өскелең сенім, сауда-саттық теңгерім сальдосының
жақсартылуы, көшіп келушілер трансферттерінің кемуі, сондай-ақ жаңа
табыстық қаржы құралдарының іске қосылуы қолма-қол және қолма-қолсыз
валютаға дүрлікпелік сұранысты жоқ қылуға жәрдемдесті. Нәтижесінде валюта
рыногында тұрақтанудың алғашқы белгілері байқала бастады. Біртіндеп
валюталық түсімнің міндетті сатып алуы 50-ден 30 пайызға кемітілді, сонан
соң мүлдем алынып тасталды. Өз кезепнде, бұл жеткілікті түрде өтімділігі
және көлемдері бойынша едәуір банкаралық валюта нарықнамасының қалыптасуына
қол жеткіздірді.
Ұлттық Банктің теңгенің айырбас бағамын түзілдіруге қатысуы ҚБВБ-на
шабуылдармен шектелді. Олар валюта рыногындағы жағдаяттың қысқа мерзімдік
өзгертулерінің нәтижесінде бағам тербелісін жою үшін жүргізілді. Жоғары
тиімділігін көрсеткен реттелетін құбылмалы бағам саясаты асқын инфляцияны
ауыздықтауға мүмкіндік берді. Мұндай түзімде тұрақтандыруға, сонан кейін
экономиканың өркендеуіне қол жеткізілді. 1996 жылы Ұлттық Банк реттелетін
өзінің валюталық саясатын жүргізуді жалғастырды.
Теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамының бір мезгілдегі құлдырау
кезінде инфляция тежелді. Ұлттық валютаға деген сенім артты. Ал, Қаржы
министрлігінің мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері және Ұлттық Банк
ноталары секілді қаржылық құралдарды енгізу нәтижелері қолма-қол және қолма-
қолсыз шетел валютасына елеулі сұранысты әжептәуір азайтуға мүмкіндік
жасады. Долларға қатысты атаулы айырбас бағамының төмендеуі 15,4%-ды
құрады.
1996 жылдың 16-шілдесінде Қазақстан өзіне "Халықаралық валюталық қор
келісімдері Баптарының" шарттарына қосылғаннан соң қайсыбір валюталық
шектеулерді қолданбауға міндеттеме алды. Біздің еліміз сондай-ақ төлемдік
балансқа байланысты себептер бойынша валюталық бағамдардың көбейтілуін іске
асырмауға, импортқа шектеулерді енгізбеуге және күшейтпеуге міндеттемелер
алды. Халықаралық ағымдық мәмілелер бойынша төлемдер мен аударымдар жөнінде
шектеулер алынып тасталды. Бұл теңгенің еркін айырбасталымдығын қамтамасыз
етуге және шектеулерден азат көпжақты төлемдер жүйесіне көшуге мүмкіндік
берді.
Ұлттық Банктің 1997-1998 жж. ішкі валюта рыногындағы басқыншылығы
жалғасты. Олар теңгенің атаулы бағам тербелістерін деңгейлестіру мақсатында
жүзеге асырылды. Осы мезгілде республикамыздың тәуелсіздігінің 7 жылы
ішінде ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысындағы ең төменгі құнсыздану
көрсеткішіне - 2,8 пайызға қол жеткізілді. Әсіресе теңге бағамының күрт
тербелістері қолма-қол шетел валютасы рыногында байқалды. Қазақстандықтар
Ресейдегі оқиғалар бізде де көрініс табады деп күтті. Соның нәтижесінде
құнсыздану болып өтті. Тамыз-қыркүйек айларында шетел валютасына
дүрлікпелік сұраныс туындады.
Қазақстанның сауда-саттық серіктес елдеріндегі, ең алдымен Ресейдегі
ұлттық валютаның елеулі құнсыздануы, сондай-ақ мұнай мен түсті металдарға
әлемдік бағалардың қолайсыз жағдаяты теңгенің шынайы мәнінде айтарлықтай
қымбаттауына әкеп соқты (1998 жылдың қаңтарынан желтоқсаны бойынша 21
пайызға, жылына орташа есеппен -14,5 пайызға). Бұл қазақстандық тауарлардың
ішкі және сыртқы рыноктағы бәсекелестік қабілеттігін азайтты, сыртқы
саудалық операциялар жөніндегі төлемдік баланстық теріс сальдосын ұлғайтты,
экономикалық өсу қарқынына қолайсыз әсер етті.
Көтеріңкі бағамның еліміздің экономикасына теріс салдарларының алдын
алу үшін Үкімет пен Ұлттық Банк 1999 жылдың 4-сәуірінде реттелетін
құбылмалы айырбас бағамы түзімінен еркін құбылмалыққа көшу туралы жария
жасады.
Валюталық бағам түзімінің ауысуы және соның ізінше болған теңгенің
құнсыздануы теңге бағамын асыра бағалауды жоюға мүмкіндік берді. Бұл
тұтастай алғанда, еліміздің әлемдік нарықнамада бәсекеге қабілеттілік
айқындамаларын қалпына келтіруге ықпал етті.
Ұлттық банк өзінің ішкі валюталық рынок сауда-саттығына қатысуын
едәуір қысқартты және енді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық қатынастар
Ақша массасы және ақша базасы
Ақша белгілерінің түрлері мен типтері
Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының есебі
«БТА Банкі» АҚ-ғы ұйымды басқарудың әдістері мен тәсілдері
Ресми алтын валюта қорының құрлымы
Қоғамдық өндірістердің ұйымдастыру формалары
Ақша жүйесінің негізгі элементтері
Валюталық құқық жүйесі
Төлем карточкаларының пайда болуы мен нарыққа енуі
Пәндер