Экономикалық заңдар, экономикалық категориялар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
1 Экономикалық теорияның қалыптасуы және дамуы 3
2 Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар 9
3 Экономикалық теорияның пәні 13
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер тізімі 16

Кіріспе

Экономикалық теорияның зерттеу пәнін алғаш рет классикалық мектеп
өкілдерінің бірі А. Смит жасаған болатын. Ол былай деген: бұл ғылым
объективті, адамның еркі мен санасына тәуілді өмір сүретін қоғамдағы
материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну заңдарын
қарастыруы қажет. Сондай-ақ әртүрлі топтар арасындағы өнімді бөлудің табиғи
заңдылығы және онымен байланысты болу қатынастарын да қарастырады.
Кез келген адам, кез келген қоғам не істегісі келсе, соны істей беруге
болмайтындай кедергілерге кездеседі.
Әрқашанда адамдардың тұтынушылықтарында шек жоқ, ал осы тұтынушылықты
қанағаттандыруға қажетті ресурстар (жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік
қабілет) шектеулі.
Осылардың бәрін ескерте отырып, экономикалық теорияны біз қоғамдық
ғылымдық ғылым деп қарастыра аламыз. Өйткені бұл ғылым шектеулі ресурстар
жағдайында тұтынушылықты қанағаттандыру үшін қоғамның қалауын сипаттап әрі
талдап береді.
Экономика ғылымы өзінің даму барысында тарихи ұзақ жолдан өтті.
Экономикалық білімінің элементтері, оның әртүрлі формалар мен шаруашылық
қызметтерінің тәсілдері туралы біздің дәуірімізге дейінгі IX – V ғ.ғ Көне
Қытайда, Индияда, Римде, Грецияда жекелеген оқымыстылар (Ксенофонт,
Аристотель, Конфуций және басқалар) эпизодтық пікірлерін баяндап өткен.
”Экономика” термині сонау Ежелгі Грецияда пайда болған. Ғылым атауының
авторы ежелгі грек философы Ксенофонт. Термин гректің екі сөзінің тұрады:
“ойкос” – үй, шаруашылық, “номос” – заң. Яғни шаруашылықты (үйлерді)
жүргізуінің заңдары, шаруашылықты пайдалана білудің, ұлғайтудың тәсілдері.
Экономика ғылымы ұланғайыр. Ол қоғамның экономикалық өмірін зерттеуді
алдыларына мақсат етіп қойған әртүрлі мектеп, бағыт, ағымдар арқылы
қалыптасқан. Және сол мектеп, бағыт, ағымдардың әрқайсысы экономикалық
теорияның пәні мен оның зертеу мақсаттары өз анықтамаларын беріп келген.
Экономика ғылымы пәнінің даму процесі өте қиын жолдардан өткен.
Француз дворяны А. Монкретьен бұл ғылымға – саяси экономика деп жаңа атау
берген. Ол өз ғылымының пәні етіп абсолютті монархтар басқарып отырған
мемлекет шаруашылығын зерттеуді алған.

1 Экономикалық теорияның қалыптасуы және дамуы

Экономикалық теорияның құрылымында бұл тақырыптың алатын орны ерекше.
Өйткені бұл тақырып біз зерттеп танысатын курс үшiн ерекше методологиялық
кіріспе болып табылады. Мұнда экономикалық теория нені зерттеп талдайды,
бұл үшiн қандай әдістер пайдаланылады, оның қоғам дамуында атқаратын рөлі
қандай және т.б. маңызды мәселелер анықталады.
Бүгінгі адам, егер ол қоғамдық дамудың заңдарын зерттеп түсінбесе,
экономикалық теорияны меңгермесе, ол адам өзін білім мен мәдениетке қол
жеткіздім деп айта алмайды. Бұл тақырыпты жете түсініп білу арқылы
студенттер бірнеше жаңа категориялармен танысады.
Қандай ғылым болмасын, ол адамдардың табиғатпен, қоғаммен, бұлардың
өзара әсер етуiмен байланысты мәселелерді шешуге бейімделген мақсатты
талаптарының (әрекеттерінің) нәтижесiнде пайда болады. Бұны толығынан
экономиканы зерттейтін ғылым кешеніне жатқызуға болады. Адамдар көне
заманнан бастап адамзат қоғамының дамуы немен байланысты, экономика қандай
заңдармен дамиды деген сұрақтарға жауап іздеген.
Адамдар өмірі құбылмалы, күрделі және қайшылығы мол өмір. Бұл өмір
экономиканы, саясатты, мәдениетті және т.б. қамтиды. Қоғам өмiрiнiң әр
салаларын жекелеген ғылымдар зерттейді. Экономикалық ғылым осылардың біреуі
болып табылады.
Тұңғыш экономикалық ой-пікірлер көне заманда пайда болған. Ертедегi
Греция, Рим, Қытай, Индия ғалым-философтары экономиканың жекелеген
мәселелерін: бағаның негізінде не жатады, байлық қалай көбейеді, т.б.
шешуге талаптанған.
Ксенофонт (6.д.д. 430—354 жж.), Платон (б.д.д. 427—347 жж.), Аристотель
(б.д.д. 384-322 жж.) пайдалылық туралы экономикалық теорияның бастапқы
принциптерін анықаумен айналысқан.
Көне Рим ойшылдары Сенека (4—65 б.д.д. жж.), Лукреций Кар (39-55 б.д.д.
жж.) құлиеленушіліктің құлдырап күйреуінің экономикалық себептерін
зерттеген. Осының басты себебі материалдық ынтаның болмауы, дейді олар.
Сенеканың көзқарастары христианствоның экономикалық концепцияларының
қалыптасуна ықпал еткен. Осы концепциялар соңынан адамзат дамуының тарихи
процесінде шаруашылық өмірге көзқарасты мүлде өзгертеді. "Егер кімде-кім
еңбек еткісі келмесе, ол тамақ жемесін" деп, христиандық ойшылдар және
уағызшылар жабайы шаруашылық еңбекті қажетті және киелі іс деп жариялаған.
Христиандық ілім әділетті баға белгілеу принципін дәлелдейді, еңбек
шығындарымен есептесе отырып, мүліктер индивидуалдық емес, әлеуметтік
бағаланғаны жөн дейді.
Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікірлер ғылым болып
қалыптаспаған болатын. Сол замандардың ойшылдары экономикалық құбылыстарды
жалпы қоғам өмірінің процестерінен бөліп алып жеке талдаған жоқ, экономика
туралы ілімді жүйеге келтіріп қалыптастыра алмаған.
Экономикалық теория қолданбалы ғылым болып шаруашылық жүргізуде
құлиелену құрылыста пайда болды. Экономикалық теория ғылым болып тек ХVІ-
ХVII ғасырларда ғана қалыптасады. Алғаш бұл теория "саяси экономия" деген
атқа ие болды (грекше: "политея"— қоғам, "ойкос"— үй, шаруашылық, "номос"—
заң). Сонымен, саяси экономия — қоғамдық шаруашылықтың заңдары туралы болып
табылады. XVII ғ. басында саяси экономия дербес ғылымға айналды.
Экономикалық ой-пікірлердің ғылыми тұрғыда тұжырымдалып, қалыптасуы
сауда, өнеркәсіп капиталының дами бастауымен байланысты. Бұл кезең
негізінен Еуропада ХVІ-ХVII ғғ. қамтыса, Ресейде тауар-ақша қатынастары
1861 ж. реформадан кейін дами бастады. Қазақ елінде XIX ғ. соңы, XX ғ.
басында сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық нарық еңбек
бөлінісін қамту процесі бірте-бірте жанданған болатын. Еліміздің солтүстік,
батыс аймақтары Ресеймен тауар айналысы басым қатынаста болса, оңтүстік,
шығыс, орталық, аудандарға Орта Азия, Қытай, т.б. елдердің саудагерлері жиі
келе бастады.
Алғаш рет өз алдына қалыптасқан экономикалық, ой-пікірдің белгілі бір
бағыты — меркантализм (итальянша: "мерканте" — көпес, саудагер), немесе,
меркантилистср мектебі деп аталады. Бұл бағыт өкілдерінің айтуынша,
қоғамдық байлық (ақша, алтын) тек саудада ғана пайда болады. Олар ғылымының
бас пәні деп ақша, тауар айналымын түсінген. Бұл сияқты ой-пікірді
кездейсоқ деп айтуға болмайды, өйткені капиталистік қимыл-әрекеттің алғашқы
кезеңдерінде халықаралық сауда арқылы тауарлар бір елде төмен бағамен сатып
алынып, екінші елде қымбатқа сатылған. Сондықтан меркантилистер мемлекет
сауданы жандандырып кеңейтуді, оның алтын қорын көбейтуді талап етуге
тиісті делінген болатын. Осы мектептің белгілі өкілі Томас Манн (1571—1641
жж.) және басқа меркантилистер мемлекеттің қоғамның шаруашылық өміріне
белсенді араласып, саудада протекционистік саясатты кең қолдануын тілеген.
Бұларды сынаушылар дұрыс байқаған: таза байлық айырбаста пайда болмайды,
бұнда тек ақша тауарға, тауар акшаға айырбасталады. Айырбастағы тепе-тендік
бұзылса, байлық бiреудің пайдасынан екіншінiң пайдасына ғана көшіп отырады.
Айырбасқа түскен тауарлардың бағалары тең болғанда ешкім байып кете
алмайды.
Экономикалық ғылымның дамуындағы келесі кезеңді физиократтар (“физио-
кратия” грек тілінен аударғанда табиғаттың билігi) ілімі қамтиды. Бұл
бағыттың негізін қалаушы Франсуа Кенэ (1694— 1774 жж.). Физиократтар
қоғамдық байлықтың көзі өндірісте екенін дәлелдейді. Ал өндірісте, олардың
тұжымырымы бойынша, бір ғана сала болады: ол - ауылшаруашылығы.
Физиократтар ауыл шаруашылығында байлықтың өсуін тек жердің табиғи
құнарлылығымен байланыстырып, оны табиғаттың тегін сыйлығы деп түсінген.
Олар өнеркәсіпті табыстарды өсіруге ат салысатын өндіріс саласы деп
есептемейді. Ал ақиқатқа келсек, капитал мен еңбек жұмсалмаса табиғаттың
жеке өзі байлықты үздіксіз кебейте алмайды.
Өндірісті зерттеуге бет бұру ғылыми саяси экомияның жарыққа келуіне жол
ашты. Күн тәртібіне келген мәселелерге дәлелді жауап берген классикалық
саяси экономия. Бұның көрнекгі өкілдері Уильям Петти (1623-1687 жж.), Адам
Смит (1723-1790 жж.), Давид Рикардо (1772-1823 жж.) ұлттық байлық
материалдық өндірістің барлық саласында жасалынатынын дәлелдеді. Бұл
байлықтың әмбебап формасы - тауардың құны деп тұжырымдады олар. А.Смит
еңбек күн теориясының негізін қалады, еңбек өнімділігінің рөліне көп назар
аударып, табыстар туралы ілімді жарыққа әкелуші болды.
Байлық өсу үшін алғашқы жұмсалған қаражат қосымша шамаға (қосымша құнға,
немесе, пайдаға) көбеюі керек. Осы өте маңызды ғылыми жаңалықтың ашылуы,
экономикалық теорияны нақты ғылым ретінде қалыптастырды. Утопиялық
социализм ілімі осы мезгілде қалыптасқан болатын. Бұл ілiмнің негізгі
идеялары Томас Мордың "Утопия", Кампанелланың "Күн қаласы" деген
еңбектерінде жарияланған. Кейін бұл ілімге үлес қосқандар Ш.Фурье, К.Сен-
Симон, Р.Оуэн.
Классикалық саяси экономия мен утопиялық социализмнің негізінде
марксистік бағыт қалыптасқан еді.
Біздің елдің экономикалық ғылымы осы күнге дейін марксистік теория
негізінде дамып келді. Экономикалық ой-пікірлердің тарихын зерттейтін
еңбектердің қандайын алсақ та, оларда марксистік ілімге елеулі назар
аударылады. Демек, П.Самуэльсон меч В.Нордхаус К.Маркстің "Капиталын",
А.Смиттің "Халықтар байлығын" және Д.М.Кейнстің "Жұмыспен қамту, процент
және ақшаның жалпы теориясымен" қатар қойып, осы еңбектердің барлығын
бүкіләлемдік экономикалық теорияның дамуының маңызды кезеңдері деп ұғынады.
Марксистік саяси экономия еңбек күн теориясын ілгері дамытып, қосымша құн
туралы ілімдi қалыптастырды.
Қазіргі замандағы экономикалық ой-пікірдің маңызды бағытына
неоклассикалық ілім жатады. Осы бағыттың өкілдері субъективтік құн
теориясын тұжырымдаған. Бұлар экономикалық шаруашылықты неғұрлым аз шығын
жұмсап мүмкіндігінше мол пайдалылыққа ие болғысы келетін микроэкономикалық
агенттердің жиынтығы деп түсінеді.
Осы талдау сұраныс пен ұсынысты және қажеттік пен тұтынуды зерттеуге
негізделген.
XIX ғ. экономикалық ғылым бағаның құрылу заңдылықтары мен ресурстарды
үнемді пайдалану, өндіріс факторларын оптималды қолдану арқасында шекті
нәтижеге жету мәселелерін жан-жақты зерттеуді жандандыра түсті (бұл
бағыттың белгілі өкілдері А.Маршалл, К.Кобб, П.Дуглас).
Осымен қатар жалпы динамикалық тепе-теңдік теориясы да (Л. Вальрас) дами
түсті. Осы теория арқылы тауарлар мен қызметтерге сұраныстың, оның өндіріс
факторлары (еңбек, жер, капитал) сұранысына әсерін болжап анықтауға
мүмкіндік береді.
Қазіргі замандағы экономикалық теория бірнеше ірі бағыттарды
(нсоклассикалық, кейнстік, монетарлық, институционал-социологиялық)
қамтиды.
Бұл бағыттар экономикадағы динамикалық процестерге (циклдерге,
инфляцияға, жүмыспен қамтуға, экономикалық құрылымдардың өзгерістеріне,
ақша арқылы жүретін өлшемдерге талдау, зерттеу жүргізеді.
Ресейге келсек бұнда экономикалық ой-пікірлердің дамуы белгілі экономист
және мемлекеттік қайраткер Ордын-Нащокиннің (1605-1680 жж.) атымен және
XVII ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық теорияның функциясы
Экономикалық теория қызметі
Экономиканың негізгі элементтері. Экономикалық заң
Экономикалық категориялар мен заңдар. Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы
Экономикалық ой - пікірлердің қалыптасуы. Мектептен және сыныптан тыс іс- тәжірибеден өту есебі
Экономикалық теория және экономикалық саясат
Экономикалық теорияның қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы ақпарат
Экономикалық теория: пән ерекшелiгi және даму тенденциясы туралы
Экономикалық тәрбие беру
Экономика теориясының қоғамда дамуындағы рөлі мен орны, оның пәні мен әдістері
Пәндер