Сұраныс пен ұсыныс теорияларының негіздері, икемділігі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

1. Ұсыным және ұсыным заңы.

2. Ұсыным икемділігі. Ұсыным икемділілгі коэффициентінің формуласы.

3. Сұраным және сұраным заңы.

4. Сұранымның төмендеу заңы.

5. Сұраным қисығы.

6. Сұраным икемділігі.

Сұраным икемділігі коэффициентінің формуласы.

7. Қолданылған әдебиеттер.

Ұсыным және ұсыным заңы

Ұсыным - бұл өткізуге, яғни сатуға арналған тауарлар мен қызмет жиынтығы. Ол рыноктағы немесе соған жеткізілуі мүмкін өнімдер. Ұсынымға белгілі бір қасиеттер тән, яғни айырбастала алу қабілеті мен нақтаы белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеті. Сұраным өндіріс көлемі мен оның құрылымына тәуелді. Ол өзінің көлемі жағынан өндіріспен сәйкус емес. Басқа елдерден келетін тауарлар мен басқа да себептерге байланысты ұсыным көлемі ауытқып отрады. Бірақ та, негізінде, ұсыным өндіріс көлемінің өсуін сипаттайды.

Ұсыным басқа факторлар өзгеріссіз болғанда әра түрлі бағамен тауардың немесе қызметтің қанша көлемде сатуға шығарылғанын көрсетеді.

Ұсыным заңы. Бағаның өсуімен қатар тиісті мөлшерде ұсыным да артады, бағаның төмендеуімен қатар ұсыным да азаяды. Ұсыным заңы тауар өндірушілердің төмен бағамен сатқаннан гөрі, сатуға өз өнімдерін соғұрлым қымбат бағамен шығаруға тырысқандықтарын көрсетеді.

Ұсынымның өзгеруі қандай себептерге байланысты ?

1 . Ресурстар бағасы. Ресурстар бағасының төмнедеуіқндіріс шығынын азайтады, ұсынымды арттырады және керісінше. Мысалы, темір рудасы мен кокс бағасының артуы болат шығарудың өндіріс шығынын арттырады да, оларды ұсынуды азайтады.

2 . Технология. Технологияны жетілдіру өнім бірлігінің тиімділігін арттырады, сөйтіп ресурстарды үнемдеуге мүмкіншілік береді. Ресурстардың белгіленген бағасында өндірістік шығындар азаяды да, ұсыным артады.

3 . Салықтар мен дотациялар. Кәсіпорындар көптеген салықтарды өндіріс шығындары деп қарастыра отырып ұсынымды қысқартады. Керісінше, дотацияны «кері салық» деп қарастырады. Мемлекет тарапынан қандай да бір тауар шығаруды қаражаттандыру, шын мәнінде, шығынды азайтып тауар ұсынымын арттырады.

4 . Басқа тауарлардың бағасы. Басқа тауарлардың бағасының өзгеруі де, өнімнің қсынымына әсер етеді. Мысалыға, бидайға бағаның төмендеуі фермерді жүгері өсіруге, сөйтіп оны рынокқа көптеп шығаруға итермелеуі мүмкін.

5 . Күту. Болашақта өнімге деген бағаның өзгеріске ұшырауын күту, тауар өндірушілерді өнімді рынокқа қазір шығару ниетіне әсер етуі мүмкін.

6 . Сатушылардың саны. Сатушы фирмалар саны неғұрлым көп болса, соғұрлым рыноктық ұсыным көп болады.

Ұсыным икемділігі. Ұсыным икемділілгі коэффициентінің формуласы

Ұсыным - материалдық игіліктер мен ызметке, өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарына деген қоғамның немесе жеке тұлғалардың қажеттіліктері.

Ұсыным икемділігі - бұл бағаның өсуіне байланысты жиынтық ұсынымның өзгеріске ұшырайтынын көрсететін көөрсеткіш. Ұсыным көлемінің артуы бағаның өсуінен (пайыз бойынша) артық болса, онда ұсыным икемді (ұсыным икемділігі, I:ES>I= ден көп) . Егер де, ұсыным өсімі бағаның өсіміне тең болса, ұсынымның жеке икемділігі деп аталады да, оның икемділік көрсеткіші І-ге тең, яғни ЕS=І. Ұсынымның өсімі баға өсімінен кем болса, икемсіз деп аталатын жағдай қалыптасады (ұсыным икемділігі І-ден аз: ЕS<І) . Қысқаша айтқанда, ұсыным икемділігі - бұл бағаның өзгеруіне байланысты болатын сезімталдықты сипаттайтын ұғым.

Ұсыным икемділігі ұсыным икемділігі коэффициенті К арқылы есептеледі.

К=

Ұсыным икемділігі көптеген факторларға байланысты: өндіріс процесінің ерекшелігіне, уақыт факторына және көп мерзімге сақталу қабілетіне.

Ұсынымға төмендегідей факторлар әсер етеді:

1 . Ресурстар бағасының өсуі. Ресурстар бағасының өзгеруіне әсер ететін салықтар мен дотациялар, ғылым мен техниканың жетістіктері, жаңа технологияны енгізуге байланысты өндірістің өзіндік құнының өзгеруі.

2 . Басқа тауарларға, оның ішінде орнын алмастыра алатын тауарлар бағасының өзгеруі. Мысалы, жаңа автомобильдерге бағаның артуы ескі автомобильдерге ұсынымды азайтады. Бірақ адамдарға жаңа автомобиль сатып алуға мүмкіншіліктері болмағандықтан, олар бұрынғы автомобильдерін пайдалана береді.

3. Өндірушілердің болашақты күтуі. Болашақта бағаның салыстырмалы өзгеруін болжамдау, тауарды жоғарғы бағамен сату үшін өндірушілерді қолда бар тауарлардан тезірек құтылуға ұмтылдырады.

4 . Тауар өндірушілердің саны ұсынымға тікелей әсер етеді. Себебі, рынокқа тауар қоюшылар көп болса, соғұрлым ұсыным көп болады. Керісінше, өндірушілер саны аз болса, ұсыным да азаяды.

«Ұсыным графигі» немесе «ұсыным қисығы» рыноктық баға мен тауар өндірушілердің рынокқа қойғысы келген тауар саны арасындағы ара-қатынасын көрсетеді.

Сұраным және сұраным заңы

«Сұраным» ұғымы экономика үшін алаты орны ерекше. Сұраным тұтынушылардың бірнеше мүмкін бағалардың ішінен өзінің сатып алу қабілеті бар тауар саны. Оны график түрінде көрсетуге болады. Сұраным бірнеше түрде көрсетуге болатын альтернативті (балама) мүмкіншіліктерді анықтайды.

Жеке тұлға мен рыноктық сұраным . Осы уақытқа дейін біз сұраным мәселесін бір жалғыз сатып алушы көзқарасымен қарастырып келдік. Бәсекенің бар екендігін мойындау, рынокта көптеген сатып алушылар бар деп санауды қажет етеді. Жеке тұлғаның сұранысының рыноктық сұранымға өту шкаласын оңай тәсілмен, яғни әрбір сатып алушының әр түрлі мүмкін бағалар жағдайындағы сұраным мөлшерін қосу арқылы табуға болады.

Сұранымға деген өзгеністің себебі не ?

1. Тұтынушылық талғам. Жарнама арқылы немесе сәннің өзгеруімен байланысты тұтынушылық талғам немесе ұнатудың өзгеруі дегеніміз, әр баға бойынша сұраным артады. Тұтынушылардың талғамы немесе ұнатудағы теріс өзгерістер сұранымның азаюына және сұраным қисығының солға қарай жылжуына әкеледі.

2. Сатып алушылар саны. Рынокта сатып алушылар санының өсуі сұранымның артуына әсер етеді. Мысал келтіріп көрелік. Байланыс құралдарын кенеттен жетілдіру, халықаралық қаржы рыноктарының ауқымының кеңеюіне, сөйтіп акцияларға, облигацияларға деген сұранымның артуына әкеледі.

3 . Табыс мөлшері. Сұранысқа халықтың ақшалай табысының өзгеруінің әсері күрделі мәселе. Табыстың өсуі көптеген тауарларға сұранымның атруына себеп екендігі сөзсіз. Табыс мөлшері өскен сайын, тұтынушылар әдетте тауарларды көптеп сатып алады және керісінше. Табыстың өзгеруіне байланысты, сұранымның да тікелей өзгеретін тауарларды жағары категориялы тауарлар деп немесе қалыпты тауарлар деп атайды. Ал сұранымға қарама-қарсы бағытқа өзгеретін тауарларды, яғни табыс мөлшері төмендеген жағадйда сұраным өссе, ондай тауарларды төменгі категориялы тауарлар дейді.

4 . Түйіндес тауарлардың бағасы. Бағаның өзгеруі түйіндес тауарға деген сұраным немесе ұсынымның төмендеуіне немесе артуына әкеледі ме? Ол, түйіндес тауар біздің тауарды алмастаыра ала ма, соған байланысты. Мысалы, сары май мен маргарин бірін-бірі алмастыра алатын өнімдер.

Сұранымның төмендеу заңы

Бұл заң бойынша, егер де тауар бағасы өссу, онда сұраным азаяды. Егер де тауар өндірушілер өткендегімен салыстырғанда, рынок үшін қазір көп өндірсе, онда олардың санының артық бөлігі төмен бағамен сатылуы мүмкін.

Сатып алынған тауарлар санын баға деңгейі анықтайды. Тек баға ғана деңгейі анықтайды. Тек баға ғана емес, сатып алынған тауар санын бағадан басқа, төмендегі факторлар анықтайды.

1 . Сатып алушылардың орташа табысы.

2 . Рыноктың ауқымы.

3 . Баға жән басқа тауарлардың пайдалылығы, мысалы, субстит-тауарлар (алмастыра алатын тауарлар) .

4 . Адамдардың субьективті талғамы мен артықшылығы.

Сұраным қисығы

Сатып алынған тауарлардың саны олардың бағасына тәуелді екені туралы айттық. Баға неғұрлым жоғары болса, адамдар соғұрлым аз тауар сатып алуға тырысады. Сонымен, тауардың рыноктағы бағасымен оған деген сұранымның ақшалай көрінісі арасында белгілі бір байланыс бар. Мұндай қатынасты «сұраным қисығы» немесе «сұраным графигі» деп атайды.

Сұраным қисығы өте жылжымалы. Оған тұтынуға қажетті барлық тауарлардың бағасы әсер етеді.

Сатып алушылар тауарларды сатып алу мақсатымен белгілі бір табыс жиынтығымен рынокқа шығады. Әрине, олар тауарды арзан бағамен сатып алуға, ал тауарды сатушы қымбат бағамен сатуға тырысады. Бірақ рыноктық баға сұраным бағасы деп аталатын шкаладан аса алмайды. Ол сатып алушылардың тауарды сатып алуға келіскен ең жоғарғы шекті бағасы. Сұраным бағасы мен сатылатын тауарладың саны арасында бір-бірімен байланыстық бар. Егер де сатылатын тауар соғұрлым аз болса, сатып алушы оның құндылығын жоғары бағалай отырып, жоғарғы бағаға келіседі немесе керісінше. Егер де сұраным бағасы өте жоғары болса, сатып алушылар саны аз болады да, сату көлемі тиісінше көп болмады. Әрине, нақты экономикалық өмірде сұраным мен баға арасындағы байланыстылық әлдеқайда күрделі. Оған инфляциялық күту, рыноктың деформациясы сияқты жағдайлар әсер етеді.

Сұраным икемділігі - бұл тауардың жоқтығы немесе тапшылығы, оның орнын алматсыру мүмкін бәсекелестердің бағасы, сатушылардың бағаны жасырын көтеруі, сатып алушылардың өздерінің қалыптасып қалған дағдыларын өзгерткісі келмеуі, арзан тауар іздестіруі, тауар сапасының артуы, инфляцияның табиғи өсуі және т. с. с. сыртқы факторларға деген тұтынушылардың реакциясы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұсыныстың баға емес факторлардың әсерінен өзгеруі
Өндірістің тиімділік әдістемесінің негіздері. Ұсыныс пен сұраныс
Туындының экономикада қолданылуы
Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс,жұмысбастылық және еңбекке ақы төлеу
Халықаралық экономика пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Еңбек нарығы және жұмыссыздық туралы
Жұмысшы күш категориялары
Экономикалық жүйе және, оның экономикалық заңдылықтары
Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері жайында
Сұраным мен ұсыным заңы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz