Шағын кәсіпорын қызметінің тиімділігі


ЖОСПАР
Кіріспе2
Шағын кәсіпорын қызметінің тиімділігі3
Шағын кәсіпорын қызметінің тиімділігі жайындағы жалпы түсінік3
Кәсіпорын қызметінің тиімділігі көрсеткіштерін талдау4
Қорытынды9
Қолданылған әдебиеттер тізімі:10
Кіріспе
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатиын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс-әрекеттері талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізу субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік пен қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік алды. Атап айтқанда, ішкі және сыртқа рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті. Өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болды. Шағын кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттігі (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т. б. ) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады.
Шағын кәсіпорын қызметінің тиімділігі
Шағын кәсіпорын қызметінің тиімділігі жайындағы жалпы түсінік
Кәсіпорын (қызметінің тиімділігі өндірістің нәтижелерін (тиімділігін) шығындар мен қолданылған ресурстарды салыстыру жолымен өлшенеді. Қол жеткізілген тиімділікті (табыс, өнім) авансталған немесе қолданылған ресурстармен (шығындар) салыстыра отырып кәсіпорын қызметінің тиімділігінің бірқатар көрсеткіштерін анықтауға болады. Оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады:
1) қорытындылаушы;
2) техника-экономикалық.
Бірінші топтың көрсеткіштеріне табыстың деңгейі, еңбек өнімділігі (еңбек сыйымдылығы) қор қайтарымдылығы (қор сыйымдылығы), материалдар қайтарымдылығы (материал сыйымдылығы), капитал салудың қайтарымдылығы (капитал сыйымдылығы) жатады. Екінші топқа ресурстарды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорындағы өндіріс процесінің кейбір жақтарын жоспарлау мен нақты талдау, оның өсу себептерін есептеу үшін қолданылады. Бұлар: еңбек құралдарын, агрегат қуатын пайдалану коэффициенті, жеке жұмыс өнімділігі және т. б; энергия, жанар-жағармай, материалдар мен шикізаттың меншікті шығындары; меншікті капитал салымдары, өзін-өзі ақтау мерзімі, келтірілген шығындар.
Өнім динамикасы мен ресурстар динамикасы (шығындары арақатынасы экономикалық өсу сипатын анықтайды. Өндірістің экономикалық өсуіне экстенсивтік немесе интенсивтік тәсілмен қол жеткізуге болады. Өнімнің өсу қаркынының ресурстардың немесе шығындардың өсу қарқынынан артық болуы экономикалық өсудің басым интенсивті екендігін дәлелдейді.
Өндірістің экономикалық тиімділігінің жеткілікгі жоғары қарқынды және бірыңғай өсуін қамтамасыз ету мүмкіншілігі тек дамудың интенсивті түріне өтуге жағдай жасайды. Бұдан шығатын қорытынды, өндірісті жан-жақты интенсивтендіру - оның тиімділігін артгырудың шешуші себебі. Сөз ең алдымен, әрбір материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының бірлігінің қайтарымын арттыру үшін негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану туралы болып отыр.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігі көрсеткіштерін талдау
Өндірістің тиімділігінің ең басты көрсеткіші жанды еңбек өнімділігі болып саналады, ол өндіріс нәтижесімен, жұмыс істеушілердің орташа тізім санының арақатынасымен немесе еңбек сыйымдылығымен, өнім бірлігіне кеткен жұмыс уақытының шығындарымен өлшенеді. Жапонияда өнімділік, кәсіпорынның іскерлік белсенділігін сипаттайтын көрсеткіштер қатарына жатқызылады. Бұл елдің кәсіпорындарының қаржылық есебінде есептелген түрінде мынадай еңбек өнімділігі коэффициенттері келтіріледі:
Бір жұмыс істеушіге Сату көлемі
шаққандағы сату көлемі қызметкерлердің жылдық
орташа саны
Бір жұмыс істеушіні Еңбекке кеткен шығындар
ұстау үшін кеткен
шығындар қызметкерлердің жылдық
орташа саны
Бір жұмыс істеушіге Негізгі қызметтен түскен пайда
негізгі қызметтен түскен
пайда қызметкерлердің жылдық
орташа саны
Біздің кәсіпорындарда еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткіші бір жұмыс істеушіге шаққандағы жылдық орташа өндірілген өнім болып табылады. Оның шамасы бір жұмысшыға шаққандағы орташа өндірілген өнім мен жұмыс істеушілер құрамындағы жұмысшылардың үлес салмағына байланысты.
Бизнес-жоспармен салыстырғандағы есеп беру жылындағы бір жұмыс істеушіге шаққандағы орташа жылдық өндірілгенінің өзгеруіне әсерін 1-кестеде келтірілген мәлеметтерге сүйеніп қарастырайық.
1 кесте
басқа барлық жеке көрсеткіштер шамалары жағынан бірдей болып келеді.
Ауыстыру саны есептеу формуласына кіретін жеке көрсеткіштер санына тең, ал жүйемен есептеу бір санға артық болады, өйткені қорытынды көрсеткіштің өзгеруінің жалпы шамасын анықтау үшін барлық көрсеткіштері базистік шамада көрсетілген базистік есептеу жүргізіледі.
Есептеуді тексеру ауытқулар балансын салыстыру жолымен жүргізіледі: кейбір жеке көрсеткіштердің өзгеруі әсер еткен алгебралық соманың ауытқулары, қорытынды көрсеткіштің ауытқуына тең болуы тиіс.
Аталған жеке көрсеткіш әсер еткен қорытынды көрсеткіштің өзгеру шамасы, есептеуде қабылданған ауыстырудың кезегімен жүргізілуіне тәуелді, ол ерікті түрде болмайды, яғни олардың бірлескен қимыл процесіндегі себептердін өзара байланысы, алдын ала сапалық талдаумен негізделген болуы керек.
Жеке көрсекіштердің базистік шамасын нақтысымен алмастырудың кезектілігі туралы мәселені дұрыс шешеуге барлық жеке көрсеткіштерді сан, құрылым және сапа көрсеткіштеріне жіктеп бөлу көмектеседі.
Алдымен сан мен құрылымның жеке көрсеткіштері шамасын өзгертеді, сонан соң сапалық көрсеткіштерді ауыстыру жүргізіледі. Алайда көбінесе, бір ғана емес бірнеше сан және сапа көрсеткіштерінің бір мезгілдегі әсерін өлшеуге тура келеді. Онда ауыстырудың кезектілігін анықтау үшін алдын ала, қай көрсеткіштің басқаларға тәуелсіз, қайсысының негізгі, туынды екендігін беигілейді.
Бұл жағдайда ауыстыруды негізгіден бастайды, одан кейін алдыңғыға тәуелді келесі көрсеткішті ауыстыруға көшеді.
Біздің мысалымызда, бір жұмыс істеушіге жылдық орташа өндірілген өнім түріндегі қорытынды көрсеткішке жұмыс істеуші құрамындағы жұмысшылардың үлес салмағы мен бір жұмысшыға шаққандағы орташа жылдық өндірілген сияқты екі жеке көрсеткіш әсер етеді. Тізбекті ауыстыру тәсілін қолданып, олардың әсер ету көлемін анықтаймыз.
2-кесте
Жұмысшылардың үлес салмағы мен жұмысшының еңбек өнімділігінің өзгеруінің бір жұмыс істеушіге шаққандағы орташа жылдық өнім өндірудің жоспардағыдан ауытқуына әсерін есептеу.
жоспар
42315
Кестеден көрінгендей, жұмысшыларды жеткіліксіз мөлшерде алғандықган және бір жұмысшыға шаққан орташа жылдық өндірудің төмендеуі нәтижесінде еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткіші 493 теңгеге төмендеді ол баланстың ауытқуымен дәлелденеді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz