АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ, ТҮРЛЕРІ


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

АҚША ТУРАЛЫ ТҮСІНІК3

АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ4

АҚШАҒА СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС7

ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТ8

ИНФЛЯЦИЯНЫҢ СЕБЕПТЕРІ8

Қолданылған әдебиеттердің тізімі:11

АҚША ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Ақша - адамзаттың жеткен басты жетістігі. Ақшаның пайда болуын б. ғ. д. 7 ғасырға жатқызады. Бұл кездерде өмір сүрген тайпаларда белгілі бір затты тұтынуда артықшылық пайда болды. Ол затты олар басқа затқа алмастыра алды. Көбінесе тайпалар малды, бағалы тастар, металды үлкен ауқымда пайдаланды. Менің ойымша зат ақша ретінде белгілену үшін ол ең алдымен сатушылар мен сатып алушылар арасында қолдау табу керек.

Ақша қоғамның өзімен анықталады. Қоғамның айырбас ретінде қабылдайтынның бәрі ақша деп танылады.

Ақша тарихының дамуының басты этаптары.

  1. - ақшаның кездейсоқ товарлар функцияларының орындалуымен пайда болды.
  2. - ортақ эквивалент ролі алтынмен бекітілді.
  3. - несиелік және қағаз ақшаға көшу кезеңі
  4. - ақшалай төлеу әдістерін ығыстыра отырып, орнына электронды түрде төлеудің келуі

Барлық қолданылып отырған түсініктер сияқты ақшаның да мағынасы болады. Ол төменде көрсетілген пунктер арқылы анықталады.

  1. Барлығына ортақ айырбастау
  2. өзіндік құн
  3. Сыртқы еңбек заттарының өлшемі

Сонымен қатар ақшаның да классификациясы болады. Негізінен ақша формасына қарай ақшалай және чек ретінде болады. Ақшалай түрі өзара нақты оған тиындар, қымбат металдан жасалған қималар ал несиелі ақшалар банкроттар, қазыналық билеттер, айырбас тиыны ретінде болады. Чектік ақшы ұлттық ақшалы кредитті жүйеде ұлттық валюта ретінде, сонымен қатар ұлтаралық төлеу құралы ретінде болады.

Ақшаның белгілі бір функциялары болады. Олар

  1. Баға өлшемі. Ақша баға ретінде қалыптасады. Қоғам ақшаны ресурстар мен товар бағасын қатысты есептеу үшін ыңғайлы деп ойлайды. Ақшаның көмегімен біз товардың бағасын ауыстырылатын товар бағасымен көрсетуді қажет етпейді. Біз мал бағасын жем бағасымен алмаймыз.
  2. Төлеу құралы. Ақша төлеу құралы ретінде жүреді
  3. Қарым қатынас құралы. Товар айналым қызметінде ақша қарым-қатынас құралы ретінде қолданылады.
  4. Жинақтау құралы. Бұл жағдайда ақша жинақтау құралы ретінде жүреді. Ақша ликвидтік меншік болғандықтан ол сақтаудың ыңғайлы формасы болып табылады.
  5. Әлемдік ақшалар. , , Әлемдік ақшалар,, функциясы - бұл халықаралық экономикалық қатынастарда қолданылатын ақшалар.

Ақша құнын бағалау кезінде мынадай сұрақ туады: 20 долларлық банкнотқа немесе 100 долларлық чекке тура осындай құнды не белгілейді? Бұл сұраққа азды көпті жауап 3 жағдайдан іздейміз.

  1. Қолайлылық. Ақша мен чек кітаптарының ақша ретінде жүруі, халықтың оны ақша деп тануында. Бизнес пракикасы белгілегендей ақша мен чектер ақшаның негізгі функциясын атқарады.
  2. Заңды төлеу құралы. Бізге қағаз ақшаның қолайлылығы заңға негізделген. Мемлекет ақшаны заңды төлеу құралы деп жариялады. Бұл қағаз ақшаның қарыз төлеу кезінде қабылдану керек. Әйтпесе кредитор процентке құқы жоғалады.
  3. Қатыстық сиректік (относительная редкость) Жоғары фундаменттік жағдайда ақша сұраныс пен ұсыныстың феномені болып табылады. Яғни ақшы құны оны аздығының пайдалылығыынң қатысымен анықталады. Ақшаның пайдалылығы оның товар мен қызметке айырбастала алуы қасиетінде. Ақшаға азды-көпті сұраныс кезінде оның құны ақша бірліктерінің ұсынысымен анықталады.

АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

Дүние жүзінде әр түрлі ақша айналымының жүйелері бар, ол тарихи даму кезеңдерінен өткен және әр мемлекеттің заңымсн бекітілген. Ақша айналымының басты компоненттері мыналар:

1. Ұлттық ақша өлшемі (доллар, теңге, сом , франк, марка, йена, крона және т. б. ) олар арқылы тауарлар мен қызмет көрсету бағалары белгіленеді.

2. Несие және қағаз ақшалар, монеталар жүйесі, олар қолма-қол айналымдағы заңды төлем құралдары болып саналады.

3. Ақша эмиссиясы жүйесі, яғни айналымға ақша шығарудың заңды түрде бекітілген тәртібі.

4. Ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік органдар.

Ақша айналымы жүйесінің негізгі екі түрі бар:

1. Металл ақшалар айналымы жүйесі. Мұнда толыққанды алтын немесе күміс монеталар айналымда болады, олар ақшаның барлық қызметтерін атқарады.

2. Несие және қағаз ақша айналымы жүйесі. Бұлардың ерекшелігі алтынға айырбастала алмайды, алтынның өзін айналымнан ығыстырады.

Тарихи металл ақша айналымының (жүйесінің) биметализм және монометаллизм деген түрлері қалыптасты. Биметаллизм алтын мен күмісті пайдалану негізінде XVІ- XІX ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде пайда болды. XІX ғасырдың соңында күміс өндірісі жағдайларының өзгеруіне сәйкес ол құнсызданып, алтынмен арасалмағы өзгерді. Күміс монеталардың көбеюі оларды шығаруды тоқтатты. Сөйтіп биметаллизмді монометаллизм ауыстырды, мұнда ақша материалы болып, бір ғана металл - алтын есептелетін болды. Қағаз және несие ақшалары осы металға еркін айырбасталады.

Монометаллизмнің үш түрі белгілі: біріншісі - алтын монеталы стандарт. Ол бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін қолданылып, қағаз және несие ақшалардың алтынға еркін айырбасталуымен сипатталды. Екіншісі - алтын кесек стандарты. Ол Англия мен Францияда бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде енгізілді. Мұның ерекшелігі құн өлшемінің алтынға айырбасталуы, тек ол өлшем алтын кесегі стандартының бағасына сәйкес келуі тиіс, Үшіншісі - алтын девиздер стандарты, ол 20-жылдарда көптеген елдерде енгізілді, мұнда банкноттарды алтынға шағылган шетелдік валютаға (девиздерге) айырбастады. 1929-1933 "жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс монометаллизм дәуірін тоқтатты.

XX ғасырдың 30-жылдарынан бастап батыс елдерінде бірте-бірте несие ақша жүйесі қалыптаса бастады. Оның айрықша белгілеріне мыналар жатады: несие ақшалардың үстемдік жағдайы, алтынның айырбастап кетуі, банкнотты алтынға айырбастауды жою және оның алтындық мазмұнын жоққа шығару; жеке кәсіпкерлерге, мемлекетке несие беру мақсатында ақша эмиссиясын күшейту; қолма-қол емес айналымды айтарлықтай кеңейту; ақша айналымын мемлекеттік реттеу шығыны болсын оның қоғамдық қажеттілігін кім және немен анықтайды деген сұрақ туады. Оған рынок деп жауап береді. Шекті пайдалылық теориясын жақтаушылардың пікірінше, тек тауардың пайдалылығы ғана еңбек шығынынан қоғамдық қажеттілік сипат береді.

АҚША ТАБИҒАТЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Ақша қызметтері және ақшаның жалпыға ортақ эквивалент ретіндегі ролі өзгерістерге ұшырады. Барлық жерде де алтын жоғарыда аталған бес қызметін атқаруды қойды, еш жерде тауар құны алтын арқылы өлшенбейді; ешбір елде алтын айкалыста болмайды; алтын төлем құралы қызметін де атқармайды. Халықаралық экономикалық қатынастарда есеп айрысу валюталарлар, маркалар, иендер т. б. арқылы жүзеге асады. Сонымен алтынның айналыстан шығуы және оның ақша қызметін атқармайтын болуы демонетизациялау деп аталады. Демонетизация дегеніміз алтынның ақша рөлін және жалпыға ортақ, эквивалент рөлін атқаруды доғаруы. Осы жерде мынадай өте қиын теориялық сұраққа жақындаймыз. Қазіргі ақшалардың мәні, табиғаты жалпы қаңдай? Өйткені кімге де болса қазіргі уақытта асыл метал ақша емес, қағаз ақша - ақша. Ақшаның барлығы немен анықталады, оның тұрақтылығы неге байланысты?

Батыстың экономикалық теориясында бұл сұрақ бойынша пікір талас жүріп жатқанына кемінде екі ғасыр болды. Егер қағаз ақша салыстырмалы сиректік қасиетінен айрылатын болса (сиректік заңы экономиканың аса маңызды заңдарының бірі ретінде басқа бөлім қаралады), онда оның бағалылығы төмендейді. Сондықтан қағаз ақшаның құны туралы мәселе айналысқа қажет қағаз ақшаның саны туралы мәселемен тығыз байланысты. Ақшаның мәні оның қызметтерінен шығады (ең алдымен төлем құралы және айналыс құралы ретіндегі) .

АЙНАЛЫСТАҒЫ АҚША, ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Бұл мәселе капитализмнің дамуымен байланысты. Ақшаның сандық теориясының негізін салушылар М, Монтескье, Д. Локк және Д. Юм болды. Олар алтын және күміс ақшаның құнын олардың санымен анықтады да, елде ақша көп болған сайын тауардың бағасы жоғары болады деп көрсетті. Олар сонымен бірге қандай ақша болса да өздерінің "сатып алу" күшін айналыстың нәтижесінде ғана көрсетеді, ал айналыс процесіне дейін ақшада құн болмайды деп есептеді (яғни ақшаның құн өлшеуіші қызметін жоққа шығарды) . Ал А. Маршалл мен И. Фишер ұсынған ақшаның неоклассикалық сандық теориясы осы теорияның дамытылған нұсқасы болды. Олардың теориясындағы ең маңыздысы - ақша тауар деп есептелмейді.

Нақтылы өмірде банк депозиттері ұлғаюының мультипликациондық әсерінің нәтижесі көбінесе күнделікті айналымға түскен ақшаның көлеміне байланысты, өйткені банктен қарыз түрінде алынған ақша депозитке түгел қайтарылмай қолма-қол ақша ретінде де жүре береді. Біздің мысалымызда клиенттердің ағымдағы есепшоттан алғандары ескерілмейді, ал олар банктердің қарыз беру мүмкіндігін азайтады. Ең соңында, банк резервтерінен ақшаларды алу жағдайында мультипликациондық әсер қарама-қарсы бағытта әрекет етеді. Мысалы, коммерциялық банктің федералдық резерв жүйесінен 1000 доллар құны бар мемлекеттік облигацияны сатып алуы банктің резервтік ресурсын осы сомаға азайтады, нәтижесінде 10 мың доллар банктік депозиттің жойылуына әкеледі (10 проценттік резерв ставкасында) .

Банктердің жаңа ақша жасауларының демек ақша массасының өзгеруінің негізгі факторларына мыналар жатады: резерв ставкасының ең төменгі мөлшері және заемщиктер тарапынан жаңа қарыз алуға деген сұраныс. Бұдан әрі біз осы тұтқаларды пайдалана отырып, мемлекеттік банктің ақша массасы көлемін қалай реттейтінін көрсетеміз.

АҚШАҒА СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС

Макроэкономикалық тепе-теңдік ақша рыногында белгілі бір пропорциялардың болуын қалайды. Олардың ішіндегі ең бастысы ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі.

Ақшаға сұраныс шаруашылық агенттерінің сақтап жүрген ақша қаржыларының мөлшерімен анықталады. Шын мәнінде ол ақша қорына немесе қалған номиналды ақшаға деген сұраныс. Ақшаға сұранысты теориялық талдау мен рыноктағы теңдік жағдайларын зерделеу бұл мәселелерде екі негізгі экономикалық мектептің "монетарлық және кейнстік макроокономикалық үлгілердің пайда болғанын көрсетеді,

Ақшаға деген сұраныстың монетарлық теориясы неоклассикалық дәстүрлерге сүйеніп, XVІІІ ғасырда пайда болды. Бұл теория экономика ғылымында үстіміздегі ғасырдың 30-40-жылдарына дейін үстемдік жүргізген ақшаның сандық теориясының ұсыныстарын басшылыққа алды. Бұл мектептің негізгі идеяларын ұсынғандар ағылшын ғалымдары Д, Юм, Дж. Милль, А. Маршалл, А. Пигу, К. Виксель, Д. Птинкин, американ ғалымы И. Фишер, шведтік Г. Кассель мен Б. Хансен. Қазіргі монетаризм сандық теорияның жаңа варианты ретінде Чикаго мектебі ғалымдарының 50-60-жылдардағы еңбектерінен көрінеді" (М. Фридмен, К. Брунчер, А. X. Мельтцер) .

ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТ

а) ИНФЛЯЦИЯ ДЕГЕНІМІЗ HE?

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі - іnflatіo -(вздутие) - қампаю, тұңғыш Солтүстік Америкада 1861 - 1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың көбейіп кетуі процесін білдірген. ХІХ ғасырда бұл Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі XX ғасырдың басында дуниежүзілік соғыста кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-жылдардың орта кезінде көрінді.

Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы - айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда иифляцияны айналым процесін құнсызданган қағаз ақшамен толтыра беру деп түсіндіру жеткіліксіз. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек акшаға тән "ғажайып" құбылыс емес. Ол - күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы.

ИНФЛЯЦИЯНЫҢ СЕБЕПТЕРІ

Оларды сатып алу қабілетінің күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалдылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне "нақтылы" экономикалық жағдайда әсер етеді. Мысалы, 70-жылдардағы энергетикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуінен (мұнай бағасы 20 есеге өсті) емес, басқа да тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты. 1973 жылы жалпы бағаның денгейі 7%-ке, 1979 жылы - 9%-ке артты. Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына, циклдық және маусымдық толқуларға, ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік реттеуге, салықтың жана ставкаларын енгізуге, ақша өлшемінің девальвациялануы мен ревальвациялануына, рынок коньюнктурасының өзгеруі мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына және т. б. байланысты. Демек, бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері болады.

Коньюнктураның циклдық толқуынан болатын бағаның өсуін, инфляцияға жатқызуға болмайды. Циклдың түрлі фазаларынан өту барысында (әсіресе ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезіне "классикалық түрі") бағалардың динамикасы өзгеріп отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен депрессия фазасында төмендеп, жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Кездейсоқ апаттар да бағаның инфляциялық өсуіне көп әсер етпейді. Айталық, су басып кеткен аймақтардағы құрылыс материалдарының бағалары өседі. Бұл құрылыс материалдарын шығаратын өндірісті ұлғайтады, ал олар рынокты толықтыру барысында, баға төмендеуі тиіс.

Сонымен, баға өсуінің иифляциялық себептеріне нені жатқызамыз? Инфляция көп сәйкессіздіктермен байланысты екенін еске ұстап, оның ішіндегі ең бастыларын атайық.

Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді. Егер дефицит Орталық эмиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса, басқаша айтқанда ақша станогы белсенді пайдаланылса, онда айналыста ақша массасы көбейеді. Айырбастың сандық теңдігін MV - РО еске түсірсек, М мен Р көрсеткіштері өсуінің байланысы анық.

Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді. Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар - олар қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. Әскери ассигнациялар бір сәтке ғана қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша айналымының түрлері
Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы табиғаты
Экономикалық ұғымдар
Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі туралы
Ақша айналысы мен айналымының түсінігі
Ақша және ақша жүйесінің теориялық негіздері. ҚР ақша жүйесі
Ақшаның айналысының заңы ақша массасы
Несие жүйесінің экономикалық мәні және маңызы
«Қаржы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz