Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы


ЖОСПАР
Кіріспе3
Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы5
Ұсынысқа ықпал етуші факторлар6
Қорытынды10
Қолданылған әдебиеттер тізімі13
Кіріспе
Рыноктық экономика - бұл сұраныс пен ұсыныстың үздіксіз арақатынасы. Мұндай қарым-қатынасты қарапайым моделінің тууы, экономикалық ғылым тарихында үлкен маңызды дәуір болып саналады. Сол мезеттен бері екі ғасырдан астам уақыт өтсе де, рыноктық экономикамен теориялық танысу осыдан басталады. Өйткені осы модель арқылы барлық экономикалық процестер ашылып көрсетіледі.
Расында-ақ кез келген сатып алу-сату актісіне екі феномен қатысады - “сұраныс” және “ұсыныс”, олардың шамасының үлкендігі рыноктағы мәмілесінің көлемі мен баға деңгейі арқылы анықталады. Ал рыноктық экономика бағалардың динамикасы мен мәмілелердің көлемі болып табылатындықтан, тек сұраныс шамасы (тұтынушының табысына әсер ете отырып) мен ұсыныс шамасын (өндірушінің пайдасына әсер ете отырып) реттеу арқылы оларды өзгертуге болады. Бұл макро және микроэкономика үшін әділді болып саналады.
Жоғарыда айтылғанмен рыноктық теорияның сұраныс пен ұсыныс анализіне көңіл бөлінетіні түсіндіріледі. Мұндай анализ макро мен микро экономиканы байланыстыратын жіп болып табылады.
Экономикалық ғылымда сұраныс пен ұсыныстың арасындағы қатынасты бөлшектеп қарастырғандай басқа сұрақ талданбаған шығар.
Неге бір ғасыр уақыт бойы политикалық экономиканың ядросын құрайтын, негізінде бағалар қаланатын сұраныс пен ұсыныс моделін атақты бір автор былай деп түсіндірді: «мұндай ұзақ өмір сүрудің себебі модельдің нақты шындықты көрсетуінде емес, анық және бірмәнді тұжырымға әкелуіне. Мұндай тұжырымдарды әртүрлі экономикалық проблемалардың анализіне қолдануға болады. Берілген модель жалпы шындық суретінен алыс, бірақ ол қарапайым формада кейбір шаруашылықта істеп тұрған күштерді суреттейді және шынайы өмірдің маңызды аспектілерін көрсетеді».
Біздің елімізде рынок енді дамып келе жатқандықтан, сұраныс пен ұсынысты зерттеу, Қазақстанның рыноктық экономикасының даму жолдарын оқуда өте маңызды болып табылады. Сонымен бірге сұраныс пен ұсыныс зерттеулерінің нәтижесін практикада пайдалана білу де өте маңызды. Қазіргі кезде сұраныс пен ұсыныс туралы мағлұматсыз практикада бірде - бір фирма өмір сүре алмайды. Міне, сондықтан мен осы проблеманы тереңдеп оқығым келді.
Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы
Ұсыным - бұл өндірушілердің сату үшін рынокта ұсынатын тауарларының мөлшері. Ұсынымның көлемі тауардың бағасы мен басқа факторларға тәуелді. Ұсыным шәкілі ұсыным тауарларының көлемі мен оның бағасының арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Өндіріс ресурстары мен технологиялардың бағалары ұсыным шәкілінде тұрақты болып қалады, яғни өзгермейді. 1
Баға неғұрлым жоғары болса, өндірушілер рынокқа өнімнің көлемін соғұрлым көп әкелгісі келеді және керісінше (3 сызба) .
Баға мен ұсынылып отырған өнімнің мөлшерінің арасындағы тура тәуелділік ұсыным заңы деп аталады. Бұл тәуелділік графикалық түрде ұсыным қисығы S түрінде бейнеленеді, бұл жерде S(supply) - ұсыным, P(prіce) - баға, Q(quantіty) - мөлшер, сан.
Сұраным қисығына қарағанда ұсыным қисығы солдан жоғарылап оңға көтеріледі. Ұсыным көлемінің өзгеруі графикте SS ұсыным қисығының бойымен қозғалу ретінде көрсетіледі. Ұсыным көлемі тек тауардың бағасы өзгергенде ғана өзгереді. Ұсыным қисығының бойымен қозғалу мен ұсыным қисығының өзінің қозғалысын айыра білу керек.
Ұсыным қисығы егер осы тауарға шығындар тұрақты кезінде рынокта көп өнім ұсынылса, SS-тен S 1 S 2 -ге оңға қарай жылжыды. Тауардың ұсынымының азаюы ұсыным қисығын солға SS-тен S 1 S 3 - ке қозғалтады.
Ұсыным қисығының қозғалысы ұсынымның өзі бағалық емес факторлардың әсерінен өзгерген кезде болады. Бұл кезде ұсынымның өзгерісі туралы айтады.
Ұсыным қисығы бойымен қозғалу мен ұсыным көлемінің өзгеруі тауардың бағасының әсерінен болады.
Ұсыным қисығының өзінің қозғалысы мен ұсынымның өзгеруі бағалық емес факторлардың әсерінен болады.
Ұсынысқа ықпал етуші факторлар
Ұсынысқа ықпал етуші факторларға
- баға
- өндіруге кеткен шығындар
- технология
- өндірістің монополияда алатын орны
- басқа тауарлардың бағасы
- ресурстар бағасы
- салықтар мен озотациялар жатады. 2
Ұсынымға ықпал етуші факторларға сонымен бірге сатушылардың саны, табиғат - климаттық жағдайлар жатады.
Ұсыным оның өзгерісін анықтайтын барлық факторлардың функциясы болып табылады:
S=f (P, P r, K, T, N, B)
Мұндағы Рr-ресурстардың бағасы, К-қолданатын технологияның мінезі, Т-салықтар мен субсидиялар, N-cатушылар саны, В-басқа факторлар. 3
Ұсыныс детерминантаторы: ұсыныс қисығы сызығының өзгеруін тудыратын факторлар.
Ресурстар бағасы. Олардың түсуі өндіріс шығындарын азайтады және ұсынысты көбейтеді, яғни ұсыныс қисығын оңға жылжытады ресурстардың бағасының өсуі керісінінше әсер етеді.
Минералдық тыңайтқыштарға бағаның төмендеуі бидайдың ұсынымын көбейтеді: жаңбырлатқыш қондырғыларға бағаның өсуі жүгеріні ұсынуды азайтады.
Технология. Оның жетілуі ресурстарға бағаны түсіреді. Жүгері зиянкестеріне қарсы тиімді инсектицидты жасау оның ұсынымын көбейтеді.
Салықтар мен дотациялар. Салықтың көтерілуі өндіріс шығындарын көбейтеді және ұсынымын азайтады, қисық солға жылжиды. Мысалы, шылымда акциз салығын көбейту олардың ұсынуды кемітеді.
Басқа тауарлардың бағасы. Олар ұсыныс қисығын қалай болса да жылжыта алады. Мәселен, фирма егерде футбол доптарына баға өссе, баскетбол доптарының өндірісін азайта алады. Қой немесе шошқа етіне бағаның төмендеуі сиыр етін көбейтеді.
Бағаның өзгеруін күту. Болашақта мұнайға бағаның төмендеуінің күтілуі, мұнай компанияларынның ағымдағы ұсынысын көбейтеді. 4
Ұсыным көлемі тауардың бағасы өзгергенде ғана өзгереді және ұсыным басқа фактолар өзгергенде өзгереді. Мысалы, жаңа технология пайдаланылды делік. Ол бұрынғы шығындарды өзгертпей көбірек өнім өндіреді, салық көбейеді, пайдалану да көбейеді. 5
Шығындар екі үлкен категорияларға бөлінеді: тұрақты және өзгермелі. Тұрақты шығындар дегеніміз өндірілген өнімдердің саны қандай болса да өзгермейтін шығындар. Оған үй-жайды жалдаудың төлемі, саймандарға жұмсалған шығындар, басқару және әкімшілік қызметкерлерінің ақысы кіреді. Егер абцисса өсіне өнім көлемін Q, ал ординат өсіне C шығындарын салсақ, онда тұрақты шығындар FC абцисса параллель тік сызық болып көрінеді.
Өзгермелі шығындар өндіріс көлеміне тікелей байланысты өзгереді. Олар жұмыс күші және шикізаттар сатып алуға жұмсалған шығындарға байланысты. Өзгермелі шығындардың өсуі біркелкі емес (VC), нөлден бастап өндіріс өскен сайын олар алдымен өте тез өседі, содан соң өндіріс көлемі ұлғайған сайын жаппай өндірісте үнемдеу факторы білінеді де, өзгермелі шығындардың өсуі өнімнің ұлғаюына қарағанда баяулай түседі. Ал, өнімділіктің азаю заңының әрекеті басталғанда өзгермелі шығындар қайтадан өндірістің өсуін басып озады.
Жалпы барлық шығындар (ТС) өндірістің әрбір нақты деңгейіндегі тұрақты және өзгермелі шығындардың жиынтығын көрсетеді: VC пен FC жинақталуы VC сызығының OF деңгейіне жоғары көтеріледі. 6
Барынша арзан әдіспен өнім өндіруге байланысты қосымша шығындарды шекті шығындар дейміз. Шекті шығындар- n, бірліктік өндірістің шығындары мен n-1 бірліктік өндірістің шығындарының айырмашылығы ретінде табылады:
МС = ТС n -ТС n-1
2-сурет.
Ұсынысқа әсер ететін басты фактор - өндіріс шығындары. ондықтан, егер техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану нәтижесінде немесе алуан шаруашылығына қатысты болса, қолайлы ауа райы жағдайында өндіріс шығындарын азайту ұсыныс қисығы оңға төмен ауысады (2-сурет) .
Ұсыныстың көлемі тұрақты Р 1 бағадан Q 1 ден Q 2 дейін өседі. Қаралған қисықтар, (өздерін ғана алсақ) баға өзгергенде сатып алу және сатумен не болатынын көрсетеді.
Қорытынды
Қорытындыда айтылғандардан ең маңыздысын бөліп көрсетейік.
1. АҚШ-та және басқа да аралас экономикалы елдерде ресурстарды бөлуге қатысты шешімдерді бағалар жүйесі арқылы іске асырады. Бағалар рынокта анықталады: бұл рыноктар әртүрлі формада болады, бірақ олардың жұмыс істеуі сұраным мен ұсынымның базалық моделі арқылы қысылған түрде түсіндірілуі мүмкін.
2. Сұраным көлемі - бұл берілген рынокта тұтынушының белгілі бір уақытқа (мысалы, бір күнге немесе бір жылға) сатып алғысы келген тауар саны. Сұраным көлемі тауардың бағасына және де басқа факторларға тәуелді, олардың ішінде ең маңыздылары - баламалы тауарлардың бағалары, тұтынушылардың табыстары, олардың таңдауы және күтілетін бағалар.
3. Сұраным шәкілі тауарға деген сұраным көлемі мен оның басқа факторлар өзгермегендегі бағасына тәуелді болып табылады. Сұраным қисығы - сұраным шәкілінің графиктік суреттемесі. Сұраным қисығы негізінен кемуші болады, бұнысымен ол сұраным көлемінің баға түскенде көтерілетінін көрсетеді.
4. Ұсыным көлемі - бұл берілген рынокта өндірушінің белгілі бір уақыт аралығында сатқысы келген тауар саны. Ұсыным көлемі тауар бағасы мен басқа да факторларға тәуелді, олардың ішінде ең маңыздылары - өндірістің негізгі көздері (физикалық капитал), өндірушінің қолы жететін технология, өзгермелі өндіріс ресурстарының бағалары, яғни өндірушінің шығынын анықтайтын барлық факторлар.
5. Тұтынушының табысының өсуі қарапайым тауарға деген сұраным көлемін көбейтпейді, сұраным қисығын оңға қарай жылжыта отырып, баға мен көлемді өсіреді. Тұтынушының табысының өсуі төмен сапалы тауардың сұраным қисығын солға қарай жылжытып, баға мен көлемді азайтады.
6. Бұрыштық коэффицинт мәні мен ұсыным қисығының жағдайы ең алдымен өндірістің шығындарымен анықталады, ал олар өз кезегінде технология мен өндіріс ресурстарының құнымен анықталады. Технологиялық кәміл өндірістің шығындарын қысқарта отырып, ұсыным қисығын оңға қарай жылжытып, тепе-тең баға мен тауардың шығару көлемін азайтады. Өндіріс ресурстарының біреуінің құны төмендегенде де осындай жағдай болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz