Халықаралық еңбек бөлінісі туралы мәліметтер
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1. Халықаралық еңбек бөлінісі. 4
2. Халықаралық еңбек бөлiнiсi 8
Қорытынды 15
Кіріспе
Халықаралық еңбек бөлінісі тауар айырбасының объективті негізгі;
мемлекеттердің экономикалық даму деңгейіне, қоғамдық құрылымына қарамастан,
саудада, ғылыми –техникалық салада, ғылымда, тұрмыс қажетін өтеуде,
өндірістік дамуда т.б. көптеген ынтымақтастықта бір бағытта бірлесе дамуға
жұмылдырады.
Халықаралық шаруашылық байланыстарының типі XIV – XV ғасырда пайда
бола бастады (орта ғасырда). Әрине, ондағы тауар айырбасы қарапайым түрде
еді,
Дүниежүзілік шаруашылық көптеген жылдар бойы екі қарама – қарсы
системаның бір – біріне қайшылықтары салдарынан (саяси құрылымы жағынан)
ұзақ уақыт бойы бір жүйеге түсе алмай жүрді. Социалистік лагерь өз бетінше,
ал экономикалық байланыста капиталистік елдер өзінше дамыды.
Сонымен, халықаралық еңбек бөлінісі – мемлекет ішінде және
мемлекетаралық еңбектің даму қорытындысы болып табылады. Еңбек бөлінісі –
ол нақтылы еңбектің бөлінуі. Еңбек бөлінісі – оны бөлшектеу және қайта
жинақтау. Өндірістік процесс жеке фазаларға және стадияға бөлінеді, одан
кейін аймақта жинақталады. Ол жеке өз алдына кәсіп орын болуы және де
аймақтық – өндірістік кешен болуға ықпал етеді. Еңбекті бөлудің түпкі
мақсаты – өнім шығарудың әдісі, яғни халықаралық еңбек өнімін өсіруге
саяды. Халықаралық еңбек бөлінісі – өндіріс тиімділігін асыру мақсатындағы,
қоғамдық еңбектің шығынын үнемдеуге өндірістік күшті тиімді пайдаланудың
негізгі құралы.
1. Халықаралық еңбек бөлінісі.
Қоғамдық еңбек бөлінісі өзінің кәсiптік қызметіне байланысты мынадай
формаларға бөлінеді:
1. Жалпы (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, транспорт, құрылыс, өндірістік емес
сфера). Бұл еңбектің өндіріс сфералары бойынша бөлінуі;
2. Меншіктік (ірі өндірістердің ішіндегі салалық және сала аралық
өндірістер). Бұл елдердің белгілі өндіріс салаларына, өндіріс түрлеріне
мамандануы.
3. Бірыңғай кәсіпорындар (агрегат, машина, деталь) т.б. елдердің жекелеген
агрегаттар, машиналар, бөлшектер дайындауға мамандануы.
Халықаралық еңбек елдер арасындағы қоғамдық аймақтық еңбек бөлінісінің
дамуының жоғары көрінісі. Ол мемлекеттер арасында тұрақты да тиімді
экономикалық байланыс негізінде өндірістің мамандануына және де жекелеген
өнім шығаруда сан және сапа жағынан нәтижеге жетуге ықпалын тигізеді.
Халықаралық еңбек бөлінісі өндірісті интернациализациялауды және
айырбастауды кеңейтуде ерекше орын алады. Халықаралық еңбек бөлінісін
дамытуға ықпал ететін бірнеше фкторлар бар:
1. Елдердің табиғи – географиялық орны:
табиғи байлықтың ерекшелігі және бөлінуі;
елдің географиялық орны;
еңбек ресурстарының әр түрлілігі;
өндірістің тарихи дамуындағы әдет – ғұрып;
топырақ – климаттық жағдайларындағы ерекшелік.
Қазіргі кезде ХЭБ – ны ғылыми–техникалық революция және экономикалық
факторлар табиғи жағдайларға тәуелділігінен босатқан, ал негізгі фактор –
ғылыми–техникалық (ғылымның дамуы, приборлар, құрал жабдықтар, жоғары
дәрежедегі машиналар).
2. Ғылыми–техникалық прогресс.
3. Әлеуметтік–экономикалық жағдайлар:
ғылыми–техникалық және экономикалық даму деңгейі;
2. өндірістің тарихи дамуындағы ерекшелік, әдет–ғұрып және сыртқы
экономикалық байланыстағы әдет–ғұрыптар;
3. ұлттық өндірісті ұйымдастырудың механизмі және оның әлеуметтік
түрі;
4. сыртқы экономикалық қатынастарды ұйымдастырудың механизмі және
әлеуметтік орта.
Төмендегі кестеден халықаралық еңбек бөлінісінің формалары мен
факторларын көруге болады.
1. Табиғи – климаттық жағдайлар.
2. Табиғи ресурстар.
3. Территория көлемi.
4. Халық саны.
5. Экономикалық – географикалық орналасуы
1. Экономикалық және ғылыми – техникалық дамудың қол жеткен деңгейi.
2. Өндiрiстiк дәстүрлер мен сыртқы экономикалық байланыстардың тарихи даму
ерекшелiктерi
3. Ұлттық өндiрiстi ұйымдастырудың әлеуметтiк типi және механизмi.
4. Сыртқы экономикалық қатынастарды ұйымдастырудың әлеуметтiк табиғаты мен
механизмi
Еңбектің халықаралық бөлінуі – бүкіл әлемдік нарықтың және бүкіл
әлемдік шаруашылықтардың қалыптасуы мен дамуының шешуші факторы болып
табылады. И.П. Фаминскийдің анықтауы бойынша: Халықаралық еңбектің
бөлінуін, еңбектің қоғамдық территориялық мемлекеттер арасында бөлінуінің
жоғарғы сатысы деп тұжырымдауға болады. Ол бөліну – тұрақты, экономикалық
жағынан тиімді мамандандырылған өндіріске (жекелеген өнім түрлеріне)
негізделген өндіріс нәтижелерімен өзара айырбастап отыруға арқа сүйейді.
Еңбектің халықаралық бөлінуі (ЕХБ) әлем меншіктерінде кеңейтілген
ұдайы өндіріс процестерін жүзеге асыруда шешуші элемент болып табылады; ол
процестердің өзара байланыстылығын қамтамасыз етеді; салалық теориялық
жағынан халықаралық тепе–теңдікті қалыптастырады.
Табиғи және қоғамдық факторлардың белгілі бір жиынтығы еңбектің
халықаралық бөлінуіне, әр–түрлі мемлекеттердің сол бөліну процесіне қатысу
деңгейіне ықпал етеді.
Әлемдік шаруашылықтың қазіргі даму кезеңінде мемлекеттер арасында
еңбек бөлінуінің басты қозғаушы күші техникалық прогресс, жаңа заманға сай
машиналар, құрал–саймандар, приборлар, технологиялар және ғылым болып отыр.
Халықаралық еңбек бөлінісі қоғамдық еңбек бөлінісінің ең жоғарғы
көрінісі, мемлекет аралық экономикалық байланыстардың негізгі және жалпы
экономикалық өзара тәуелділіктің объективтік бастамасы. ХЕБ–ның дамуы мен
деңгейі өндіргіш күштердің өсуімен белгіленеді.
Еңбек бөлінісінің төрт формасы бар:
әйелдер мен ерлер, ересектер мен балалар, және қарттар арасындағы еңбек
бөлінісі;
қоғам ішіндегі, яғни экономика өндірісінің арасындағы еңбек бөлінісі;
кәсіпорындар мен жеке жұмысшылардың еңбек бөлінісі;
территориялық еңбек бөлінісі – аймақтық мамандану процесіндегі маманданған
өнім мен қызмет көрсетудегі айырбас. Оның қызмет ету ортасы – мемлекеттегі
экономикалық аудандар;
халықаралық еңбек бөлінісі – ең жоғарғы формасы, яни жекелеген елдердің
шаруашылыққа мамандануы, нақтылы өнім мен қызмет көрсетудің айырбасы, оның
негізгі қызмет ету ортасы – дүниежүзілік нарық.
Мұндай мамандану қалыптасу үшін қандай жағдайлар қажет десек, олар:
1. олар елдің өзінің салыстырмалы ерекшелігі болуы (табиғи
ресурс байлығы), басқа елдер алдында өндірістік өнім
шығаруы қажет;
2. сол шығарылған өнімге деген басқа елдердің қажеттілігі
болуы керек;
3. өнімге шығарылған шығын оны сататын елге алып келгенде:
бастапқы бағасынан қымбат болуы керек. Яғни өнім
өндірушіге табыс алып келуі қажет.
Мемлекеттердің әлемдік экономикадағы орны оның халықаралық
мамандануына байланысты. Мысалы, Жапония – ғылымды көп қажет ететін
салаларға (автомобил, кеме, радиоэлектроника, робот) маманданған.
Кез–келген мемлекеттің ХЕБ–ге араласу орны, сол елдің экономикалық даму
деңгейіне байланысты. Сондықтан да дамыған капиталистік елдер халықаралық
еңбек бөлінісінде бастапқы позицияны алады. Және олардың негізгі ерекшелігі
– дайын бәсекеге түсе алатын өнім шығаруында. Ал дамушы елдердің әлемдік
экономикада алатын орны жаңа индустриялды елдердің даму қарқынының күшеюіне
байланысты. Соңғы жылдары ғана біраз өзгеріске ұшырады. ХЕБ–ге елдердің
қатысуында географияық фактор да біршама ықпал етеді. Мысалы, Англия өзінің
географиялық қолайлы орнына байланысты (теңіз жолында) өнеркәсіптік
революцияның жемісін берген ел болды.
Таяу Шығысың мұнай–газ ресурстары осы аймақтың ең ірі
отын–энергетикалық базаға айналуына себеп болды. Дегенмен географиялық
орны, табиғи байлығы тек алғашқы факторлар ғана: бұл жерде шешуші орынға
әлеуметтік–экономикалық жағдай (экономикалық дамудың деңгейі, шаруашылықтың
құрылымы, еңбек ресурстары, тарихи әдеті т.б.) жатады.
Халықаралық еңбек бөлінісі уақыт өткен сайын өзгеріп отырады. Ол еңбек
өнімділігін арттырады; экономикалық аудандарды қалыптастырады; өндіріс
салаларын байланыстырады және елдер арасындағы шаруашылық байланыстарын
нығайтады.
Экономикада, әлемдегі өндірісте, саудада және халықаралық экономикалық
байланыстардың басқа да формаларында әр елдің өз орны бар. Елдің даму
ерекшелігі жалпы әлемдік шаруашылықтағы атаулы өзгерістерге байланысты.
Ғылыми–техникалық прогрестің дамуы дүние жүзілік байланыстар жүйесіне
айтарлықтай ықпал етеді. Дүние жүзілік шаруашылықтың пайда болуы және оның
ары қарай қалыптасуы ХЕБ–ның дамуы мен тереңдей түсуіне тікелей байланысты.
Тарихи дамуына көз салсақ, оның қалыптасуы өндірісті капиталистік әдіспен
басқарудан басталып алға қарай дамуы объективтік бағытта кеңіп, халықаралық
экономикалық айырбас және территориялық еңбек бөлінісінде бүкіл дүние жүзі
елдерін біртұтас мақсатқа жұмылдырып отыр. Еуропада капитализмнің
қалыптасуы еуропа халықтарының әлеуметтік экономикалық дамуына және олардың
тарихи тағдырына ықпал етті.
XVI ғасырда дүние жүзілік нарық бірте–бірте қалыптаса бастады
(сауданың дамуы, теңіз саяхаты, құрлық ішіндегі байланыстар). XVII ғасырда
колониялық тонаулар басталды. Сонымен, дүние жүзілік шаруашылық
байланыстарының дамуы өндіргіш күштердің дамуына әкелді. Жинақталған
капитал алғашқы өнеркәсіптік революцияның негізгі күші болды да бұдан со
халықаралық еңбек бөлінісі қалыптаса бастады. Машина индустриясы өсуінің
үлкен қарқыны өнім шығарудың көлемін ұлғайтты.
Ұлттардың бір–бірінен алшақтықтары кеми түсті:
1. континенттер мен елдер арасында тұрақты сауда
байланыстары артты;
2. дүниежүзілік нарық дамып, мемлекеттер арасында
тығыз экономикалық байланыстар пайда бола
бастады.
XIX және XX ғасырда дүниежүзілік байланыс бүкіләлемдік сипат алды.
Қорыта айтқанда дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуына алғашқы
бастамалары:
мануфактуралық өндірістің дамуы;
2. экономиканың табиғи, тұйық шеңберінің бірте–бірте ашылуы;
3. жекелеген елдердің ұлттық шаруашылығының алыптасуы;
4. сауда байланыстарының кеңуі.
Ал дүниежүзiлiк шаруашылықтың қалыптасуының шешушi рөлi; iрi машина
индустриясы, транспорттағы болған прогресс және дүниежүзiлiк нарықтың пайда
болуына байланысты.
2. Халықаралық еңбек бөлiнiсi
Ұлттық шаруашылықтың бiртұтас дүниежүзiлiк шаруашылыққа бiрiгуiнiң
негiзiнде халықаралық еңбек бөлiнiсi (ХЕБ) жатыр. Ол жеке елдердiң өнiмiнiң
белгiлi бiр түрлерiн өндiруге мамандануы болып табылады, солар арқылы
елдер өзара өнім айырбасын жүзеге асырады. ХЕБ капитализм дамуының
мануфактуралық сатысында пайда болды. Ол кезде ХЕБ негізінен екі жақты және
үш жақты сыртқы сауда байланыстары арқала жүргізілді. Алғашқы кезде ХЕБ
шектелген сипатта болғаны даусыз.
Өнеркәсіп төңкерісі дәуірінде ұлттық шаруашылықтардың өзара байланысы
нығайып олардың дүниежүзілік рынокқа тартылуы өсті. Ірі машиналы
индустрияның дамуы, өндіріс көлемінің ұлғаюы, өнеркәсіптің өзінде
мамандандырудың тереңдеуі жағдайында жекелеген елдер шеңберінде қазіргі
заманғы өнеркәсіп өнімдерінің ұлғаймалы ұдайы өндірісін қалыптастыру мүмкін
емес. Дүниежүзілік өндіргіш күштердің одан ары дамуы ХЕБ–тің тереңдеу
тенденциясына жағдай жасайды. өнеркәсіп салалары ішінде мамандандырудың
анағұрлым дамыған түрлері кеңінен тарала бастайды(заттық, бөлшектік,
технологиялық). Ал мұның өзі өнеркәсіп өнімдерінің халықаралық айырбасының
өсуінен көрініс тапты. Капиталды сыртқа шығару мәселесінде трансұлттық
фирмааралық кооперация елеулі роль атқарады. Сонымен, халықаралық мамандану
неге неізделген? Дүниежүзілік шаруашылық байланыстарының барлық мүшелері
өздерне қалай алады және әлемнің өндіргіш күштерін тиімді пайдаланудың
өсуіне қалайша жағдай жасайды? Бұл сұраққа осыдан 170 жылдан астам уақыт
бұрын салыстырмалы шығындар теориясын жасаған Д. Рикардо жеткілікті түрде
нақты жауап берді. П. Самуэльсон, егер теориялар қыздар сияқты сұлулық
сынағына қатысатын болса, онда салыстырмалы шығындар теориясының жеңіске
жетері сөзсіз, өйткені ол әрі сымбатты, әрі қисынды теория деп жазды. Әрине
егер біз оны асығыстықпен және ешқандай қисынсыз қолданатын болсақ, онда ол
өте қара дүрсін сияқты көрінер еді. Рикардоның идеяларын қарапайым
мысалдармен көрсетейік. Әр қайсысында табиғи байлықтың өнеркәсіптік
тауарлардың, белгілі бір көлемі жинақталған екі елді алайық. Бұл елдер
арасында орын алатын айырбастың қажеттігінің бірінші дәлелі олардың өндіріс
жағдайларының әр түрлілігі. Климат жағдайларына сәйкес солтүстік елдерде
тропикалық жемістерді өсіру қолайсыз, немесе жекелеген бір ел табиғи
байлыққа, айталық мұнайға зәру. Ал екінші бір елде оның өте мол қоры бар.
Сондықтан басқа елдермен салыстырғанда белгілі бір тауарды аз шығынмен
өндіруге мүмкіндігі бар ел үшін де мамандану пайдалы. Айталық кенеп
өндірісінің шығыны Англияда Португалиямен салыстырғанда аз, ал шарап өндіру
шығыны керісінше. Бұл жағдайда артықшылықтары бар тауар өндірісіне
мамандану осы тауардың дүниежүзілік өндірісі мен сауда көлемі ұлғайту мен
қатар әрбір елдің осы екі тауарды тұтыну мүмкіндігін жоғарылатады.
Сыртқы саудаға маманданудың себептері туралы мәселені А.Смитте
қарастырған, бірақ ол ұсынған шешімі тым қарапайым еді. Ол Шотландияда да
жүзім шарабын өндіруге болады, бірақ еңбек шығындары шамадан тыс артып
кетеді, сондықтан ол елде мысалы, сұлы өндіріп, оны Португалияның аз
шығынымен өндірілетін шарабына айырбастаса неғұрлым тиімдірек болады деп
жазды. Д.Рикардо мамандануды салыстырмалы шығындар арқылы талдауды
негіздеді. Мысалы, Шотландия мен Португалияға қарағанда сұлыны да, шарапты
да аз шығынмен өндіреді. Дегенмен бұл елдегі шарап өндірісімен
салыстырғанда сұлы өндірісінің артықшылықтары бар, олай болса шығындар мен
айырбас пропорцияларының белгілі бір қатынастарына сәйкес Шотландияға сұлы
өндірісі неғұрлым тиімдірек те, Португалия үшін тек шарап өндірісі пайдалы
болар еді. Бұл қағиданы Рикардо еңбек құн теориясына негіздеп, шығатынын
дәлелдейді. Сонымен қатар Д. Рикардо маманданудан келер пайданы халықтың
барлық топтары пайдаланады деп есептеді. Оның ойынша мамандану капиталдың
қорлану деңгейін жоғарылатады, ал ол өз кезегінде экономиканың өсуімен
жұмысшы күшіне деген сұраныстың артуын қамтамасыз етеді. Шығындардың
салыстырмалы теориясы еңбек құн теориясына негізделе отырып, ХЕБ мен
интернационалдық құнның мінін түсінуге мүмкіндік береді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz