Қазіргі замандағы экономикалық теория, пәні


ЖОСПАР
Кіріспе2
1 Қазіргі замандағы экономикалық теория2
2 Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар4
3 Экономикалық теорияның пәні8
Қорытынды11
Қолданылған әдебиеттер тізімі12
Кіріспе
Экономикалық теорияның зерттеу пәнін алғаш рет классикалық мектеп өкілдерінің бірі А. Смит жасаған болатын. Ол былай деген: бұл ғылым объективті, адамның еркі мен санасына тәуілді өмір сүретін қоғамдағы материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну заңдарын қарастыруы қажет. Сондай-ақ әртүрлі топтар арасындағы өнімді бөлудің табиғи заңдылығы және онымен байланысты болу қатынастарын да қарастырады.
Кез келген адам, кез келген қоғам не істегісі келсе, соны істей беруге болмайтындай кедергілерге кездеседі.
Әрқашанда адамдардың тұтынушылықтарында шек жоқ, ал осы тұтынушылықты қанағаттандыруға қажетті ресурстар (жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет) шектеулі.
Осылардың бәрін ескерте отырып, экономикалық теорияны біз қоғамдық ғылымдық ғылым деп қарастыра аламыз. Өйткені бұл ғылым шектеулі ресурстар жағдайында тұтынушылықты қанағаттандыру үшін қоғамның қалауын сипаттап әрі талдап береді.
1 Қазіргі замандағы экономикалық теория
Қазіргі замандағы экономикалық теория бірнеше ірі бағыттарды (нсоклассикалық, кейнстік, монетарлық, институционал-социологиялық) қамтиды.
Бұл бағыттар экономикадағы динамикалық процестерге (циклдерге, инфляцияға, жүмыспен қамтуға, экономикалық құрылымдардың өзгерістеріне, ақша арқылы жүретін өлшемдерге талдау, зерттеу жүргізеді.
Ресейге келсек бұнда экономикалық ой-пікірлердің дамуы белгілі экономист және мемлекеттік қайраткер Ордын-Нащокиннің (1605-1680 жж. ) атымен және XVII ғ. Жалпыресейлік нарықтың құрылуымен байланысты. Бұның көзқарасын орталықтанған мемлекеттегі ресейлік меркантилизмнің көрінісі деп бағалауға болады. Соцынан экономикалық ілімге үлес қосқандар - И. Т. Посошков(1652-1726жж. ), М. В. Ломоносов(1711-І765жж. ), М. М. Сперанский (1772-1839жж. ) және А. Н. Радищевтің, А. И. Герценнің, С. Ю. Виттенің, П. А. Стольпиннің, Г. В. Плехановтың т. б. еңбектері. Осылар қаржылық, аграрлық және өнеркәсіптік реформалар жүргізудің негізінде Ресейдің сфералары мен региондары арасында нарықтық қатынастардың қажеттігін дәлелдеген.
Экономикалық ой-пікірлер қатарында марксистік бағыттың орны ерекше деуге болады (XX ғ. 20-90-шы жж. ) . Марксистік көзқарастардың үстемдігі, бағалы өсімдіктер арасындагы арамшөп тәрізді, прогрессивтік экочомикалық қағидаларды, олардың дамуға ұмтылуына қарамастан тежеп, жоққа шығарып, жойып отырды. Н. Д. Кондратьевтің (1891-1938 жж. ), экономикалық циклдер ("ұзын толқындар") теориясын дүниеге әкелген, А. В. Чаяновтың (1888-1938 жж. ) экономиканың ұйымдастыру - өндірістік және отбасы шаруалық бағыттарын дәлелдеген идеяларын атап өткен жөн. Бірақ өкінішке орай, Сталиннің диктатының әсерімен экономикалық трактовкалардың көбі "социализм үшін саяси жағынан зиянды" деп жарияланды.
Қазақстан экономикасын қайта құрудың, демократияның, жариялылықтың бүгінгі кезеңінде ғалымдар, жекелеген экономикалық мектептердің көзқарастары мен жетістіктердің өтпелі дәуір экономикасына бейімдеп және ерекше Қазақстандық экономика шеңберінде кәсіпкерліктің қалыптасуына бейімдеп, интеграциялауға бет бұрып отыр. Осы бағыттың өкілдері монетаризмді және мемлекеттік реттеуді пайдалану арқылы, экономикадағы микро- және макропроцестерді бір-бірімен тығыз байланыстыра дамыту қажеттігін дәлелдейді.
2 Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар
Барлық экономикалық құбылыстар мен процестер экономикалық заңдардың әсері арқылы дамып отырады. Экономикалық заң дегеніміз не? Ол қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланыстары. Олар өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну қатынастарының даму заңдары.
Қоғамның даму заңдарының - экономикалық заңдар мен табиғат заңдарының, ортақ белгілері және сонымен қатар айырмашылықтары болады.
Бұларға ортақ белгілер, ол экономикалық заңдар, табиғат заңдары сияқты, объективтік заңдар, яғни олар адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз жаратылып, әрекет етеді. Ал айырмашылықтарына келейік.
Экономикалық заңдар адамдардың іс-әрекет, қызметін билейтін заңдар. Олар адамдардың еңбек-қызметтерінің процесінде туып, осы процесс арқылы жүзеге асырылады. Ал табиғат заңдары (мысалы, әлемдік тартылыс заңы) адамдар қоғамынан тыс жағдайда да әрекет етеді.
Экономикалық заңдар (табиғат заңдарынан ерекшелігі), олар мәңгілік, ұзақ мерзімді емес. Экономикалық заңдар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде туып, өзгеріп, жойылып кетіп отырады. Экономикалық заңдардың жойылуы адамдар санасынан тәуелсіз, қоғамдағы объективтік экономикалық хал-ахуалдық процестердің өзгерісімен тікелей байланысты болады.
Экономикалық заңдарды ашып қолдану адамдардан белгілі күш салып тырысуды тілейді, өйткені қоғамдағы реакцияшыл, керітартпа күштер осы заңдарды қолданып пайдалануға жол бермеуге бар күшін жұмсайды.
Экономикалық заңдар объективтік сипатта болады дедік. Осыған байланысты сұрақ туады - адамдар осы заңдарды талдап, танып біліп, экономикалық өмірде пайдалана алама? Сөзсіз, адамдар экономикалық құбылыстар мен процестердің мәніне үңіле отырып, олардың даму заңдарын ашып, әрекет ету механизімін түсініп біледі. Қоғам саналы түрде осы заңдардың талабын жүзеге асырады.
Экочомикалық теория экономикалық заңдармен қатар экономикалық категорияларды зерттейді.
Экономикалық категориялар - қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық түсініктер. Мысалы, сұраныс, ұсыныс, қаржы, несие, меншік, жалақы, нарық, пайда, тауар, ақша т. б.
Экономикалық заңдардың жиынтығы, қоғамның даму заңдылықтарын белгілейтін, экономикалық заңдар жүйесін құрайды. Бұл жүйені құратын заңдарды негізгі, басты, басты емес деп бөлуді дұрыс деуге қиын. Қоғам өмірін талдауда, жүйелік әдісті қолдану керек жағдайда, барлық заңдар маңызды, өзара байланысты болады. Тек бір ғана заңды пайдалануда болған қателіктер, барлық жүйені бүлдіріп, қоғамдағы тепе-теңдікті жояды.
Экономикалық ғылым, жалпы жүйедегі экономикалық заңдарды ерекше және жалпы экономикалық заңдар деп, ірі топтарға бөледі.
Экономикалық заңдар өздері, өз алдына әрекет ете алмайды, экономикалық прогресс өзімен-өзі, өз алдына жүріп отырмайды. Бұл үшін адамдардың, олардың қажеттіктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеті қажет.
Қажеттіліктер - бұл қанағаттандыруды тілейтін, өмір сүруді және организмді дамытуды қамтамасыз ететін, адамның жеке басын дамыту үшін қолданылатын объективтік керектік болып табылады.
Адамның қажеттіліктері көп түрлі болады. Американдық ғалым А. Маслоу бойычша, "жоғарғы сатыдағы" материалдық қажеттіктерден бастап, "жоғарғы сатыдағы" рухани қажеттіктер былай орналасады:
1) физиологиялық қажеттіктер (тамаққа, ішімдікке, т. б. ) ;
2) қауіпсіздік қажеттіктері (аурудан, жанжалдан, қорқыныштан, т. б. ) ;
3) әлеуметтік байланыстарға деген қажеттіктер (сүйіспеншлікке, кейбір топтардың мүддесі болуға, т. б. ) ;
4) өзін-өзі сыйлап қадірлеуге (мақсатқа жетуге, өзін танытуға, т. б. ) қажеттіктер;
5) өзін-өзі мадақтауға (қабілеттерін жүзеге асыру жағдайында, түсінуде, т. б. ) қажеттіктер.
Қажеттіктердің бұл классификациясын олардың басқаша классификациясымен толықтыруға болады: материалдық пен рухани қажеттіктер, рационалдық пен иррационалдық, абсолюттік пен ақиқат, нақты, жете түсінілген мен жете түсінілмеген, қате түсінілген, т. б. қажеттіктер.
Саналы түрде жете түсінілген қажеттіктер еңбекке деген ынта-жігер тудырады. Бұл жағдайда қажеттіктер өзінің нақты формасына мүдделер формасына ие болады.
Экономикалық мүдделер - бұл экономикалық қажеттіктердің біліну-көрініс формасы.
Экономикалық мүдделерді әртүрлі классификациялауға болады: қоғамдық, ұжымдық, жеке мүдделік, ұлттық, интернационалдық (ұлтаралық), регионалдық және ведомстволық, топтық және отбасылық, таптық; әр түрлі әлеуметтік топтардың (жұмыс істейтіндердің, жастардың, зейнеткерлердің, т. б. ) мүдделері. Мүдделердің ерекше топтары - күнделікті және перспективті, рационалдық және рационалдық емес, шын немесе қате түсінілген, қаржылық, еңбектік, адамгершілік-өнегелік, т. б. мүдделер.
3 Экономикалық теорияның пәні
Экономикалық теорияның пәні ғылыми негізде анықталып қалыптасу кезеңінде болып отыр.
Біздің елде экономикалық көзқарастың және экономикалық ой-сананың қалыптасуында XX ғ. 90-шы жылдарға дейін басым роль атқарған марксистік саяси экономия болатын. Әлеуметтік-экономикалық мәселелерге арналған әдебиеттер тек К. Маркстың оның ілімін жалпыға әйгілеп танытуды көздеген. Сондықтан ол кезде біз бүкіләлемдік әдебиетке көңіл аударылмаған еді, өйткені олар Маркс схемаларына сайма-сай болады.
Еліміздегі экономикалық ғылым мен бүкіл әлемдік ғылымның алшақтығы сонша елеулі болғандығы экономистерді әр түрлі түсініктер мен терминдерді пайдалануға мәжбүр етті: тікелей қоғамдық өнім, тікелей қоғамдық еңбек, т. б. тәрізді, ойдан ала салған, жалған түсініктер пайда болды.
Осы жағдайлар экономикалық теория мен практиканы дағдарысқа ұшыратып, зерттеу пәнінің және курс атының өзгертілуінің объективтік қажеттігін тудырды.
ХІХ ғ. 40-жылдарынан бастап экономистер назарын шаруашылықтағы қоғамдық емес, заттық-мүліктік байланыстарды зерттеуге аударды. "Экономикс" деп аталған экономикалық ой-пікірдің (П. Самуэльсон) бағыты пайда болды, альтернативтік мақсаттардың аталған біреуіне жетуді көздеп, шектелген ресурстарды рационалды пайдалану әдістерін іздеп-табу күн тәртібіне келді. Экономикстің пәні - өндірісті, еңбекті, өнімді өткізуді фирма көлемінде ұйымдастыру болып табылады.
Постиндустриалдық қоғамдағы экономикалық теория өз алдына жеке зерттейтін пәні мен объектісі бар жалпы методологиялық ғылым деп тұжырымдайды көп ғалымдар.
Кейбір экономистер экономикалық теория курсы тек нарық пен баға мәселелерін зерттейтін ғылым дейді. Басқалар осы ғылымның әмбебап сипаты барына назар аудара отырып, экономикалық теория - адамдардың іскерлік өмірі туралы, олардың табыс табуы және өміріне қажет мүлік табуы туралы ғылым дейді.
Тағы біреулер, саяси экономиканы еске ала отырып, экономикалық теория - еңбек әрекеттерінің әр жүйелері мен типтеріндегі экономикалық қатынастарды зерттейтін ғылым дейді.
Г. И. Гузавич жәче В. Т. Мартынов, саяси экономияға қайта бұрылып, жалпы экономикалық теория әр түрлі жүйелердегі және әрекеттер типтеріндегі экономикалық қатынастарды зерттейді дейді.
Экономиканың әртүрлі анықтамалары бар.
П. Самуэльсон экономикаға былай деп анықтама береді: “бұл әртүрлі тауарларды өндіру мен олардың қазір бөліп немесе болашақта қоғамның әртүрлі топтары мен жеке мүшелерінің тұтынулары үшін адамдар мен қоғамның зәру қорларды қалай пайдаланатындықтары хақындағы ғылым” (Самуэльсон П., Экономика, 7 б)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz