Экономикалық өсу, әсер етуші факторлар
Жоспары:
КІРІСПЕ 2
1. Экономикалық өсу және әсер етуші факторлар 3
2. Экономикалық өсу - қоғамның дамуының негізі бағыты 5
ҚОРЫТЫНДЫ 8
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 10
КІРІСПЕ
Экономикалық өсу қоғамды дамыту мен әлеуметтік мәселелерді шешудегі
маңыздылығымен бірнеше жүз жылдар бойы зерттелуде. Кез келген мемлекет
халқының тұрмыс-жағдайын, әл-ауқатын жақсартуда және ұлттық қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге міндетті. Ал бұл міндетті атқару үшін ұлттық экономиканың,
халық шаруашылығынң әлеуметтік-экономикалық дамуына қол жеткізу қажет.
Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан – 2030
Бағдарламасында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-кономикалық дамуында
тұрақты экономикалық өсуге, жоғары индустриалды қоғамды қалыптастыруға,
халықтың өмір сүру деңгейін, әл-ауқат жағдайын көтеруге қол жеткізу
мақсаттары көрсетілген. Яғни Қазақстанда әлемдік тауар және қаржы
рыноктарында бәсекелесе алатын, халқының өмір сүру деңгейі жоғары,
әлеуметтік бағытталған рыноктық экономиканы, бәсеке қабілетті жоғары
индустриалды экономиканы қалыптастыруға бағытталған.
Жоғары индустриалды қоғам жаңа технологиялармен, өмір сүрдің жоғары
деңгейімен және сапасымен, халықтың әлеуметтік топтары арасындағы
қайшылықтардың жеңілдеуімен сипатталады және меншік қатынастары,
экономикалық өсудің әлеуметтік және экономикалық факторлары арасындағы
арақатынас өзгереді. Адам капиталының рөлі жоғарлайды. Яғни бағдарламада
көрстілгендей жоғары индустриалды сатыға өтү үшін экономикалық тұрақты
дамуды қамтамасыз ету қажет.
Тұрақты даму жағдайындағы экономикалық өсу – бұл энергияны және
ресурсты үнемдеуші технологияларды жаппай енгізу, экономика құрылымының,
табиғи-ресурс потенциалы мен қоршаған ортаның қолайлығын сақтау мақсатында
жеке және өндірістік тұтыну құрылымдарының өзгерісі, қазір өмір сүріп
жатқан және келешек ұрпақтың өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету.
Бүгінгі таңда қай ел ҒТП жетістіктерін тиімді игеретін болса, сол елдің
экономикалық жағдайы да интенсивті басымдылықты типте, тез қарқынды түрде
дамиды. Оған мысал, АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа елдері.
Экономикалық процестер мен құбылыстар бір-бірімен тізбектес байланыста
болғандықтан, өндірістің тиімділігін көтеру ұлттық табыстың, жалпы ішкі
өнімнің өсуіне әкеледі, ал ол өз кезегінде ұлттық экономиканың приоритетті
салаларына қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Қазақстан 2030 Даму бағдарламасында жеті негізгі ұзақ мерзімді
приоритетті мақсаттар мен жүзеге асыру стратегиялары көрсетілген. Оларды
ата өтетін болсақ, олар келесідей: ұлттық қауіпсіздік; ішкі саяси
тұрақтылық; ішкі жинақтар ме шетел инвестицияларына негізделген
экономикалық өсу; қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және амандығы;
инфрақұрылымды дамыту және кәсіпқой мемлекетті қалыптастыру. Қазіргі кезде
экономикалық өсу сапасы деген ұғым бар. Ол халықтың материалдық әл
ауқатын жақсарту, тұлғаның үйлесімді дамуының негізі ретінде бос уақытта
көбейту, әлеуметтік инфрақұрылым салаларын дамыту, адам капиталына
инвестиция бөлу, жұмыссыздарды еңбекпен қамту сияқты негізі құраушылармен
сипатталады. Осыдан жоғары индустриалды қоғам болу үшін, алдымен адам
капиталын, адамның өмір сүру деңгейін жақсарту, яғни адам маңызының күнен
күнге артуын байқауға болады.
Қазіргі кезде елде халықтың әртүрлі әлеуметтік топтары арасында
табыстың әділетсіз бөлінуі кең етек жайған, яғни табыс дифференциясы бар.
Осы жерде Р. Нурксенің көзқарасын айта кету керек, яғни оның ойы бойынша
өндірісте капиталдың жеткіліксіздігі еңбек өнімділігінің төмен деңгейін
анықтайды, ал ол өз кезегінде табыстың төмендеуіне әкеледі.
1. Экономикалық өсу және әсер етуші факторлар
Кез-келген ұлттық экономиканың қалыпты жағдайы қоғамда әрекет ететін
қарама-қайшылықты күштердің динамикалық тепе-теңдігін көрсетеді. Сондықтан
экономикалық өсуді және экономиканың дамуын қарастырғанда макроэкономикалық
параметрлердің жалпы экономикалық тепе-теңдіктен ауытқуын көрсететін,
қалыпты жағдайлар туралы да сөз қозғалады. Яғни экономикалық өсу барасында
экономикалық бір тепе-теңдік деңгейден екіншіге ауысуына талдау жасау.
Сонымен экономикалық өсу дегеніміз – бұл қоғамдық өндірістің өсуі және
сапалы түрде жетілдірілуі. Экономикалық өсу белгілі бір уақыт аралығындағы
ұлттық-экономиканың дамуын сипаттайды, яғни нақты ұлттық табыстың, нақты
ЖІӨ-ң артуы кезіндегі ұлттық шаруашылықтың дамуы. Мағынасы бойынша,
экономикалық өсу өз құрамына өндіріс нәтижелерімен қоса жаңа прогрессивті
пропорциялардың қалыптасуын қосатын, экономикалық даму процесінің бір
формасы болып табылады. Экономикалық дамуға оң және теріс экономикалық
динамикалар жатады. Ал экономикалық өсу экономикалық дамудың оң динамикасын
сипаттайды.
Оны графиктік түрде де көрсетуге болады (1.1-сурет).
ЖҰӨ
экономикалық
бумы
өсу
бум
жандану
құлдыр. тоқырау
t
(жылдар)
40-60 жыл
1.1-сурет
Экономикалық даму циклы 40-60 ж аралығында жүреді. Экономикалық циклдың
сипаты халық шаруашылығының экономикалық өсу және құлдырау жағдайында да
болатындығын білдіреді.
Экономикалық өсудің базасы болып өндіріс және ұдайы өндіріс тиімділігі
табылады. Өндіріс пен ұдайы өндіріске анализ жасалмай, экономикалық өсу
мүмкін емес. Сонымен, экономикалық өсу – бұл экономиканың дамуының оң
динамикасын сипаттайтын, экономикалық элементтердің (жұмыссыздық, баға,
өндіріс, т.б.) даму тенденциясы. Мысалы, жай экономикалық өсу емес, тұрақты
экономикалық өсу. Сонымен қатар экономикалық өсу – бұл номиналды және нақты
ЖҰӨ-ң өсуіне әкелетін қозғалыс, яғни елдің экономикалық қуатының артуының
негізі. Сондықтан экономикалық өсу – мемлекеттің экономикалық саясатының
басты мәселесі.
Экономикалық өсу тиімділігі өндіріс тиімділігі түсінігінің барлық
құраушыларын жақсарту қарастырылады. Оған жататындар:
• тауар мен қызмет сапасын жақсарту, олардың отандық және әлемдік
рыноктағы бәсеке қабілеттігін арттыру;
• қанағатталынмаған қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік
беретін жаңа тауарлар өндірісін игеру;
• халқаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі елдің территориялық
артықшылықтарын есепке ала отырып, өндірісті мамандандыру мен
қауымдастыруды тереңдету;
• өндіріс ресурстарының сала және аймақ бойынша аллокациясын
жаңарту;
• белгілі бір өнім шығару үшін шектеуші ресурстардың шығындарын
жаңа технологияларды игеру арқылы минималдау, т.б.
Экономикалық өсудің кезкелген түрі, мейлі ол өндiрiс масштабын ұлғайту
немесе оның сапалы сипаттамаларын жаңарту болсын, қосымша инвестицияны
талап ету мүмкіндігі экономикалық өсудің негізгі қозғаушысы мен реттеушісі
болып табылады. Инвестициялық процесті жүзеге асыру қоғамнан бірқатар
объективті алғышарттар жасауын талап етеді.
Өндірістік мәселелерді шешудің қиыншылығы нақты себептерге: нашар
тамақтану мен әлсіз денсаулыққа, өмір деңгейінің төмендеуіне;
институционалдық жағдайлар мен еңбек рыногының жетілмегендігіне байланысты.
Оның ойынша, кейнсиандық бағытты бұл елдерге қолдауға болмайды. Мюрдаль
бойынша дамуы төмен болудың себебі – шетелдік капиталдың жетіспеушілігінде
емес, еңбек ресурсын толық пайдаланбауда болып табылады.
2. Экономикалық өсу - қоғамның дамуының негізі бағыты
Экономикалық өсудің негізгі мақсаты болып халықтың материалдық әл-
ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету табылады.
Материалдық әл-ауқатты көтеру экономикалық өсудің басты мақсаты ретінде
келесі негізгі құраушылармен нақтыландырылады:
1. Халықтың орташа жан басына шаққандағы табысы. Бұл мақсатқа
қол жеткізу өз көрінісін жан басына шаққандағы ұлттық
табыстың (ҰТ) өсу қарқынынан табады.
2. Бос уақытты көбейту. Бұл мақсат елдің нақты ЖҰӨ немесе ҰТ
көрсеткiштерiнде көрiнбейдi, бiрақ қажеттi игiлiктiң бiрi
болып табылады. Сондықтанда бұл мақсатты бағалау кезінде
жұмыс күнінің немесе аптаның белгілі бір қарастырылып
отырған уақытта қысқаруын, қызметкерлердің еңбек қызметтің
ұзақтығын ескеру қажет.
3. Халықтың әртүрлі әлеуметтік топтары арасында ҰТ-ң бөлінуін
жақсарту. Егер нақты ҰТ өсіп, дұрыс бөлінбесе, онда
экономикалық өсу халықтың көпшілік бөлігі үшін тиімсіз
болар еді, себебі олардың әл-ауқаты бір қалпында қалады
немесе одан да нашарлай түседі. Сондықтанда экономикалық
даму процесінде әлеуметтік қорғаушылық принципі ұсталынуы
керек.
4. Өндірілетін тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсарту
және әртүрлендіру. Бұл көрсеткіш те нақты ҰТ-ға тікелей
көрініс алмайды. Бірақ жоғары сапалы және
дифференцияцияланған тауарлар тұтынушылық қажеттіліктердің
қанағаттандырылу деңгейін жоғарлатады, ол өз кезегінде
тауарлар мен қызметтерге шығыстауды көбейтеді, ал олардың
жиынтық мөлшері өндірілген ҰТ көлемiн сипаттайды.
Экономикалық өсу мақсаттары өндірушілер мен тұтынушылардың мінез-
құлықтың мотивтерін сипаттайды. Өндіруші үшін ұзақ мерзімде экономикалық
пайда алу болса, үй шаруашылығы үшін өз әл-ауқатын көтеру. Осы мақсатқа
жету үшін олар, біріншіден, табыстарының бір бөлігін жинақтайды, екіншіден,
өндіріс факторларының сапасын жақсарту үшін табыстарының бір бөлігін
инвестицияға жұмсайды.
Экономикалық өсудің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz