1993 жылғы Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе3

1. 1993 жылғы Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы4

1. 1 Ақша реформасын жүргiзудiң себептерi4

1. 2 Ұлттық валютаны енгiзу6

Қорытынды9

Пайдаланылған әдебиеттер11

Кіріспе

Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, жауап берді. Ақша - тауарлы өндірістің өнімі. Сонда өнім мен тауардың айырашылығы неде? Тауардың ақшаның пайда болуына, оның қолдануының өрістенуіне әсер ету жағдайларын тарихи тұрғыдан қарап өтелік.

Қоғамдық дамудың алғашқы қауымдық құрылысы жағдайында бір қауым өз тұтуынан ауысқан өзінің қандай да болсын еңбек өнімін анда-санда кездейсоқ кездескенде басқа бір қауымның өніміне айырбастайды. Сонда, адам еңбегінің нәтижесі - өнім (зат) . Ал оны өндірушілердің белгілі бір қоғамдық қатынастарын, яғни өнімді сату - сатып алу қатынастарын дәлелдейтін түрі - тауар. Тауар дегеніміз сату-сатып алу жолымен айырбасқа түскен еңбек өнімі, немесе тауар - еңбек өнімінің айырбасқа арналған формасы. Тауар ең алдымен өндірушінің басқа өнімдерге айырбастау мақсатымен жасалған еңбек өнімі түрінде айырбас кезінде, яки нарықта көрінеді. Егер өнім өндірушінің өзінің тұтынуы үшін жұмсалса, ондай еңбек өнімі тауар сипатын алмайды. Мәселен, етікші өзі тіккен етікті өзі пайдаланса, онда ол тауар емес, тұтыну заты.

Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер нақты еңбектің нәтижесі - тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса, қоғам оны мойындамағаны, онда оны жасауға жұмсалған уақыт болса кеткен уақыт болған да, зат тауар түріне ие бола алмағаны, себебі ол қоғамға керексіз зат. Тауардың басқа адамдардың қажетін қанағаттандыратын қасиеті тауардың тұтыну құны болады, яғни тауардың қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тұтыну құны тауарды өндірушінің өз қажетін емес, басқа өндірушінің тауарына айырбастау арқылы басқа адамдардың қажетін өтейді. Тауардың басқа тауарға айырбасталу қасиетін оның айырбас құны деп атайды. Айырбас құнын тауарлар сатылғанда ғана ілесе жүретін бағалық көрсеткіш айқын көрсетіледі. Сонымен тауардың тұтыну құны басқа адамдардың қажетін қанағаттандыру қасиетінен айырбас құны шығады. Әрбір тауар өзінің өндірушісіне айырбас құны ретінде тұтыну құнын алатын құрал болады. Айырбас құны, яғни тұтыну құндары айырбасталуының пропорциясы, ол - құнның айырбас актісіндегі сыртқы көрінісі.

1. 1993 жылғы Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы

1. 1 Ақша реформасын жүргiзудiң себептерi

Қазақстан Республикасында 1993 жылы ақша реформасын жүргiзудiң негiзгi себебi ақша белгiсiн - тұрақтандыру. Себебi КСРО ыдырағаннан кейiнгi екi жыл аралығында кеңестiк рубль (сом) бұрынғы одақтас республикалардың орнына құрылған тәуелсiз елдерде бiртектес ақша ретiнде қолданылды. Ол елдерде 1986 жылы басталған экономиканы қайта құру кезiнде өндiрiс құлдырап, айналыстағы ақша массасы өсiп, инфляция қарқыны шарықтады. Тауарлар мен азық-түлiк негiзiнен шетелдерден тасылды. 1990 ж. қолма-қол ақша эмиссиясы 25 млрд сом болды, ол 1981-1985 жж. эмиссияланған қосынды сомадан әлдеқайда көп едi.

1991 ж. қаңтарыңдағы "КСРО Мемлекеттiк банкiнiң 1961 ж. үлгiдегi 50 және 100 сомдық ақша белгiлерiн төлемге қабылдамау және оларды айырбастау тәртiбi мен азаматтардың салымдарынан қолма-қол ақша берудi шектеу туралы КСРО Президентiнiң Жарлығы және КСРО Министрлер Кабинетiнiң қаулысына сай 1991 ж. үлгiдегi 50 және 100 сомдық купюралар шығарылды. Ескi ақшаларды жаңасына айырбастау процесi жеке адамдар үшiн үш күнде өттi. Кейiн 1992 ж. айналысқа 200, 500, 1000 сомдық кеңестiк үлгiдегi iрi купюралар шығарылды.

1992 ж. қаңтарында Ресей КСРО Мемлекеттiк банкiн Ресейдiң Орталық банкi деп қайта құрып, кеңестiк рубльдiң сол кезде жоқ мемлекеттiң басты эмитентi қызметiн атқаруды соған мiндеттедi. Ресей мемлекетi бағаның босату бағдарламасын iске асыру шараларын жүргiзе бастады, бағаның кенет қөтерiлуi айналымдағы қолма-қол ақша массасын көбейту қажеттiгiн тудырды. Республикалар өздерiнiң егемендiгiн жариялаған бойда оларда 15 ұлттық банктер құрылып, олар бiр-бiрiне тәуелсiз орталық банк ретiнде қызмет атқара бастады: Бiрақ олардың барлығын қолма-қол ақшамен қамтамасыз ететiн жалғыз эмиссиялық орталық - ақша шығаратын станок бiреу, ол Москвада едi. Ресей бағаны босатқаннан кейiн әрбiр тәуелсiз елдерде олардың қатал ақша-несиелiк саясатына байланысты рубльдiң сатып алу мүмкiндiгi әр түрлi қалыптасты және соған сәйкес рубльдiң бағалануы да әр түрлi деңгейде болды. Қолма-қол ақшаның осындай жетiспеуi жағдайында кейбiр елдер өз ұлттық банктерiнiң несиесiн берудi ұлғайтты (Украина, Латвия, Литва) . 1992 ж. маусымында Ресей Банкi 5000 купюраларды сом, ал кейiн 1 және 5 сом шығарды.

1992 ж. шiлдесiнде Ресей Орталық банкi егемен мемлекеттерге Ресей Банкiмен күнбе-күн екi жақты төлем есебiн жүргiзу туралы талап қойды. Қолма-қол ақшасыз өзара есеп айырысу тек Ресей Банкiсiндегi осы мемлекеттердiң орталық банкiсiнiң корреспонденттiк шотындағы қаржы көлемiнде және техникалық несие ретiнде жүргiзiлдi. Бұл төлем Қазақстаннан Ресейге және керiсiнше 2-3 ай бойы жүретiндiктен және бұл кезде инфляцияның қарқыны жылына 2500% болғандықтан аударылған ақша құнсызданып, оның төлем мүмкiндiгi тез құлдырайтын.

Жас тәуелсiз мемлекеттердiң директивалық экономика үлгiсiнен нарықтық үлгiге өту жағдайында заңдарды тез арада үйлестiрудiң мүмкiн еместiгi және өздерiнiң ақша-несие, баға, бюджет саясатын жүргiзуге қабiлетсiздiгi Ресей Банкiнiң қойған талаптарын орындауға мәжбүр еттi. Бұл бiртектес ақша (рубль) зонасын сақтап қалу процесiнiң сәтсiздiкке ұшырауының дәлелi едi. Келесi iс-әрекет - өзiнiң ұлттық валютасын енгiзу - болмай қалмайтын процесс. Ол 1992 ж. маусымында Эстонияның, шiлдесiнде Латвияның, қазанында Литваның, қарашасында Украина мен Белорусьтiң өз ұлттық валюталарын енгiзуiмен жалғасты. 1993 ж. мамырында Қырғызстан, тамызында Грузия өз ұлттық валюталарын енгiздi. Сөйтiп бұл мемлекеттер рубль зонасынан шықты.

1993 ж. 15 мамырында Минскiде рубль зонасында қалған мемлекеттер рубльдi ресми төлем құралы ретiнде қолдану жөнiнде жаңа келiсiмге қол қойды. Онда қойылған мiндет:

• бiрiншiден, ТМД елдерiнiң iс-әрекетiндегi ашықтық, айқындық болуы;

• екiншiден - бұл ең маңыздысы - рубль зонасынан шығатын мемлекеттер айналымнан шығарылған КСРО-ның банкнотасын толық көлемiнде оларды жою үшiн Ресейдiң Орталық банкiне қайтару жөнiнде өздерiне мiндеттеме алды.

Бұл мiндеттемелердi орындау - айналыстан шығарылған банкноталарды кеңестiк ақшаны пайдаланатын елдерде қайтадан айналысқа түсiру мүмкiндiгiн жою болатын, яғни бiр ел басқа елдiң жерiнде валюталық алыпсатарлықпен айналысуын алдын ала сақтандыру едi. Бiрақ екi келiсiмдi де ешкiм, оның iшiнде Ресей де, орындаған жоқ. Рубль зонасын 1993 ж. Түрiкменстан, Әзербайжан, Армения, Молдова тастап шықты.

Сол кезде рубль аймағында қалған мемлекеттер жаңа типтi рубльдiк зона құру туралы осы елдердiң заңдарын үйлестiру үшiн 9 бiрiккен топ Ресеймен белсендi түрде келiссөздер жүргiздi. Бiрақ Ресей келiссөздер жүргiзумен қатар бiр уақытта, 1993 ж. көктемiнде жаңа ресейлiк 1993ж. үлгiдегi рубль шығарып, оны өз жерiнде Қиыр Шығыстан енгiзе бастады. Сол кезде рубль зонасында үш мемлекет - Ресей, Қазақстан және Өзбекстан қалған едi (өз ұлттық валютасын 1995 ж. енгiзген Тәжiкстанды қоспағанда) .

1993 ж. 23 шiлдесiнде Ресей Банкiсi 1961-1991 жж. шығарылған кеңестiк үлгiдегi ақша белгiлерiн (1991-1992ж. ж. - 50, 100, 200, 500, 1000 сом) және 1992 ж. шығарылған ресейлiк 5000, 1, 5 рубльдi айналыстан шығаратыны туралы және айырбас бiр апта жүретiнiн хабарлады. Айырбас сомасы 35 мың рубль көлемiнде белгiленген болатын. Екi күннен соң Ресей Президентiнiң Жарлығымен айырбас мерзiмi 1993 ж. 1 қырқүйегiне дейiн ұзартылып, айырбас сомасы бiр адамға 100 мың рубльге дейiн көбейтiлдi.

Сөйтiп, 1992-1993 жж. егемен елдердiң бiрсыпырасы өз ұлттық валютасын енгiзуiне орай КСРО Мемлекеттiк банкi мен Ресей Орталық банкiсiнiң 1961-1992 жылдардағы банкноталарының айналыстан ығыстырылуына байланысты оларды Қазақстанға заңсыз әкелу мөлшерi қауырт өсiп, соның салдарынан тауарлар бағасы жоғарылап, халықтың тұрмысы төмендедi.

1992 жылдың бiрiншi жартысында Қазақстан Республикасының Президенті, үкiметi, Жоғары кеңесi Қазақстанға өз валютасын енгiзу қажеттiгiн түсiнiп, шегiне жеткен құпия жағдайда Қазақстанның ұлттық валютасының пiшiнiн (дизайн) дайындайтын топ құрып, оны басып шығаратын шетелдiк фирмамен келiсiмге қол қойған. 1993 ж. наурызында Англияда "Харрисон және ұлдары" атты жеке фирмада қажеттi мөлшерде ұлттық валюта - 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңге - дайындалып, Алматыға жеткiзiлген.

1. 2 Ұлттық валютаны енгiзу

1993 ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев "Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгiзу туралы" Жарлық шығарды. Осы жарлыққа сәйкес:

  • 1993 ж. 15 қарашадасағат 8-де Қазақстан мемлекетiнде ұлттық валюта -теңге - енгiзiлді;
  • 1993 ж. 18 қарашадан бастап теңге Қазақстан Республикасында бiрден-бiр заңды төлем құралы болып тағайындалды. Бiр теңге 100 тиыннан құралады, ол қолма-қол ақша айналысында банкнота және майда тиындар түрiнде жүредi;
  • қолма-қол ақша, рубльдiк шоттардағы жинақтар мен салымдар 500 рубль 1 теңгеге арақатынасымен айырбасталып, ол 18 қарашада сағат 18-де аяқталды. Қарашаның 15 мен 18 аралығында екi валюта - сом және теңге - айналымда қатар жүрдi.

Қазақстан Республикасының жасы 16-дан асқан барлық азаматтары 100 мың сом ақша айырбастауға құқылы болды. Айырбас тек бiр рет жүргiзiлiп, ол туралы төлқұжатта белгi соғылды. Азаматтардың 100 мың сомнан артық ақшасы банктегi арнаулы дербес шотқа салынып, оны 6 ай бойы пайдалануға құқығы болмады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi теңгенiң валюталық курсын бекiттi: 1 АҚШ доллары 4, 7 теңге тең болды. Сөйтiп, 1993 ж. 15 қарашада Қазақстан тарихында алғашқы ұлттық валюта-теңге енгiзiлдi. Ақша реформасын жүргiзуге Қазақстан басшылары бiр жарым жыл уақыт өте құпия жағдайда дайындалып, нәтижесiнде 700 миллион доллар сома шамасында алтын құймалары мен шетел валютасы қоры болды. Тәуелсiздiк жарияланған күннен бастап Қазақстанда өндiрiлген алтын мен күмiс ендi Москваға жiберiлмей, оны Ұлттық банк сатып алып, өз резерв қорына айналдырды. Сондай-ақ резерв қорына экспорттық валюталық түсiм мен үкiметтiң сыртқы заемдарын да Ұлттық банк сатып алып, қорға түсiретiн. Айналымға теңгенi енгiзуге жарты жыл уақыт қалғанда Республика Президентi валюталық қаржыны жұмсауға мораторий енгiздi.

Халықаралық валюта қоры Қазақстанда ұлттық валюта енгiзу ақциясын қолдап, Ұлттық банкке 90 млн. доллар көлемiнде стендбай несиесiн және Жапония бiздiң елдiң төлем балансын қолдау мақсатында Қаржы министрлiгiне 180 млн. доллар бердi. Бұл 17 жылға берiлген "жұмсақ" несиелер едi. Қорыта айтқанда, 1993 жылы ақша реформасы ойдағыдай өттi. Ендi ұлттық валютаның iшкi және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет.

Айналымға теңгенi енгiзу инфляцияның қарқындауы және бұрынғы одақтас республикалардың өзара байланысының үзiлуi мен саяси ала ауыздығы тереңдей түскен қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында өттi. Теңгенi енгiзгеннен кейiнгi 2, 5 айда, яғни 1994 ж. 1 ақпанына теңгенiң курсы долларға қарағанда 2, 5 есе төмендедi. Келесi төрт айда, яғни кәсiпорындар мен бюджеттiң арасындағы қарызды өзара есептеудiң кең ауқымды компаниясы басталғанда теңгенiң курсы - 1 долларға 11, 58 теңгеден 43, 3 теңгеге жеттi.

1995 ж. орта кезiнде Ұлттық банк пен Қаржы министрлiгi қаржы нарығына алғашқыда қазыналық вексельдердi, одан соң мiндеттемелер мен ноталарды және басқа мемлекеттiк бағалы қағаздарды шығарғаннан кейiн теңгенiң құлдырауын тежеуге мүмкiндiк туды. Инфляция теңге енгiзiлген 1993 ж. 2500 процент болса, ал 1994 ж. бас кезiнде 1260 процентке дейiн төмендедi, 1995 жылы Қазақстандағы инфляция 58 процент болды.

1997 ж. мемлекеттiң алтын валюта қоры кәсiпорындарды жекеменшiктендiру және шетел инвесторларына басқаруға беру сияқты инфляцияланбайтын көздерден түскен 700 млн. доллармен толықты. Бұл жылы теңге курсының ауытқуы тиынмен, ал инфляцияның деңгейi проценттiң бөлiктерiмен есептелетiн жағдайға жеттi.

1998 ж. Оңтүстiк-Шығыс Азиядағы дағдарыстың күшеюi, әлемдiк бағалардың төмендеуi отандық өндiрушiлердiң бәсекелестiк мүмкiншiлiгiнiң әлсiреуiне тiреп, Қазақстанға валюталық түсiмдердi бiраз қысқартты. Сонымен қатар өндiрiстiң одан әрi құлдырауы (1997-1998 жж. аралығында өсу тенденциясы байқалған), қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн 25%-ке жоғарылату, төлемеудiң өрiстеуi (кәсiпорындардың өзара қарызы 1, 5 триллион теңгеден асқан!) және бюджет пен әлеуметтiк проблемалары теңгенiң бағамын одан әрi төмендеттi. 1994 ж. таңдап алған монетарлық үлгiнiң өзгермейтiндiгi және теңгемен инфляцияны қатаң қадағалау экономиканы кеселге ұшырататынын көптеген қаржы сарапшылары мен талдаушылары 1998 жылдың күзiнен бастап түсiнiп, оны өзгерту туралы ортақ ойға келген.

1999 ж. сәуiрiнен Қазақстан үқiметi теңгенің еркiн өзгермелi курсын енгiзу туралы шешiм қабылдады. Ол жөнiнде Премьер-министр былай деген: "Бұдан былай доллар бағамы валюта рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың калай қалыптасатынына байланысты анықталады, ал, Ұлттық банк ол процеске елеулi түрде араласпайтын болады. Ұлттық банк бүгiнгi күнге дейiн өзiнiң алтын валюталық резервiн айырбас бағамын белгiлi бiр деңгейде ұстап отыру үшiн жұмсап келдi. Ендiгi жерде олай болмайды . . .

Қазақстанның төңiрегiндегi елдерде - бiздiң негiзгi сауда әрiптесiмiзде - ұлттық валюталардың бағамы күрт құлдырап кеттi. Мысалы, Ресейде рубльдiң бағамы 1998 жылғы тамыздың 17-сiнен берi қарай төрт есе төмендедi. Сол валюталармен салыстырғанда теңге тез қымбаттады және бiздiң тауарларымыз бәсекеге түсу қабiлетiнен айырылып қалды, өнеркәсібіміз тұралай бастады, кәсіпорындар тоқтап қалды, жұмыссыздық арта түсті. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 9 процентке дерлік, немесе 1 миллиард 300 миллион доллар мөлшерінде кеміді, ал біздің экспортқа шығаратн тауарларымыз 1 миллиард 250 миллион долларға қысқарады.

. . . Біз Ресейден әкелінетін кейбір импорттық тауарларға өте елеулі шектеулер қойдық және Қырғызстан мен Өзбекстаннан әкелінетін импорттық тауарларға салынатын баж салығының мөлшерін 200 процентке дейін жеткіздік . . . Шетелден әкелінетін арзан тауарлар біздің өндірісшілеріміздің қол-аяғын бірдей матап, валютаны елімізден сыртқа қарай ағытылуда . . .

Міне, осы тұрғыдан алғанда жағдайдан шығудың бір ғана жолы бар - теңге бағамының емін-еркін өзгермелі болуына жол беру керек.

Сонымен, Қазақстан теңгесі міне алты жылдан астам уақыт берік төлем құралы болып келеді. Ол еркін айырбасталатын валюталарға шектеусіз айырбасталады.

Қорытынды

Өткен жылдарда ақшаның неше түрлi сипаттамасы болғаны, оған қазiр шолу жасаудың қажетi шамалы екенi белгiлi. Мұндағы мәселе - ақша айырбас құралы ретiнде танылатындығы жөнiнде. Кез келген қағаз, әрине, ақша емес. Ол ерекше қағаздан жасалады. Ақша төлем құралы ретiнде қызмет атқарады.

Ақшаның келiсiмдiлiк және сақтық сұраныстары ақшаның айырбас құралы екенiн көрсетедi; екеуiнде де төлем жасау үшiн ақшаның қолда болуы қажеттi. Бұдан ары қарай жеке адамның қолындағы ақша қызметiн қарастырамыз. Бұл Қазақстан Республикасында да дәл солай болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1993 ЖЫЛҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ
Ақша реформасы: ұлттық экономиканың дамуындағы қажеттігі мен маңызы
Қазақстан Республикасының ақша реформасы
Қазақстан Республикасындағы инфляция ерекшеліктері
Ақша реформасы
1993 ж. ақша реформасы
1922 жылғы ақша реформасы
Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары мен қазIргI ақша жүйесIнIң дамуы
1961 жылғы ақша реформасы
Ақша теориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz