Аралас экономиканың концепциясының эволюциясы


ЖОСПАР
Кiрiспе. 2
1. Аралас экономиканың концепциясының эволюциясы. 2
2. Аралас экономикаға сипаттама. 4
3. Әлеуметтiк бағыттағы нарықтық экономика-аралас экономика қалыптасуының кезеңi. 6
Қорытынды. 9
Қолданылған әдебиеттер. 10
Кiрiспе
Экономика-әрбiр қоғамдық құрылыстың негiзгi iргетасы, ол материалдық өндiрiстердiң даму дәрежесiн сипаттайды, қоғамдағы аса маңызды барлық үрдiстердi белгiлейдi.
Қазақстан 70 жылдан аса уақыт бойы аграрлы-шикiзатты кiрiптар ел күйiнде қалды. Қазақстанда қоғамдық прогресс дамымай, өндiргiш күштердiң дамуы тежелдi.
Қазiр Қазақстанның алдында тарихи әдiлетсiздiктердi жеңiп, Қазақстанды көркейту мiндетi тұр. Ал ол мiндет аралас экономиканың дамуымен тiкелей байланысты. Аралас экономиканы дамытуды Қазақстан үкiметi үш кезеңге бөлiп отыр. Бiрiншi кезеңде микроэкономикалық тұрақтандыру: мемлекет меншiгiнен белсендi түрде алу, оны жекешелендiру және тұтыну нарығын тауарлармен толтыру. Екiншi кезеңде экономиканың шикiзаттық бағытын бiртiндеп жоюды жалғастыру, көлiк жүйесi мен телекоммуникацияны жедел дамыту, дамыған тауар және валюта, капитал, жұмыс күшi, бағалы қағаздар, интеллектiк меншiк нарығын құру. Үшiншi кезеңде экономиканың шапшаң дамуы, Қазақстанның әлемдiк саудадағы айқындамасының нығаюы және дүниежүзiндегi жаңа индустриалды елдер қатарына кiруiмен сипатталатын болады.
Ендi Қазақстандағы экономикалық құрылыс аралас экономиканы сипаттайды, ол бұрынғының қойнауында туған қоғамдық шаруашылықты жүргiзудiң жаңа түрi.
1. Аралас экономиканың концепциясының эволюциясы.
Аралас экономика iлiмiне қатысты көзқарастар XX ғасырдың бойында айтарлықтай өзгерiстерге ұшырамады. Алайда конвергенция теориясындағы көзқарастар эволюцияға ұшырады.
1980 жылдары “аралас экономика, мемлекет пен жеке сектор арасындағы есепке негiзделген неке деп қарастырылды”. Мұндай көзқарастар мысалы Ф. Марш, Э. Шонфилд, Э. Рол, М. Пестон, М. Фламан және т. б. батыс экономистерiнiң еңбектерiнде айқындалған. Бұлардың ой-пiкiрлерiнде аралас экономиканың өмiр сүру кезеңдерi туралы алшақтық бар. Айталық, Э. Шонфилдтiң айтуынша, аралас экономика үстiмiздегi ғасырдың 30-шы жылдарында пайда болса, Э. Ролдың айтуынша, Ұлыбританияда 200 жылдай өмiр сүрген. Мұндай алшақтықтың себебi аралас экономиканың анықтамасын, оның мәнiн терең аша алмайды.
Жаңа экономикалық жүйенiң орнау кезеңi бiрреттi шаруашылық жүйесi емес. Бұл жүйе экономикалық заңдардың бiр-бiрiне бағынышты бiр ғана сатысы билейтiн жүйе ретiнде сипатталына алмайды.
Аралас экономика шаруашылықты жүргiзудiң бiр жақты жүйесi емес, жаңа экономикалық жүйе қалыптасатын кезең. Осылай болғандықтан ол жүйе ретiнде, бiр бағытта сипаттасуы мүмкiн емес, өйткенi жүйеде экономикалық заңдар иерархиясы үстемдiк етедi, олар бiр-бiрiне бағынышты болады. Мұнда экономикалық құбылыстардың бiреулерi өмiрге келiп, басқаларға ауысып отырады. Бұл процестер сырт қарағанда мемлекеттiң жеке кәсiпкерлер шаруашылығына араласуы болып, экономикалық шындықты көрсетедi. Бұл табиғи нәрсе, себебi жаңа өндiргiш күштер бұрынғы кәсiпкерлiк құрылымдарға бейiмделмеген. Сондықтан соңғылары жаңа өндiргiш күштер әкелген жаңалықтарға қарсылық бiлдiредi. Мұндай жай АҚШ-та 30-шы жылдарды болды. Э. Вейре, Т. Гардлер, Г. Форд, Дюпон және басқалары мемлекеттiң араласуларына қарсылықты басқарды. Тап осының, бiрақ керiсiнше позицияда бұрынғы КСРО-да болғанын атап өту керек. Онда саяси, өнеркәсiп, аграрлық және әскери топтар 1991 жылғы жеке кәсiпкерлiктi енгiзуге қарсы болды.
Гарднер А. Минз және Адольф А. Берли “Қазiргi корпорация және жеке меншiк” деген кiтаптарында ұжымдық капитализм мен корпоративтiк өмiр салтын қолдады. Сонымен қатар А. Минз экономикаға мемлекеттiң әсерiн тиiстi бағалады.
Болып жатқан өзгерiстерге Джон К. Гэлбрейт “Жаңа индустриалды қоғам” деген еңбегiнде өзiнше баға бердi. Бұнда ол: “Нарықтың жауы-социализм емес, жаңа техника, соның салдарынан болатын жұмысшы күшi мен өндiрiстiк процестердiң мамандануы және соған сәйкес өндiрiс кезеңiнiң ұзақтығы мен капиталға қажеттiлiгi. Осы жағдайларға сәйкес өте жоғары сенiмдiлiк, жоспарлау қажет болғанда нарықтық механизм iстемей қалады. Қазiргi iрi корпорация мен қазiргi социалистiк жоспарлау аппараты қажеттiлiкке бейiмделудiң варианттары”.
Осы көзқарастардың астарында өндiргiш күштердiң дамуымен өндiрiс бiрте-бiрте ұжымдық қатынастар принципiне көшедi, олардың заңдылықтары объективтi түрде өндiрiстiң корпорациялы ұйымдастырылуына, жоспарлауға, мемлекеттiң жеке кәсiпкерлiкке араласуына және т. б. әкеледi, әрине, нарықтық механизм негiзiнде.
Бұрынғы КСРО-ның қазiргi экономистерiнiң теориялық еңбектерiнде: “бұл проблеманы түсiнуде үш негiзгi бағыт анықталады. Бiразы аралас экономиканы көп укладтықпен теңестiредi. Екiншiлерi аралас қоғамды “формацияға жатпайтын қоғамның типi” деп қарайды. Ең соңында үшiншiлерi бұл қоғамның сипатын өтпелi типке жатқызады”. Көзқарастарының әртүрлiлiгi аралас экономика анықтамасының анық еместегiнде жатыр.
Нәтижесiнде қоғамдық өндiрiс машинаға сүйенiп өз бойында қарама-қарсы екi тенденцияны қосады, кәсiпропындар мен өндiрiс салаларының оқшаулануы және өзара байланыстылығы. Тауарлы өндiрiстегi ұжымдық қатынастарды немесе ұжымдық өндiрiстегi тауарлы қатынастарды қоғамдық өндiрiстiң бiр түрiнен екiншiсiне ауысатын өтпелi жағдайын бiлдiредi. Қоғамдық өндiрiстiң бұл өтпелi жағдайы нарықтық қатынас дамуының жаңа сатысын-аралас экономиканы көрсетедi.
Тауарлы өндiрiс аралас экономика, өйткенi мұнда ұжымдық өндiрiс қалыптасады, бiреуiнiң заңдылықтары басқасына айналады. Аралас экономиканың тауарлы өндiрiс болуы-ұжымдық өндiрiс қатынастарынан ұрықтануынан соңғысының даму деңгейi аралас экономиканың қалыптасу кезеңдерiн бiлдiредi. Аралас экономика қызметiнiң ерекшелiгi, тауарлы өндiрiс заңдылықтарына негiзделген ұжымдық өндiрiстiң заңдылықтарының әрекетi сипатымен байланысты.
Аралас экономика шаруашылықты жүргiзу жүйесi ретiнде пайда болып, тек қана ұжымдық өндiрiстi дамытып қоймайды, ең алдымен тауарлы қатынастар жүйесiн тереңдетедi. Бұл шеңбердiң ұлғаюы-тауарлы қатынастардың жер шарындағы көптеген елдердi қамтуынан анық бiлiнедi. Олар тауарлы өндiрiс заңдылықтарының дамуынан, оның заңдары әрекетiнiң күрделенуiнен, элементтерiнiң жаңа түрлерiнен көрiнедi және олар ұжымдық өндiрiстiң тең заңдылықтары болып табылады.
“Басқару жағынан алғанда, --деп жазды Евенко Л. И. мен Аверчев В. П. -ең бастысы республикалық әкiмшiлiк бағдарламасында мемлекеттiк-монополистiк капитализмнiң қызмет ету механизмiн түбiрiнен қайта құру, әмiршiлдiктi әлсiрету және қазiргi американдық экономикаға тән нарықтық тетiктердi күшейту”. Атап көрсетiлген момент макродеңгейiндегi аралас экономиканың бiрiңғай реттеу механизмiндегi бiрiктiргiш бастамасын бiлдiредi.
Сөйтiп, аралас экономикада нарықты бағалау болады, ол үшiн жарнама, маркетингтiң, жоспарлаудың және т. б. iрi, орта және ұсақ фирмалардың тиiмдi қызмет етуiне ұйымдастырушылық шараларды енгiзуi қажет. Осыған қарамастан өндiрiлген өнiм көлемiн жоспар емес, нарықтық сұраныс анықтайды.
Экономикалық орталықтың мемлекет, концерн қызметi өскенге қарамастан тек нарық қана ненi, қанша, қайда және қалай өсiру керектiгiн көрсетедi және бұл өнеркәсiп орындарына жеке қызмет көрсетуге де қатысады.
Көрсетiлген түрлер қазiргi қоғамға меншiктiң ұжымдық, жеке-дара түрлерiне тән ерекшелiктердi мемлекеттiк меншiкпен қатар егедi. Мұндай ерекшелiктер өндiрiстiк сауда және басқа кәсiпорындардың қызметтерiне әсер етедi. Бұларды ескермеу кеңестiк шаруашылық жүйесiн күйзелiске әкелдi.
2. Аралас экономикаға сипаттама.
Аралас экономиканы түрлi өндiрiс әдiстерi арасындағы кедергi, ол мемлекеттiң жеке кәсiпкерлер iсiне араласуынан болады деп қарамау керек. Аралас экономиканы көп укладтылықпен теңестiру де қате көзқарас. Әртүрлi укладтар түрлi дамыған өндiрiс әдiстерiнде болды. Айталық, дамыған капитализмде феодалдық жер пайдалану, ұсақ тауарлық шаруашылықтың қалдықтары болды, бiрақ осының себебiнен капиталистiк өндiрiстiк қатынастардың негiзiне аралас экономиканы кiргiзу тауарлы өндiрiстiң капитализмдi туғызғанымен бiрдей, керiсiнше емес.
Аралас экономиканы формациялық емес деп қарау да күмәндi.
Қазiргi қоғам дамуының объективтiк процестерiн талдау мынаны бiлдiредi : қазiргi экономикалық құрылыс - аралас экономиканы сипаттайды , ол бұрынғының қойнауында туған қоғамдық шаруашылықты жүргiзудiң жаңа түрi.
Қоғамдық шаруашылықты жүргiзудiң екi түрi аралас экономиканың тарихи алғы шарттары едi. Сондықтан аралас экономика шын өмiрдегi қатынастардың бергi жағын емес, ең тереңдегi шын нақты қатынастарды айқындайды. Аралас экономика өзiнiң бойына мемлекет пен кәсiпкерлердiң арасындағы қатынастарды емес, экономикалық укладтар арасындағы қатынастарды емес, тiптi формациялар мен өндiрiс әдiстерi арасындағы қатынастарды емес, ол бiр қоғамдық өндiрiс түрiнiң екiншiсiмен ауысу қатынастарын жинақтайды.
Аралас қоғамда ешкiмдi, ештеңенi, ешқандай қыстау, қинау, шыңдау жоқ. Мұнда эволюция табиғи жолмен бiреулердiң жаңадан, бұрынғылардан, қоғамдық өндiрiс элементтерiнiң ескертуiмен пайда болып, жүрiп отырады. Оның өтпелiлiгi мұндағы жаңа өндiрiс әдiсiнiң пiсiп-жетiлуiнде, бiрақ бұл бiр өндiрiс әдiсiнiң екiншiсiне өту кезеңi емес. Мұндағы процестер өте күрделi, өйткенi жаңа заңдылықтарды қалыптастыру бұрынғылардың модификациялануы мен жаңаруы, мәндiк қатынастардың өзгерген түрлерi туралы сөз болып отыр. Бұлар жөнiнде өтпелi кезеңде айтуға болмайды, өйткенi ол бұрынғы түрдегi процестердi өзiне қабылдамайды және адекватты материалдық-техникалық база жасалған кезеңге дейiнгiнi қамтымайды
Шаруашылықты жүргiзудiң жаңа түрiнiң қалыптасуын айтқанда мынаны атап өту керек, мұнда жаңаның бәрi емес, жаңаның жоғары дәреженi, ол қоғамдық өндiрiс түрiнiң бiреуiн басқамен, өмiрге келе жатқанымен жоққа шығару тауарлы өндiрiстiң қатысуында. Өндiрiстiң жаңа ұжымдық түрiнiң келу процесi-аралас экономика. Аралас экономиканың өтпелi экономикадан айырмашылығы мынада : соңғысы формациялық даму деңгейi және қайта өзгерiстi ұйымдастыруды көрсетедi.
Түрлi елдердiң қазiргi экономикасын аралас экономика деп сипаттауға болады, бiрақ АҚШ-тың немесе ФРГ-ның өтпелi деп айтуға болмайды. АҚШ-тың, ФРГ-ның экономикасы өз бойында тауарлы және ұжымдық қатынастардың заңдылықтарын ұстайды, бiрақ туып келе жатқан қоғамдық-экономикалық құрылыстың экономикалық укладтары жоқ. Сондықтан бiз АҚШ-тың немесе ФРГ-ның қазiргi экономикасын өтпелi экономика дей алмаймыз.
Алдымен аралас экономика қоғамдық өндiрiстегi тауарлы және ұжымдық өндiрiстiң барлығын, оларға тән заңдар, заңдылықтар мен қатынастарды сипаттайды.
Аралас экономика нақты экономикалық шындықтың құн заңы мен жоспарлылық заңының әрекетiн бiлдiредi. Олар туралы Дж. Гэлбрейт “Нарықтық қатынастар кейбiр жоспарлау жолымен модификацияланып отыру тиiс”, --деп жазды.
Аралас экономиканың алғашқы көрiнiсi-экономиканы реттеуге мемлекеттiң араласуы. Араласу алдымен мемлекеттiң экономикалық қызметiнiң күшеюiнен көрiнедi, бұған сұранысты ынталандыру, салықты реттеу арқылы инвестицияны ынталандыру, амортизацияны жылдамдату және т. б. шаралар кiредi. Аралас экономикаға тән белгiнiң бiрi-мемлекет пен бизнестiң өзара байланысы. Бiрақ мұнда басқа да көптеген аралық буындар мен элементтер бар, ол әртүрлi өнеркәсiп, сауда, саяси топтардың мүддесiн бiлдiрiп, бiртұтас өзара байланыстың түрлерi мен саяси лоббизм жолымен қоғамдық өндiрiстi реттеуге қатысады.
Аралас экономиканың басты белгiсi - мемлекеттiк меншiк. Айталық, жеке сектордың қолынан бәрi келе бермейдi, бұл әсiресе темiржол транспортында, атом энергетикасында, космостық техникада ерекше бiлiнедi.
Мемлекеттiк меншiктiң пайда болуы - тауар қатынастарында жаңа лептiң, ұжымдық өндiрiстiң үстемдiгiн сипаттайды. Аралас экономикаға меншiктiң көптүрлiлiгi тән, мұнда жеке-дара және ұжымдық меншiктiң түрi олардың негiзi болып, басқа түрлерiнiң пайда болуына әсер етедi. Аралас экономиканың маңызды бiр белгiсi - құндық және жоспарлылық тұтқалар арқылы реттеу . Оларды қолдану басқарудың мемлекеттiк және де басқа органдарына жүредi, бұлар кеңестiк және консультация немесе зерттеу сипатында болады.
Аралас экономиканың мәндi бiр сипаты микро-макродеңгейдегi экономикалық процестердi ұйымдастырудың, басқарудың рөлiнiң артуы. Ұйымдастыру қатынастары рөлiнiң артуы тек қана техникалық себептерден емес, алдымен экономикалық процесстердiң салдарынан болады.
Қарастырып отырған аралас экономиканың белгiлерiнiң тағы бiр жағы -жекеленген кәсiпорындардың трест, концернге, диверсификацияланған фирмаларға ауысуы. Олар микродеңгейдегi ұйымдастыру мен басқарудың қызметiн түбiрiнен өзгертедi. Iрi кәсiпорындардың көлемi, олардың өндiрiстiк тұтынуы, транспорттық және ақпарат мүмкiндiктерiне қарап өнiм шығаруы-бәрi баға белгiлеуге, сұранысты, ұсынысты бақылауға, нарықтың берекетсiздiгiн жоюға жағдай жасайды, еркiн бәсеке дәуiрiне тән қиындықтарды жеңуге көмектеседi.
Аралас экономиканы қазiргi қоғамның индустриалдық даму дәуiрiндегi экономикалық жүйе сипаттайды, оған белгiлi заңдылықтар тән. Ол заңдылықтар тауарлы және ұжымдық өндiрiстiң заңдарына бағынады.
3. Әлеуметтiк бағыттағы нарықтық экономика - аралас экономика қалыптасуының кезеңi
Аралас экономика қоғамдық өндiрiстiң жаңа түрiнiң қалыптасу баспалдағыы ретiнде қазiргi өндiрiстiң шаруашылық қатынастарына тән заңдылықтарымен сипатталады. Аралас экономика ұғымынсыз қазiргi шаруашылық тәжiрибесiне құндық қатынастарды немесе жоспарлылық қатынастарды қолдануды теориялық жағынан негiздей алмайды. Мұндай сипаттама қажет, бiрақ ол қазiргi шаруашылық жүйесiн анықтауға жеткiлiксiз. Сондықтан қазiргi өндiргiш күштердi мануфактуралы, машиналы, индустриалды, постиндустриалды болып қалыптасу дәуiрлерiн анықтағанда оларға тән экономикалық қатынастарды сипаттау да қажет. Тарихи жағынан бұларды еркiн бәсеке, монополистiк капитализм, әлеуметтiк нарықтық экономика дәуiрi деп бөлдi. Бұл бөлудiң сәнi - қоғамның экономикалық дамуының ара-жiгiн ашуда емес, алдымен олардың одан әлi даму жолын анықтауда.
Нарықтық экономиканың теориясы мен тәжiрибесiнiң авторы Л. Эрхард былай деп жазды: “ . . . шын мәнiндегi және шын ойланған әлеуметтiк шаруашылық, бар күш саналы түрде “әлеуметтiк” деген сөзге аударылады, тек мынадай жағдайда кепiлдi болады, егер еркiн жарыс арқасында жақсы жетiстiктер шамалыларға қарағанда артықша бағаланса. Осының негiзiнде саны мен бағасы жағынан тұтыну қажеттiктердi қамтамасыз ету мүмкiн болады. Сонымен қатар бұл принцип жоғары жетiстiк көп пайда келтiредi және әлеуметтiк бағалы кәсiпкер көп табысқа және көп мүмкiндiктерге кепiлдiк алады”.
“Әлеуметтiк” сөзiнiң мәнi қарап отырған тiркесте бiздiң дәстүрлi түсiнiгiмiздегi “қоғамдық” емес, ол нарықтық экономикаға қатысты. Л. Эрхард одан әрi мынаны атап көрсетедi: “Егер кәсiпкер өнiмнiң сату бағасы мен өндiрiстiк шығындарын өтесе, онда мұнда моралдiк бағыттағы күмәндану болмау керек. Бiрақ затты бұлай түсiну нарықтық шаруашылықтың iшкi заңдарымен сәйкес келмейдi, өйткенi бұл - жаман кәсiпкерге пайда алуына кепiлдiк бередi”.
Л. Эрхардтың ойынша, нарық еркiн болуы тиiс, мұндай еркiндiк әлемiнде табысқа кiмде-кiм бәсекелестiк күресте техникалық және шаруашылық прогрестi одан әрi өсiруге жаңа мүмкiндiктерге қолы жетсе солар ғана жетедi.
Қазiргi экономикада мемлекеттiң ролiнiң маңыздылығы басқа елдер тәжiрибесiнде дәлелдендi. “Францияда және Шығыc Азияда жаңа индустриалды елдерде, мысалы, мемлекетке экономиканы басқаруды басты орын бередi, сөйтiп мемлекет қандай да болмасын шешiмдер қабылдағанда көшенiң ықпалына көнбейтiн болсын. Тиiмдi нарықтық экономика өзiнен-өзi реттелетiн нарықтық механизм жасайды. Табиғаты саяси үкiметтiң экономикалық процестерге араласуына шек қояды”. Бұл елдердегi мемлекеттiк экономикалық процестерге арласуы, кәсiпкерлiктiң дамуы дәстүрлi нарықтық қатынастар орнаған жағдайда болып отыр.
Сонымен, аралас экономика заңдылықтары объективтi түрде жаңа типтегi қоғамның орнауына әкеледi. Бұл қоғам еркiн, бәсекелiк капитализм немесе монополистiк капитализм емес. Ол псевдосоциалистiк типтегi қоғамнан да алшақ. Ол кейбiр Шығыс және Батыс елдердегi феодалдық қатынастардың архаизмiнiң қосындысы емес, өйткенi ол қатынастарды КСРО-ның 70 жылдық тарихы тас-талқан етiп жойған.
Аралас экономика жағдайында тауарлы және ұжымдық өндiрiс заңдылықтары өте тығыз байланысады. Мұнда екiншiсiнiң аяғын анықтау өте қиын, өмiрдiң объективтi ерекшелiктерiн ескеру керек. Осыларды есепке алмасақ бiз ұдайы объективтi қиыншылықтарға тап болып, экономикалық реформаны жүзеге асыруда сәтсiздiкке ұшыраймыз, сондықтан бiздiң қай қоғамнан, қандай экономикалық жүйеден шыққанымызды ескерiп, қазiргi жағдайда қай бағытты қозғауға тиiстi екенiмiздi бiлуiмiз қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz