Экономикалық теория пәнінің алғашқы шығуы мен құрылымдық компоненттері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Алматы Бизнес-Колледжі.

РЕФЕРАТ

Тақырыбы : Экономикалық теория пәнінің алғашқы шығуы мен құрылымдық
компоненттері

Орындаған : Барамбайұлы Ч.

Тексерген : Төлебаева М.

Алматы 2004 ж

Кез келген адам, кез келген қоғам не істегісі келсе, соны істей беруге
болмайтындай кедергілерге кездеседі.
Әрқашанда адамдардың тұтынушылықтарында шек жоқ, ал осы тұтынушылықты
қанағаттандыруға қажетті ресурстар (жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік
қабілет) шектеулі.
Осылардың бәрін ескерте отырып, экономикалық теорияны біз қоғамдық
ғылымдық ғылым деп қарастыра аламыз. Өйткені бұл ғылым шектеулі ресурстар
жағдайында тұтынушылықты қанағаттандыру үшін қоғамның қалауын сипаттап әрі
талдап береді.
Экономика ғылымы өзінің даму барысында тарихи ұзақ жолдан өтті.
Экономикалық білімінің элементтері, оның әртүрлі формалар мен шаруашылық
қызметтерінің тәсілдері туралы біздің дәуірімізге дейінгі IX – V ғ.ғ Көне
Қытайда, Индияда, Римде, Грецияда жекелеген оқымыстылар (Ксенофонт,
Аристотель, Конфуций және басқалар) эпизодтық пікірлерін баяндап өткен.
”Экономика” термині сонау Ежелгі Грецияда пайда болған. Ғылым атауының
авторы ежелгі грек философы Ксенофонт. Термин гректің екі сөзінің тұрады:
“ойкос” – үй, шаруашылық, “номос” – заң. Яғни шаруашылықты (үйлерді)
жүргізуінің заңдары, шаруашылықты пайдалана білудің, ұлғайтудың тәсілдері.
Экономика ғылымы ұланғайыр. Ол қоғамның экономикалық өмірін зерттеуді
алдыларына мақсат етіп қойған әртүрлі мектеп, бағыт, ағымдар арқылы
қалыптасқан. Және сол мектеп, бағыт, ағымдардың әрқайсысы экономикалық
теорияның пәні мен оның зертеу мақсаттары өз анықтамаларын беріп келген.
Экономика ғылымы пәнінің даму процесі өте қиын жолдардан өткен.
Француз дворяны А. Монкертьен бұл ғылымға – саяси экономика деп жаңа атау
деп берген. Ол өз ғылымының пәні етіп абсолютті монархтар басқарып отырған
мемлекет шаруашылығын зерттеуді алған.
Экономикалық теорияның пәні мен мақсаттарына өз зерттеулерімен
анықтамалар бергендер:
1. Физиократтар мектебі – Ф. Кенэ, Тюрго, Д. Де Немур XVIII ғ. ортасы.
2. Шотландия ғалымы А. Смит өзінің “Табиғат туралы зерттеу және халықтар
байлығын себептері” деген атақты еңбегінде.
3. Неміс ғалымы К. Маркс – “Капиталдың” авторы, онда оның саяси
экономиканың пәні деп өндіріс, материалдық игіліктерді өзара бөлісу,
айырбастау және тұтыну процесінде адамдар арсында қалыптасатын
объективтік экономикалық қатынастарды айтқан.
Экономикалық теорияның австриялық, ағылшындық, тарихи және т.б.
мектептері бар. IXX ғасырдың аяғы мен бүгінгі күнге дейін А. Маршалл, М.
Кейнс және М. Кейнс және М. Фридмен экономика ғылымының жарқын, өкілдері
болып танылады. “Экономика ғылымының принциптері” деген еңбектің авторы А.
Маршалл “economics” деген атауды қолдана отырып, экономика ғылым байлық
туралы ғылым деп анықтайды. Ғылым өз еңбегінде адамдардың қоғамдағы
әрекетін байқататын,олардың өз тұтынушылықтарын қанағаттандыруға күш
салатын жақтарын қозғап, ол күш салушылықтың байлық бірлігінің қай өлшеміне
жататындығын, оның жалпыға бірдей байлық өлшемі – ақшамен
мөлшерленетіндігін пайымдайды.
М. Кейнс өзінің “ Жұмыспен қамтудың жалпы теориясы, пайызы және ақша”
деген еңбегінде, оған дағдарыс жағдайындағы экономиканы ендіре отырып,
экономика теориясын зерттеу тақырыбын кеңейте түскен. Монетаризмге өту 70-
ші жылдардың орта кезендегі экономикалық дағдарысқа байланысты болды. Ол
артынша мемлекеттік – нарықтық экономикаға көтеріледі.
М. Фридмен – монетаристік бағыттың негізгі салушы. Ол экономика
ғылымының пәні деп экономикалық дамудың басты негізі болып табылатын ақша
қозғалысының заңдарын зерттеу деп білген.
Қазақстан Республикасы нарықтық қатынастарға өтер кезде монетаристік
саясат қолданды. Ол мынаған саятын: нарықтық экономиканың реттеуге болатын
сипатын сақтай отырып, әкімшілік араласуды емес, заңға негізделген өзінің
экономикаға араласу арқылы мемлекетке “экономикалық” тетікті табуға
көмектесті. Монетаристік тұжырымдамаға мемлекетін араласуы несие – ақша,
қаржы, валюта жүйелеріне заңды түрде ықпал ету арқылы “жанама” болды.
Зерттеу пәнінің ерекшеліктеріне орай бүгінгі заманғы экономикалық
ғылымынан бірнеше бағытты таратуға болады:
- саяси экономия (маркстік, батыс саяси экономиясы, “жаңа саяси
экономика”)
- экономика (экономикс); а) микроэкономика, б) макроэкономика.
Саяси экономика қоғамның даму мен оның негізгі кезеңдерінің заңдылығын
зерттейді.
Біз ілгеріде атап өткеніміздей, XVII ғ. “саяси экономия” деген термин
ғылыми айналымға енген болатын. “Политейа” деген сөз қоғамдық құрылым
дегенді білдіреді. Яғни, біз, мұны сол кездегі адамдардың жекеленген үй
шаруашылықтарын жүргізу емес, қоғамдық шаруашылықты жүргізетін заң деп
түсінгендерін көреміз.мұнда олар әрбір шаруашылықтың басқа
шаруашылықтармен тығыз байланыста тұратындығына және олардың қызметтеріне
де тәуелді болатындығына баса назар аударған. Осылардың бәрі жиылып
ғалымдық (әлемдік) экономиканың құрамына кіретін ұлттық экономиканы
(білгірі бір мемлекеттің экономикасын) құрайды.
Микроэкономика – бұл негізгі экономикалық единицаларды жұмыс істеудің
ауқымы (фирмалар, ұй шаруашылықтар). Онда тұрақтылық, тепе-теңдік
басымырақ. (I схема). Микроэкономика фирмалар мен үй шаруашылығы
рыногындағы шешім қабылдау және өзара байланыс процесін зерттейді.
Микроэкономиканың негізгі боларықтай алғы шарттар – фирмалар мен үй
шаруашылықтарының алға қойған мақсаттарды және оған қол жеткізу үшін
қойылған шектеулерді ескере отырып, олардың өз көзқарастарды тұрғысына ең
жақсы шешімдер қабылдауы болып табылады. Микроэкономика үлгісінде үй
шаруашылықтары сатып алар кездерінде аса тиімділікті көздейді, ал фирмалар,
өндіріс туралы шешім қабылдай отырып, таза табыстың мол болуын табыстайды.

Макроэкономика – халық шаруашылығын толығынан қамтиды. Ол – жалпы
экономикалық процестердің ауқымы (жалпы, өнім, ұлттық табыс, барша шығын).
Ол өрлеуге, өсуге, ұмтылысымен сипатталынады. (II схема). Макроэкономика
әртүрлі елдерге және әрқилы кездерге байланысты табыс, баға, жұмыссыздық
және тағы басқа экономикалық көрсеткіштерді жинайды. Сонан кейін ол
мәліметтерді түсіндірліктей жалпы теориялық жол табуды қалыптастыруға
тырысады.

Сонымен қатар макроэкономиканың зерттеу мақсаттары экономикалық
құбылыстарды түсіндіру ғана емес, сондай-ақ экономика саясатын жетілдіру
болып табылады. Макроэкономика – экономика дамуының заңдылығын түсіндіріп
және оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық теория пәні және оның зерттеу әдістері. Саяси экономия ғылымы
Экономикалық теория пәнінің алғашқы шығуы және құрылымдық компоненттері
«Әлеуметтану» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері контактілік дәріс сабақтары
ҚҰРАЛДАРЫ ЖЕТЕКШІ КОМПОНЕНТТЕР
Программалауды оқытудың әдістері мен тәсілдері
Қазақстандағы білім берудің қазіргі тұжырымдамасы және оны дидактикалық тұрғыдан іске асыру
Жалпы білім беретін орта мектепте информатика пәнін кәсіптік оқыту
Болашақ мамандарды дайындаудың әдістемесі
Педагогиканың дәрістері
Borland Delphi ортасында электронды оқулық жасау
Пәндер