Экономикалық саясат принциптері, мақсаттары, қайшылықтары
ЖОСПАР
Кіріспе 2
І. Экономикалық саясат принциптері, мақсаттары, қайшылықтары 3
1.1 Экономикалық саясаттың қалыптасуы және субъектілері 3
1.2 Экономикалық реттеудің әлеуметтік-экономикалық мақсаттары 7
1.3 Экономикалық саясат мақсаттарының қайшылықтары және оларды шешу
әдістері 11
Қорытынды 14
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 15
Кіріспе
Рынокқа өту процесінде жоғары серпін беру үшін қандай негізгі
шараларды орындау керек? Білетініміз, бұл жол жеңіл емес, өтпелі кезеңнің
ауыртпалықтарын жеңу де оңайға түспейді. Реформалар үшін терең
ойластырылған және ғылыми негізделген іс-әрекеттің өте қажеттілігін, оған
шешімділік пен табандылықтың керектігін өткен жылдар тәжірибесі көрсетті.
Өтпелі кезеңде пайда болған жаңа заңдар, ең алдымен осы уақытқа дейінгі
қоғам жинақтаған жақсы тәжірибені, нақты бекіген, өміршең қатынастарды
(адамдар, ұйымдар, мекемелер арасында) қорытындылауы қажет, содан кейін
ғана жаңа қатынастарды орнықтыра бастау керек. Өтпелі кезеңді бастан
кешіре отырып, белгілі нақыл сөзді естен шығармау маңызды: Қирату (бұзу
жаңадан жасау емес) .
Экономикалық көзқарас тұрғысынан рынокқа өту ең алдымен меншік
қатынасына байланысты және осы негізде жаңа кәсіпкерлік құрылымдарды
дамыту мәселесін шешуді қажет етеді. Меншіктің дәстүрлі формаларымен қатар
мемлекеттік кооперативтік жеке меншік те іс жүзінде орнығуы тиіс. Жеке
меншік туралы пікірталастар мен қорқытушыларға, ізгі ойлармен ғана
тойтарыс беріп қоймай, жеке меншік негізінде дамыған, гүлденген елдар
тәжірибесінде де сүйену керек.
Меншік түсінігіне объективті ақиқат тұрғысынан қарау адамдардың іс-
әрекетін жаңаша бағалауға мүмкіндік береді. Өйткені, меншік-адамның жеке
қасиеттерінің материалданған көрінісі, меншікті пайдалану арқылы ол
қоғамға тартылып, басқа меншік иелерімен қатынасқа түседі. Міне, осы жерде
әлеуметтік байланыстардың игі әсері ретінде дәстүрлі өнегелілік
қалыптасып, бекиді. Тіпті меншікті иелену адамдар арасындағы қатынастарға
шынайылық пен әдеттілік сипатын береді. Жеке меншік басқа меншік
түрлерінің өмір сүруін шектемейді, қайта барлық меншік түрлері өзара
бәсекеге түсу арқылы өздерінің тиімділігін іс жүзінде дәлелдейді.
І. Экономикалық саясат принциптері, мақсаттары, қайшылықтары
1.1 Экономикалық саясаттың қалыптасуы және субъектілері
Нарықтық экономика, оны біртұтас жүйе ретінде алғанда, тұрақты да
тоқтаусыз өзгеріп дамиды және күрделене түседі. Нарықтық экономика дамыған
сайын, оның бір-бірімен байланысты, экономикалық, әлеуметтік,
демографиялық, технологиялық, экологиялық, тіпті, саяси және халықаралық
т.б. даму факторлары және ішкі ұйымдық-экономикалық құрылымдары
(объективтілері мен субъективтілері) қалыптасып-өзгеріп, бір-біріне ықпал
жасап, әр түрлі қайшылықтарды өмірге әкеледі. Мезгілі жеткен кезде олар
шешімі күрделі әлеуметтік, экономикалық, саяси қиыншылықтарға соқтыруы
мүмкін, бірақ осының жалпы басым нәтижесі – нарық механизмі тиімділігінің
артуы болады. Бұл заңдылық нарықтық экономиканың барлық тарихи даму
кезеңдерінде, оның қарапайым тауар айырбастау формаларының пайда болуынан
бастап, ұлттық-мемлекеттік шеңбердегі нарықтық шаруашылықтардың
қалыптасуын қоса, осы күнгі күрделі халықаралық нарық түрлеріне дейін
тоқтаусыз жалғасып келеді.
Мысал ретінде ХVIII ғ. соңы – ХIХ ғ. бас кезінде Батыс елдерінде
болған процестерді алуға болады. Бұл кезең адамзат тарихында әлеуметтік-
экономикалық прогрестің мәнін терең түрде өзгерткен, өнеркәсіптік
революция деп танылған процеспен сипатталады. Нәтижесі – экономикалық
дамудың қарқынды өсуін тудырған жаңа сапалық даму деңгейі. Экономикалық
өсу қарқыны артуы және нарықтық қатынастар ауқымының кеңеюі нәтижесінде
тауарларды көптеп (жаппай) өндіру әдісі машиналық-индустриялық өндірістің
негізгі белгісі болады. Тауарларды жаппай (көптеп) өндіру бір өнімге (өнім
өлшеміне) кеткен өндіріс шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Өнімнің
арзандауы, өндіріске тартылған халық санының өсуі және табыстардың артуы
нарық айналымын елеулі түрде кеңейтті.
Өндірістің техникалық дамып өсуі – кездейсоқ болған уақиға емес. Оны
тек адамзат қоғамындағы білімнің қордалануымен ғана түсіндіруге болмайды.
Ғылыми-техникалық жаңалықтардың ашылуы экономикалық қажеттіліктен
туындайды. Сауданың өсіп-кеңеюі, айналымдағы тауар-ақша массасының артуы
бәсекелестікті өршітті. Оның үстіне Европаның шектеулі аумағында халықтың
саны өсіп, экономикалық кеңістік тарыла түсті; бұл жағдай да
бәсекелестікті одан әрі асқындырып жіберді. Бір-бірімен қарсыластық,
басқалардан жоғары экономикалық нәтижеге ұмтылу, өндірістегі өз орнын
сақтап қалу мақсаты іскерлер қауымының көптеген өкілдерін жаңа техникалық
және технологиялық шешімдер іздестіруге итермелеп, ынталандырды.
ХVII-ХIХ ғғ. Экономикалық өзгерістер көптеген басқа әлеуметтік-
экономикалық процестердің өзара байланыстарына, нақты айтқанда, нарық
механизмі мен мемлекет арасындағы байланыстарға жаңаша негізг қалады.
Шаруашылық жүйенің күрделенуі мемлекеттің қолдау, түзету, үйлестіру
әректтерін арттыруға мәжбүрледі. Мемлекеттің міндеті нарық инфрақұрылымын
құру болды, немесе экономикалық дамуды құқықтық институттар мен тәртіп
нормаларымен қамтамасыз ету, экономикалық дамудың ішкі және сыртқы
қауіпсіздігін, ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау. Осындай инфрақұрылым
нарық механизміне, оның тиімдірек қызмет атқаруы үшін қажет болды.
Осы айтылған экономикалық ақиқаттылықтардың өзара қабысу (нарық-
өндірістік революция, нарық-мемлекет) тиімділігінің жоғары болғаны сондай,
ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарында экономиканың өсу қарқыны тіпті шамадан
тыс артып кетті. Ол кезде шаруашылық жүйенің жалпы экономикалық тепе-
теңдікті сақтап қалу механизмі әлі жоқ еді. 1929-1933 жылдардағы бүкіл
әлемдік экономикалық дағдарыс – соның қасіретті айғағы. Осыдан кейін:
мемлекеттің экономикаға қатысуы жаңа деңгейге көтеріп, шаруашылық
механизмі мен мемлекеттің өзара байланыстарының тиімділік нұсқасын табу
қажет деген тұжырым жасалды. Экономика мемлекеттің жан-жақты және тұрақты
қолдауы қажет ететін болды. Осылай экономикалық саясат деп аталатын
құбылыс пайда болды.
Өзгеріп кеткен жағдайда мемлекет инфрақұрылымдық сипатты шаралар
жүйесін күрт кеңейтті. Бірақ нарық механизмінің жаңаша өзгерген түрінің
негізгі қажет еткен – нарықтық экономиканы сырттан реттеп үйлестіру
әдістері болды. Нарық механизмінің өзін-өзі іштен реттеу мүмкіншілігін
шектеулі екені айқындалып, оны енді сырттан түзетіп-реттеу қажеттігі
артты.
Сырттан реттеп-түзету шаралар жүйесіне үздіксіз дамитын нарықтық
экономиканың жалпы экономикалық тепе-теңдігін сақтап тұру жатады. Тепе-
теңдік ұғымының өзі экономикалық қана емес, сонымен қатар, әлеуметтік реңк
алды. Әлеуметтік сақтандырудың көп тармақты жүйесін жасау қажет болды.
Экономикалық саясат элементтерінің алғашқы жасалған кезеңін ХІХ ғ.
соңынан бастаған дұрыс. Мысал ретінде бұл жағынан басқалардан озған
Германияны алуға болады. О.Бисмарктың нұсқауымен Германияда әлеуметтік
қорғау туралы заңдар қабылданды, соның негізінде жаңа сфера өмірге келді.
Алғашқы экономикалық саясаттың ерекше сипаттық белгісі – оның жеке-
жеке қалыптасқан жағдайларды түзетуге бағытталған стратегиясы. Мұндай
экономикалық саясат теорияда нүктелік стратегия деп аталады. Оның
шеңберінде экономикғалық саясаттың келесі жекелеген түрлері практикада
қолданылды: кедендік, аграрлық, өндірістік, әлеуметтік. ХХ ғ.бас кезінде
осындай шашыранды саясаттың орнына оның жаңа нұсқасы келді.
Кең ауқымды да кешенді экономикалық саясат жасап, оны жүргізуге қуатты
ықпал жасаған және мәжбүр еткен 1-ші және 2-ші д.ж. соғыстар болды. Соғыс
қоғам өмірінде өте өткір саяси-әлеуметтік және экономикалық проблемалар
жүйесін қалыптастырды.
Бірақ сонда да нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеу мүмкіншілігіне
деген сенімді түпкілікті үзген – жоғарғы айтылған, 30-шы ж. әлемдік
экономикалық дағдарысы болды. Мемлекеттің араласуы аймақтық қана емес,
жалпы экономикалық, ал кеңірек – халықаралық сипат алды.
Арнайы әдебиеттерде экономикалық саясаттың көптеген анықтамалары
кездеседі. Солардың ішінде ГФР елінің белгілі ғалымы Х.Гирш қысқа, бірақ
мазмұны терең анықтама бегген еді. Гирштің пікірінше, мемлекеттің
экономикалық саясаты – экономикалық процестердің бағытын бір арнаға түсіру
үшін жасалған, оларға ықпал ету, немесе олардың ағымын алдын ала анықтап
тікелей реттеу шараларының жиынтығы.
Мемлекеттік реттеудің іс-шаралары жүйесінде оның әр түрлі, мысалы,
практикалық және ғылыми, жақтарын бөліп анықтауға болады. Практикалық жағы
– бұл мемлекеттік реттеудің нақты іс-шаралар жиынтығы. Теориялық жағы –
бұл ұлттық экономиканың ең тиімді дамуына ықпал жасайтын жағдайларды,
себептерді және іс-әрекеттерді жүйелі түрде зерттеу; оның ғылыми
аспектісіне экономикалық саясаттың үлгілерін және болжау бағдарламасын
жасау да жатады.
Экономикалық саясатта жалпы-экономикалық прогрестерге ықпал жасаушы
және нақты шаруашылық салаларын реттеуші әдістер бөліп көрсетіледі.
Соңғыларына мемлекет қызметкерлерінің еңбек ақысын реттеу, жоғары және
жалпы білім беру мекемелерін қаржыландыру, ұсақ кәсіпкерлікті қолдау, т.б.
жатады.
Институционалдық және сапалық анықтау принциптеріне сәйкес аграрлық,
өндірістік, сыртқы экономикалық, әлеуметтік саясат түрлері анықталады.
Функционалдық анықтау белгілеріне сәйкес экономикалық саясаттың
конъюктуралық, құрылымдық, баға, валюта, несие және қаржы нұсқаларын
анықтауға болады
1. Экономикалық саясат әрқашан да екі фактордың: шаруашылық жағдайының
тоқтаусыз өзгеруі және экономикалық сана мен ойлау деңгейінің ықпалында
болады. Осы факторлар өзара байланысты келеді, сонымен бірге, олар шартты
түрде бір-біріне тәуелсіз болады.
2. Дамыған елдерде қалыптасқан тәжірибе көрсеткендей, экономикалық
саясаттың тиімділігі сол елдің нақты жағдайына неғұрлым жақын жасалса,
соғұрлым жоғары болады екен. Экономикалық саясат елдегі саяси күштердің
арақатынастарын, өндірістік-техникалық мүмкіншіліктерін, әлеуметтік
құрылымының жағдайларын, мемлекеттік мекемелердің жалпы экономикалық және
жергілікті тәртіптерін есепке алып, ескеруі қажет болады екен.
3. Экономикалық саясат елдің саяси бағытын қолдан нығайтатын маңызды
құрал болады.
Экономикалық саясат субъектілері
Бұрынғы Кеңес әдебиеттерінде экономикалық саясаттың субъектісі ретінде
тек қана мемлекет алынған. Бұл, әрине, шектеулі идеологиялық көзқарас.
Экономикалық саясат субъектілері бірнешеу. Оларға мемлекеттің өзі (оның
құрамындағы аймақтық және жергілікті институционалдық құрылымдарын
қосқанда) және мемлекеттік емес қоғамдық одақтар мен бірлестіктер жатады.
Осы саяси-экономикалық субъектілердің іс-әрекеттік сипаттары әр түрлі.
Мемлекеттің саяси және экономикалық билігі бар. Қоғамдық одақтар мен
бірлестіктер тек өздерінің мүмкіншілігіне ғана сүйене алды, олардың заң
қабылдау билігі жоқ.
Мемлекет экономикалық саясат субъектісі ретінде.
Мемлекеттің билігі елдегі әр түрлі өндірушілер мен тұрғындар
топтарының мүдделерін келістіріп, олардың еңбек пен іскерлік әрекеттерінің
белсенділігін белгіленген біржақты мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдалануы
қажет. Экономиканың мемлекеттік реттелуі кейде иерархиялық жүйе ретінде
құрылады. Ең жоғарғы мемлекеттік деңгейде Заң шығарушы және оны атқарушы
билік тармақтары ажыратылып, олардың қызмет атқару шектері айқындалған.
Парламентте экономикалық саясаттың негізгі бағыттары талқыланады және
қабылданып бекітіледі немесе қайта қайтарылады. Қабылданған экономикалық
саясаттың өмірге енгізіліп, оның іске асырылуына атқарушы билік тармағы –
үкімет жауап береді. Үкімет өз кезегінде саясат мақсаттары мен
тапсырмаларын іске асыру құқықтарын мемлекеттің әртүрлі мекемелеріне бөліп
береді.
Қызметтерді бөлісу принципі мемлекеттің ұйымдық-саяси типіне
байланысты. Соңғысы федерациялық немесе орталықтандырылған мемлекет болуы
мүмкін. Федеративті құрылымда экономикалық саясаттың үш субъектілік
деңгейлері анықталады: федералдық, аймақтық және жергілікті.
Батыстың құқықтық жүйесі жағдайында мемлекетке жақын тағы да бірталай
құрылымдар қызмет атқарады және олар да экономикалық саясаттың
субъектілері ретінде танылады. Оларға қоғамдық-праволық деп аталатын
мәртебесі бар құрылымдар жатады. Олар жеке меншік фирмалар сияқты толық
ерікті емес, сонымен қатар, мемлекеттің басқару аппараты құрамына да
кірмейді. Оларға мемлекеттік басқару құрылымдарының құзырынан белгілі бір
қызмет түрлері алынып берілген. Мысалы, ГФР-да осындай құрылымдар
қатарында аймақтық (регионалдық) сақтандыру басқармалары, жергілікті емдеу
мекемелерінің касса (төлем төлеу) жүйелері бар; Швейцария – қоғамдық
транпортты қолдау агенттігі, өрт қауіпсіздігін сақтау ұйымдары бар.
Осындай институционалдық ұйымдар мемлекет пен жеке сектор арасындағы
аралық орындарды иеленеді. Олар экономиканың жеке меншік секторы
мемлекеттің тікелей және белсенді реттеу рөліне қарсы болатындығына
байланысты құрылған. Экономиканы мемлекет тарапынан реттеу механизмінде
олардың атқаратын қызметтері шектеулі.
Экономикалық саясаттың мемлекеттік емес субъектілері.
Оларға белгілі бір әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіретін және
қорғайтын әр түрлі бірлестіктер жатады. Бұл, ең алдымен, кәсіподақтар және
кәсіпкерлердің әртүрлі одақтары.
Экономикалық саясатта кәсіпкерлер одақтарының рөлі, өзінің маңыздылығы
бойынша, мемлекеттік буындардың рөлінен кем емес. Мұның себебі – белгілі
топтардың экономикалық саясатты анықтап, оны жүргізетін билік
құрылымдарына салмақ салып, тіпті қысым жасау мүмкіншілігінде. Жеке меншік
экономика секторының мүдделері мен мемлекет арсында ашық айтыстар жиі
болып тұрады. Олардың әрқайсысы өз мүддесін экономикалық саясатта іске
асыруға ұмтылады. Бұл тартыста мемлекеттің жағдайы әрқашан өзгелерден
артық бола бермейді. Кәсіпкерлер одақтары қоғамдағы өздерінің атақ-
беделін, тамыр-таныстық байланыстарын астыртын жұмсап және реклама,
газеттер мен телевидение арқылы мамандардың жеке пікірлерін тез әрі кең
түрде таратып, өз мүдделеріне сәйкес қоғамдық пікір қалыптастырып, жалпы
мемлекеттік саясатқа күшті ықпал жасайды.
Мемлекет пен жеке экономиркалық одақтардың мүдделерін келістіру
нұсқаларының бірі – белгілі қызметтік міндеттерді шешу құқығын осы
одақтарға бөліп беру. Мысалы, Батыс Европа елдерінде ауыл шаруашылық
одақтарына аграрлық саясатты нақты іске асыру міндеті жүктелген.
Экономикалық саясатты жүргізу процесіне тікелей қатысатын мемлекеттік
институттар мен экономикалық одақтардан басқа, саяси-экономикалық
шешімдердің қабылдануына жанама ықпал жасайтын қоғамдық құрылымдар мен
ұйымдады да айтуға болады. Бұл жерде саяси ұйымдар, партиялар, ақпарат
құралдары, қоғамда белгілі және беделді тұлғалар, сарапшылық кеңестер және
қоғамдық пікір туралы сөз қозғалып отыр. Осы субъектілердің экономикалық
саясатқа ықпал жасау сипаты мемлекеттің саяси құрылымына, елдегі
қалыптасқан жағдайға байланысты келеді.
Сонымен, экономикалық саясат ұғымы мемлекеттік реттеу ұғымынан
кеңдеу. Экономикалық саясатты жүргізу барысында, мемлекет оның бастаушысы
және негізгі орындаушысы ретінде қатар көрінеді. Дамыған елдердің
тәжіребесі көрсеткендей, жалпы экономикалық реттеудің жемісті болуы
мемлекеттің тоталитарлығында емес, керісінше, өткізіліп отырған саясатқа
мүмкін болғанша қоғамдағы барлық әлеуметтік топтардың өкілдерін тартып,
олардың өзара бірігіп жұмыс істеуін ұйымдастыруды.
1.2 Экономикалық реттеудің әлеуметтік-экономикалық мақсаттары
Экономикалық саясат дегеніміз – белгіленген бір мақсаттарды анықтау
және соларды іске асыру. Қоғамның дамуында көптеген міндеттер мен
мәселелерді қатарластыра шешіп отыру қажет болады. Осы проблемалар шешудің
алғышарты – оларды алдын-ала анықтап, бір жүйеге түсіру. Ғылымда
мәселелерді шешудің мынадай тәртібі ұсынылады.
Алдымен, ең жалпылама деңгейде экономикалық дамудың түпкі мақсаты
анықталады. Теорияда экономикалық дамудың түпкі мақсаты – қоғамның
тұрмыстық деңгейі жоғарылауы делінеді.
Экономика теориясында жақсы тұрмыс ұғымы АҚШ–та және Англияда
белсенді зерттелді, осы елдерде тіпті жақсы тұрмыс экономикасы деген
ғылыми концепция да қалыптасты. Бастаушы мақсат ретінде бұл ұғым бұрынғы
жоспарлы экономика теориясында да орын алғаны белгілі.
Жақсы тұрмыс ұғымы туралы сөз болғанда, бір мәселе: оны нақты түрде,
яғни оның өлшемдік көлемін анықтап көрсету қиынға соғатыны айтылады. Бұл
көрсеткіш көбінесе шартты және салыстырмалы түрде анықталады. Бірақ осы
ұғым экономикалық саясаттың және экономикалық дамудың түпкілікті және
жалпылама мақсатының мазмұнын дұрыс жеткізетініне күмән жоқ.
Осы түпкі мақсаттан кейін екінші анықтау деңгейіндегі міндеттер
шығады. Оларды шартты түрде негізгі мақсаттар тобы деп анықтауға болады.
Экономикалық әдебиеттерде олар мемлекеттің функциялары ретінде
түсіндіріледі. Осы жерде мынадай әдістемелік жағдайға назар аудару жөн
болады: әртүрлі міндеттердің арақатынастары диалектикалық байланыста
болады, яғни төменгі деңгейдегі міндеттерді орындау – түбегейлі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz