Халықаралық экономикалық қатынастардың пәні және құрылымы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе4

Халықаралық экономикалық қатынастар. Жүйесіндегі халықаралық сауда5

Халықаралық экономикалық қатынастардың пәні және құрылымы7

Егемен Қазақстан Республикасы көлік жолдарының даму бағыттары (1991-2000жж. ) 8

Қорытынды13

Пайдалынған әдебиеттер тізімі. 14

Кіріспе

XX ғасырдың екінші жартысындағы дүниежүзілік шаруашылықтың айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі - халықаралық экономикалық қатынастардың жедел әрі қарқынды дамуы.

Әр түрлі мекемелер мен фирмалалардың, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы екі жақты, көп жақты экономикалық қатынастардың кең қанат жайып, тамырын терең тарта бастағанының куәсі болып отырмыз. Бұл процестер халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуінен, шаруашылық өмірдің интернациялауынан, ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтыққа ұмтылысынан, аймақтық халықаралық құрылымдардың жақындасып, өзара пайдалы көмек арқылы нығайып, дами бастағаннан көрінеді.

Әрине, аталған процестер оңайлықпен жүріп жатқан жоқ. Бұлар бәсекелі, қайшылықты, диалектикалық қозғалыс, құбылыстарға толы процестер. Халықаралық экономикалық қатынастардың диалектикасының өзі жекелеген елдердің экономикалық тәуелсіздік пен ұлттық шаруашылықты көркейтуге деген ұмтылысының көрінісі. Дүниежүзілік шаруашылықтың нығайтып, интернационалдануы, ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтығы, дамудың жаңа, тиімді арналарының пайда болуы - осының бәрі экономикалық өсудің диалектикасы.

Қазіргі кезеңде адамзат әлемін «ақ қара» деп жіктеп, оған капитализм, социализм атты айдар тағушылықпен қоса жасанды антогонизмдер де келмеске кетті. Біздің заманымыз өзара байланысты, экономикалық дамудың жалпыға ортақ заңдылықтарына бағынатын біртұтас әлем. Сондықтан еліміздің ойдағыдай өркендеп, гүлденуі үшін сыртқы экономикалық байланыстардың маңызы зор.

Қазақстан Республикасы бұрынғы кеңес өкіметі тұсында халықаралық экономикалық қатынастардың субъектісі бола алған жоқ. Сыртқы экономикалық байланыстардың субъектісі болуына оған ешкім мүмкіндік те берген жоқ еді.

Ал, қазір Қазақстанның егеменді ел ретінде қалыптасуы барысында халықаралық экономикалық қатынастар ғылымын қолға алып, оны оқытуды жетілдіру көкейтесті мәселеге айналып отыр.

Еліміздің сыртқы экономикалық байланыстарын орнақтырып, дамытудың қазіргі кезеңі сол қатынастардың нысанды мен әдістерін түдегейлі өзгерту қажеттігімен айқындалады. Меншік құнының қандай түрінде болмасын отандық жүздеген фирмалар мен кәсіпорындар халықаралықаралық - экономикалық қарым - қатынастарға қосылып, оның белсенді мүшесі болуға ұмтылады. Бұл, әрине, мейлінше қолдануға тұрарлық құбылыс. Дегенмен, қазақстандық өндірушілер мен тұтынушылардың дүниежүзілік сауда - саттық процесіне еркін адымдап кіруіне, экономикалық интеграцияның шарапттарын пайдалануына кедергі боларлық себептер де жоқ емес. Сол себептермен бірі халықаралық экономикалық қатынастар саласындағы бай тәжірибені екшейтін, әлемдік рыноктың ерекшеліктерін талдайтын қазақ тіліндегі оқу құралдарының тапшылығы.

Халықаралық, рыноктық орта өзінің экономикалық, ұйымдық, заңдық т. б. аспектілер бойынша біздің елде қалыптасып, орныққан шаруашылық қызметін жүргізу әдіс - амалдарынан өзгеше екендігі мәлім. Соңғы уақытқа дейін орын алып келген сыртқы экономикалық қатынастарға деген қөзқарасымыз рыноктың заңдарына сәйкес құрылған экономикалық жүйелерде шарасыздығын, тіпті кейбір сәттерде зиянды екендігін көрсетіп жұр. Мұның өзі шетелдік әріптестерімен өзара түсінікті, бірлескен іс-қимылдарды атқаруды күрделендіреді, тіпті заяға кетіреді.

Халықаралық экономикалық қатынастар. Жүйесіндегі халықаралық сауда

Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүние жүзіндегі барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.

Американ ғалымы Дж. Сакстың пікірінше «қандай бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикалық оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ».

Халықаралық сауда - еңбек бөлінісінегізнде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың өзара экономикалық тәуелділігі.

Ғылыми - экономикалық прогрестің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандану мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.

Халықаралық сауда дегеніміз - дүние жүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы.

Сыртқы саудада «фритредерствоны» (еркін сауда), немесе «протекционизмді» (өз тауар өндірушілерін қолдау) таңдап алудағы ымырсыздық өткен уақыттардың еншісінде қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кіргіш араласып кетті.

Фритредерство саясатын ең алғаш Адам Смит өзінің «салыстырмалы артылықшылар теориясында » анықталған. Ол:

«айырбас қандай елге болса да қолайлы; әрбір ел одан абсолютті артылықшылықтар табады», - деп жазған Адам Смит.

XX ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары қарқынмен жедел дами бастады.

Халықаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар әсер етеді:

халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірісті интернационалдаудың дамуы;

экономикады жаңа салалардың пайда болуына және негізгі капиталды жаңартуға игі әсерін тигізген ғылыми - техникалық революция;

дүниежүзілік рыноктағы трансұлттық коорпорациялардың белсенді қызметі;

тарифтер мен сауда туралы Бас келісімнің шаралары арқылы халықаралық сауданың реттелуі;

көптеген елдердің импортына кедергілердің жойылып, кеден бажы төмендеп, еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;

сауда - экономикалық интеграция процестерді дамып, жалпыға бірдей рыноктардың қалыптасуы;

сыртқы рыноққа бейімделген экономикасы бар «жаңа индустриалды елдердің» пайда болуы және тағы басқа.

Соңғы онжылдықтарда сыртқы сауда динамикасының әркелкілігі біліне бастады. Бұл дүниежүзілік рыноққа белсенді қатысушы елдердің өзара сауда-экономикалық қатынастарына әсерін тигізді. АҚШ дүниежүзілік рыноктағы басымдылығынан айырыла бастады.

Егер 1950 жылы АҚШ - тың үлесіне дүниежүзілік экспорттың 3/1 тиген болса, 1990 жылы ол тек қана 8/1 тең болды. Өз кезегіне алманияның экспортты АҚШ - тың деңгейіне жақындады.

Сөйтіп, 90 - жылдары Батыс Еуропа халықаралық сауданың орталығына айналды. 80 - жылдары халықаралық сауда-саттыққа Жапония едәуір жетістіктерге жетті. Бұл жылдары машина мен жабдықтар экпорттауда Жапония дүниежүзінде бірінші орынға шықты. Сол кезеңде өз тауарларының бәсекелік мүмкіндіктері бойынша Жапонияға Азияның «жаңа индустриалды елдері» - Сингапур, Гонгонг және Тайвань жақындады.

Бәсекеге қабілеттіліктің дүниежүзілік класификациясы төрт жүзге жкық критерийлерден тұрады. Олардың негізгілеріне жан басына шаққандағы табыс, инфляцияның деңгейі және сыртқы сауда балансы жатады. Классификацияда, аталғандардан басқа қазба байлықтар инфрақұрылым, байланыс құрал-жабдықтар және тағы басқа факторлар ескеріледі.

Женевада өткен дүниежүзілік экономикалық форумның баяндамасында бәсекелікті нақты мемлекете дүниежүзілік рынокқа салыстырмалы түрде бәсекелестерінен артық байлық шығару деп анықтады.

Мамандардың болжауы бойынша XXI ғасырдың алғашқы жылдарында бәсекеге ең қабілетті елдер санатында АҚШ пен Азиялық мемлекеттер болады. 2030 жылы бәсекеге ең қабілетті үш мемлекеттің қатарында АҚШ, Жапония, Қытай болмақ. Бұлардан соң Алмания, Сингапур, Оң. Корея, Индия, Тайвань, Малайзия және Швейцария мемлекеттернің мүмкіндіктері мол.

Дамушы елдердің өз экспортын диверсификациялауға (шаруашылық қызметіне жаңа өріс табуға) ұмтылыстары өнеркәсібі дамыған елдер елдер тарапынан қандай нысанда болмасын, қарсылыққа кездесуде. Дегенмен, кейбір дамушы елдер, ең алдымен «жаңа индустриалды елдер» өз экспорттарының құрылымын өзгерту ісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олардың экспорттарында дайын өнімнің, өнеркәсіп бұйымдарының, соның ішінде машиналар мен жабдықтардың үлесі артты.

Женевадағы дүниежүзілік сауда ұйымының деректеріне сәйкес 1999 жылы ең үлкен экспорттаушы мемлекеттердің қатарына мыналар жатады:

Мемлекеттер
Экспорт млрд. $
Дүниежүзілік саудадағы үлесі - %
Мемлекеттер:

АҚШ

ГЕРМАНИЯ

ЖАПОНИЯ

ФРАНЦИЯ

ҰЛЫБРИТАНИЯ

ИТАЛИЯ

КАНАДА

ГОНКОНГ

ГОЛЛАНДИЯ

10. БЕЛГИЯ

11. ҚЫТАЙ

12. СИНГАПУР

13. ОҢ. КОРЕЯ

14. ТАЙВАНЬ

15. ИСПАНИЯ

Экспорт млрд. $:

512

421

397

236

205

189

165

152

148

131

121

96

96

93

73

Дүниежүзілік саудадағы үлесі - %:

12, 3

10, 1

9, 5

5, 7

4, 9

4, 5

4, 0

3, 7

3, 6

3, 1

2, 9

2, 3

2, 3

2, 2

1, 7

XX ғасырдың соңғы шиоегінде халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде Азия - Тынық мұхит аймағының рөлі күшейеді. Дүниежүзілік банктің есептеуі бойынша 2000 жылға қарай дүниежүзілік сауда көлемінің 40% Тынық мұхит бассейінде шоғырланады.

Өнеркәсіп дамыған елдер арасындағы халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі олардың өзара сауда - қарым қатынастарын ұлғайтып, дамушы елдердің үлестерін азайтады.

Қазіргі уақытта негізгі тауар тасқыны, «үлкен үштік»: АҚШ - Батыс Еуропа - Жапония шеңберінде ағылып жатыр.

Халықаралық экономикалық қатынастардың пәні және құрылымы

Егер экономикалық құбылыстарды зерттейтін ғылымдардың жиынтығын алып қарастырсақ, олар бір зәулім дарақтың тамырынан тарап өскен желектері тәрізді болып көрінер еді. Ол дарақ, бүкіл экономикалық ғылымдардың методологиялық негізгі, экономикалық теория.

Халықаралық экономикалық қатынастар теориясы да өз бастауын экономикалық теориядан алады. Дегенмен, әрбір экономикалық ғылым саласының өміршеңдігін, басқа экономикалық ғылымдардан ерекшелігін, қалыптасып даму кезеңдерін тек соның өзіне тән, дербес пәні болуы ғана дәлелдейді.

Халықаралық экономикалық қатынастардың пәні - осы қатынастарды жүзеге асыру механизмдерін талдап, оқыту.

Халықаралық экономикалық қатынастардың жекелеген елдердің салалық, аймақтық шаруашылығының субъектілері - өндірістік бірлестіктер мен кәсіпорындардың дүниежүзілік шаруашылық жүйесіндегі кешенді экономикалық қарым - қатынастарын зерттейді.

Халықаралық экономикалық қатынастар дүниежүзілік шаруашылықтағы тағы кездейсоқ экономикалық қатынастарды емес, сол қатынастардың тұрақты түрде қайталанып отыратын, бәріне ортақ, дәйекті процестерін талдайды.

Халықаралық экономикалық қатынастың механизміне өзінің құқықтық, заңдық нормаларымен қоса, оларды жүзеге асыратын әдістер мен амалдар жиынтығы жатады. Бұл әдістер мен амалдардың негізгі тобын халықаралық келісім - шарттар, хартиялар, кодекстер т. б. осы қарым - қатынастардың көздеген мақсаттарға жетуіне қажетті құжаттар құрайды.

Халықаралық экономикалық қатынастардың құрылымы мынадай:

Ал, дамушы елдердің өз экспортына қолайлы база жасау бағытындағы іс-қимылдары көптеген кедергідерге кездесетін белгілі. Мысалы, дамыған елдер, атап айтсақ, атап айтсақ АҚШ «Таргетинг» дегенді пайдаланушы елдерге қарсы санкциялар қолданылады.

Таргетинг - экспорттық потенциялды, негізінен бір мақсатты ғана көздеп, өсіре беру.

1997 жылдың басында, Мәскеуде, Интеграциялық комитетте Беларусьтің, Қазақстанның, Қырғыстанның және Ресей Федерациясының сарапшы топтарының Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымының кіру мәселесі жөніндегі жұмыс бабындағы кеңесі болып өтті. Кеңеске қатысушылар 1996 жылдың соңында Сингапурде өткен БСҰ - ға мүше мемлекеттер министрлері конференциясының жұмыс қорытындысын талқылады.

Егемен Қазақстан Республикасы көлік жолдарының даму бағыттары (1991-2000жж. )

1

Республика жол қатынастары алдына қойылған мiндеттер мен онда орын алған келеңсіз жағдайлардың өрістеуі автомобиль жолдарының сапасын көтеру, әлемдік деңгейдегі көлік қатынастары жүйесіне ену және халықаралық жол-көлік ұйымдарымен байланыс орнатуды қажет етті. Бұл бір жағынан Қазақстан Республикасы аумағы арқылы төмендегідей халықара-лық автомобиль жол дәліздерінің қалыптасуымен де байланысты еді. Олар:

Хоргос-Алматы-Бішкек-Шымкент-Ташкент.

Шымкент-Қызылорда-Ақтөбе-Орал-Самара.

Алматы-Балқаш-Қарағанды-Астана-Қостанай-Ресей.

Майқапшағай-Семей-Павлодар-Омбы.

Челябі-Петропавл-Новосибирск.

Петропавл-Рузаевка-Жезқазған-Қызылорда-Өзбекстан.

Астрахань-Атырау-Бейнеу-Түрікменбашы.

Транзиттік маңызға ие бұл автомобиль дәліздерінің Республика өміріндегі алатын орны әрине, ерекше.

Республикамыз тәуелсіздік алған соңғы он жыл ішінде бұл бағытта қыруар жұмыстар атқарылды.

2

3

4

Мамандардың айтуынша Республикадағы жол пайдалану кешеніне тиiстi дәрежеде қаржы бөлiнбегендiктен жылына 1500 шақырымға жуық жол пайдалануға жарамсыз болып қалады екен.

5

Автомобиль жолдарының мұндай сапалық көрсеткішінің күрт төмендеуін жою мақсатында Қазақстан үкіметі 2000 жылдың 14 қазанында «Жол қатынасының кейбір мәселелері туралы» және 5 желтоқсанында «Республикалық деңгейдегі автомобиль жолдарын классификациялау Ережесін бекіту туралы» арнайы қаулылар қабылдады. Онда Қазақстан аймағын-дағы жекелеген ведомстволық жолдардың біраз бөлігін жалпы пайдаланымдағы жолдар қатарына қосу жөнiнде шешім қабылдады. Бірақ бұл шешім тек Қостанай, Шығыс Қазақстан, Маңқыстау, Павлодар және Қызылорда облыстарында ғана жүзеге асырылып, республиканың басқа облыстарында орындалмады. Егемен Қазақстан экономикасының одан әрi дамуы және осымен байланысты автомобиль жол желілерін кеңейту, олардың техникалық деңгейін көтеру, жол қауіпсіздіген қамтамасыз ету сияқты шараларға ерекше назар аударылуда. Әрине, бұл бағыттағы шешуші қадамның бiрi - жол шаруашылығын қаржыландырудағы күрт бетбұрыста екендігі сөзсіз. Осыған орай республикада 1997-2005жылдарға арналған автомобиль жолдарын дамыту және жетілдіру бағдарламасы жасалынды. Онда ең алдымен халықаралық маңызға ие жолдардың дамуына ерекше көңіл бөлінген. Республикада 2, 3 мың шақырым автомобиль жолын күрделi жөндеуден өткізу қажет деп табылды. Олардың ішінде кезек күттірмейтін Алматы-Астана-Көкшетау, Хоргос-Алматы-Бішкек, Шымкент-Орал-Самара автомагистральдары бар. Бағдарламаға сәйкес бұл салаға 252млрд теңге жұмсау жоспарланған және оны қаржыландыру Дүниежүзілік Банк, Еуропалық Банк, Азия Банкі, т. б халықаралық қаржы ұйымдарынан қолдау тауып отыр.

Қазақстандағы автомобиль жолдарының төменгі техникалық деңгейі, жол инфрақұрылымының баяу дамуы ақпараттық қамтамасыз етілуінің нашарлығымен (автосервис) де байланысты. Халықаралық деңгейдегі республикалық басты автомобиль жолдарының бойында автоқызмет көрсету, техникалық жөндеу орындары, май құю бекеттері, кемпингтер, т. б объектілер тиiстi дәрежеде жетiспейдi. Мұның өзi жол-көлік апаттарының басты себептерінің бірі болып отыр. Сондықтан 2001 жылы халықаралық бағыттарда автоқызмет көрсетудің жаңа Бағдарламасы жасалды. Оның басты көрсеткiштерiн төмендегi кестеден байқауға болады.

2-кесте

Халықаралық автомагистральдардың автоқызмет көрсету объектілерімен қамтамасыз етілуі (жақша ішінде объектілерге сұраныс көрсетілген)

Халықаралық автомагистральдар
Техн. жөн. орны
Май құю бекеті
Мотелдер мен кемпингтер
Халықаралық автомагистральдар:

Ташкент-Шымкент-Тараз-Бішкек-Алматы

Шымкент-Қызыл-Орда-Ақтөбе-Орал-Самара

Алматы-Қарағанды-Астана-Петропавл

Астрахань-Атырау-Ақтау-Түрікменстан шекарасы

Омбы-Павлодар-Семей-Майқапшағай

Астана-Қостанай-Челябі

Техн. жөн. орны:

13(11)

9(10)

13(6)

8(7)

7(7)

7(8)

Май құю бекеті:

29(38)

45(51)

59(56)

24(32)

38(25)

33(29)

Мотелдер мен кемпингтер:

4(7)

7(9)

6(10)

2(9)

5(6)

4(10)

6

7

8

Бүгінгі Қазақстанның автомобиль жолдары көлік инфрақұрылымының маңызды элементтерінің бірі ретінде Еуропа мен Азияны байланыстыратын трансконтинентальды желіге кіреді.

Қазақстанның республикалық маңызға ие автомобиль жолдарының басым бөлігі ТМД елдерінің халықаралық жолдары мен Азия тас жолдарының қатарына енеді. Республика автомобиль жолдарының дамуы мемлекет саясатының бір бағыты ретінде, еліміз өз дамуында басшылыққа алып отырған “Қазақстан-2030” стратегиясындағы ұзақ мерзімді жеті басымдықтың бірі болып отыр.

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүйесіндегі халықаралық сауда
Дүниежүзілік экономикалық қатнастар
Құқық жүйесі мен заң жүйесінің қатынасы
Мемлекет пен құқық теориясының негіздері
Азаматтық құқық және халықаралық құқық нормалары
Мемлекет және құқық теориясының ерекшеліктері
Азаматтық құқықтың мүліктік және мүліктік емес қатынастары
Мемлекет және құқық теориясы пәні
Саяси мәдениеттің жіктелуі
Халықаралық экономикалық қатынастар теориясының пәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz