Экономика: түсінік және қызметтері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I.Экономика: түсінік және қызметтері
а).Экономикалық теорияның дамуы.
б)Экономикалық теория пәні.
II.Классикалық саяси экономия.
а)Меркантилистер
б)Физиократтар
Қорытынды.

Жалпы экономикалық теория пәнін зерттеу және оның методологиясы

Алғашқы рет жалпы экономикалық теория ғылым ретінде зерттеудің пәнін
экономикалық теорияның классикалық мектебінің өкілі А.Смит жасаған. Ол
былай деген: бұл ғылым объективті, адамның еркі мен санасына тәуелді өмір
сүретін қоғамдағы материалдық игіліктерді өндіру, болу, айырбастау және
тұтыну заңдарын қарастыруы қажет. Сондай-ақ әртүрлі таптар мен адам
топтарының арасындағы өнімді бөлудің табиғи тәртібінің және онымен
байланысты болу қатынастарын да қарастырады.
К.Маркстың пайымдауынша,саяси экономия заттарды материалдық
игіліктерді қарастырмайды,адамдардың арасындағы өндіру,бөлу,айырбастау және
тұтыну туралы экономикалық, өндірістік қатынастарды қарастырады. К.Маркстың
“Саяси экономикаға сын” (1859ж.) еңбегіне Ф.Энгельс комментарий жасап былай
деген: ”Саяси экономия затпен емес, адамдар арасындағы қатынастардың іс-
әрекетін қарастырады”, бірақ “бұл қатынастар зат пен байланыстар және
заттар арқылы байқалады”
Қазіргі уақытта шет елде кең тараған “Экономикс” оқулығының авторы Пол
Самуэльсон экономикалық теорияның бірнеше анықтамасын келтіреді:
1. Экономикалық теория - деп жазды ол, - бұл қызмет түрлері туралы
ғылым, айырбас және адамдар арасындағы ақшалай іс-әрекетке
байланысты.
2. Экономикалық теория адамдардың сирек немесе шектеулі өндіргіш
ресурстарын (өндірістік мақсатқа бағытталған жер, еңбек, тауарлар;
мысалы, машина мен техникалық білімдер) қолдану туралы және
әртүрлі тауарды өндіру мен тұтыну мақсатында оларды қоғам мүшелері
арасында бөлу туралы ғылым.
3. Экономикалық теория адамардың өмірлік қызметінің күнделікті
іскерлігін және өздеріне өмір сүру мүмкіндігін таба отырып және
осы жолды қолдану туралы ғылым.
4. Экономикалық теория адамзаттың тұтыну мен өндіру саласындағы
өзінің міндеттерімен қалай айналысатыны туралы ғылым.
5. Экономикалық теория байлық туралы ғылым.
“Бұл тізімнің ұзақ екенін” пайымдай отырып отыра П.Самуэльсон мына
ойды жалғастырады: ”жақсы кітапхананың бөлімінде бір сағат қызмет істеген
сауатты адам уақытын барынша соза түседі”, сондықтан да “экономикалық
теория сөзсіз өзіне осы анықтамаларда көрсетілген барлық элементтерді
кірістіреді және олар ұзақ тізімге созылады”. Одан кейін П.Самуэльсон:
”экономикалық теория пәнінің ешқандай анықтамасының, дәл болуы мүмкін емес,
тіпті олай болудың қажеттілігі жоқ”, - дейді. Оған қарамастан П.Самуэльсон
өзінің пәнге деген қорытынды анықтамасын келтіреді. ”Экономикалық теория
қайдағы бір сирек өндіруші ресурстарды адам мен қоғам уақыттың өтеуіне
қарай,ақшаның көмегімен немесе олардың қатысуынсыз, әртүрлі тауарды өндіру
үшін таңдайды және оларды қазір мен болашақта тұтыну мақсатында әртүрлі
адам мен қоғам топтары арасында бөлуді қолдану туралы ғылым.
П.Самуэльсон бұл анықтамасында адамдардың экономикалық мінез-құлқы
жайлы айтылады.Әңгіме нарықтық жағдайдағы және бәсекелестік ортадағы -
адамның, өндірушінің, тұтынушының, үй-шаруашылығының, кәсіпорынның,
мемлекеттің мінез-құлқы туралы болуда. Себебі біреуінің мінез-құлқы басқа
адамның психологиясынан өрбиді. Бәрібір мынаны тұжырымдауға болады:адамның
рынок жағдайындағы мінез-құлқы табиғаттан тыс күштерден туындайды, ол
адамдар арасындағы өзара экономикалық қатынастармен байқалады. К.Макконелл
мен С.Брю “Экономикс” оқулығында былай деген: ”Бұл ғылымның мәселелері
әдетте жеке ғана емес,ол қоғамдық көзқарас тұрғысынан оқытылады. Тауар мен
қызмет көрсетуді өндіру, бөлу және тұтыну мұнда жалпы қоғам көзқарасы
тұрғысынан қарастырылады. Осыдан түйетін ой: жалпы экономикалық теория
әлеуметтік-экономикалық қатынастарды, экономикалық заңдар мен экономикалық
категорияларды бейнелеу арқылы оқытады.
Сонымен жалпы экономикалық теорияны оқытудың пәні әлеуметтік-
экономикалық қатынастар болып табылады және олар барлық қоғамдық өндіріс
фазаларында (өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну) экономикалық заңдылықтар
негізінде қалыптасады.
Бүгіндері экономикалық теорияның мазмұны бұрынғы саяси экономия
шеңберінен әлдеқайда шығып кеткен - ол жалпы экономикалық теорияға және
әртүрлі экономикалық мектептер мен бағыттардың экономикалық ойлар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне талдау
Экономикалық ілімнің пәні және зерттеу әдістері
Аймақтың әлеуметтік - экономикалық дамуын бағалау және қазіргі жағдайы
Экономикалық теорияның дамуы
Мемлмкеттік бюджеттің экономикалық мазмұны
Ұлттық банктің ақша айналысын басқаруы
Нарық механизмінің мәні және ерекшеліктері
Қазіргі банк жүйесі және өтпелі экономикадағы рөлі
Экономикалық жүйе және, оның экономикалық заңдылықтары
Айналымға несие құралдарын шығару
Пәндер