Экономикалық тиімділік мен оның көрсеткіштері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3
Экономикалық тиімділік және оның көрсеткіштері. 4
ҚОРЫТЫНДЫ 12
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 13

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы күрделі нарықтық өзгерістер
сатысынан өтіп өрістеу сатысында тұр. Көптеген шаруашылық жүргізуші
субъектілерге өндірістік үздіксіз және динамикалық даму құбылысы тән.
Капиталдық табыстылық деңгейін жоғарлату үшін өндірістің экономиклық
тиімділігін арттыру мәселесі зерттеу қажет. Негізгі экономикалық көрсеткіш
ретінде өндірістік іс әрекетін жүзеге асыру үшін және тбысты алу үшін
кәсіпорынның мүліктік құны, яғни негізгі қорлардың құны қолданылады.
Бұл өтпелі кезінде негізгі қорларды пайдаланутиімділігін жәнекәсіпорынның
өндірістік қуаттылығын арттыру проблемалары өте актуалды болып келеді. Бұл
проблеманышешу нәтижесіне кәсіпорынның өнеркәсіптік өндірістегі алатын
орны, оның қаржылық жағдайы және нарықтағы бәсекеқабілеттілік дәрежесі
тәуелді.
Өндіріс процессіндегі негізгі қорлардыңәр бір бөлшегі туралы, олардың
табиғи және сапалық тозуы, негізгі қорларды пайдалануына әсер ететін
факторлар туралы толық ақпаратқа ие бола отыры, өндірістік
шығындардыңкемуін және еңбек өнімділігін арттыруын қамтамасыз ететін
әдістерді анықтауымыз мүмкін.
Осы мәселені таңдау баысында ең бастысы нарықтық қатнастар кезінде
сапа, өнім сенімділік туралы сұрақтар сияқты бірінші орынға қойылады. Ал
бұл көрсеткіштер тікелей техниканың сапалық жағайына және қолданудың
тиімділігіне байланыстсы. Содықтн да еңбек құралдарының техникалық
сапалығына арттыру және жұмыскерлерді олармен жабдықтадыр өндіріс үрдісінің
өсу тиімділігінің негізгі бөлігін қамтамасыз етеді. Өндіріс процесс кезінде
кәсіпорын жұмыскелері еңбңек құралдары көмегімен еңбек заттарына әсер етіп,
оларды әр түлі өнідерге айналдырады. Нарықтық экономикаға өтпелі сатысында
негізгі қорлар өндірістің барлық ынталандыру факторлар арқылы кейінгі
экономикалық өсуді қамтамасыз етеді.

Экономикалық тиімділік және оның көрсеткіштері.

Нарық жайында, экономикалық дамуды әрі қарай жалғастыруда, өндірістің
тиімділігін арттырудың бағыттарын, олардың өсу факторлары мен тиімділігін
анықтаудың әдістерін анықтау маңызды міндет болып табылады. Кәсіпорындардың
өндірістік тиімділігін арттырудың маңызды бағыттарын тиімді айқындау үшін,
тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін біліп алуымыз қажет.
Экономикалық тиімділіктің жалпылама критерийіне қоғамдық еңбектің
өнімділігі жатады. Қоғамдық еңбектің өнімділігі ұлттық табысты, материалдық
өндіріс саласында жұмыс жасайтын адамдардың орташа санына бөлу арқылы
табылады:
ЕӨ=ҰТА
Сонымен қатар, экономикалық тиімділіктің аса маңызды көрсеткіштері
ретінде еңбексыйымдылығы және қорсыйымдылығы алынады.
Өнімнің еңбексыйымдылығы материалдық өндіріс саласында жұмсалған
еңбек санын, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталды:
Есый=TQ
Мұндағы:
Есый= еңбексыйымдылығы;
T-еңбек саны;
Q- шығарылған өнімнің жалпы көлемі.
Қоғамдық еңбектің материалмыйымдылығы шикізат, материал, отын,
энергия және т.б. шығындарының көлемін, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне
бөлу арқылы анықталды:
Мсый=ШQ,
Мұндағы:
Мсый= материалсыйымдылығы деңгейі;
Ш- шикізат, материал, отын, энергия және т.б. шығындары.
Капиталсыйымдылығы халық шаруашылығындағы капитал салымдарының
көлемін, шығарылған өнімнің жылпы көлемінің өсіміне бөлу арқылы анықталды:
К сый= КQ,
Мұндағы: К сый= өнімнің сыйымдылығы,
К-капиталдық салымдардың жалпы көлемі;
Q-шығарылған өнім көлемінің өсімі.
Өнімнің қорсыйымдылығы халық шаруашылығындағы негізгі өндірістік
қорлардың орташа құны, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы
анықталады:
К сый= FQ,
Мұндағы: К сый= өнімнің қорсыйымдылығы,
F-халық шаруашылығындағы негізгі өндірістік қорлардың
орташа құны;
Q-шығарылған өнімнің жалпы көлемі.
Тиімділік- жалпы және салыстырмалы болып бөлінеді.
Жалпы тиімділік –шығындарды атқару арқылы пайда болған әсердің жалпы
көлемін көрсетеді және оны инвестициялардың әрбір объектілері бойынша
есептеуге болады.
Салыстырмалы тиімділік – белгілі бір өндірістік және шаруашылық
есептерді шешуде, екі немесе бірнеше шешім вариантарының ішінен біреуін
таңдап алуда есептелінеді. Ол бір варианттың басқа вариантпен
салыстырғандағы экономикалық қолайлығын көрсетеді.
Жалпы тиімділіктің көрсеткіштері мынадай категориялар бойынша
топталады:
□ өндірістік іс-әрекеттің тиімділігін көрсететін көрсеткіштер,
кәсіпорынның пайдалығын және оның активтерді қолдану
мүмкіншіліктерін өлшейді.
□ өтімділік көрсеткіштері, кәсіпорындардың қысқа мерзімді
міндеттемелерді орындау мүмкіншіліктерін, айналым қорларын
басқаруын сипаттайтын көрсеткіштер;
□ Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері, кәсіпорынның активтерін
қаржыландыруда қолданылатын капиталдың құрылымын құру әдістеріне
байланысты болған тәуекелшілдік деңгейін анықтайтын көрсеткіштер.
Өндірістік іс-әрекеттің тиімділігінің көрсеткіштері. Бұл топ
көрсеткіштері ағымды негізгі өндірістік іс-әрекеттің нәтижелері мен
тиімділігін сипаттайды. Бұлардың көмегімен кәсіпорынның іскерлік
белсенділігін бағалауға болады. Ол үшін қаралып отырған әсіпорынның
қызметтік іс-әрекетін басқа да кәсіпорындармен салыстыру қажет. Мұндағы
сапалық критерийге кіретіндер: өнімді сату нарығының кеңдігі; экспортқа
шығарылатын өнімнің көлемі, кәсіпорын репутациясы.
Сандық бағалау екі бағытта жүргізіледі:
-негізгі көрсеткіштер бойынша
-кәсіпорын ресурстарын қолданудың тиімділік деңгейі.
Шаруашылық іс-әрекеттің тиімділігін көптеген абсолюттік және
салыстырмалы көрсеткіштер арқылы бағауға болады. Солардың ішіндегі
маңыздырағы- пайда көрсеткіші болып есептелінеді. Пайда әрбір кәсіпорынның
іс-әрекеттің негізгі критерийі және ақырғы мақсаты болып табылады.
Сату рентабельдігі (есеп беру кезеңіндегі пайдаөнім өткізуден
алынған ақша түсімі х 100%). Бұл көрсеткіш өнімді шығаруға кеткен шығындар
мен осы өнімді сату бағасының арасындағы қарым-қатынастың тиімділігін
сипаттайды.
Активтер рентабельділігі (есеп беру кезеңіндегі таза пайда есеп
беру кезеңінің соңындағы активтер х 100%). Бұл көрсеткіш кәсіпорынның
барлық мүлігінің (айналым және негізгі капиталының) қолданылу тиімділігін
көрсетеді.
Негізгі капиталдың рентабельділігі (есеп беру кезеңіндегі таза
пайдаесеп беру кезеңінің соңындағы негізгі капитал минус амортизация х 100
%), кәсіпорынның негізгі қорларының қолдану тиімділігін көрсетеді.
Меншік капиталының рентабельділігі (есеп беру кезеңіндегі таза
пайдаесеп беру уақытының соңындағы меншік капиталы х 100 %). Кәсіпорынның
өзінің қаржыландыру көздерінен инвестицияланған капиталдың қолданылу
тиімділігін көрсетеді.
Тиімділіктің салыстырмалы көрсеткіштері:
□ Активтердің айналымдылығы (сату көлеміактивтердің орташа жылдық құны х
100 %) кәсіпорынның тауарлары бар активтердің негізінде шығарылып, сатылу
мүмкіншіліктерін сипаттайды;
□ Негізгі капиталдың айналымдылығы (сату көлемінегізгі капитал), негізгі
капиталға кіргізілген қаражаттардың қолданылу тиімділігін көрсетеді;
□ Айналым қаражаттарының айналым коэффициенті (сату көлемі айналым
капиталы), айналым саны неғұрлым көбірек болса, соғұрлым фирманың
коммерциялық іс-әрекеті жыламырақ және ағымды операцияларды жүргізуге
қаражат мөлшері де аз кетеді;
□ Материалдық -өндірістік запастардың айналым коэффициенті (сату
көлеміматериалдық-өндірістік запастар), материалдық-өндірістік
запастардың жылдық, айналым санын көрсетеді.
Өтімділік көрсеткіштері:
□ Меншік айналым қаражаттарының көлемі немесе таза айналым капиталы
(ағымды активтерағымды міндеттемелер). Кәсіпорынның меншік капиталының,
ағымды активтерді жабу көздері болып табылатын бөлшегін сипаттайды. Бұл
көрсеткіш коммерциялық іс-әрекеттермен, шұғылданатын кәсіпорындар үшін
аса маңызды болып келеді. Меншіктік айналым қаражатарын көбейтудің ең
негізгі және тұрақты көзі- пайда.
□ Қолданылып жүрген немесе таза айналым капиталының оңтайлануы (ақша
қаражаттары таза айналым капиталы). Меншіктік айналым қаражаттарының
ақша түріндегі формасын, яғни абсолюттік өтімділігі бар қаражаттарды
сипаттайды. Бұл көрсеткіш 0 мен 1 аралығында өзгеріп отырады.
□ Жабу коэффициенті (ағымды активтерағымды міндеттемелер). Активтердің
өтімділік жалпы бағасын береді. Кәсіпорынның ағымды активтерінің қанша
теңгесі, ағымды міндеттемелерінің 1 теңгесіне келетінін көрсетеді.
□ Тез өтімділік коэффициенті. Бұл коэффициет жабу коэффициенті сияқты
есептелінеді, бірақ ағымды активтердің аз-маз бөлшектерімен
есептелінеді, есептеуден-өндіріс запастары алынып тасталынады.
□ Абсолюттік өтімділік коэффициенті (ақша қаражаттары ағымды
міндеттеиелері). Кәсіпорын өтімділігінің ең тұрақты критерийі, қысқа
мерзімді қарыз міндеттемелерінің қай бөлігі, қажет болған жағдайда, тез
арада өтеле алатынын көрсетеді.
□ Запастарды жабудағы меншіктік айналым қаражаттарының үлесі (меншіктік
айналым қаражаттарызапастар мен шығындар), запастардың меншіктік
айналым қаражаттарымен жабылатын бөлігін көрсетеді.
Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері:
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының негізгі бір сипаттамасы- ұзақ
мерзімді жоспарлардағы оның іс-әрекетінің тұрақтылығы. Ол кәсіпорынның
жалпы қаржылық құрылымымен және оның кредиторлар мен инвесторлардан
тәуелділік дәрежесіне байланысты. Қаржылық тұрақтылық ұзақ мерзімді
жоспарларда, меншіктік және қарызға алынған қаражаттардың арақатынасымен
сипатталады.
Көрсеткіштері:
□ Меншік капиталын шоғырландыру коэффициенті (меншік капиталыактивтер).
Кәсіпорын жұмысына қажетті құжаттардың жалпы көлеміндегі, кәсіпорын
иелерінің үлесін көрсетеді. Бұл коэффициент неғұрлым жоғары болса,
кәсіпорын сыртқы кредиторлардан неғұрлым қаржылы тұрақты және тәуелсіз.
□ Қаржылық тәуелдік коэффициенті (активтер меншік капиталы)- меншік
капиталын шоғырландыру кері коэффициент. Бұл көрсеткіштің динамикада
өсуі, кәсіпорынды қаржыландырудағы қарыз қаражаттары үлесінің көбейгенін
көрсетеді. Егер оның маңызы бірге дейін төмендесе (немесе 100 %) , онда
ол, кәсіпорын иелерінің өз кәсіпорынның толық қаржыландыру отырғанын
көрсетеді.
□ Меншік капиталының оңтайлылық коэффициенті (меншіктік айналым
қаражаттарыменшіктік капитал). Меншіктік капиталдың қай бөлігі, ағымдық
іс-әрекеттерді қаржыландыруға жұмсалатынын көрсетеді.
□ Ұзақ мерзімді салымдардың құрылымдық коэффициенті ( ұзақ мерзімді
міндеттемелернегізгі қаражаттар және басқа да айналымнан тыс активтер).
Бұл коэффициент, негізгі қаражаттар мен басқа да айналымнан тыс
активтердің қай бөлігі сыртқы инвесторлар арқылы қаржыландырылығанын
көрсетеді, яғни кәсіпорын иелеріне емес, сыртқы инвесторларға тиесілі.
□ Меншіктік және тартылған қаражаттардың арақатынас коэффициенттері
(тартылған капиталменшіктік капитал). Бұл коэффициент кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығының жалпы бағдарламасын көрсетеді. Оның 0,155-ке тең
белгісі, кәсіпорынның активтеріне кіргізілген, меншік қаражаттарының 1
теңгесіне 15,5 тиын қарыздық қаражаттар келетіндігін көрсетеді.
Салыстырмалы тиімділік
Кәсіпорынның іс-әрекеттің неғұрлым үнемді бағытын таңдап алу үшән,
салыстырмалы тиімділік көрсеткіштерінің жүйесі қолданылады. Салыстырмалы
тиімділік көрсеткіштеріне- үлестік күрделі қаржы, өнімнің өзіндік құны,
күрделі қаржы қайтарымдылығы,табыс пен шығындардың арақатынастары жатады.
Үлестік күрделі қаржылар іске қосылатын өндірістік қуаттыі бірлігіне
есептелген немесе дайын өнімнің өсіміне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорын
Орман шаруашылығының экономикадағы тиімділігі
Кәсіпорынның тиімділігін көтерудің теориялық аспектілері
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың жүйесі
Қосымша тапсырысты қабылдаудын экономикалық мақсатқа сайлығын бағалау
Мемлекеттік басқарудың тиімділігін бағалау тәсілдері
Табиғатты қорғаудағы экономикалық тиімділік
Басқарудың экономикалық механизмі
Экономикалық тиімділік көрсеткіштері
Кәсіпорынның тиімділігін жоғарлату жолдары
Пәндер