Ұлттық қордың құрылуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Ұлттық қордың құрылуы 3
Қор жұмысының 2005 жылғы нәтижесі туралы 4
Қорды басқару нәтижесі 4
Ұлттық қордың бұдан былай құпиясы болмайды 11
Қолданылған әдебиеттер 13

Кіріспе

Қазақстан Ұлттық қорының үлгісін дамушы елдер модель ретінде
пайдаланады. Тіпті үлкен экономикадан хабары жоқ ортаңғы деңгейдегі
қазақстандықтың өзі еліміздегі Ұлттық немесе көбінесе Мұнай қоры деп
аталатын қордың барын біледі. Алайда ол не үшін құрылды, кім және қалай
басқарылатынын аздаған адамдар ғана біледі. Ондағы айналып жатқан мол
ақшаны тең қылып бөліп алу немесе экономикаға бағыттау керек деген қаңқу
сөздердің ел арасында жиі айтылып жүргені сондықтан болар.
Елдің әлеуметті-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету
мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан
Республикасының Ұлттық қоры құрылды.
Ұлттық қордың негізгі мiндеттерi экономикадан басы артық мұнай
долларын шығару және теңге бағамына және инфляцияға қысымды тежеу, сондай-
ақ табиғи ресурстарды пайдалануды оңтайлы жоспарлау арқылы
макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады.
Ұлттық қордың кіріс көздерінің есебінен жүзеге асырылады:
бір жолғы (республикалық меншiктегi және тау-кен өндiру мен ұқсату
салаларындағы мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру, ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жер учаскелерiн сату);
түсiмдер көлемi бойынша тұрақты емес (мұнай секторының түсiмдерi)
кiрiстер көзi есебiнен жүзеге асырылуы тиiс, оның мөлшерi едәуiр шекте
ауытқуы мүмкiн, ол осымен Қазақстанның бюджет саясатына елеулi ықпал
жасайды.
Қаражаттарды пайдаланудың мынадай бағыттары айқындалуда:
республикалық бюджетке тұрақтанған трансферт;
сыртқы қарыздарды өтеу;
экологиялық бағдарламаларды қаржыландыру; инвестициялық кірістердің
бір бөлігін халық арасында бөлу.
Ұлттық қордың активтерiн сенiмдi басқаруды Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкi жүзеге асырады.

Ұлттық қордың құрылуы

Ұлттық қор 2001 жылы құрылды. Бұл оқиға тек Қазақстанға ғана белгілі
боп қалған жоқ. Осы қабылданған стратегиялық шешімнің арқасында біз,
голланд дертіне шалдығуға жол бермеуге батыл қадам жасаған бұрынғы КСРО
елдерінің ішіндегі алғашқылардың бірі болдық. Бұл қорды құруымен Қазақстан
өзінің ТМД-дағы экономикалық реформа бойынша алда екендігін тағы да
дәлелдеді. Айта кету керек, мұны ірі халықаралық қаржы институттары мысалы,
Әлемдік банк немесе Еуропалық жаңарту және даму банкі бірнеше рет атап
өтті. Біздің жолымызбен Ресей жүрді. Қазақстанның Ұлттық қоры дамушы елдер
үшін және бұрынғы КСРО-ның сыртындағы елдер үшін модель ретінде
пайдаланылады. Мысалы, дүние жүзіндегі ірі газ өндірушілердің бірі болып
табылатын латинамерикалық Тринидад және Тобаго мемлекеті өздерінің жинақ
қорын құруы кезінде Әлемдік банк оған Қазақстанның тәжірибесіне жүгінуге
кеңес берді. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын бақылап отырған
сыртқы бақылаушылардың көзқарастарына қарағанда, оның қызметі табысты
екендігіне күмән жоқ. Беделді халықаралық институттардың тарапынан Қордың
адресіне соңғы кезде айтылып жүрген жалғыз кінәрат – қордағы жинақтың
жылдық көлемінің, ішкі жалпы өнімнің Ұлттық қорға түсуі 2,4 пайыз болған
2004 жылғы ІЖӨ-мен (ішкі жалпы өнім) салыстырғанда 2003 жылы 5 пайызға және
2005 жылы 5,5 пайызға төмендеуі. Сонда да ел ішінде Ұлттық қордың қызметіне
ел ішіндегі баға берулер біркелкі емес. Мысалы, кейбір саяси партиялар мен
қозғалыстардың өкілдері Ұлттық қордың жұмыс істеу принциптері туралы мәселе
көтеріп, қордың активтерін еліміздің барлық азаматтарына тең қылып бөліп
беруді ұсынды. Әрине, мұндай шешімнің аяғы валюта рыногының тұрақсыздығына
және инфляцияның ырықтан шығуына соқтырар еді. Ұлттық қордың болуы
еліміздің экономикасын әртараптандыру бойынша өте маңызды рөл атқарады.
Егер валютадан түскен барлық пайда экономикаға түсіп жатса, теңгені
долларға тұрақтандыру жылдамдылығы жоғары болар еді, мүмкін, доллардың
бағамы 80-100 теңге деңгейінде болар ма еді? Бұл экспортқа шығарылатын
шикізаттан басқа, бүкіл отандық өндірістің жетілуіне әкелер еді.

Қор жұмысының 2005 жылғы нәтижесі туралы

2005 жылдың 31 желтоқсаны бойынша Ұлттық қордың активі 1 триллион 80
миллиард теңгені (8,1 миллиард АҚШ доллары) немесе еліміздің ІЖӨ 14,5
пайызын құрады. Оның 32 пайызы немесе 2,6 миллиард доллары – тұрақтылық
портфелі, 68 пайызы немесе 5,5 миллиард доллары – жинақтау портфелі. Атап
өту керек, 2005 жылдың соңындағы сальдоны біз Ұлттық қордың 1 миллиардтан
сәл астам шамадағы төленген, кейінге қалдырылған шығындарын және Эрнст энд
Янг ЖШС сыртқы аудиторлары жасаған өткен жылға қаржылық есеп берудің
айырмасын қосып есептемей айтып отырмыз. Қазақстанның Ұлттық қорының
мәліметтері бойынша, қордың активі былтырғы жылдың соңғы күні 1078922
миллион теңгені құрады. Былтыр қорға 413,7 миллиард теңге немесе 2,9
миллиард доллар құйылды. Салыстырмалы түрде алсақ, бұл – соңғы 5 жылдағы ең
үлкен сан, бірақ ІЖӨ-нің 2001 жылғы түсімі бұдан да көп – 5,8 пайыз болды.
Негізгі төлемдер шикізат секторларындағы кәсіпорындардан түсті.
Жекешелендіруден қорға түскен жалпы түсімдердің 2,4 пайызы (9,8 миллиард
теңге), жер учаскелерін сатудан – 0,5 пайыз (2,2 миллиард теңге),
инвестициялық түсімдер 10,8 пайызды (44,5 миллиард теңге) құрады.

Қорды басқару нәтижесі

Түсім АҚШ долларымен санағанда 3,29 жылдық пайызды құрады. Қордың
дүниеге келген 5 жылының ішіндегі бұл үшінші орындағы нәтиже. Теңгедегі
түсім 44,5 миллиард болса, соның ішінде 18,9 миллиард теңге бағамды қайта
бағалаудан түсті. Доллардағы түсім 193,7 миллионға тең болды.
Басқаруға шығатын жалпы шығынды жабу үшін 2005 жылы түскен түсімнен
724,9 миллион теңге немесе 1,6 пайызы аударылды. Айтып кету керек, қордың
ең көп ақша шығаратын шығыны – шетелдік басқарушыларға төленетін
комиссиондық сыйақы. Басқаруға шығатын негізгі қордың төмендеуі осы жерде
жатыр. Қалған барлық шығын баптары болмашы ғана, одан үнемдеп ештеңе
таппайсың.
Осыған байланысты сұрақ туындайды, бүкіл әлем бойынша басқарушылардың
қызметі өте қымбат болып тұрған кезде, Ұлттық қордың қаржысын басқару
қаншалықты тиімді?
Бұл – өте үлкен проблема: мемлекет үшін не маңыздырақ – қордың сақталуы ма
немесе оның пайда түсіргені ме? Біздің ойымызша, Ұлттық қордың активтерін
басқарудың басты мақсаты – Ұлттық қордың активтерін қандай валютаға болсын
сатылу қабілеттілігін және негізгі соманы сақтау болып табылады. Бұл –
Ұлттық қордың түсімділігі, АҚШ долларына шаққандағы доллардың инфляция
көрсеткішінен асып түсуі деген сөз. Ұлттық банк Ұлттық қордың активтерін
басқарушы ретінде бұл міндетті орындады. Өткен 5 жылдың 3 жылында Ұлттық
қордың түсімділігі АҚШ-тағы инфляцияның көрсеткішінен жоғары болды. 2002
жылы акциялар рыногының құлдырауы (интернеттік акциялардың жойылуы)
нәтижесінде Ұлттық қорды басқару нәтижесі кері көрсеткішті берді (минус
0,43 пайыз), шынайы түсімділік минус 2,02 пайыз болды. 2005 жылы да шынайы
түсімділік кері нәтиже берді (минус 0,1 пайыз). Қалған жылдарда оң
көрсеткіштер болды – 2001 жылы 0,03 пайыздан 2003 жылы 6,42 пайызға жетті.
Пайда түсіру, сөз жоқ, өте маңызды шарт. Одан бұрын, бұл Ұлттық қорды
басқарушылардың екінші мақсаты болып табылады. Ұлттық қор қаржысының басым
бөлігі бағалы қағаздарға, соның ішінде бағасы біресе қымбаттап, біресе
түсетін акцияларға салынғандықтан, халықаралық тәжірибеде біркелкі
көрсеткіштер пайдаланылады. Өте мол түсімділік жылдық салыстырмалық
пайыздармен өлшенбейді, ол пайданың белгіленген эталондық индекстерден асып
түсуімен өлшенеді. Америкалық Аляска штатының, канадалық Альберта
провинциясының және Норвегия қорларының салыстырмалары бойынша қарасақ,
жалпы, біздікінен канадалықтар мен норвеждіктердің түсімділігі жоғары,
бірақ біздің қор олардыкінен гөрі тұрақтылау – түсімдердің ірі сандары да
жоқ, құлдыраулар да жоқ. Осыған қарап түсімділіктің әрқашан жоғары болып
тұруы мүмкін емес екендігін түсінуге болады. Кейбір кездерде жоғары
түсімділікке жетуге болады, ал кейбір жылдарда орасан шығындардың болуы
мүмкін, сондықтан неғұрлым мол түсім болса, соғұрлым тәуекелге дайын болу
керек.
2007 жылдың 1 маусымнан бастап Ұлттық қордың қаржысын жасақтау мен
пайдаланудың жаңа механизмі күшіне енді. Бізге белгілісі, Таяу Шығыс
елдерінің басым көпшілігі өздерінің мұнай қорларының жай-күйі жөніндегі
ақпараттармен бөлісуге келгенде өте құлықсыз. Қазақстан болса, Қаржы
министрлігі мен Ұлттық банктің вебсайтында тәуелсіз халықаралық аудиторлық
компаниялар қол қойған қорытынды болжамдарын толық жариялап отыр. Бұл –
мұнай қорлары бар елдер үшін өте сирек кездесетін жай. Активтердің көлемі
мен таралуы және қолжетімділігі бойынша материалдардың жариялануы
тұрғысынан келгенде, Қазақстан 20 елдің ішінде алғашқы бестіктің құрамында,
яғни Аляска, Альберт провинциясы, Әзірбайжан және Норвегия қорларымен бір
топта. Бұл бойынша біз әділ де айқынбыз. Мұндағы түйткіл Қаржы
министрлігінің бұл фактіні елге барынша жеткізе алмауында болып отыр. Біз
биыл бұл тақырыпты теледидарда, оның ішінде тікелей эфирде көтере бастадық.
Аталған тәжірибені алда жалғастыратын боламыз. Ұлттық қор жұмысының
айқындығын қамтамасыз ету үшін барлық ақпарат Қаржы министрлігінің арнайы
www.mіnfіn.kz сайтында, сондай-ақ ай сайын шығатын Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің статистикалық бюллетені жинағында орналастырылады.
Бірақ Ұлттық қор пайда болғалы мемлекеттік сектордың сырттан қарыз алуы
өзін қаншалықты ақтап отыр? Егер таза қаржылық теория бойынша келсек,
сыртқы қарыздың қызмет көрсету құнын ортақ валютадағы Ұлттық қордың
активтерінің түсімділігімен салыстырып қарау керек. Мысалы, Қазақстан жапон
иені бойынша мемлекеттің қазіргі қарызын жылдық 2,2 пайызбен төлесе, ал
Ұлттық қордың иен портфелі жылына 2 пайыздан аз табыс әкеледі. Бұдан
шығатын қорытынды, Үкімет өзінің Жапония үкіметіне берешегін тезірек
мерзімінен бұрын жауып тастауды қарағаны дұрыс болар еді (Жапон банкіне
халықаралық қауымдастықтың мемлекеттік қарызы 557,4 миллион АҚШ доллары, ал
Ұлттық қордың активі иен бойынша 600 миллионнан сәл ғана астам). Біз
Қазақстанның алдына қойған мақсатына орай, бірінші кезекте технология,
жобаны басқару бойынша тәжірибе алу және екі жақты қарым-қатынасты ұстап
тұру үшін халықаралық қаржы институттарынан (Бүкіләлемдік банк, Азиялық
даму банкі) қарыз алудың қажеттігін түсінеміз. Қаржы министрлігінің
көзқарасы тұрғысынан мемлекеттің қазіргі сыртқы қарызы және жаңадан қарыз
алуы Қазақстан онан тікелей экономикалық пайда, мәселен, жаңа технология,
тәжірибе, тағы басқа пайдалы нәрсе алып жатса ғана өзін ақтайды.
Қорларды қалыптастыру практикасы әр түрлі. Біздің Ұлттық қорда жинақтаудың
белгіленген деңгейі анықталған ба?
Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасын талқылау
барысында бұл мәселеге баса назар аударылды. Қазақстанның Ұлттық қорына
жинақтаудың шыңын белгілеу, біздің ойымызша, мағынасыз нәрсе. 4, 10 немесе
50 миллиард долларлық сан таза психологиялық мағынаға ие. Біздің ойымызша,
еліміздің ІЖӨ-нің көлеміне сай қор активінің ауқымы басып тұру керек. Қазір
біз бұл бойынша көрсеткіші биік емес елдердің қатарында тұрмыз. Кувейт
Қорының активі оның ІЖӨ-ден шамамен 3,5 есе асып түседі. Норвегияда – ІЖӨ-
нің жартысынан астамын құрайды. Біздің Қорымыздың жинақталуы 2005 жылдың
соңында, жаңа айтып өткендей, ІЖӨ-нің 14,5 пайызын құрады, бұл – өте аз.
Біз мынадай тәртіп болуы керек деп есептейміз: еліміз экономикасының
абсолюттік көлемі қаншалықты төмен болса, Қор активінің көлемі ІЖӨ-мен
салыстырғанда сонша көп болуы керек. Бұдан басқа, Қазақстан үшін бюджет
қаржысын тиімді әрі сапалы пайдалану мәселесі өткір күйде. Қазір еліміз
экономикасы экспорттан, банктердің сырттан қарыз алуынан, халықаралық
инвесторлардың алыпсатарлық салымдарынан түсіп жатқан қаржының бәрін,
бейнелеп айтқанда, қорыта алмайды. Болашақта Ұлттық қордағы жинақтаудың
көлемін ІЖӨ-ге қатысты Норвегия сияқты 50 пайыздан астамға жеткізуіміз
қажет.
Егер мұнай бағасы шынымен де, бірден құлдырап кетсе, Ұлттық қор қандай
күйге ұшырайды? Егер мұнай бағасы бірден, бірақ аз уақытқа құлдыраса,
Ұлттық қордың рөлі бюджет шығынын қаржыландырудың тұрақты деңгейін
қамтамасыз етуге жұмсалатын болады. Бірақ егер мұнай бағасының ұзақ
мерзімдік құлдырауын есепке алсақ, ал бұл деген шынымен де дағдарыс, онда
Ұлттық қор ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық қор
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ТҮСІНІГІ
Қоғамдық бірлестік
Коммерциялық емес заңды тұлға
ҰЛТТЫҚ ҚОР – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ
Мекемелердің құқықтық жағдайы
Ұлттық қор
Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы Заңын талдау
Коммерциялық емес ұйымдар заңды тұлғалар ретінде
Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры туралы
Пәндер