Ауыл шаруашылығын және оның нарығының өнімдерін ре
Ауыл шаруашылығын және оның нарығының өнімдерін реттеу
Жоспары:
1. Ауыл шаруашылық нарығын реттеу құралдары
2. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу ерекшеліктері
3. Ауыл шаруашылық өнімдері бағаларын реттеудегі мемлекет рөлі.
1. Ауыл шаруашылық өндірісіне, оның өнімдері және
азық-түлік нарығына барлық әлем елдерінде мемлекеттік тұрғыда реттеу
ықпалы жасалынады десек қателеспейміз. Алайда, бұл нарық жүйелеріне ықпал
жасау әдістері және айтылған нарықтарды ретеуде қолданылатын құралдар
жүйесі әр түрлі. Егер біз реттеу қажеттілігін, ондағы шаралар жүйесін
анықтаймыз десек ең алдымен бұл саланы не үшін, кім үшін және қандай
мақсат үшін реттейтіндігімізді білуіміз керек.
Нарықта реттеудегі нң бірінші жағдай, ол тұтынушылар мен ауыл
шаруашылық өнімін өндірушілер мүдделерін ескеру. Сол себепті, ауыл
шаруашылық өнімдері нарығын реттеудегі негізгі мақсат –мемлекеттің өзін-өзі
азық-түлікпен қамтамасыз етуі, ал екінші басты мақсат: азық-түлік пен ауыл
шаруашылық өнімдері нарығын тұрақтандыру және ауыл шаруашылық саласының
өзіндік ерекшеліктерімен байланысатын баға деңгейлерінің күрт өзгерістеріне
жол бермеу.
Азық-түлік нарығының дамуы жолында екі бағыт болуы мүмкін.
Біріншісі, азық-түлік нарығында баға реттелінбейді (мемлекет ықпалы
арқылы), бірақ мемлекет әлеуметтік жағдайы нашар топ өкілдеріне әлеуметтік
қорғау жәрдемін (ақшалай төлем, азық-түлік талондарын, т.б.) көрсетеді. Ал
ауыл шаруашылық қызметіне, оның ұлғаймалы өндірісінің дамуына қаржы сатып
алушылар арқылы қайтарылатын болады. Мұндай жағдайды ауыл шаруашылық дамуын
халық қаржысы арқылы іске асыру деп атайды. Қазақстан Республикасындағы XX
ғасырдың 90-шы жылдарындағы ауыл шаруашылығын дамыту саясаты бұл бағыттың
тиімсіз, әрі тек қана халықтың қаржысының оны (саланы) ұтымды дамытуға
жеткіліксіз екендігін көрсетеді.
Екінші бағыт, ауыл шарушылық өнімдері және азық-түлік нарығын
мемлекеттік реттеу. Қазіргі кезде бірде –бір елде (нарықтық экономикасы
бар) ауылшаруашылық өнімдерінің және азық-түлік нарығының мемлекеттік
реттелінбейтіндігін кездестіре алмаймыз. Мемлекеттік басқару, реттеу
органдары бұл нарықтың реттелуіне белсене араласады, және нарық бағаларын
қажетті әлеуметтік деңгейде ұстауға тырысады.
Ауыл шаруашылық нарығын реттеу, бұл тұтынушыға да, өндірушіге де
қолайлы жағдай тудыру дегенді білдіреді.
Мемлекет ауыл шаруашылық нарығындағы сұраным мен ұсынысқа өз
ықпалын кейбір экономикалық құралдар негізінде іске асыруға тырысады.
1. Бағаға ықпал жасау, яғни бағаны (деңгейін) өсіру, не төмендету, ішкі,
не болмаса шетелдер сатушыларына әкімшілік, ия болмаса экономикалық
ықпал жүйелері арқылы;
2. Салық, ақшалай жәрдем арқылы ауыл шаруашылық өндірушілерінің
шығын деңгейлерін өзгерту;
3. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне өндіріс мөлшеріне
байланысты жәрдемдер беру;
Ауыл шаруашылық өнімдері мен азық-түлік нарығындағы баға
деңгейіне ақпал жасау шараларын мысал ретінде қарайтын болсақ. Тауар
өндірушілер мен сатып алушылар (өнімдерді) арасындағы үйлестік теңдігі баға
арқылы іске асырылатыны белгілі. Ұсыныс пен сұраныстың өсуі, не кемуі
негізінде баға (теңдікті қамтамасыз етіп тұрған) өзгеріп нарық тепе-
теңдігі, қолайлы үйлестігі бұзылады. Нарықтағы бұл жағдайдың болуы, ондағы
тауар көлемі қажеттіліктен не көп, не тапшы екендігін білдіреді. Сол
себепті мемлекеттің басқару, реттеу органдары қарамағында осындай
жағдайларға шапшаң, әрі екі жаққа да тиімді жағдай туғызатын құралдар
жүйесі болуы керек.
Осындай мақсаттар үшін төмендегідей реттеу құралдары жүйесі
(көптеген нарық елдерінде) қолданылады:
1. Толықтырушы қор. Ол Буферлік -деп аталатын принцип негізінде
қолданылатын қорлар. Бұл жүйенің іске асырылуы мемлекеттің тікелей
араласуы арқылы іске асырылады. Мемлекет азық-түлік нарығындағы баға
қозғалысын тұрақты бақылай отырып, тауарлар бағасы нарықта арзандаған кезде
сатып алу операцияларын іске асырады, ал қымбаттаған уақытта нарықта
керісінше сақталған тауарларды шығарып, баға деңгейін белгілі бір деңгейде,
яғни әлеуметтік үйлесімді деңгейде ұстауды іске асырады.
2. Бағаны көтермелеу мақсатындағы сатып алу операциялары. Ауыл
шаруашылық өнімдерінің баға деңгейлерін көтермелеу мақсатында (кейбір
уақыттарда) мемлекет ішкі нарыққа ол өнімдерді сату бағытында тыйым салады,
ия болмаса олардың сатылу көлемдерін азайту іс-қызметтерін жүргізеді. Бұл
іс-қызметтерді, іске асыруда баға қозғалысын қадағалап, мемлекеттің осындай
операцияларды жүргізу орындарына қажетті мәліметтерді, уақытында беріп
отыратын жүйе ұйымдастырылады. Ішкі нарықтағы өнім бағаларын көтермелеу
(яғни өнім өндірушілерге материалдық көмек беру) мақсатындағы бұл шаралар
импортқа шектеу қою негізінде іске асырылады. Алайда бұл шектеу ұзақ
болмауы керек. Себебі, егер мемлекет әр уақытта өз тауар өндірушілерінің
түсім деңгейлерін көтермелеу мақсатында, ішкі нарықта импортқа шектеу қою
арқылы жоғары баға ұстаса, мұндай іс-қызмет, отандық тауар өндірушілерді
өндіріске ынталандырады (көп өндіруге), ал ол сұранымнан көп болуы мүмкін.
Бұл жағдайда мемлекет ішкі баға тұрақтылығын сақтау мақсатында сатып алу
операцияларын жүргізеді. Бұл шаралар мемлекеттік қорды көбейтеді және
шығынды өсіреді. Ал ол жағымсыз жағдай. Біріншіден, азық-түлік өнімін ұзақ
мерзімді сақтауға болмайды, сол себепті оларды экспортқа шығару проблемасы
кезекке келеді. Әлемдік және ішкі нарық бағалары сәйкестерін ескере отырып,
отандық тауарлардың бәсекелестік жағдайын қамтамасыз ету мақсатында тауар
өндірушілерге экспорттық жәрдем қарастыру керек болады. Мұндай экспорттық
тауарларға арналған субсидтер нәтижесінде әлемдік тауарлар бағасы
арзандайды. Осындай аграрлық саясат негізінде нарық елдері араларында
түсініксіздік пайда болады. Мысалға, қазіргі кезде мұндай жағдай Европа
елдері (Европа кемесіне кіретін) және АҚШ, Австралия және Жаңа Зеландия
елдері араларында болуда.
3. Импортты шектеу. Ішкі нарықта ауыл шаруашылық өнімдеріне және
азық-түлік тауарларына жоғарғы баға ұстаудағы маңызды құралдардың
бірі. Ішкі нарықтағы жоғары баға отандық тауар өндірушілер іс-қызметтерін
жандандырып, өндірісті ынталандырады, сұранысты отандық өніммен
қанағаттандыруды арттырып, импорттық өнімдерге деген оның деңгейін
төмендетеді. Импортты шектеуде: импорттық өнімдерге төменгі баға деңгейін
белгілеу, ішкі бағамен теңестіру реттегішін және импорттық төлем, квота
сияқта құралдар қолданылады. Бұл жерде, осы құралдар қаншалықты тиімді
деген сұрақ туады. Бұл құралдардың тиімділігі, оларды қолдану шеберлігіне,
үкімет, атқару органдарының біліктілігіне байланысты. Осы құралдар жүйесін
қолдануда төмендегідей жағымсыз жағдайлар да кездесуі мүмкін. Біріншіден,
тауарларды әкелуші ел оларды ішкі нарық бағаларына дейін қымбаттата отырып,
шетел тауар өндірушілерінің өндірісін қолдайды. Екіншіден, мұндай шектеу
бәсекелестікті төмендетеді, әсіресе шетел тауарлары мен отандық тауарлар
арасындағы. Импортты шектеудегі әкімшілік ықпал көлеңке бизнесті,
контрабандалық тауар айналымының дамуына ұйытқы болады.
4. Компенсациялық төлемдер. Мұндай төлемдер отандық тауар
өндірушілер өніміне жоғары баға белгілеу арқылы оларды қолдау құралы.
Компенсациялық төлемдер тауар өндірушілер өнімдерін жоғары бағамен сатып
алып, бірақ тұтыну бағаларын арзан деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.
Компенсациялық төлемдер жүйесіндегі негізгі элемент -әлемдік баға, яғни
ішкі нарыққа түсетін отандық тауар өндірушілер бағасы осы деңгеймен
өткізілуі керек. Тауар өндірушілер осы баға деңгейімен сатады, ал үкімет
ішкі нарықта олардың бағасын тұрақты баға деңгейімен шектеп, айырмасын
тікелей төлемдер арқылы толықтырады. Компенсациялық төлемдер мемлекеттік,
жергілікті бюджетке түсетін қосымша ауыртпалық.
2. Еліміз экономикасының нарықтық қатынастар жағдайына бұру, осындай
қатынастары дамыған елдердегі экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибелеріне
көп көңіл аудартуда.
Егер Қазақстан ауыл шаруашылығының табиғи-климаттық жағдайы және
көп жылдар негізінде қалыптасқан ұйымдық-өндірістік, экономикалық басқару,
реттеу жүйелері, түбегейлі өзгеше болса бұл зерттеулердің маңызы өте зор.
Біріншіден, агроөнеркәсіп кешенін, оның ішінде ауыл шаруашылығын дамыту
бағытындағы мемлекеттік шаралар жүйесін, мемлекеттік басқару, реттеу
органдарының іс-қызмет аяларын, саланы реттеу принциптерін, әдістер жүйесін
және концепциялық негіздерін анықтауға мүмкіндік береді.
Дамыған елдер тәжірибелері (әсіресе Батыс Еуропа елдері)
нарықтық экономикаға өту қиын және ұзақ мерзімді процесс екендігін
көрсетеді. Ол адамдардың психологияларымен, өмір- дүние танымдарының
өзгеруімен, экономикалық шаруашылық механизімінің түбегейлі қайта
құрылуыменен байланысты екендігін көрсетеді. Осымен бірге нарық
қатынастарына көшу процесінде басқа салаларға қарағанда ауыл шаруашылық
саласының қиындықты көбірек көретіндігінде көрсетеді. Себебі бұл саланың
дамуы: табиғи климаттың факторларымен байланысты және Кеңестер Одағы
кезінде кәсіпорындар (ауыл шаруашылығындағы) негізінен шикізат өндірісіне
бейімделген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz