Қазақстан Республикасының экономикалық ұйымдармен ынтымақтастығы


ЖОСПАР
Кiрiспе2
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы3
Қазақстан Республикасының қаржылық ұйымдармен ынтымақтастығы3
Қазақстан Республикасының экономикалық ұйымдармен ынтымақтастығы7
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi17
Кiрiспе
Қазақстан Республикасы 1991ж. 16 желтоқсанда тәуелсiздiк алғаннан кейiн айқын сыртқы саясат жүргiзе бастады. Тек осы кезден бастап қана Қазақстан әлемдiк аренаға халықаралық құқықтың толық қанды субъектiсi ретiнде жұқты. Қазақстан Республикасы қабылданған «Тәуелсiздiк туралы» Заңда: Қазақстан Республикасы сыртқы саясатты халықаралық нормаларды сақтай отырып, барлық елдермен тең құқылы тең дәрежеде қарым-қатынастар жасайды, өзiнiң территориялық шекарасының мызғымыстығын қамтамасыз етедi және өзiнiң iшкi, сыртқы саясатын дербес жүргiзiледi делiнген.
1991жылдың соңына дейiнгi екi апта iшiнде Қазақстан тәуелсiздiгiн 18 мемлекет танып үлгердi, олардың iшiнде Туркия, АҚШ, Қытай, Германия, Пәкiстан бар. Қазақстан орталық езгiден құтылып, әлемдiк қауымдастықтың тең құқықты мүшесi болды. Қазақстан өз алдына сыртқы саясатты мынадай мiндеттердi қойды: жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу, демократия процестерiн дамыту, сыртқы саяси қызмет бағытын айқындау, территорияның тұтастығын қамтамасыз ету; ТМД елдерiмен тығыз байланысты халықаралық ынтымақтастық негiзiнде дамыту.
Бүгiнде Қазақстанды әлемнiң 140-қа жуық елдерi ресми түрде таныды. Қазақстан 50-ге жуық мемлекеттерде өз емдiлiктерiн ашты. Қазiргi таңда Қазақстанда 47 елдiң емдiлiктерi ашылып жұмыс iстеуде. 200-ден аса шетел компаниялары республикамызда өз офистерiн ашты. 50-ге жуық әртүрлi ұйымдардың мүшесi болып қабылданды.
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы
Қазақстан Республикасының қаржылық ұйымдармен ынтымақтастығы
Жалпы алғанда, 1995 жылдың желтоқсаннында Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымының толық құқылы мүшесi болды, iрi инвестициялық мүмкiндiктерi бар мұсылман әлемiмен бiздiң өзара қарым-қатынастарымызды нығайта түстi.
Қазақстанның АСЕАН-ға мүше елдермен, оның iшiнде ең алдымен -Индонозиямен, Малайзиямен және Сингапурмен қарым-қатынастары жақсы дамып келедi. Бұл елдердiң экономика саласында iлгерi өркендеуi мен табыстары бiздiң жас мемлекетiмiз үшiн үлкен тәжiрибе болып табылады және сауда - экономикалық қарым-қатынастарды кеңейтуге үлкен мүмкiндiктер туғызып отыр.
Қазақстан Республикасы алыс шетелдермен сыртқы қатынаста Америка Құрама Штаттарына үлкен маңыз берiп отыр. Үлкен қуатты мемлекеттердiң iшiнде АҚШ Қазақстанның тәуелсiздiгiн алғашқылардың бiрi болып таныды. Қазақстан Америка Құрама Штаттарымен саяси, экономикалық, дипломатиялық және мәдени қатынастарды қалыптастырып, дамытуға айрықшамаңыз берiп келедi.
1992 жылы мамыр айында Президентiмiз Н. Ә. Назарбаевтың АҚШ-қа барған ресми сапары барысында Президент Дж. Буш екеуi үш келiсiмге қол қойды, олар сауда, экономика және инвестициялар саласындағы байланыстарды кеңейту үшiн құқылық негiз қалады.
Сонымен бiрге, инвестицияларды қорғау жөнiндегi кепiлдiктер бойынша да келiсiмге және таяу арада салықтар туралы, келiсiм жасау жөнiндегi хаттамаға қол қойылды. Бұнда Қазақстан үшiн қолайлы жағдай жасауды қарастыратын сауда жөнiндегi ереже қабылданды.
1993 жылы 6 сәуiрде Қазақстан мен американдық мұнай компаниясы «Шевронмен» бiрлескен кәсiпорын «Теңiзшевройл» құру туралы келiсiмге қол қойды. Ол 40 жыл мерзiмге жасалып, алынған пайданың 80 пайызы Қазақстанға, 20 пайызы «Шевронға» тиесiлi болатын болып келiсiлдi. Қазақ жерiне алғашқылардың бiрi болып келген «Шеврон» компаниясы қазақстандық мұнай-газ секторының дамуына қолайлы жағдай жасады. Басқа шетелдiк компаниялардың Қазақстан экономикасына инвестиция салуына сенiмдiлiк туғызды. «Теңiзшевройл» өзi құрылған 1993 жылы 1 миллион тоннадай мұнай өндiрген болса 2002 жылы 13, 1 миллион тонна мұнай өндiруге қол жеткiздi. Ал американдық «Филлип Морис» компаниясы Қазақстандағы темекi өнiмдерiн шығаруға инвестиция салды. 1993 жылы 15 Қарашада Қазақстан өзiнiң ұлттық валютасын - теңгенi енгiзгенде АҚШ, бұл шешiмдi жақтайтынын және халықаралық ұйымдарынан қолдау ұйымдастыратындығын, ол үшiн екi жыл iшiнде екi миллиардтан астам доллар беретiндiгiн, ал таяудағы уақытты Қазақстан 400 миллион доллар алатынын хабарлады.
1993 жылы 24 қазанда АҚШ-тың мемлекеттiк хатшысы Уоррен Кристофер Қазақстанға келiп, елiмiздiң Президентi Н. Ә. Назарбаевпен кездесуiнде өз елiнiң Президентi Билл Клинтон әкiмшiлiгiнiң Қазақстандағы саяси және экономикалық реформаларға, әсiресе, жекешелендiруге қолдау көрсетуге бағытталған ынтымақтастықты жалғастыру ниетiн жеткiздi. АҚШ-тың сыртқы саясат ведомстваның басшысы Қазақстанның Орталық Азиядағы бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi нығайтудағы родiн жоғары бағаланған болатын. 1993 жылы желтоқсан айында АҚШ-тың вице-президентi Альберт Гор Қазақстанға келдi. Бұнда Қазақстан жерiндегi ядролық қарулар мәселесi кеңiнен сөз болған едi.
1994 жылы 14 ақпанда Президентiсмiз Н. Ә. Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары кезiнде АҚШ Президентi Билл Клинтонмен бiрге қол қойған «Демократиялық ықпалдастық партиясының» маңызы зор болды. Онда Қазақстанның дүниежүзiлiк қауiпсiздiктi сақтауға сiңiрген еңбегi атап көрсетiлген. Партияның он жетi бабында екi ел арасындағы қауiпсiздiк, саясат, экономика, мәдениет, бiлiм, қоршаған ортаны қорғау, ғылым, денсаулық сақтау және тағы басқа мәселелер бойынша мақсаттар мен мiндеттер көрсетiлген.
1994 жылы наурызда Қорғаныс конверсиясы жөнiндегi Қазақстан-Американ Комитетi құрылды.
1995 жылғы сәуiрде конверсияның жоспарын жүзеге асыруға АҚШ тарапынан Қазақстанға төрт грант, жалпы көлемi 37 миллион доллар берiлдi.
1997 жылы қараша айында Президентiмiз Н. Ә. Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары кезiнде қол қойылған екi ел арасындағы атом энергиясын бейбiт мақсатқа пайдалану туралы, ядролық сынақтарды бақылау үшiн Қазақстанда сеисмикалық станциялар құру туралы, «БН-350 реакторында ядролық қалдықтарды конверциялау жөнiндегi келiсiмдердiң маңызын атап өтуге болады.
1999 жылы 17 желтоқсанда Президентiмiз Н. Ә. Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары болды. Сапар барысының күн тәртiбiнде, өзара экономикалық қарым-қатынас, жаппай қырып-жою қаруларын тартпау, шаруашылық дауды шешу, салық саясаты, шағын және орташа бизнестi дамыту мәселелерi қаралды. Оған қоса, мұнай және газға, энергия секторына қатысты мәселелердi талқылауң бойынша тағы да екi комитет-шағын және орташа бизнес жөнiндегi, ауыл шаруашылығы жөнiндегi комитет құрылды.
Қорытынды мазмұндама: «Қазақстан мен АҚШ жаңа ғасырда аймақтық, сондай-ақ ғаламдық негiздi тұрақтылықты қамтамасыз ету мақтасында ынтымақтастық үшiн барлық мүмкiндiктердi пайдалануға ұмтылады», - деп атап көрсетiлген. Екi ел арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуды АҚШ мемлекеттiк хатшысы Мадлен Олбрайттың 2000 жылы сәуiрде Қазақстанға келуiнiң маңызы ерекше болды. Кездесуде АҚШ Қазақстанның тәуесiздiгiн қолдайтынын, республиканың қауiпсiздiгiн күшейту үшiн көмек көрсетуге дайын екендiгiн, оның iшiнде кадрларды даярлау, терроризм және есiрткi бизнесiне қарсы күресу үшiн арнаулы жабдықтар беру, экспорттық бақылауды нығайту мәселелерiнде көмек көрсететiндiгi айтылды.
АҚШ-тың стратегиялық мүддесi-Қазақстан экономикасында американ бизнесiнiң кеңеюiне саяси құралдармен жағдай жасау, аймақты өз ықпалын жүргiзу болып табылады. Елiмiзге шетелдердiң инвестициясын тарту мәселесiнде АҚШ бiрiншi орыда тұр.
1993-2003 жылдар iшiнде Республикамызға 10 миллиард доллардан астам тiкелей инвестиция тартылса, оның 4 миллиарды-американдық болып табылады. 2001 жылы 3 мамырда Қазақстанның Сыртқы iстер Министi Е. Ыдырысов АҚШ-қа Сапары кезiнде вицепрезидент Р. Чейнимен кездесiп, Президент Н. Ә. Назарбаевтың жеке жолдауын табыс еттi. Е. Ыдрысов; «Бiз АҚШ-пен арадағы стратегиялық келешекке және ортақ құндылықтарды қолдауға негiзделген ынтымақтастықты тереңдете беруге ықыластымыз» - дедi. Өз кезегiнде Р. Чейни АҚШ-тың Қазақстанның тәуелсiздiгi мен егемендiгiн нығайтуға мүдделi екенiн атап көрсетiп; «Сауда-экономикалық ынтымақтастыққа жан-жақты сипат беру қажеттiгiн» және американ компанияларының Қазақстан экономикасының түрлi секторларындағы қатысуын кеңейтуге мүдделiгiн бiлдiрдi. Соңғы жылдары АҚШ Қазақстанның минералды шикiзатының мол қоры бар Каспий аймағын игеруге белсене әрекет етуде.
Н. Ә. Назарбаевөзiнiң «Сындарлы он жыл деп аталатын еңбегiнде ол жылы iшiндегi Қазақстанның тәуелсiздiкке басқан қадамдарындағы зор жетiстiктер мен проблемалық мәселелердi зерделей келе Каспийге байланысты АҚШ-тық ұстанымы жөнiндегi былай деп жазады»: АҚШ-та соңғы уақытта Каспий аймағына зор ынта таныта бастағаны өзiнен-өзi түсiнiктi. Ақ үйдiң қазiргi әкiмшiлiгiнiң Каспий аймағының маңызына мән беруi бiрден байқалады. АҚШ-тың энергетикалық стратегиясында бұл аймақтық өзiндiк орны арта түседi. Iшiнара айтқанда, ол мына тұрғыдан көрiнедi: Баку-Жейхан құбырын тарту жобасы бұрынғысынша қолдау тауып отыр; Қашаған кенiшiнен көмiрсутектi қаынаның елеулi қоры табылғаннан кейiн Вашингтонның бұл аймаққа ынтасы тiптi жандана түстi. /10/
Қазақстан өзiнiң сыртқы саясатында Еуропа бағытына да елеулi маңыз беруде. Бiздiң елiмiз үшiн Еуропалық Одақтың стратегиялық тұрғыдан елеулi маңызы бар.
1992 жылы ақпан айында Германия Федеративтiк Республикасының дипломатиялық қатынас орнатылды.
Қазақстан Республикасының экономикалық ұйымдармен ынтымақтастығы
1992 жылы қырқкүйек айында елiмiздiң Президентi Н. Ә. Назарбаев ГФР-ға жасаған ресми сапары кезiнде бiрнеше құжаттарға қол қойылды. Оның iшiнде: Қазақстан-Герман экономикалық ынтымақтастық кеңесiн құру туралы келiсiм; Қазақстан Республикасында тұратын немiстер мәселесi бойынша аралас комиссияны құру туралы келiсiм; ғылым мен техника, өнеркәсiп, экономика саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келiсiм және басқа дакелiсiмдер бар. Осы келiсiмдер нәтижесiнде Қазақстанда 60-қа жуық немiс фирмалары мен банктерi жұмыс жасауда. Олардың қатарында «Мерседес-Бенс», «Сименс», «Дойче Банк», «Дрезденбанк» бар. Сондай-ақ 163 қазақстан-герман бiрлескен кәсiпорындары жұмыс жасауда.
1996 жылы Қазақстан - ЕО елдерiмен сауда экономикалық ынтымақтастықты артыруға елеулi септiгiн тигiздi.
Еуропалық одақ елдерiнiң iшiнде Қазақстан мен табысты дипломатиялық, экономикалық өрiстетiп келе жатқан елдердiң бiрi-Италия республикасы. Италия Қазақстанның аса iрi сауда әрiптестерiнiң қатарына кiредi. Бiздiң экспорттың негiзгi түрлерi: Мұнай, табиғи газ, түстi металдар, мұнай өндеу өнiмдерi, мыс, мырыш, қара металл, мақта, химия өнiмдерi. Импорттың негiзгi түрлерi: құрал - жабдықтар, киiм, аяқ-киiм, жиѕаз, тағам өнiмдерi, көлiк құралдары, химиялық және фармацевтикалық өнiмдерiн құрайды.
Қазақстандық 42 қазақтық-итальяндық бiрлескен кәсiпорын және итальян компанияларының сегiз өкiлдiгi тiркелген. Ынтымақтастық пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру, ауыл шаруашылық өнiмдерiн өңдеу, тамақ өнеркәсiбi, ауыр өнеркәсiп, энергетика, жеңiл өнеркәсiп секiлдi барлық салаларда дамып келедi. Олардың арасында «Аджип» (Қарашығанақ кен орынын игеруге қатысушы төрт компаниялардың бiрi) «Камеринг», «Сайпелi», «Ди Анджеи индастриз» секiлдi белгiлi компаниялар бар. Итальяндық «ЭНИ- аджип» компаниясы Қарашығанақ кен орнын игеруге, Каспий теңiзiндегi қайраңның қазақстандық секторын зерттеу және барлау жұмыстарына, Каспий тұрба құбыры консорциумы аясында «Теңiз-Новоросийск», экспорттық мұнай құбырын салуға, «Ақтау-Баку -Тбилиси-Жейхан» көлiк жүйесiн құруға қатысуда. Жалпы алғанда, соңғы он жылдық iшiнде Итальядан тiкелей шетелдiк инвестициялардың жалпы бiр көемi бiр миллиард үш үз миллион долларды құрайды.
Сонымен қатар елiмiз Еуропалық Францияның «Эльф Акитен», Англияның «Бритши газ» компанияларымен мұнай және газ өндiру үшiн iскерлiк байланыс жасап, ынтымақтастықты өрiстетiп келедi.
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықтығы және бiрiншi кезекте Бiрiккен Ұлттар Ұйымы шеңберiндегi қарым-қатынасы бiздiң елiмiздiң сыртқы саяси қызметiнiң маңызды бағыты болып табылады.
1992 жылы 2 наурызда БҰҰ Бас Ассамблиясының 46-сессиясында Қазақстан Республикасын БҰҰ мүшелiгiне қабылдау туралы шешiм бiрауыздан мақұлданды. Ұйымға мүше болған қысқа мерзiм iшiнде Қазақстан халық аралық қауымдастықпен тығыз араласып қана қоймай, одан көрнектi орын алып үлгердi. Мысалы, Қазақстан Президентiнiң Азияда өзара қарым-қатынас пен сенiм шараларының механизмiн жасау жөнiндегi ұсынысы Бiрiккен Ұлттар Ұйымы тарапынан қолдау тапты.
1998 жылы Қазақстан беделдi ұйым - БҰҰ-ның тұрақты даму жөнiндегi коммиссиясының (ТДК) мүшесi болды.
Қазақстан мен ЮНИСЕФ (БҰҰ-ның балаларға көмек қоры) ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның бала құқығы жөнiндеi әмбебап конвенциясына қосылған кезiнен басталады.
Орталық Азия елдерi үшiн ЮНИСЕФ-тiң аймақтық кеңесi дайндаған ЮНИСЕФ -пен ынтымақтастық бағдарламасы бес бөлiктен тұрады: «Ана мен бала денсаулығы», «Ана мен бала тағамдары», «Iргелi бiлiм беру», «Сумен қамтамасыз ету және санитарлық талаптарды сақтау», «Отбасын жоспарлау және қорғау».
ЮНИСЕФ бағдарламасын Қазақстанда жүзеге асыруда «Бөбек» балалр қайырымдылық қоры дүниежүзiлiк ықпалға ие. Қор Президентi С. Назарбаева балалардың өмiр сүруiн, қорғалуын және өсiп-жетiлуiн қамтамасыз ету туралы дүниежүзiлiк декларацияның мақсаттарына жету жолындағы халықаралық ынтымақтастық пен ықпал етудi дамытуға үлкен үлес қосқаны үшiн Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйлығымен марапатталады.
1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан БҰҰ-ның айналадағы ортаны қорғау бағдарламасы (ЮНЕП) басқарушылар кеңесiнiң мүшесi. ЮНЕП-пен ынтымақтастағы басты бағыттардың бiрi - ақпараттық тораптар мен жүйелер жасау. Орталық Азия аймағы үшiн Алматыда ЮНЕП ГРИД бағдарламасы шеңберiнде «Меркурий» ғарыштық байланыс станциясы орнатылды. Станса бүкiл экологиялық ақпаратты алуға, Интернет торабында жұмыс iстеуге мүмкiндiк бередi.
Қазақстанның ЮНЕСКО-мен БҰҰ-ның Бiлiм беру, ғылым және мәдениет саласындағы ұйымы ынтымақтастығы барынша жемiстi түрде дамуда. Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы беделi орнықты қалыптасты. Бұған көп жағдайда ЮНЕСКО-ның Бас директоры Федерико Майордың Қазақстан Президентi Н. Назарбаевпен, басқа да ел басшыларымен жиi кездесулерi ықпал еттi. Бiлiм беру, бiлiм берудi реформалау бағытындағы Қазақстанның халықаралық әрiптестiгiн жолға қою салаларында ЮНЕСКО-мен ынтымақтастық тиiмдi дамуда. Қазақстан Парламентiнiң Лиссабон конвенциясына қол қоюы және жоғары бiлiм беру саласындағы дипломдар мен кәсiби мамандықтарды мойындауы еуропалық аймақтық бiрыңғайланған нормативтi актiсi болуға тиiс бұл конвенциялық басшы комитетiне республика өкiлiнiң қатысуына алғышарт жасайды.
Қазақстан кiлi ЮНЕСКО-ның жаңа халықаралық ұйымы - бiлiм берудегi ақпараттық технология институтының басқарушылар кеңесiне ендi.
БҰҰ-ның өтпелi кезеңдегi елдерге көмек көрсету бағдарламасын үйлестiрушi негiзгi орган Еуропалық экономикалық комиссиямен (ЕЭК) жұмыс елеулi түрде жандана түстi. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстваларының осы комиссиясының арнаулы органдарымен ынтымақтастығы артып, оның iшiнде ЕЭК-нiң жұмысшы топтары мен комитеттерiнiң «дөңгелiк-үстелдерi» мен кеңестерiне қазақстандық сараптамашылардың қатысуы жиiлеп келедi.
Алпыс төрт халықаралық ұйыммен арада тығыз байланыс пен ынтымақтастықтың орнығуы Қазақстанның көпбағытты сыртқы саясаты ұстанымдары мен Ұлттық қауiпiздiгi мүддесiнiң нығаюына сай келедi. Еуропалық бағытта бұл саясат әуелi ОБСЕ мен НАТО ұйымдарымен орныққан ынтымақтастықтан байқалады.
Қазақстан Хельсинки қорытынды актiсi мен өзге де құжаттарда мазмұндалған негiзгi ұстанымдарды мiндеттене отырып, 1992 жылы қаңтарда Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi ұйымға (ЕҚЫҰ-ОБСЕ) мүшелiкке өттi. ОБСЕ шеңберiнде дайындалып, 1990 жылы қол қойылған Еуропадағы қарулы күштерi туралы келiсiмге 1992 жылы қазан айында қосылды.
Бұл келiсiм Атлантикадан Оралға дейiнгi аумақтағы құрлықта ядролық қаруды және әскери әуе күштердi шектейдi. Қазақстанның дәл осындай басқада Ұйымдық институттарға - Қауыпсiздiк саласындағы ынтымақтастық бойынша форумға (ҚЫФ) және Еуропадағы жай қарулы күштер туралы келiсiм жөнiндеi бiрлескен консультативтi топтарға (ЕЖҚКК БКТ) қатысуы елiмiздiң әскери- саяси мүдделiрiнiң iлгерi басуына мүмкiндiк бередi.
Бұл реттерде Қазақстан өкiлдерi 1998 жылы наурызда қауiпсiздiк саласындағы, әскери доктрина мен қорғаныс саясаты мәселелерi жөнiнде ұйымдастырылған семинарға қатысты.
Қазақстанның НАТО-мен қарым-қатынасының негiзi 1992 жылы қараша айында НАТО-ның бас хатшысы М. Вернердiң Алматыға келуi мен Президент Н. Ә. Назарбаевтың НАТО-ның штаб-пәтерiне жауап сапары барысында қаланды. Содан берi уақыт аралығында НАТО*ның саяси және әскери өкiлдерi Қазақстанға бiрнеше мәрте келдi.
Қазақстан өзiнiң геостратегиялық жағдайына байланысты НАТО-ға толық құқылы мүше болып кiруге талпынбайды. Әйтседе, Батыс және Шығыс Еуропамен бұрынғы КСРО республикалары арасындағы белсендi әскери-саяси ынтымақтастық бүкiл еуразиялық кеңестiктi өзара сенiмдiлiктi нығайта түседi деп санайды.
Экономикалық даму саясатының табысты жүргiзiлуi көп ретте республикалық халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдармен қарым-қатынасына байланысты. Халықаралық ұйымдар қатарына қосылу туралы Қазақстан қол қойған келiсiмдер республиканың әлемдiк нарықтағы жағдайының нығаюына, сыртқы саудасының ұлғаюы мен артуына ықпал еттi. Сонымен бiрге, халықаралық экономикалық қатынастарды үйлестiрудiң ортақ жүйесiне қатысу сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың халықаралық нормалар мен ережелерi шеңберiнде тәжiрибе жинақтауына мүмкiндiк бередi.
Экономикалық реформаларды қаржыландыру тұрғысыннан, экономиканың жекелеген салаларын дамыту бойынша арнаулы жобаларды жүзеге асыруға қарыздар мен несиелер алуда Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), Дүниежүзiлiк банк (ДБ), Еуропа қайта құру және даму банкi (ЕҚҚ жДБ), Азия даму банкi (АДБ), Ислам даму банкi (ИДБ) және Дүниежүзiлiк сауда ұйымы (ДСҰ) секiлдi беделдi халықаралық ұйымдарға басымдылық берiлдi. Сыртқы iстер министрлiгi өзiнiң сыртқы саяси iс-қимылдарын «экономикаландыру» тұрғысынан халықаралық қаржы экономикалық институттармен белсендi жұмыс жүргiзудi жалғастырып келедi.
Халықаралық валюта қорына (ХВҚ-ға) Қазақстан 1992 жылы 15 шiлдеде мүше болды, Қазақстанда ХВҚ-ның өкiлдiгi 1992 жылы 15 тамызда ашылды. Қазақстанның ХВҚ-ға мүшелiгi 247, 5млн. АҚҚ (арнаулы қарыз алу құқығы) квотасы мөлешiрнде анықталды. Квота мөлшерiн есептегенде төмендегi көрсеткiштер санатқа алынады: жалпы iшкi өнiм (ЖIӨ), ұлттық табыс, ағымдағы сыртқы операциялар, ағымдағы түсiмдер динамикасы, таза халықаралық резервтер, импорттық және экспорттық ағындардың орташа көлемi т. б. Қазақстанның ХВҚ-ның қаржылық қорына қол жеткiзуi квота мөлшерiне байланысты.
Алтын валюта қорының өсiмi мен ағымдағы баланыстың болжаныдған жағымды сальдосына байданысты, Қазақстан 1999 жылғы бағдарламадағы 400млн. Доллардан жоғары сомма көлемiндегi өзiнiң несие алу құқығын пайдаланбады, соның өзiнде ХВҚ алдындағы 390, 5 млн. Доллар қарызын толығымен жойды. 1999 жылы өлдiң халықаралық жалпы резервi iс жүзiнде таза халықаралық резерпен тең дейгейге келдi.
Қазақстандағы реформалардың жалпы мақсатына сәйкес Дүниежүзiлiк банк тобының көмек стратегиясы екi бағытта дамытуға арналған: а) құқықтық және базалық институты жетiлдiрiп және өтпелi кезеңдi жеңiлдету үшiн қажеттi инфрақұрылымдарды дамыта отырып жеке сектордың жетекшiлiгiндегi экономикалық өсiмге ықпал ету;
ә) әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiн нығайту. Қазiргi күнде Қазақстан Орталық Азиядағы ЕҚҚ жДБ -нiң басты да ең табысты серiгi болып келедi. Еуропа қайта құружәне даму банкi Қазақстанда шетелдiк инвесторлар кеңесiн құруда басты рөл атқарады.
Қазақстан Республикасы Азия даму банкiне 1994 жылдың 19 қаңтарында мүше болды. Қазақстан АДБ-нiң ең үлкен акционерлерiнiң iшiнде төртiншiсi және бүкiл қатысушы мемлекеттердiң жалпы тiзiмiнде 20-орын алады.
1995 жылдың 12 желтоқсанында Конакридағы (Гвения) Ислам коференциясы ұйымына мүше елдер сыртқы iстер министрлерiнiң конференциясында Қазақстан Республикасын ИКҰ-құрамына кiрдi. ИКҰ-ның жарғысына сәйкес, Қазақстан, сонымен қатар Ислам даму банкiнiң (ИДБ) мүшесi болды. Қазiргi күнде Қазақстан мен Ислам даму банкiнiң арасында мықты әрi берiк ынтымақтастық негiзi құрылған.
Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда ұйымымен (ДСҰ) қарым-қатынастарын Қазақстанның осындай беделдi халықаралық ұйымда алдымен бақылаушы мәртебесiн иеленген.
Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiргеннен кейiн Қазақстан халықаралық сауданың, ең алдымен республиканың өмiрлiк маңызды мәселелерiн шешуге белсендi түрде қатыса алды. Сонымен қатар Қазақстанның ұйымдағы мүшелiгi Қазақстан үшiн мәртебесiн көтеруi, елдiң экономикалық дамуына жағдай туғызды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz